Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД ОСНОВЫ ФАРМАКОЭКОНОМИКИ 4 курс Фармация ка...doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

2.2 Пәннің мақсаты

Фармакоэкономикалық талдауларды жүргізу бойынша білімдерді, дағдыларды, практикалық дағдыларды қалыптастыру.

«Фармакоэкономика негіздері» пәні өзге де фармацевтикалық пәндермен қатар фармацевт ассстенті мен фармацевттің қызметін қалыптастыруда, фармацевтикалық дайындықтан өткен маман дайындауда үлкен рөл атқарады, сондықтан студенттерге фармакоэкономикада қолданылатын фармакоэкономикалық талдау әдістерін үйрету теориялық білімнің негізін қалыптастырады.

2.3 Оқыту мақсаты:

Студенттерді фармакоэкономиканың негіздерімен, фармакоэкономикалық талдау әдістерімен таныстыру.

Негізгі фармакоэкономикалық категориялар, фармакоэкономикалық талдауды жүргізу әдістемесі туралы түсінік беру.

Үйрету:

Фармакоэкономикалық талдаудың әдістеріне («аурудың жалпы құны», «шығынды минимизациялау», «шығындар-тиімділік», «шығындар-пайдалылық», «шығындар-пайдалылық»).

2.4 Оқытудың соңғы нәтижелері

Студенттерде келесілер бойынша теориялық білім қалыптастыру:

  • фармакоэкономика негіздері;

  • фармакоэкономикалық талдаудың негізгі әдістері;

  • негізгі фармакоэкономикалық категориялар;

  • фармакоэкономиканың практикалық мәні

Студенттерде практикалық дағдыларды қалыптастыру:

  • Келесі әдістерді қолдана отырып фармакоэкономикалық талдауды жүргізуді:

а) «аурудың жалпы құны»

б) «шығынды минимизациялау»

в) «шығындар-тиімділік»

г) «шығындар-пайдалылық»

д) «шығындар-пайдалылық»

  • фармакоэкономиканың негізгі категорияларын анықтауды;

  • фармакоэкономикалық талдау нәтижелерін практикада қолдануды.

  • негізгі фармакоэкономикалық категорияларды анықтау бойынша.

Студенттерде құқықтық дағдыларды қалыптастыру:

  • тақырып бойынша ҚР фармацевтикалық қызметті реттейтін және емдеу хаттамаларын оқып-үйрену арқылы қалыптастырылды.

Студенттерге коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру:

  • Фармакоэкономикаға қатысты жаңа терминдер мен анықтамаларды оқып-үйрену арқылы.

Өзін-өзі жетілдіру:

  • СӨЖ, рефераттар, презентациялар, тест тапсырмаларын құрастыру арқылы қалыптастырылды.

2.5 Пререквизиттер: экономикалық теория негіздері; фармацевтикалық қызметті ұйымдастыру негіздері; фармацевтикалық қызметті регламенттейтін заңдар; медициналық және фармацевтикалық тауартану.

2.6 Постреквизиттер: фармациядағы менеджмент және маркетинг; дәрілер технологиясы; дәрілік заттардың стандартизациясы және сертификациясы; фармакогнозия.

2.7 Практикалық сабақтардың тақырыптық жоспары

Реттік

№

Сабақ тақырыптары

Оқыту сағаты

ның саны

1.

Фармакоэкономикаға кіріспе.

Негізгі фармакоэкономикалық категориялар.

3

2.

Шығын – фармакоэкономикалық категория ретінде.

3

3.

Медициналық және медициналық емес шығындардың классификациясы

3

4.

Фармакоэкономикалық талдаудың әдістері: «аурудың жалпы құны», «шығынды минимизациялау».

3

5.

Фармакоэкономикалық талдаудың әдістері: «шығындар-тиімділік»

3

6.

Фармакоэкономикалық талдаудың әдістері: «шығындар-пайдалылық», «шығындар-пайда»

3

7.

Жүректің ишемиялық ауруын емдеудің фармакоэкономикасы.

3

8.

Ауруханадан тыс пневмонияның антибактериалды терапиясының фармакоэкономикалық аспектілері.

3

9.

Бронхиалды астма терапиясының фармакоэкономикасы.

3

10.

Денсаулық сақтау ресурстарын басқару стратегиясын фармакоэкономикалық талдау.

3

Барлығы:

30 сағ.

Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысының тақырыптық жоспары – ОЖСӨЖ

Реттік

№

Сабақ тақырыптары

Оқыту сағатының саны

  1. 1.

Фармакоэкономика. Фармакоэкономиканың тәсілдері. Моделдеу түрлері.

2

  1. 2.

Фармакоэкономика: формуляр үшін ұтымды таңдау.

2

  1. 3.

Аралық бақылау №1.

3

  1. 4.

Дәріхана ұйымдарына арналған фармакоэкономика.

2

  1. 5.

Фармацевтер мен сатып алушыларға арналған фармакоэкономика.

2

6.

Аралық бақылау №2

3

Барлығы:

14 сағ.

Студенттердің өзіндік жұмысының тақырыптық жоспары – СӨЖ:

Реттік

№

Сабақ тақырыптары

Өткізу формасы

Оқыту сағатының саны

  1. 1.

Әртүрлі ауруларды емдеудің фармакоэкономикалық аспектілері (қарт адамдарды емдеу, жүректің созылмалы жетіспеушілігі, аллергиялық ринит, АІЖ аурулары, ОРЗ және т.б.).

Материалдарды оқып-үйрену, ситуациялық есептер шығару, реферат жазу

23

  1. 2.

ҚР ауруларды емдеу хаттамасы

8

  1. 3.

ҚР дәрі-дәрмек формуляры

8

  1. 4.

ҚР Мемлекеттік фармакопеясы, мазмұны

7

Барлығы:

46 сағ.

ОҚЫТУ ТӘСІЛДЕРІ

  • Практикалық сабақтар: тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша семинар, «Миға шабуыл»;

кіші топтарда жұмыс істеу; рөлдік ойындар; пікірталас; жұптасып жұмыс істеу; презентация

дайындау; ситуациялық есептерді шешу; қорытынды жасау.

  • Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысы (ОЖСӨЖ) – оқулық

әдебиеттермен жұмыс жасау, тапсырмаларды орындау (сұрақтарға жазбаша жауап, тест

тапсырмаларын құрастыру, презентациялар дайындау);

  • Студенттердің өзіндік жұмысы – әдебиеттермен, интернет-ресурстармен, электрондық

тасымалдаушылармен, оқу және ғылыми материалдармен жұмыс жасау, презентация дайындау

және оны қорғау

БІЛІМДІ БАҒАЛАУ ЕРЕЖЕСІ ЖӘНЕ КРИТЕРИЛЕРІ

  • Ағымдық бақылау: практикалық сабақ және ОЖСӨЖ ауызша немесе жазбаша сұрау, сабақ нәтижелерін ресімдеуді тексеру, ситуациялық есептерді шешу және т.б. бойынша бағаланады. СӨЖ рефераттарды, презентацияларды қорғау арқылы бағаланады.

  • Аралық бақылау: билет немесе тест бойынша жазбаша сұрау түріндегі коллоквиум.

  • Қорытынды бақылау: ағымдағы бақылау нәтижелерін ескере отырып тестілік емтихан.