Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-10_bilim.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
202 Кб
Скачать
☆

14.Медициналық ұйымдардың айналым қорлары, құрамы және құрылымы

Айналым қорлары – бұл ақшалай формада айқындалатын айналым қорлары мен айналыс қорларының жиынтығы. Айналым қорлары өндіріс процесіне қатысса, айналыс қорлары айналыс өрісінде қолданылады.

Айналым қорлары – бір цикл ішінде толығымен тұтынылатын еңбек заттары. Айналым қорлары өз құнын дайын өнімге бірден түсіреді және өзінің натуралдық заттық формасын өзгертеді.

Айналым қаржының құрамы:

Айналым қаржысы

Айналым қорлары

Айналыс қорлары

Өндірістік қорлар

Аяқталмаған өндіріс

Болашақ мерзімнің шығындары

Дайын өнім

Жібеілген, бірақ әлі төленбеген өнім

Қосымша қорлар

Шикізат, материалдар, запас бөлшектер және с.с

Жұмыс орындарында қалған өндіріс процестегі еңбек заттары

Жаңа өнімдерді құрастыруға, ғылыми-зерттеу, тәжірибе жұмыстарға арналған шығындар, болашақ мерзім өзіндік құнына кіреді.

Тексеруден өткен және қоймада орналасқан дайын өнім

Кәсіпорын есеп шотына төлемі әлі түспеген, бірақ жөнелтілген өнім

Кассадағы ақша, есеп шоттағы ақша, дебиторлық қарыздылық және т.с.с

Айналым қорлары үздіксіз қозғалыста болып үш кезеңнен өту қажет: өндірістік, тауарлық және ақшалай кезеңдерден.

Айналым қаржысы екі бөліктен тұрады: тұрақты және өзгермелі капиталдардан.

Тұрақты айналым капиталы (синонимы: ағымдағы активтердің жүйелі бөлігі) — бүкіл операциялық цикл ішінде олардағы қажеттілік мөлшері салыстырмалы тұрғыдан тұрақты болатын ағымдағы активтер.

Өзгермелі айналым капиталы (вариацияланатын ағымдағы активтер) — операциялық циклдың ең шиеленісті кезеңдерінде олардағы қажеттілік пайда болатын ағымдағы активтер бөлігі.

АҚ нормалау – айналым қорларының минимальды қажет, экономикалық тұрғыдан дәлелденген деңгейін анықтау процесі. Норма көбінесе күндермен есептелінеді

АҚ нормативі— кәсіпорын жұмысының үздіксіздігін қамтамасыз ететін ақшаның минимальды сомасы.

АҚ пайдалану тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер

1. Бір айналым ұзақтығы (До)

(3.11)

мұндағы Со — мерзім ішінде АҚ қалдықтары; Тпер — мерзімдегі күндердің саны; Vреал — өткізілген өнім көлемі.

2. Айналымдылық коэффициенті белгілі бір мерзім ішінде АҚ жасаған айналым саны

(3.12)

3. АҚ тиеу коэффициенті, өткізілген өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы АҚ сомасын көрсетеді

(3.13)

15.Медициналық қызметтердің өзіндік құны

  1. Өзіндік құн – өнім өндіруге және өткізуге кеткен барлық шығындар. Жалпы алғанда өзіндік құнның құрамы келесі түрде көрсетіледі:

ӨҚ = М + А + ЕА

мұндағы М – материалдық шығындар, А – амортизация, ЕА – еңбек ақы.

Өзіндік құн бағаның бір бөлігі ретінде қарастырылады:

Б = ӨҚ + П + ҚҚС

Өзіндік құнды төмендету арқылы қоғамның таза табысы, кәсіпорын пайдасы өседі. Әртүрлі кәсіпорындарда шығарылатын бірдей өнімнің өзіндік құны әртүрлі болуы мүмкін. Жоғары болған өзіндік құн кәсіпорында өндірісі процесі нашар ұйымдастырылғанын көрсетеді, басқалармен салыстырғанда.

Өзіндік құн келесі мақсаттарда қолданылады:

  • Бағаны анықтау үшін

  • Кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттау үшін

  • Менеджерлер оперативті шешім қабылдау үшін

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]