Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
887.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

4.4 Көп аллельділік

Бұрын қарастырылған фенотип бойынша ажыраулардың нәтижелері геннің екі аллельділік жағдайы мысалы, бұршақта ген А-а В-в болатындығы ескеріле отырып түсіндірілді. Бірақ, біраз гендердің бірнеше немесе одан да көп аллельдері болады. Мұны геннің көп аллельділігі деп атайды. Көп аллельділік жағдайында гаметада немесе спорада белгілі бір геннің тек жалғыз ғана аллелі, ал жоғары сатыдағы өсімдіктердің және жануарлар мен адамның дене клеткаларында ондай геннің екі аллелі болады. Сондықтан көп аллельдердің ажырауы әрқашанда моногибридті болып қалады. Енді көп аллельділіктен біраз мысалдар келтіреміз.

Үй қоянында жүні мен көз айнасы қабықшасының түстеріне жауапты С генінің көп аллеьдері болатындығы белгілі. Келесі кестеде сол аллельдердің кейбіреулері арқылы анықталған фенотиптердің сипаттамасы берілген.

5 - кесте –Үй қояндары түстерінің анықтамасы

Аллель

Генотип

Фенотип

С

CC,Ссch ,Ссh, Сс

Жабайы тип (агути)

сch

сch сch , сch сh, сch с

Ашық-сұр (шиншилла)

сh

сh сh, сh с

Гималай

С

сс

Альбинос

Бұл жағдайда әрбір атап көрсетілген аллельдер өзінен кейінгілерге басымдылық көрсетіп отырады, оны былайша жазуға болады С >сch > сh> с. Жабайы типке тән С аллелі қалған үшеуіне қарағанда доминантты болып келеді. С гені бойынша гомозиготалы немесе жоғарыда көрсетілген кез келген аллельдермен С гені арқылы гетерозиготалы үй қояндарының жүні жабайы қояндардікі сияқты сұр (агути) түсті болып келеді. сch аллелі бойынша гомозиготалы дарабастардың түсі шиншалланың түсіне келеді және жабайы түріне қарағанда біршама ашықтау болады. Ал сch аллелі сh және с аллелдеріне толымсыз доминанттылық көрсетеді. Гомозиготалы сh сh пен гетерозиготалы

сch с болып келетін қояндардың фенотипі гималай тәрізді, яғни башпайлары мен құйрығының ұшы, құлақтары және тұмсығы қара да, денесінің қалған жерлері ақ болады. Ал С аллелі бойынша гомозиготаларында пигмент мүлдем болмайды, олар таза ақ түсті келеді.

Адамда болатын көп аллельділкітің мысалы ретінде қан топтарын анықтайтын АВО аллельдерін алуға болады (6 – кесте).

Адамда қанның төрт тобы болады: О,А,В және АВ. Олар бір геннің үш түрлі аллельдері арқылы анықталады: І А, І В және і. І Ажәне І В аллельдері і аллеліне қарағанда доминантты, бірақ олар бір-біріне кодоминантты болып келеді, яғни І Ажәне І В аллельдерінің екеуі де гетерозиготаларда бірдей мөлшерде байқалады.

6 - кесте –Адамның АВО жүйесіндегі әртүрлі қан топтарына (фенотиптерге) сәйкес келетін генотиптер

Қан топтары

(фенотип)

Аллель

Генотип

О

і

Іі

А

І А

І А І А, І Аі

В

І В

І В І В,І Ві

АВ

І А І В

Келесі түйінді сөздер мен ұғымдардың мағынасын ашыңыз: ди, үш немесе полигибридті будандастырулар, дигетерозигота, үшгетерозигота, полигетерозигота, тәуелсіз тұқым қуалау заңы, тәуелсіз комбинациялану заңы,

қосарлы рецессивтер, кері үйлесім, рекомбинация, тәуелсіз тұқым қуалау немесе тәуелсіз комбинациялану заңы, комбинативтік өзгергіштік, көп аллельділік, кодоминаттылық.

7 - кесте - Генетика заңдары мен заңдылықтары

Аталуы

Автор

Анықтамасы

1

2

3

Басымдылық немесе белг-ілердің бір-келкілік за-ңы. Мен-дельдің 1 заңы.

Г.Мендель

1865 ж.

Моногибридті будандастыру кезінде F1-бірінші ұрпақ фенотипі бойынша біркелкі, сондықтан басымдылық немесе белгілердің біркелкілік заңы деп аталынады.

Белгілердің ажырау заңы. Мендельдің 2 заңы.

Г.Мендель

1865 ж.

Гетерозиготалы генотипті организмдерді өзара будандастырса алынатын ұрпақта міндетті түрде белгілер ажырайды. 3:1фенотип бойынша ажырау,1:2:1- генотип бойынша ажырау.

Белгілердің тәуелсіз тұқым қуа-лау немесе тәуелсіз комбинациялану заңы.

Мендельдің 3 заңы.

Г.Мендель

1865 ж.

Бір-бірінен тәуелсіз ажырау гендердің екі жұбында да жүреді, осыған байланысты екі жұп гендері бойынша гетерозиготалы организм бірдей сандық қатынаста гаметалардың төрт сортын түзеді, оның екеуіндегі гендер үйлесімі бастапқы ата-аналардағы сияқты болады да , ал қалған екеуіндегі гендер кері үйлеседі (рекомбинацияланады.

Гаметалардың тазалық ережесі

Г.Мендель

1865 ж.

Рецессивті бастамалар гетерозиготалы организмде жоғалмайды, өзгеріске ұшырамайды және көбею кезінде дәл сондай рецесивті бастамалармен кездескен кезде, яғни келесі ұрпақтарда қайтадан көрінеді.

7 – кестенің жалғасы

1

2

3

4Жыныспен тіркесе тұқым қуалау заңы

Т.Могрган

1911 ж.

Тиісті белгілердің түзілуіне жауапты гендер жыныс хромосомаларында орналасады, сондықтан жыныспен тіркескен белгілер тұқым қуалауының өзіне тән заңдылықтары болады, мысалы, айқас тұқым қуалау.

Тұқым қуалау өзгергіштігіндегі гомологиялық қатарлар заңы.

Н.И.Вавилов 1920 ж.

Жалпы жүйедегі организм (түрлері) мен туыстар тегі жағынан қаншалықты жақын болса, олардың өзгергіштігі де соншалықты ұқсас болады.

Харди-Вайнберг заңы.

Г.Харди,

В.Вайнберг

1908 ж.

Кездейсоқ шағылысу жағдайындағы гендер жиіліктері бойынша популяциядағы генотиптер жиілігін алдын-ала болжап айтуға болатындығы туралы заң.

Бақылау сұрақтары:

  1. Дигибридті будандастырудың сызбанұсқасын Пеннет торына сал.

  2. Үш немесе полигибридті будандастыруларларға түсінік бер.

  3. Дигетерозигота қандай ағза?

  4. Үш гетерозигота немесе полигетерозиготаларды түсіндіріңіз.

  5. Тәуелсіз тұқым қуалау заңы қалай ашылды?

  6. Қосарлы рецессив құбылысын түсіндір.

  7. Рекомбинациялу дегеніміз не?

  8. Комбинативтік өзгергіштік деген не?

  9. Көпаллельділікті қалай түсіндіруге болады?

  10. Кодоминаттылық дегеніміз не?

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Бегімқұл Б. Молекулалық генетика негіздері: оқу құралы/ Б.Бегімқұл. – Астана: Фолиант, 2009. – 331 б.

  2. Бегімқұл Б. Медициналық генетика негіздері: оқу құралы/ Б.Бегімқұл. С.Төлегенов. – Астана: Фолиант, 2008. - 331 б.

  3. Берсімбаев Р.І. Генетика: оқу құралы: І бөлім. / Р.І.Берсімбаев. К.Қ.Мұхамбетжанов. - Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 167 б.

  4. Инге-Вечтомов С.Г. Генетика с основами селекции: учебник/ С.Г.Инге-Вечтомов. - М.: Высшая школа, 1989. – 591 c.

  5. Лобашев М.Е. Генетика: учебное пособие/ М.Е.Лобашев. - ЛГУ, 1967. – 746 c.

  6. Стамбеков С.Ж. Генетика: оқу құралы/ С.Ж.Стамбеков. Алматы: Ана тілі,1993,448 б.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]