- •1.Білім беру саласы түсінігі және оның маңызы
- •2.Білім берудің ел экономикасында алатын орны
- •3.Білім беру экономикасының зерттеу пәні
- •4.Білім берудегі экономикалық қатынастар түсінігі және оның ерекшеліктері
- •5.Білім беру бағдарламалары және оларға сәйкес білім алу типтері
- •6.Қазақстан Республикасындағы бiлiм беру деңгейлерi
- •7.Бiлiм беру ұйымдары және олардың қызмет ету принциптері
- •8.Білім беруді басқару деңгейлері.
- •10. Қр Білім беру жүйесін қаржыландыру Мақсаты: Білім беру қызметіне тең қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағдарланған қаржыландыру жүйесін жетілдіру.
- •9.Білім беру қызметін қаржыландыру формалары
- •11.Білім беру мекемелерінің негізгі қорлары және олардың құрамы мен құрылымы
- •12. Білім беру мекемелерінің айналым қорлары, құрамы және құрылымы
- •13.Білім беру қызметтерінің өзіндік құны
- •14. Білім беру қызметтерін жүзеге асыру шығындары және олардың құрамы
- •15.Білім беру ұйымдарында шығындарды азайту жолдары
- •16.Білім беру ұйымының табысы және пайдасы
- •1. Өнімді, қызметтерді өткізуден түскен пайда
- •2. Басқа сатулардан (мүлікті) түсетін пайда
- •3. Өткізуден тыс табыстар мен шығындар.
- •17.Пайданың түрлері және пайданы бөлу
- •18. Білім берудегі баға белгілеу негіздері
- •19.Білім беру қызметтерінің құнын анықтау әдістері
- •20. Жалақы экономикалық және заңдық категория ретінде
- •21.Білім беру мекемелерінде жалақыны ұйымдастыру қағидалары.
- •22. Білім беру саласын мемлекеттік реттеу қажеттілігі
- •24. Білім беру саласын қаржыландырудың шетелдік тәжірибесі
- •25. Білім беру саласын мемлекеттік реттеу моделдері
- •1.Денсаулық сақтау саласының маңызы.
- •2.Денсаулық сақтау саласы және оның деңгейлері.
- •3.Денсаулық сақтау экономикасының зерттеу пәні
- •4.Медициналық сақтандыру нарығы және оның дамуы
- •5.Денсаулық сақтау жүйесінің құрылымы.
- •6.Денсаулық сақтау субьектілері.
- •8.Денсаулық жүйесін қаржыландыру және оның негізгі типтері
- •9.Медициналық қызметтерді өтеу әдістері және олардың ерешеліктері
- •10. Медициналық сақтандыру түсінігі және оның қажеттілігі
- •11.Медициналық сақтандыру түрлері
- •12.Медициналық ұйымдардың негізгі қорлары және олардың құрамы мен құрылымы
- •13.Негізгі қорларды пайдалану тиімділігі және оның көрсеткіштері
- •14.Медициналық ұйымдардың айналым қорлары, құрамы және құрылымы
- •15.Медициналық қызметтердің өзіндік құны
- •16.Медициналық қызметтерді жүзеге асыру шығындары және олардың құрамы
- •17.Медициналық ұйымның табысы және пайдасы
- •1. Өнімді, қызметтерді өткізуден түскен пайда
- •2. Басқа сатулардан (мүлікті) түсетін пайда
- •3. Өткізуден тыс табыстар мен шығындар.
- •18. Медициналық қызметтерге баға белгілеу негіздері
- •19. Медициналық қызметтердің құнын анықтау әдістері
- •20.Медициналық ұйымдарда жалақы қорын қалыптастыру
- •21.Медицина қызметкерлерінің қызметін бағалау өлшемдері
- •22.Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк саясат принциптерi:
- •23.«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының стратегиялық басым бағыттары
- •24.Әлеуметтiк медициналық сақтандырудың еуропалық жүйесі
- •1.Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық маңызы
- •2.Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының сфералары
- •3.Ткш экономикасының зерттеу пәні, мақсаты мен міндеттері
- •4. Тұрғын үй шаруашылығы саласындағы экономикалық қатынастардың ерекшеліктері
- •5.Ткш саласына мемлекеттің араласу қажеттілігі және формалары
- •6.Қр тұрғын үй-коммуналдық секторды құқықтық реттеу
- •7.Кәсіпорын түсінігі және оның формалары
- •9.Ипотекалық несие түсінігі және оның маңызы
- •10.Қазақстанда ипотекалық несие беруді жүзеге асыру
- •11.Медициналық сақтандыру түрлері
- •12.Тұрғын үй құны және оның түрлері
- •13.Тұрғын үй құнын бағалау және оның әдістері
- •14.Тұрғын үйді бағалаудың табыстық әдістері
- •15.Тұрғын үйді бағалаудың шығындық әдістері
- •16.Тұрғын үйді бағалаудың салыстырмалы әдістері
- •17. Тарифтік саясат және оның бағыттары
- •18. Қазақстанда тұрғын үй коммуналдық шаруашылық секторларында тарифтерді реттеу
- •19.Тұрғын үй нарығының теориялық негіздері
- •20. Тұрғын үй нарығының құрылымы
- •Тұрғын үй нарығы
- •21.Тұрғын үй нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың қалыптасуы
- •22.Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй-коммуналдық сфераны реформалау
- •23.Тұрғын үй -коммуналдық шаруашылықты жаңғырту-2020 бағдарламасы
- •1) Тұрғын үй қатынасының оңтайлы моделін құру
- •2) Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту
- •24.Нарықтық экономикасы дамыған елдерде тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді ұйымдастырудың тәжірибесі
- •25.Тұрғын үй нарығының шетелдік үлгілері
- •Табиғатты пайдаланудағы әлеуметтік-экономикалық қатынастар
- •Табиғат заңдылықтары мен қоғам заңдылықтарын үйлестіру
- •Орманның табиғат қорғау құндылығын бағалау және орман қорын шаруашылықта пайдалану тиімділігін арттыру
- •Табиғат кешендерінің мониторингі. Экологиялық сараптаулар
- •Табиғи ортаның сыйымдылық потенциалы, оны иелену және табиғи ортаға ластаушы заттар шығарылуын реттеу
- •Ёмкость среды
- •Уравнение Ферхульста-Пирла
- •Әртүрлі табиғат ресурстарын экономикалық бағалаулардың ерекшеліктері және қолданылуы
- •9) Экономикалық бағалау мәні, көрсеткіштері және оларды анықтау әдістері
- •10) Ресурстардың абсолютті және салыстырмалы сарқылуы. Ресурс тапшылығы
- •11.Минералдық шикізат қорын, кен орындарын пайдалану тиімділігінің кешенді көрсеткіштері
- •12.Жер қорын қорғау, ұтымды пайдалану бағыттары. Жердің табиғи және жасанды өнімділігі
- •21.Атмосфераны қорғау шаралары және олардың тиімділігін анықтау
- •22.Табиғатты пайдалану төлемдерінің түрлері, оларды жіктеу және сұрыптау
- •15. Жер ресурсын бағалау әдістері. Жердің абсолютті және салыстырмалы құндылығы
- •16. Әлемдік экономикадағы «жасыл экономика»: қалыптасуы, дамытудың тәжірбиесі мен өзекті мәселелері
- •17. Су қорын кешенді, үнемді пайдаланудың экономикалық тиімділігі
- •18. Халықты азықпен, ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері. Экологиялық қауіпсіздік және тұрақты даму
8.Денсаулық жүйесін қаржыландыру және оның негізгі типтері
Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландырудың негізгі екі формасы бар:
Жеке қаржыландыру
Мемлекеттік қаржыландыру (қоғамдық)
Медициналық көмек көрсету ақысын төлеудің жеке қаржыландыру көздеріне азаматтардың жеке табыстары мен жұмыс берушілер қаражаты жатады. Мұның басты формасы ерікті медициналық сақтандыру болып табылады.
Денсаулық сақтауды мемлекеттік қаржыландырудың негізгі екі типі бар:
Міндетті медициналық сақтандыру (ММС)
Бюджеттік қаржыландыру жүйесі
Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі бойынша медициналық көмек көрсетуді қаржыландыру көзі сақтанушылардың белгілі бір категориялары міндетті түрде төлейтін сақтандыру жарналары.
Жұмыс істейтін сақтанушылардың жарналары еңбекақы қорына белгілі бір пайыз түрінде тағайындалады.
Жұмыс істемейтін тұрғындарды сақтандырудың екі әдісі бар:
Жұмыс істейтіндермен қоса олардың жұмыс істемейтін отбасы мүшелері сақтандырылады.
Жұмыс істемейтіндер үшін сақтандыру жарналары мемлекеттік бюджет немесе бюджеттік емес қорлардан төленеді.
ММС жүйесінде сақтандырушылар қызметінің қаржылық жағдайларын теңестіру мәселесін шешудің екі механизмі бар:
ММС ға жарналар толық немесе белгілі бір көлемде арнайы орталық қорға жіберіледі. Сонымен қатар мемлекет бұл қорға қосымша субсидиялар бөледі. Сақтанушылардың жастық құрылымындағы айырмашылықтарды көрсететін жан басына есептелген нормативтер бойынша қаржыландырылады.
Сақтандыру жарналарын қайта бөлу үшін сақтандыру компанияларының бірі жауапты болады. Басқа сақтандырушылар заң бойынша тағайындалған мөлшерде өздері жинаған жарналарды көрсетілген ұйымның арнайы шотына жібереді. Одан әрі бұл қаражат барлық сақтандырушылар арасында сақтандырылғандардың саны мен құрылымына байланысты қайта бөлінеді.
Бюджеттік қаржыландыру жүйесі мен міндетті медициналық сақтандыру жүйесі мемлекеттік қаржыландырудың альтернативті тәсілдері болып табылады.
Бюджеттік қаржыландыру жүйесінің ММС мен салыстырғанда артықшылығы қажетті әкімшілік шығындардың денсаулық сақтауды басқару органдарын ұстауға шығындардың аз болуы. Кемшілігі денсаулық сақтауды қаржыландырудың өзгеріп отыратын саяси басымдықтарға жоғары деңгейде тәуелді болуы.
9.Медициналық қызметтерді өтеу әдістері және олардың ерешеліктері
Денсаулық сақтауды қоғамдық қаржыландыру жүйесінің тиімділігінің маңызды факторы медициналық қызметтерді өндірушілерді қаржыландыруды ұйымдастыру болып табылады.
Амбулаторлық-емханалық көмек көрсетуді өтеу әдістері
Табыстар мен шығыстар сметасы бойынша (сметалық қаржыландыру)
Жекелеген қызметтерді өтеу
Балдық шкала бойынша жекелеген қызметтерді өтеу
Емделіп шыққан сырқаттар бойынша (амбулаторлық-емханалық емделу жағдайында)
Әрбір қызметті тұтынушының жан басына есептелген норматив бойынша
Өтеу әдістері |
мазмұны |
артықшылықтары |
Кемшіліктері |
Табыстар мен шығыстар сметасы бойынша (сметалық қаржыландыру) |
Қаржылық ресурстар бюджеттік шығыстардың экономикалық жіктемесінің баптары бойынша жоспарланады және алушыға бөлінеді. Қаржының көлемі емдеу-профилақтикалық мекеменің категориясына қарай және өткізу қабілетіне қарай есептеледі. |
Қаражатты жұмсау бағыттарын бақылауға мүмкіндік береді |
Қаражаттың бөлінуі оларды алушылардың жұмысының нәтижесімен байланыстырылмайды. Мекемені ресурстарды рационалды пайдалануға ынталандырмайды, сондықтан шаруашылық жүргізудің шығындық типі пайда болады. |
Жекелеген қызметтерді өтеу |
Пациенттерге нақты көрсетілген қызметтерді өтеу арқылы қаржыландырылады. Өтеу құны мемлекет бекіткен немесе қаржыландыратын жақ пен қызмет көрсетуші арасындағы келісім бойынша анықталған тарифтер бойынша есептеледі. |
Өндірушінің табысының көрсетілген қызметтер көлеміне тікелей байланыстылығын қамтамасыз етеді. Көрсетілген қызмет көлемінің артуын ынталандырады. Өтеушіге қандай қызмет қандай көлемде кімге көрсетілгені жөнінде нақты ақпарат береді. |
Клиникалық тұрғыдан қөрсетілген қызметтерді асыра көрсетуге мүмкіндік туғызады. Дәрігерлер пациенттерді қосымша қаралудан өтуге, кеңес алуға бағыттап, қымбат лабораториялық зерттеулер жүргізеді. Сөйтіп дәрігерлер профилактикалық жұмыстар жүргізу емес, нақты аурулардың санының көбеюіне мүдделі болады. |
Балдық шкала бойынша жекелеген қызметтерді өтеу |
Пациенттерге нақты көрсетілген қызметтерді өтеу арқылы қаржыландырылады. Бұл жағдайда жеклеген қызметтің нақтыланған бағасы жоқ, яғни арнайы шкала бойынша есептелген балдармен бағаланады. Өтеуші алдын ала жыл бойы амбулаторлық-емханалық қызметтерді өтей алатын қаражатының сомасын хабарлайды. Дәрігерлер жұмысының жылдық қорытындысы бойынша барлық дәрігерлердің жинаған балдарының жалпы санына қолда бар ақша сомасын бөлі арқылы бір балдың бағасы есептеледі. |
Жекелеген қызметтер бойынша әдіске сәйкес артықшылықтары бар. |
Жекелеген қызметтер бойынша әдіске сәйкес кемшіліктері бар.
|
Емделіп шыққан сырқаттар бойынша (амбулаторлық-емханалық емделу жағдайында) |
Қарапайым түрде бұл - әрбір амбулаторлық-емханалық қабылдаудың ақысын төлеу, яғни бір қабылдаудың бағасы анықталып, нақты жүзеге асырылған қабылдаулардың ақысы төленеді. Неғұрлым күрделі түрде бұл қызмет түрлері аурулардың типтері бойынша жіктеледі және ауруды емдеудің ақысы сәйкес тариф бойынша сәйкес аурудың тобына қарай өтеледі. |
Емделіп шыққан адамдардың санының артуына және белгілі бір аурулар бойынша емлеу мерзімінің және көрсетілетін қызметтердің санының қысқаруына экономикалық ынталылық туғызады. Бұл әдісті қолдану көп ақпаратты қажет етпейді және басқару шығындарын азайтады. |
Көрсетілген қызметтердің нақты көлемі мен сапасын бақылаудың қиындығы |
Әрбір қызметті тұтынушының жан басына есептелген норматив бойынша |
Дәрігер немесе медициналық ұйым нақты көрсетілген көмектің көлеміне қарамастан өздеріне бекітілген әрбір адам үшін белгілі бір қаражат көлемін алады. Қызмет ақысы жан басына есептелген нормативтер бойынша төленеді. |
Медициналық көмек көрсетуге кететін шығындарды жоспарлауды жеңілдетеді және әкімшілік шығындарды көп қажет етпейді. Амбулаторлық-емханалық мекемелерге келу саны мен ауруларды емдеу мерзімі азаяды. |
Медициналық қызмет көрсету көлемі негізсіз қысқаруы мүмкін. Нақты көрсетілген медициналық қызметтер көлемін бақылау қиындығы. |
Стационарлық көмек көрсетуді өтеу әдістері
Табыстар мен шығыстар сметасы бойынша (сметалық қаржыландыру)
Жекелеген қызметтерді өтеу
Емделіп шыққан сырқаттар бойынша
Төсек-күндер саны бойынша
Аяқталған госпитализациялау жағдайлары бойынша
Медициналық көмек көрсетудің келісілген көлемі бойынша (глобальды бюджет)
Өтеу әдістері |
мазмұны |
артықшылықтары |
Кемшіліктері |
Төсек-күндер саны бойынша
|
Стационар жұмысы онда пациенттердің нақты өткізген төсек-күндеріне қарай төленеді. Қарапайым түрде бұл – аурудың типіне және күрделілігіне қарамастан бір төсек-күнге бірыңғай тариф тағайындау. Неғұрлым күрделі түрде әр түрлі стационарларға дифференциалданған тарифтер қолданылады: терапевтік, жалпы хирургия, гинекологиялық, т.б. |
|
|
Аяқталған госпитализациялау жағдайлары бойынша |
Аурулардың клиникалық-статистикалық топтарына немесе емдеудің медико-экономикалық стандарттарына сәйкес дифференциалданған тарифтер бойынша өтеу. |
Стационар алатын табыс көп жағдайда оның жұмысының нәтижелерін көрсетеді. |
|
Медициналық көмек көрсетудің келісілген көлемі бойынша (глобальды бюджет) |
Көрсетілетін қызмет көлемін жоспарлау арқылы стационарларды толтыру және пациенттер ағымының құрылымын оптималдау |
Төсек қорын рационалсыз пайдалануға, оның ішінде керексіз қуаттылықты жабуға ықпал етеді.
|
Пациенттерге көрсетілетін медициналық қызметтердің көлемін негізсіз азайту, ауруларды соңына дейін емдемеу, көрсетілетін қызметтердің құрылымы мен көлемі бойынша келісілген көрсеткіштерден ауытқу қуіптері |
