- •1. Қазақ әдеби сыны тарихының зерттелуі.
- •2. Сын жанрлары (проблемалық мақала).
- •3.Қазіргі қазақ әдеби сынының басым бағыттары
- •4.Қазақ әдебиеті сынының көркемдік бастауларындағы халықтық эстетика маңызы
- •5.Көне түркі дәуірі әдебиетіндегі сыншылдық-эстетикалық таным
- •6.Шоқан Уалиханов және әлемдік классикалық филология
- •7.Қазақ ағартушылығының тарихындағы маңызы
- •8.А.Байтұрсынұлы және ұлттық әдебиеттану ғылымы
- •10.Баспасөз және әдеби сын
- •9.1960-Жылдардағы әдеби сын. Алпыскерлер толқыны
- •11.Әдеби сындағы Абайтану ілімі
- •12.Хх ғасыр басында Алаш ұранды сөз өнері және қазақ әдеби сыны
- •13.Ы.Алтынсариннің "Қазақ хрестоматиясы"
- •14."Алқа". Өнер эстетикасы мен қаламгер бостандығы
- •15.Коммунистік идеология және әдеби сындағы тұрпайы социалогизм
- •16. Сын жанрларының қалыптасу жолдары
- •18.1970-Жылдардағы әдеби сын
- •19."Алаш ұрынды" сөз өнері зерлерінің әбеби сын табиғаты туралы көзқарастар
- •20. 1920 Жылдардағы қызыл террор және әдеби сындағы қате теориялар салқыны.
- •21. «Жылымық» жылдарындағы әдеби сын сипаты.
- •22."Дала уалаяты" газетіндегі әдеби мұраны игеру және көркем сын мәселелері
- •23.1930-Жалдардағы әдеби сын және сталинизм зардаптары
- •24.1990 Жылдардағы әдеби сын ерекшелігі және тоталитарлық жүйе күйреуі
- •25. "Абай" журналындағы әдеби сын мәселелері
- •29.1940 Жылдардағы әдеби сын ерекшелігі
- •30.Әдебиет тарихын дәуірлеу және сыншылдық-эстетикалық таным
- •31. Алпыскерлер және 1960 жылдардағы әдеби сын болмысы.
- •32. Әдеби сын және әдеби мұраны игеру мәселелері
- •33.Қазақ әдеби сыны тарихы, ғылыми негіздері мен жанрлық зерттелуі
- •34.Әдеби сын бастауларындағы халықтық эстетика маңызы
- •35.Жыраулар поэзиясындағы көшпелілер эстетикасы
- •36.Әдеби сын және эстетикалық категориялар
- •37. "Айқап" журналындағы қазақ әдеби сынының мәселелері
- •38.ҚазАпп және әдеби сындағы қате теориялар табиғаты
- •39.Халық мұрасын зерттеудегі партиялық қаулы-қарарлар
- •40.Әдебиет пен өнер бойынша 1950 жылдары қабылданған партиялық қаулы-қарарлар
- •41.Әдеби мұраны игеру тақырыбындағы 1959 жылғы конференцияның маңызы
- •42.1980 Жырдардағы көркемдік даму және әдеби сын
- •43.Әдеби сынның ғылыми негіздері, жанрлық жүйесі
- •44.Алаш қайраткерлерінің ұстанымдары (Алқа)
- •45.Әдеби сын үрдісі және сыншы шеберлігі
- •46.1970 Жылдардағы көркемдік даму үрдісі және қазақ әдеби сыны
- •47.Әдеби сындағы полемикалық мақалалар
- •48.Социалистік реализм әдебиетіне қазіргі көзқарас
- •49.Әдеби сынның ғылыми қағидаттары
- •50.Қазақ әдебиетінің ғылыми тарихын жасау жолдары
- •51.Ххі ғасырдағы көркемдік даму және әдебмет сыны
- •54."Қазақ" газеті және әдеби сын эстетикасы
21. «Жылымық» жылдарындағы әдеби сын сипаты.
1920-30 жылдардағы қазақ әдебиеті. Осы кездегі қазақ елінің жағдайы. Оның көркем әдебиетке тигізген ықпал-әсері. Осыған орай қазақ әдебиетінде азатшылдық, ағартушылық және туған топырақтан нәр алған ұлттық қасиет, бағыттардың өріс алуы. Осындай бағыттардың сапында М.Жұмабаев, Ж.Аймауытовтардың болуы. Кезінде көркем әдебиетті тек таптық тұрғыдан бағалаудың ықпал-әсерінен қазақ әдебиеті тарихынан орынсыз шеттетілген талантты ақын М.Жұмабаев шығармашылығы. Мағжанның «Шын сорлы», «Сорлы қазақ», «Бір күн», «Туған жерім – Сасықкөл» т.б. өлеңдерінде әлеуметтік керағарлықтың көрініс табуы. М.Жұмабаевтың шығармашылық өнердегі ізденісі: В.Брюсов, К.Бальмонт, А.Блок тәрізді символист ақындарға еліктеп, өлім менді жырлауы, күнделікті күйбең тірлік тауқыметінің шаршап-шалдығу сарындарының пайда болуы. Мысалы, ақынның «Бүгінгі күн өмір, өлім менікі», «Өмір», «Алдамшы өмір», «Мені де, өлім, әлдиле» және т.б. өлеңдері. М.Жұмабаевтың өткен тарихтың деректеріне сүйене отырып, «Қорқыт», «Қойлыбайдың қобызы», «Өтірік ертек», «Батыр Баян», «Жүсіпхан» поэмаларын жазуы. Әсіресе, «Батыр Баянда» қазақ тарихының елеулі орны бар Абылай, Батыр Баян сияқты қайраткерлер образының жасалуы. «Жүсіпхан» поэмасында адам қанын суша ағызған зұлымдықты, қатігездікті, қаталдықты әшкерелеуі. Жүсіпхан образының символикалық мәні, сол арқылы сталинизм дәуірінде етек алған әміршіл-әкімшіл жүйені сынау. Лирик ақын М.Жұмабаевтың өз шығармашылығында халық өмірінің шындығына бет бұрып, «Тоқсанның тобы» дастанын, махаббат, табиғат көріністері, балаларға арналған өлеңдер жазуы. Қазақстан Жазушылар Одағының қаламгерлер басын бір жерге біріктіріп, әдебиет мамандарын даярлаудағы ролі. Сонымен бірге оның партияның қолшоқпарына айналып, әдебиетті саясатқа икемдеудегі қызметі. 1937 жылғы қазақ зиялыларына жасалған репрессия. С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, М.Жұмабаев т.б-лардың «халық жауы» ретінде ұсталып, атылуы. Голощекиннің асыра сілтеу, бұрмалауын әшкерелеген поэмалардың тууы. Поэзияда ән-күй, өнер тақырыбына кең құлашты эпикалық дастандардың жазыла бастауы (І.Жансүгіров «Күй», «Күйші»). Проза жанрында өмірбаяндық шығармалар жазыла бастауы. С.Сейфуллин «Тар жол, тайғақ кешу», С.Мұқанов «Өмір мектебі». Б.Майлиннің проза жанрында өнімді еңбек етуі. Оның замана шындығын, халықтың тұрмыс-тіршілігін зерттеуден туған, суреткерлік күш-қуатын танытқан «Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры», «Он бес үй», «Қырманда» тәрізді әңгіме, повестерінде сол кезеңдегі ауыл өмірін суреттеуі. «Азамат Азаматыч» романында кеңес қызметіндегі қазақ зиялыларының тұрмыс-тіршілігін сипаттауы. Отызыншы жылдары драматургиялық шығармалардың жазыла бастауы және олардың халықтың 1916 жылғы ұлт-азаттық күресі тарихына, ауыз әдебиеті үлгілерінің сюжетіне құрылуы. Осы жылдары әдебиет тарихын зерттеу мен сын жанрының өрістеуі.
22."Дала уалаяты" газетіндегі әдеби мұраны игеру және көркем сын мәселелері
Дала уалаятының газеті - 1888 жылдың 1 қаңтарынан 1902 жылдың 12 сәуіріне дейін Омбы қаласында қазақ, орыс тілдерінде "Акмолинские областные ведомоства" газетіне қосымша ретінде шығып тұрған ресми газет. Оның жарыққа шығуы — 1882 ж. құрамына Ақмола, Семей және Жетісу облыстары кірген Дала генерал-губернаторлығының құрылуымен байланысты. Газеттің басты мақсаты — жергілікті халықты үкімет жарлықтарымен таныстырып отыру. Қазақшасының редакторлары —Ешмұхамед Абылайханов пен Дінмұхамед Сұлтанғазин. Газеттің бейресми бөлімінде Ы.Алтынсарин, Ш.Уәлиханов туралы деректер басылған. Абай, М.Ж.Көпеев, Шәкәрім, Ә.Бөкейханов, А.Құрманбаев, О.Әлжанов, С.Шорманов, М.Жанайдаров, К.Жапанов, Б.Сыртанов, Ж.Ақбаев, Ж.Айманов, т.б. шығармалары, хаттары, мақалалары басылып тұрған. Оларда бұдан бір ғасыр бұрынғы қазақтардың қоғамдық-саяси өмірі бейнеленуі, әлеуметтік жағдайы, экономикасы, шаруашылығы, мәдениеті, салт-дәстүрі, т.б. туралы мол мәліметтер берілген. Қазақ ауыз әдебиетінің нұсқалары ("Қозы Көрпеш — Баян сұлу", "Нөрік батыр", "Еңлік — Кебек", "Бозжігіт"), Алдаркөсе, Жиренше шешен, Қожанасыр аңыздары, Шығыс сюжеттері ("Мың бір түн", "Шаһнаме", "Фархат — Шырын"), мақал-мәтелдер, жұмбақтар, орыстың белгілі ақын, жазушыларының кейбір шығармаларынан аудармалар жарияланған. "Дала уалаятының газеті" басында көлемі 1/2 баспа табақ болып 4 бетке басылып тұрған. 1888 жылғы 8-санынан газет көлемі екі есе көбейтіліп, тұтас бір баспа табаққа жетіп, 8 бет болып шыққан. 4 беттік сандарында газет беті екі бөлікке бөлініп басылған. Сол жақтағы 1-бөлігінде араб әріптерімен жазылған қазақша мақалалар, оң жақтағы 2-бөлігінде орыс тіліндегі материалдар басылған. Ал 8 беттік нөмірлерінде алғашқы төрт беті түгел қазақша, қалған төрт беті орысша басылған.
