Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-10_bilim.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
202 Кб
Скачать
☆

23.«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының стратегиялық басым бағыттары

2010 жылғы Жолдауда Президент таяу онжылдыққа нақты міндеттер қойды. Оның ішінде Нұрсұлтан Әбішұлы «Саламатты өмір салты мен адамның өз денсаулығы үшін ынтымақты жауапкершілігі қағидаты - міне, осылар денсаулық сақтау саласындағы және халықтың күнделікті тұрмысындағы мемлекеттік саясаттың ең басты мәселесі болуы тиіс» екендігін атап көрсетті.

      Жоғарыда көрсетілгендерге сәйкес, сондай-ақ халық денсаулығының қазіргі жағдайына және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесіне жүргізілген талдау негізінде Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының стратегиялық басым бағыттары және іске асыру тетіктері айқындалды.

      Бағдарламада ведомствоаралық және сектораралық өзара іс-қимылды ескере отырып, жоспарланған іс-шараларды орындауды заңнамалық, инвестициялық, құрылымдық, экономикалық және кадрлық қамтамасыз ету жөніндегі шаралар көзделген. Медициналық қызметтердің және медициналық ұйымдардың арасындағы бәсекелестік қатынастардың нарығын құру көзделіп отыр.       Бағдарламаны іске асыру медициналық қызмет көрсетудің шығыны аз нысандарына өту үшін жағдай жасау, саланың профилактикалық бағыттылығын қамтамасыз ету, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасының деңгейін арттыру арқылы денсаулық сақтау жүйесін қарқынды дамытуға, арнайы әлеуметтік қызметтерді енгізуге, сондай-ақ халықтың өзін-өзі сақтау мінез-құлқының дәйектемесі, медицина персоналының кәсіптік және жеке өсуі, денсаулық сақтау жүйесін қоғамның қазіргі талаптарына және нарықтық жағдайларына бейімдеу үшін жағдай жасауға ықпал ететін болады.

Бағдарламаның мақсаты - еліміздің орнықты әлеуметтік-демографиялық

дамуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту. Міндеттері:

  • Азаматтардың денсаулығын сақтау және санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту;

  • Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін дамыту және жетілдіру;

  • едициналық және фармацевтикалық білімді жетілдіру, медицина ғылымын және фармацевтикалық қызметті дамыту.

24.Әлеуметтiк медициналық сақтандырудың еуропалық жүйесі

Әлеуметтiк медициналық сақтандырудың дамыған жүйесi Германияда орын алып отыр. Бұл жүйе 1883 жылы Бисмарктiң ұйымдастырылуымен құрылып, бүкiл Европаға таралған. Мiндеттi сақтандыру жүйесi өз қызметiн коммерциялық емес сақтандыру ұйымы болып табылатын - ауруханалық кассалар арқылы iске асырады. Бұл тәуелсiз өзiн-өзi басқару ұйымдарының құрылымы заңды түрде анықталынып, бiрнеше кассалардың түрiне бөлiнедi: жергiлiктi (сатанған жанұялардағы жұмыс iстемейтiндерге арналған), өндiрiстiк (жұмыс орнына байланысты), теңiз, ауылшаруашылық және эрзацкассалары (көбiне қызметкерлерге арналған). Олардың қызметiне бақылау және басқару функцияларын үкiметтiк агенттiктер жүргiзедi.

Европаның Франция, Бельгия, Нидерланды, Дания мемлекеттерiнде денсаулық сақатудың мәселелерi басым көпшiлiгi мiндеттi медициналық сақтандыру қорына және кейбiр халықтың өкiлдерiне ерiктi мемлекеттiк және жеке сақтандыру қорларының үлесiне тиiп отыр.

Сақтандыру жүйесiне үлестiк жарнаның мөлшерi еңбек ақы мөлшерiнен және еңбек ақы қорынан жұмсалынады.

Финляндия мемлекетiнiң барлық халқы медициналық сақтандыруға жұмылдырылған. Медициналық қызметтiң 60%-ын пациенттердiң өзi қаржыландырады, 75%-ы диагностикалық зерттеулер, 50%-ы дәрi-дәрмекке жұмсалынады. Жалпы медициналық қызметтiң 39%-ын мемлекет қаржыландырады, 31,5%-ын қоғамдастықтар, 95%-ын - ауруду сақтандыру қызметтерi, 19%-ын - пациенттердiң өз қаржысы арқылы төлейдi.

Мәселен Францияда 5,5-13,45%, Нидерландыда 5,35-13,51%, Бельгияда 2,90-5,55% мөлшерiнде. Аталаған барлық мемлекеттерде сақтанған халық өкiлдерi, әдетте төлейтiн сақтандыру жарнасынан тыс, кейбiр медициналық қызметтер құнының өз қаражаттары есебiнен 20-30% төлеген. Сонымен қатар бұл мемлекеттерде өндiрiсте кездейсоқ жағдайлар, яғни өндiрiстiк жарақат, кәсiптiк ауруларға ақысыз қызмет жасалынады. Ақшалай қаражат еңбекке жарамдылық деңгейiнiң әр түрлiлiгiне байланысты берiледi, ал ақшалай қаражаттың мөлшерi медициналық комиссияның жасаған қорытындысы бойынша өзгеруi мүмкiн. Ұлыбританияға қарағанда бұл мемлекеттерде денсаулықты сақтандыруға байланысты ауқымның кеңейуi көп тараған.

25.АҚШ-тың денсаулық сақтау саласына қатысты мемлекеттiк саясаты

Алып мемлекет ретiнде американдық тәжiрибеге сәйкес денсаулық сақтау саласындағы саясат жалпы әлеуметтiк көмектi ұлғайтумен барлық мәселенiң шешiлуiн қамтамасыз етпейдi. Ол үшiн денсаулық салысын ұйымдастыру саясаты қажет, яғни қажеттi медициналық қызметке нақтылы төлемдi қамтамасыз ететiн. Нақтылы баға аталған процесте қызмет атқаратын монополиялық жағдайдың тыйым салынуымен қатар, сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдiгiнде бекiтiлуi тиiс. Ал, монополиялық режимнiң орын алуы қоғамның бұл әлеуметтiк көмекке жеткiлiксiздiгi байқалады.

ХХ-ғасырдың соңғы ширек ғасырынан бастап америкадағы денсаулық сақату саласы екi шешiлмеген проблемаларға кезектi- медициналық қызметтiң қымбатшылығы және жалпы кепiлденген медициналық көмектiң жоқтығы. Медициналық қызметiтң құнынан басқа тауарлармен қызметтердiң бағасынан жоғарлауы байқалды. Соның нәтижесiгде АҚШ денсаулық саласына (адам басына есептегенде) жұмсаған қаражат Батыстың дамыған мемлекеттерiмен салыстырғанда 2-3 есе көп шығындалады.

АҚШ-тың азаматтары жеке және жанұялық денсаулық сақтандыру жүйесiмен қамтамасыз етiледi. Медикейр - ұлттық сақтандыру бағдарламасымен 65 жатан жоғары зейнеткер жасына жеткен адамдарға арналған. Медикейд - балаларға және әлеуметтiк жағдайы төмен халықтың өкiлдерiне қызмет көрсетедi. Қайырымдылық қорлары мен штаттар арқылы қаржыландырылатын медициналық мекемелер ақысыз қызмет көрсетедi. Жалпы бұл мемлекет бойынша сатанушылар мен қатар зейнеткерлер арасында ұзақ және күрделi аурулардың пайда болу себебiнен толыққанды медициналы көмек алуға көптеген қиындықтар кездеседi. Зейнеткерлердiң медициналық көмекке сатанған жұмысшылармен салыстырғанда 3,5 есе жиi келедi, ал сақтанушылар медициналық көмекке сирек жүгiнгендiгiне қарамастан, медициналық көмектiң қымбатшылығына байланысты белгiлi-бiр деңгейде қаржылық қиындықтарға тап болған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]