- •1 Генетиканың қысқаша даму тарихы
- •1.1 Генетиканың зерттеу әдістері
- •2 Тұқым қуалаудың цитологиялық негізі
- •2.1 Митоз
- •2.2 Хромосомалардың құрылысы және функциясы
- •2.3 Мейоз
- •4.1 Моногибридті будандастыру
- •4.2 Толымсыз доминанттылық
- •4.3 Дигибридті және полигибридті будандастыру
- •4.4 Көп аллельділік
- •5 Ажырау кезінде әдеттегі сандық қатынастардың ауытқулары
- •6.1 Комплементарлылық
- •6.2 Эпистаз
- •6.3 Полимерия
- •6.4 Плейотропия
- •7 Жыныс генетикасы
- •8.1Кроссинговер
- •8.2 Жыныспен тіркесе белгілердің тұқым қуалауы
- •8.3 Жыныс хромосомалaры жүйесіндегі ауытқулар
- •9 Өзгергіштік
- •9.2 Модификациялық өзгергіштік
- •9.3 Модификациялық өзгергіштікті зерттеудің статистикалық әдістері
- •Вариациялық қатар
- •9.5 Вариациялық қатардың негізгі көрсеткіштері
- •10 Адам генетикасы
- •10.1 Адамның тұқым қуалаушылығын зерттеу әдістері
- •11 Медициналық генетика
- •11.1 Кейбір тұқым қуалайтын аурулар
- •11.2 Тұқым қуалайтын ауруларды емдеу
- •11.3 Туыстық некенің тиімсіздігі
- •11.4 Медициналық-генетикалық кеңес
- •Адам қан топтарының тұқым қуалауы
- •13 Популяциялық генетика
- •13.1 Харди-Вайнберг заңы
- •13.2 Харди-Вайнберг формуласының қолданылуы
- •13.3 Популяцияның генетикалық құрылымынң өзгеруі
- •1 Ұрпақтағы кірме дарақтар саны
- •Глоссарий
- •4. Тұқым қуалау құбылысының негізгі заңдылықтары мен негізгі генетикалық ұғымдар............................................................................................23
- •6.Гендердің өзара әрекеттесуі................................................................................45
1 Ұрпақтағы кірме дарақтар саны
m= ---------
популяцияның жалпы саны
Жергілікті популяцияның белгілі бір аллелінің жиілігін q0 деп, ал кірме дарақтардың -qm деп белгілейік. Онда бұл аллельдің аралас популяциядағы жиілігі мынадай болуы керек: q = m (qm-q0) + q0. Ген ағыны арқылы бір ұрпақтағы ген жиілігінің өзгеруі -∆q = m (qm- q0). Мысалы, жергілікті популяцияда бір аллельдің жиілігі q0 = 0,5-ке, ал кірме дарабастар арасында qm = 0,6-ға тең болсын дейік. Ген ағынының жылдамдығы - m = 0,002. Миграция нәтижесінде бір ұрпақ аралығындағы аллельдің өзгеруі жиілігін есептеу керек: ∆q = 0,002(0,6-0,5) = 0,0002.
Мал шаруашылығында гендер ағынымен селекционерлер жиі кездеседі, өйткені жергілікті мал тұқымының сапасын жақсарту үшін басқа популяциядан (кейде шет елден) әкелінген асыл нәсілді басқа мал тұқымын немесе ұрығын қолдану мал тұқымын асылдандыру жұмысының кажетті тармағы болып саналады.
Сұрыпталу. Генотиптері орта жағдайларына тиімді бейімделу қасиетін қамтамасыз етіп, барынша көп ұрпақ қалдыратын ағзалардың сақталуы сұрыпталу деп аталады. Әдетте сұрыптаудың жасанды және табиғи түрлерін ажыратады. Түбінде сұрыптау түрлерінің бір-бірінен айырмашылығы жоқ, бірақ олардың әрқайсысының маңызды айырмашылықтары бар.
Табиғи сұрыпталу ағзалардың табиғи тіршілік жағдайларына орта факторларының әсері арқылы жүреді. Табиғи популяцияда генотиптердің шағылысу кезінде үйлесуі кездейсоқ іске асады. Алайда осы кездейсоқтық тірі табиғаттың дамуына қажет зандылық болып шығады. Жасанды сұрыптауда адам, ең алдымен, кажет генотипі бар ата-аналық формаларды жұп тандау арқылы барлық мүмкін генотиптердің кездейсоқ үйлесуін шектейді, екіншіден, ол жасанды мутагенез арқылы жаңа аллельдер алып, олардың жиілігін қолдан белгілі деңгейге дейін көтере алады.
Сонымен сұрыптаудың әсерін популяция генефондысындағы кайсыбір аллельдің таралуын көбейту немесе азайту әдісі деп қарауға болады. Генотипі мәлім ағзаның тірі қалып, ұрпақ қалдыру ықтималдығы оның орта жағдайларына бейімделу дәрежесіне байланысты.
Табиғи сұрыпталудың қарқындылығының өлшемі ретінде дарвиндік немесе салыстырмалы бейімділік қолданылады. Бейімділік берілген генотиптің көбею тиімділігінің өлшемі болып саналады. Осы өлшемнің ағзаларда әр қилы болуы арқасында ғана табиғи сұрыпталудың әсері байқалады. Осыған орай бейімділік көбеюдің абсолюттік емес, салыстырмалы тиімділігін сипаттайды.
Енді әр түрлі генотиптердің бейімділігін есептеу жолын талдайық.
40 - есеп. Әдетте оны W әріпімен белгілейді. Мысалы, 8000 дарабастан тұратын бастапқы популяцияда А аллелінің жиілігі 0,6(р)-ға, ал оның рецессивті аллелінің жиілігі 0,4 (q)-ке тең деп санайық. Алдымен, әр түрлі генотиптердің сұрыптаудан кейінгі сақталуын (λ) есептеу керек. Бұл үшін әрбір генотип типі бойынша сұрыптаудан кейінгі дарабастар санын сұрыптауға дейінгі дарабастар санына бөлу керек:
λАА =2448:2880=0,85;
λАа=2726:3840=0,71;
λаа=678:1280=0,53.
Рецесивті генотиптің шығыны (-602) гетерозиготалы генотиптен (-1114) анағұрлым аз болғанымен, оның сақталу дәрежесі төмен екеніне назар аудару керек.
18 - кесте - Популяция генотиптерінің бейімділігін есептеу
|
Генотип |
Барлығы |
||
АА |
Аа |
аа |
||
Популяцияның саны |
Nxp2 |
Nx2pq |
Nxq2 |
|
Сұрыптауға дейін |
8000х0,62 =2880 |
8000х2х0,6х0,4=3840 |
8000х0,42 =1280 |
8000 |
Сұрыптауда кейін |
2448 |
2726 |
678 |
5852 |
Шығын |
-432 |
-1114 |
-602 |
-2148 |
Сақталуы λ |
0,85 |
0,17 |
0,53 |
0,73 |
Кез келген табиғи популяциядағы дарабастардың өлімге душар болуы әр кезде әр түрлі. Мысалы қуаңшылық кезінде өлімге душар болған ақ бөкеннің саны әдеттегі жағдайдағыдан асып түседі. Генотиптің бейімділігін сипаттау үшін әрбір генотиптің сақталу дәрежесін (λ) сақталуы ең жоғары деген генотиптің сақталу дәрежесіне бөледі. Біздің мысалымызда
WAA =0,85/0,85=1,00;
WAa = 0,71/0,85=0,83;
Waa=0,53/0,85=0,62. Салыстырмалы бейімділіктің мәні сұрыптаудың бағытын, демек, ген жиілігінің өзгеру жолын көрсетеді. Дегенмен, ол - популяцияның динамикасын сипаттай алмайды, өйткені ол салыстырмалы мән, сондықтан оның мәні арқылы популяция санының көбеюі немесе азаюы туралы ештеңе айтуға болмайды. Өлімі ең аз генотиптің бейімділігі 1-ге тең екеніне назар аударыңыздар, бірақ бұл осы генотип өлімге душар болмайды дегенді білдірмейді. Ол тек AA генотипінің басқа генотиптерге қарағанда өлімге сирек душар болатынын көрсетеді.
Белгілі бір аллельдің өзінің альтернативті аллелінен селекциялық артықшылығын процент арқылы немесе сұрыптау коэффициенті (s) түрінде кескіндеуге болады. Сұрыптау коэффициентінің сандық мәнін альтернативті аллельдің салыстырмалы жиілігі арқылы анықтайды. Оның мәні 0-ден 1-ге дейін өзгереді: s=1-W
Біздің мысалымызда:
sAA=1-WAA=1-1=0;
sAa=1-WAa=1-0,83=0,17;
және saa=1-Waa=1-0,62=0,38
Мутация немесе миграция нәтижесінде пайда болған жаңа аллельдің (а) жиілігі алғашқы кезде төмен болады. Оның бастапқы аллельге (А) қарағанда қандай да бір селекциялық артықшылығы пайда болуынан бастап сұрыптаудың әсерінен жаңа аллельдің жиілігі арта түседі, А-аллелінің жиілігі кеми түседі. Тіпті популяцияның А аллелі а аллельге толық ауысуы да мүмкін.
Аллель жиілігінің өзгеру жылдамдығы s-ның мәніне тура пропорциональды яғни сұрыптау коэффициентінің жоғары мәнінде жаңа аллельдің жиілігінің артуы тезірек өтеді, ал төмен сұрыптау коэффициентінде мұндай өзгеріс баяу жүреді.
Келесі түйінді сөздер мен ұғымдардың мағынасын ашыңыз: популяциялық генетика, таза линия, инбредті депрессия, Харди-Вайнберг заңы, кездейсок шағылысу, панмиксия, эволюциялық факторлар, мутациялық процесс, миграция, сұрыптау, гендер дрейфі, табиғи сұрыпталу, дарвиндік немесе салыстырмалы бейімділік.
Бақылау сұрақтары:
Популяциялық генетика генетиканың нені зерттейтін бөлімі?
Таза линия ұғыымын қалай түсінесіз?
Инбредті депрессия қандай мәселелерге ікеліп тірейді?
Харди-Вайнберг заңы дегеніміз не?
Кездейсок шағылысуға анықтама бер?
Панмиксия ұғымы нені түсіндіреді?
Эволюциялық факторлар дегеніміз не, оларға нелер жатады?
Мутациялық процессті түсіндір.
Миграция дегеніміз не?
Сұрыптауды қалай түсінесің?
Гендер дрейфі қалай жүреді?
Табиғи сұрыпталуға мысалдар келтір.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Бегімқұл Б. Молекулалық генетика негіздері: оқу құралы/ Б.Бегімқұл. – Астана: Фолиант, 2009. – 331 б.
2. Бегімқұл Б. Медициналық генетика негіздері: оқу құралы/ Б.Бегімқұл, С.Төлегенов. – Астана: Фолиант, 2008. - 331 б.
3. Берсімбаев Р.І. Генетика: оқу құралы: І бөлім. / Р.І.Берсімбаев, К.Қ.Мұхамбетжанов. - Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 167 б.
4. Инге-Вечтомов С.Г. Генетика с основами селекции: учебник/ С.Г.Инге-Вечтомов. - М.: Высшая школа, 1989. – 591 c.
5. Лобашев, М.Е. Генетика: учебное пособие/ М.Е.Лобашев. - ЛГУ, 1967.–746 c.
6. Стамбеков С.Ж. Генетика: оқу құралы/ С.Ж.Стамбеков. Алматы: Ана тілі,1993. - 448 б.
