Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-10_bilim.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
202 Кб
Скачать
☆

12. Білім беру мекемелерінің айналым қорлары, құрамы және құрылымы

Айналым қорлары – бұл ақшалай формада айқындалатын айналым қорлары мен айналыс қорларының жиынтығы. Айналым қорлары өндіріс процесіне қатысса, айналыс қорлары айналыс өрісінде қолданылады.

Айналым қорлары – бір цикл ішінде толығымен тұтынылатын еңбек заттары. Айналым қорлары өз құнын дайын өнімге бірден түсіреді және өзінің натуралдық заттық формасын өзгертеді.

Айналым қаржының құрамы:

Айналым қаржысы

Айналым қорлары

Айналыс қорлары

Өндірістік қорлар

Аяқталмаған өндіріс

Болашақ мерзімнің шығындары

Дайын өнім

Жібеілген, бірақ әлі төленбеген өнім

Қосымша қорлар

Шикізат, материалдар, запас бөлшектер және с.с

Жұмыс орындарында қалған өндіріс процестегі еңбек заттары

Жаңа өнімдерді құрастыруға, ғылыми-зерттеу, тәжірибе жұмыстарға арналған шығындар, болашақ мерзім өзіндік құнына кіреді.

Тексеруден өткен және қоймада орналасқан дайын өнім

Кәсіпорын есеп шотына төлемі әлі түспеген, бірақ жөнелтілген өнім

Кассадағы ақша, есеп шоттағы ақша, дебиторлық қарыздылық және т.с.с

Айналым қорлары үздіксіз қозғалыста болып үш кезеңнен өту қажет: өндірістік, тауарлық және ақшалай кезеңдерден.

Айналым қаржысы екі бөліктен тұрады: тұрақты және өзгермелі капиталдардан.

Тұрақты айналым капиталы (синонимы: ағымдағы активтердің жүйелі бөлігі) — бүкіл операциялық цикл ішінде олардағы қажеттілік мөлшері салыстырмалы тұрғыдан тұрақты болатын ағымдағы активтер.

Өзгермелі айналым капиталы (вариацияланатын ағымдағы активтер) — операциялық циклдың ең шиеленісті кезеңдерінде олардағы қажеттілік пайда болатын ағымдағы активтер бөлігі.

АҚ нормалау – айналым қорларының минимальды қажет, экономикалық тұрғыдан дәлелденген деңгейін анықтау процесі. Норма көбінесе күндермен есептелінеді

АҚ нормативі— кәсіпорын жұмысының үздіксіздігін қамтамасыз ететін ақшаның минимальды сомасы.

13.Білім беру қызметтерінің өзіндік құны

Өзіндік құн – өнім өңдіруге жіне өткізуге кеткен барлық шығындар. Жалпы алғанда өзіндік құнның құрамы келесі түрде көрсетіледі:

ӨҚ = М + А + ЕА

мұндағы М – материалдық шығындар, А – амортизация, ЕА – еңбек ақы.

Өзіндік құн бағаның бір бөлігі ретінде қарастырылады:

Б = ӨҚ + П + ҚҚС

Өзіндік құнды төмендету арқылы қоғамның таза табысы, кәсіпорын пайдасы өседі. Әртүрлі кәсіпорындарда шығарылатын бірдей өнімнің өзіндік құны әртүрлі болуы мүмкін. Жоғары болған өзіндік құн кәсіпорында өндірісі процесі нашар ұйымдастырылғанын көрсетеді, басқалармен салыстырғанда.

Өзіндік құн келесі мақсаттарда қолданылады:

  • Бағаны анықтау үшін

  • Кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттау үшін

  • Менеджерлер оперативті шешім қабылдау үшін

Өндіріске кеткен шығындарды белгілі бір белгілерге қарай бөлуге болады. Шығындардың негізгі тобына келесі шығындар кіреді:

- экономикалық элемент бойынша (экономикалық мағынасына қарай) – барлық шығындар экономикалық біріңғайлығы бар жеке топтарға жинақталады (олардың пайда болу орнына және мақсатына тәуелсіз. Олардың негізгі түрлері:

  • Материалдық шығындар – шикізат пен материалдардың қайтарылатын қалдық құнын алып тастағандағы құны.

  • Еңбек ақы.

  • Еңбек ақыдан жасалынатын әлеуметтік төлемдер-зейнетақы қорына, жұмыс бастылық қорына, әлеуметтік сақтандыру қорына, медициналық сақтандыру қорына.

  • амортизация.

  • Басқа шығындар – жөндеуге кеткен, несие пайыздарын төлеу, айыпақылар, жарнама және т.с.с.

- шығын баптары бойынша: Шығын баптары деп бір немесе бірнеше экономикалық элементі бар шығындарды айтады. Калькуляция баптары шығындардың мақсатын және пайда болу орнын есебке алады. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау деп өнім бірлігіне кеткен шығындарды анықтау процесін атайды.

Өзіндік құнды төмендету әртүрлі факторларға тәуелді болады. Ең негізгілерге келесіні жатқызуға болады:

  1. өнім өңдіруді өсіру (тұрақты шығындар бойынша түсетін үнем арқылы).

B1 – өсіруге дейінгі өнім көлемі;

B2 – өнім шығарудың жаңа мөлшері.

Материал сыйымдылығын азайту (шикізат пен материалдар бойынша үнем болады).

өнім өңдіру өсімін еңбек ақы өсімінен жоғары етіп жасау (еңбек ақы бойынша үнем болады).

  1. Жаңа техниканы енгізу арқылы, өндірісті механикаландыру және автоматтандыру.

С1 – шараға дейінгі өнім бірлігінің өзіндік құны.

С2 – шарадан кейінгі өнім бірлігінің өзіндік құны.

В2 – шарадан кейін шығарылатын өнім көлемі.

өнімнің қор сыйымдылығын азайту арқылы (амортизация бойынша үнем болады).

  1. Қалдықтарды және жоғалтуларды азайту шараларын енгізу.

Іс жүзінде өзіндік құнның келесі көрсеткіщтері қолданылады:

  1. Өндіріс шығындарының сметасы.

  2. Өнім бірлігінің және тауарлық өнімнің өзіндік құны.

  3. Өзіндік құнды төмендету көрсеткіштері.

  4. Тауарлық өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы шығындар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]