Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД ОСНОВЫ ФАРМАКОЭКОНОМИКИ 4 курс Фармация ка...doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Аналог тобындағы препараттарды таңдау үшін «шығын-эффективтілік» талдауын қолдану

Нақты ауру немесе жағдайға дәрілік терапия жүргізу бірнеше альтернативті препараттың бірін таңдауға сай келеді.Мұндай препаратты қолданудың негізгі мақсаты қол жетімді эффективтілік (әрқашан жоғары емес) пен төмен баға болып табыалды. Өте жаксы препаратқа (ондай болса) аналогтардан бағасы бойынша қол жетімді және өте эффективті дәрілер жатады.Керісінше қымбат және эффективті препарат бұған сай болмайды. Таңдау қиындайды, егер препарат бір уақытта бағасы да сапасыда төмен болса және бағасы да сапасыда жоғары болса.Қымбат препаратқа жұмсайтын қосымша шығын жоғары эффективтілікке сай болама,соны қалай шешуге болады? Төмен бағалы соған сай эффективті препаратты алғандағы үнемділік ақталған ба? Фармакоэкономикалық анализ — бұл осындай жағдайда препаратты анықтау жолы арқылы таңдау жасайтын құрылғы.

«Шығын-пайда» анализі(Cost-Benefit Analysis/СВА) барлық бар пайданы бірден өлшеу және сәйкестендіру арқылы ақшалай бірлікке айналдыру арқылы жүргізіледі. «Шығын-эффективтілік» анализі (Cost-Effectiveness Analysis/CEA) бір мезетте эффективтілік көрсеткішін бағалайды. Бұл анализде препарат бағасы эффективтіліктің бағасыз көрсеткке бөлінеді және ол былай сипатталады,мысалы, артериальды қысымды төмендету, өлімді төмендету бірлігінде, жазылған науқастар санының көп болуымен. Анализ мақсаты бағасымен эффективтілігі арасындағы сәйкессіздік болып табылады.

Кейбір аналогты препараттардың эффективтілігінің критериі төменде келтірілге. Көрсеткішті таңдау байланысты: талдау масштабына (мысалы, бір науқас үшін бір аурухана көлемінде немесе көпшіліктің көлемінде), зерттеу координатының қажеттілігіне, эффективтіліктің сол немесе басқа көрсеткіштерінен ақпаратты алу қиындығы, зерттеу жүргізілетін клиникадағы науқастардың популяциясының қиындығы, сонымен қатар препаратты таңдаудағы нақты мақсаттар (мысалы, егер таңдау науқастарға дәрілік препаратты вена ішіліктен пероральдылыққа ауыстыру немесе препаратты амбулаторияда кең қолдану мақсатында болса, онда эффективтіліктің көрсеткіші перпараттарды науқастардың көтеруі мен емнің тиімділігі болып табылады).

Мысал үшін «шығын-эффективтілік» арасындағы сәйкестік пен бір сақталған өмір бағасы жайында көз қарасты айқындау қажет. Мысалы, науқас өмірін сақтайтын үш алтернативті препарат бар. Жалғастырамыз, препараттардың жалғыз ерекшелігі құтқарылған өмір сананың тепе-теңсіздігі болып тұр.

А препараты бір мезетте ең қымбат және орташа үнемді, сондықтан жоғары қалаула болмайды. В препаратының «шығын-эффективтілік» сәйкестігі төмен. Мұны таңдауға болатын еді. Бірақ С препартына келсек, «шығын-эффективтілік» сәйкестігі В препаратынан жоғары, ол көбірек өмірді аман алып қалады. (1 кесте).

Қарапайым формуланы пайдалана отырып, эффективтіліктің артық бірлігінің қосымшы бағасын есептеу жеңіл: препараттың бағасының айырмашылығын оның эффективтілігінің айырмашылығына бөлу керек. Бұл жағдайда (22 000 Евро - 6 000 Евро)/(5-3 өмір) = 8000 Евро әрбір құтқарылған өмірге.Есептеудің басқа әдісі: шамамен, 100 науқас А препаратының орнына С препаратын қабылдады. Бұл жағдайда екі қосымша өмір сақталған, бір құтқарылған өмір бағасы 8000 Евро.

Бірақ тікелей экономикалық пайда болса да, әрбір емхана әрбір ем түріне жеке экономикалық үнемділікті есептеу қажет. Әрбір жағдайда, қосымша эффект алуға болады, сондықтан бұл баға қаншалықты «әділ» екнін шешуге тура келеді. Фармакоэкономистердің және денсаулық сақтаудың жұмысшыларының көз қарасы бойынша бір жылда құтқарылған өмір бағасы 30000 Евро тиімді, қажетті баға болып табылады. Біздің мысалда, С препаратын қолданған пациент 5 жыл өмір сүрді, оның өмірінің бағасы 8000 Евро/5 жыл = 1600 Евро жылына, яғни жақсы баға.

«Шығын-эффективтілік» анализінде сәйкестендірілуі мүмкін препараттардың эффектісі мен сипаттамасы

Сипаттамасы:

  • Қолданылу тәсілі;

  • Тазалығы немесе қолдану ұзақтығы;

  • Сәйкес органдармен құпталған қолданылу көрсеткіштерінің саны;

  • Ағзадан шығару жолдары;

  • Белгілі дәрілік өзара байланысудың мөлшері немесе тағам өнімдерімен өзара байланысы.

Эффектісі:

  • Өлімнің төмендеуі;

  • Жанама әсерлердің жиілігінің төмендеуі (жүрек айну, бас ауыру, тыныштандырғыш әсері, антихолинэргиялық әсері);

  • Вирус немесе саңырауқұлақ, бактерия инфекцияларын бөліп алудағы тазалықтың жоғары болуы;

  • Созылмалы және инвалидтейтін аурулардың жиілігінің төмендеуі (инсульт, жүрек жетіспеушілігі, эмфизема);

  • Бүйрек, бауыр, өкпе көрсеткіштерінің жақсаруы;

  • Негізгі лабораториялық көрсеткіштерінің жақсаруы (гипотензивті препараттар үшін артериялды қысым, гиполипидемиялық препараттар үшін холестерин көрсеткіші, пероральды антидиабеттік препараттар үшін қан құрамындағы қант дәрежесі);

  • Өмір сапасын жақсарту (физикалық жүктемені көтерудің жақсаруы, ауыру сезімі мен депрессияның әлсіреуі, басқа психосоциальды көрсеткіштерінің жақсаруы);

  • Науқастармен дәрі-дәрмекті көтеруінің (переносимости) жақсаруы.

Бір жыл бойы реанимацмя бөлімінде болатын науқастардың мәселесін жеке қарастыру. Мұндай өмір үшін 8000 Евро төйлеу тиімді ме? Бұл қиын жағдай, бірақ мәжбүрлі жағдайда фармакоэкономикалық анализ эффективтіліктің қосымша бірлігі үшін төйленетін сомма мөлшерін көрсетеді .

Әдетте әдебиеттерде басылатын өлім мәліметтері тірі қалатындардың пайызы ретінде ұсынылған. «Шығын-үнемділік» сәйкестігін салыстырудың ең қарапайым әдісі екі препаратты алу, оларды 100 адам қабылдады деп осы пациенттер үшін эффектісін және шығынын есептеу. Мысалы, А және В препараттары сәйкесінше 100 және 150 Евро және науқастардың аман қалуы 80 және 90%. Егер бұл препараттарды барлық 100 пациент алған болса, онда А препаратының шығыны 10 000 Евро және 80 науқас құтқарылған болады. В препаратына шығын 15 000 Евро және 90 науқас құтқарылған болады. «Шығын-эффективтілік» арақатынасы құрады (15 000 Евро - 10 000)/(90-80 өмір) = 500 Евро бір құтқарылған өмір үшін.

Анализді жүргізу этаптары. Фармакоэкономикалық анализге аналог тобындағы препараттарды таңдамас бұрын, «шығын-үнемділік» анализін жүргізу этаптарымен анысу қажет .

Бұл:

Анализ масштабын анықтау;

Салыстырмалы препараттарды бөлу;

Әрбір препараттың бағасын анықтау;

Эффективтілік көрсеткішін таңдау, ол бойынша препараттар салыстырылатын болады;

Емдеу мекемесінің ішкі ақпаратынан немесе басқа зерттеу ақпараттарының көмегімен препараттың эффективтілігін анықтау;

Әрбір препарат үшін «шығын-эффективтілік» арақатынасын есептеу. Қажет жағдайда әдістің сезімталдылығының анализін жасайды;

Анализденетін препараттар үшін «шығын-эффективтілік» арақатынасының өзгешелігін салыстыру;

оңтайлы дәрi-дәрмектi таңдау.

Аналогтар тобынан препаратты таңдау үшін СЕА қолдану. Операциядан кейінгі құсуды тоқтату үшін нақты дәрілік препаратты таңдауда «шығын-эффективтілік» анализінің жүру этаптарын қарастырамыз. 2 кестеде қолданылуы, бағасы және эффективтілігі бар, үш гипотетикалық препараттардың «шығын-эффективтілік» анализінің мәліметі және қажетті ақпараттар берілген.

Кесте 1