Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-10_bilim.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
202 Кб
Скачать
☆

19.Тұрғын үй нарығының теориялық негіздері

20. Тұрғын үй нарығының құрылымы

Тұрғын үй нарығының теориялық негіздері, нарықта сұраныс пен ұсыныстың қалыптасу жағдайлары және оларға әсер ететін факторлар, тұрғын үй нарығының шетелдік ерекшеліктері қарастырылады. Біздің пайымдауымыз бойынша, тұрғын үй нарығы дегеніміз- тұрғын үй объектісін тұрғызу, айналымға түсіру, қолдану және қаржыландыру сияқты нарықтық тетіктердің өзара байланысты жүйесі және тұрғын үй объектісін сату-сатып алу мәмлелерінің орындалумен бірге мүліктік құқықтардың тараптар арасында ауысуын қамтамасыз ететін құрылым.

Отандық тұрғын үй нарығының құрылымының жүйесі 1 - сызбада көрсетілді.

Тұрғын үй нарығы

Тұрғын үй қаржылық нарық

Тұрғын үй жер нарығы

Коммуналдық қызметтер нарығы

Тұрғын үй қызметтер нарығы

Тұрғын үй- коммуналдық қызметтер нарығы:

сумен қамтамасыз ету; кәріз жүйесі; энергиямен қамтамасыз ету;

жылумен қамтамасыз ету; газбен қамтамасыз ету; қоқыс тасымалдау; лифт қызметі; құрылыс- жөндеу жұмыстары;

инженерлік- коммуникация желілерін жөндеу

Қайталама тұрғын үй нарығы:

  • муниципалды тұрғын үй қоры;

  • мемлекеттік тұрғын үй қоры;

  • жеке тұрғын үй қоры;

  • қоғамдық тұрғын үй қоры

Бастапқы тұрғын үй нарығы:

- эконом-класты тұрғын үй;

- бизнес-класты тұрғын үй;

- элиталық тұрғын үй;

- жалдық тұрғын үй

Сызба 1— Тұрғын үй нарығының құрылымдық жүйесі

21.Тұрғын үй нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың қалыптасуы

Тұрғын үй нарығы және тұрғын үй қызметтері, жылжымайтын мүлікті қалыптастыратын ерекше функцияны орындайды, сондықтан олар өзара тығыз байланысты және сұраныс пен ұсыныс сияқты айнымалылардың жағдайына тәуелді. Тауарлардың сұранысы сияқты, баспанаға сұраныс тұрақты және жаппай сипат алмайды. Сонымен, тұрғын үй нарығындағы сұраныс әлеуметтік факторлардың әсерінен жиі өзгеріске ұшырап отырады. Нарықтың бұл түрінде тұрғын үй қорына деген сұраныс, оның ұсынымына тікелей тәуелді. Тұрғын үй сұранысы мен ұсынысына әсер ететін факторлардың жиынтығы автор тарапынан жүйелендірілді. Тұрғын үй сұранысына әсер етуші факторлар:

  • экономикалық (тұрғындардың табыстарының өзгеруі, нарықтағы бәсекенің деңгейі, несиелік-қаржылық ресурстарға қол жетімділік, жалдық ақы ставкасы, құрылыстың өзіндік құны, коммуналдық қызметтер тарифі, баспана бағасы);

  • әлеуметтік (баспанамен қамтамасыз етілу; тұлғаның тұтынушылық қалауларының өзгеруі, әлеуметтік топ );

  • демографиялық (тұрғындар санының өзгеруі, халықтың білім деңгейілері, тұрғындар құрылымы мен адамдардың жас-мөлшері, көші-қон процестер, үйлену және ажырасу көрсеткіштері)

  • қоршаған орта жағдайлары (экологиялық жағдай; инфрақұрылымның даму деңгейі; баспананың орналасқан жері; климаттық ерекшеліктер).

Тұрғын үй нарығындағы ұсыныстың қалыптасу ерекшелігі және мүліктің бағасының өзгеру реакциясы нарықтағы жалпы тенденцияны қалыптастырады. Тұрғын үй құрылысын ұлғайтуға немесе мүлік нарығындағы ұсынысқа, біздің көзқарасымыз бойынша төмендегідей факторлар ықпалын тигізеді:

  • экономикалық (шикізат материалдары мен құрылыс өнімдерінің бағасы, тұрғындар табысы, инвестиция мөлшері, құрылыстағы шығындар, инвестициялаудың тәуекелі, көлік қызметтері, электрэнергия тарифі);

  • ғылыми-техникалық (салалардағы технологиялық өзгерістердің қарқыны);

  • саяси-құқықтық (қаржы-салық саясаты, әр түрлі жеңілдіктердің берілуі, жерді пайдалануда бақылау жасау, жал ақысының ставкасы, құрылыс нормалары мен ережелері, құқықтық нормалар мен ережелер).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]