- •1. Қазақ әдеби сыны тарихының зерттелуі.
- •2. Сын жанрлары (проблемалық мақала).
- •3.Қазіргі қазақ әдеби сынының басым бағыттары
- •4.Қазақ әдебиеті сынының көркемдік бастауларындағы халықтық эстетика маңызы
- •5.Көне түркі дәуірі әдебиетіндегі сыншылдық-эстетикалық таным
- •6.Шоқан Уалиханов және әлемдік классикалық филология
- •7.Қазақ ағартушылығының тарихындағы маңызы
- •8.А.Байтұрсынұлы және ұлттық әдебиеттану ғылымы
- •10.Баспасөз және әдеби сын
- •9.1960-Жылдардағы әдеби сын. Алпыскерлер толқыны
- •11.Әдеби сындағы Абайтану ілімі
- •12.Хх ғасыр басында Алаш ұранды сөз өнері және қазақ әдеби сыны
- •13.Ы.Алтынсариннің "Қазақ хрестоматиясы"
- •14."Алқа". Өнер эстетикасы мен қаламгер бостандығы
- •15.Коммунистік идеология және әдеби сындағы тұрпайы социалогизм
- •16. Сын жанрларының қалыптасу жолдары
- •18.1970-Жылдардағы әдеби сын
- •19."Алаш ұрынды" сөз өнері зерлерінің әбеби сын табиғаты туралы көзқарастар
- •20. 1920 Жылдардағы қызыл террор және әдеби сындағы қате теориялар салқыны.
- •21. «Жылымық» жылдарындағы әдеби сын сипаты.
- •22."Дала уалаяты" газетіндегі әдеби мұраны игеру және көркем сын мәселелері
- •23.1930-Жалдардағы әдеби сын және сталинизм зардаптары
- •24.1990 Жылдардағы әдеби сын ерекшелігі және тоталитарлық жүйе күйреуі
- •25. "Абай" журналындағы әдеби сын мәселелері
- •29.1940 Жылдардағы әдеби сын ерекшелігі
- •30.Әдебиет тарихын дәуірлеу және сыншылдық-эстетикалық таным
- •31. Алпыскерлер және 1960 жылдардағы әдеби сын болмысы.
- •32. Әдеби сын және әдеби мұраны игеру мәселелері
- •33.Қазақ әдеби сыны тарихы, ғылыми негіздері мен жанрлық зерттелуі
- •34.Әдеби сын бастауларындағы халықтық эстетика маңызы
- •35.Жыраулар поэзиясындағы көшпелілер эстетикасы
- •36.Әдеби сын және эстетикалық категориялар
- •37. "Айқап" журналындағы қазақ әдеби сынының мәселелері
- •38.ҚазАпп және әдеби сындағы қате теориялар табиғаты
- •39.Халық мұрасын зерттеудегі партиялық қаулы-қарарлар
- •40.Әдебиет пен өнер бойынша 1950 жылдары қабылданған партиялық қаулы-қарарлар
- •41.Әдеби мұраны игеру тақырыбындағы 1959 жылғы конференцияның маңызы
- •42.1980 Жырдардағы көркемдік даму және әдеби сын
- •43.Әдеби сынның ғылыми негіздері, жанрлық жүйесі
- •44.Алаш қайраткерлерінің ұстанымдары (Алқа)
- •45.Әдеби сын үрдісі және сыншы шеберлігі
- •46.1970 Жылдардағы көркемдік даму үрдісі және қазақ әдеби сыны
- •47.Әдеби сындағы полемикалық мақалалар
- •48.Социалистік реализм әдебиетіне қазіргі көзқарас
- •49.Әдеби сынның ғылыми қағидаттары
- •50.Қазақ әдебиетінің ғылыми тарихын жасау жолдары
- •51.Ххі ғасырдағы көркемдік даму және әдебмет сыны
- •54."Қазақ" газеті және әдеби сын эстетикасы
39.Халық мұрасын зерттеудегі партиялық қаулы-қарарлар
“Коммунистік идеология әдебиет пен өнерге үстемдік құрып тұрған кезеңде зар заман ақындары шығармаларының жолы оңғарылмады. Партияның қаулы-қарарлары өршіл өлеңдердің отын өшіруге тырысты. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің 1947 жылы 21 қаңтардағы “Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтының жұмыстарындағы саяси өрескел қателер туралы” қаулысы халықтың інжу-маржандай асыл туындыларын архивке қайта тықты” (2,6). Одан қалса “50 жылдары “Правда” газетінде “Қазақстан тарихы марксизм-ленинизм тұрғысынан зерттелсін” деген мақала шықты. Осыған орай енді жер-жерде ғылыми айтыстар ұйымдастырыла бастады. Мәселен, Фрунзе (1952), Алматы (1953), Москва (1954), Ташкент (1956) қалаларында КСРО халықтарының батырлық жырлары туралы (дискуссия) пікірталастар өтті. Қазақ-қырғыз халқының фольклорына жан-жақтан шабуыл жасалды. Мысалы, “Манас” жыры монархиялық тәртіпті жақтайды. Қытай халқының ары мен намасына тиеді десе, екінші біреулері “Алпамыс эпосы” әулие-әмбиелерді дәріптейді, рушылдық-тайпалық одақты асыра мақтайды, кедей тобынан шыққан Ұлтан құлды мазақтайды деп даурықты”.
40.Әдебиет пен өнер бойынша 1950 жылдары қабылданған партиялық қаулы-қарарлар
Қоғамдық ойдағы екі бағыттың куресі мен өзара бір-біріне әсер етуінің нәтижесі - 1956 жылгы ақпандагы КОКП XX съезінің шешімдері болды. Демократияландыру идеясы съездің көптеген саяси нүсқауларымен анықталды. Идеология саласында жеке басқа табынушылық үлгісін талқандау, догматизм мен схоластиканы жеңуге алғашқы әрекеттер жасалды. Бүл ниеттердің орындалуы жолындағы неғұрлым байыпты қадам - XX съездің Сталиннің жеке басына табынушылықты айыптауы болды. Кеңес өкіметі мен КОКПОК1954-1956 жылдары шамадан тыс орталықтандыруды жоюмен одақтас республиқалардың құқыгын кеңейтуге бағытталған шаралардың тутас кешенін жургізгенімен, қабылданған актілер жарияланған егемендікті іс жузінде жоққа тән етті. Экономика мен саясат саласындағы ортақ бағытты белгілеу, мамандарды тағайындау мен алмастыру т. б. көптеген мәселелерді шешу аз ғана топтың қолында қалып қойды. Қоғамның құрылымы бұрынғыша «жоғарыдан-төмендегілерге» қағидасы бойынша әрекет етіп, адамдар жоғарыдан қабылданған шешімдерді ғана орындады. Көп ұзамай саяси басқаша ойлау да қатал басыпжаныштала бастады. Қоғамдағы келеңсіздіктерді ашық көрсеткен адамдар қуғынға түсті. Алайда басқаша ойлаудың алдын алуды бұрынғы әдістермен жүзеге асыру мүмкін емес еді. Сондықтан саяси айыптаулар неғұрлым «бүркемеленген» сипатта жүргізілді. Саяси құдалаудың мысалдары Қазақстанда да аз болған жоқ.
41.Әдеби мұраны игеру тақырыбындағы 1959 жылғы конференцияның маңызы
Қазақ әдебиетінің негізгі проблемаларына арналып өткізілген 1959 жылғы ғылыми-теориялық конференцияныңматериалдарынан құралған. Оған 8 баяндама, 9 қосымша баяндама, 29 жарыссөз, Әуезовтің қорытынды сөзі енгізілген. Кітапта қазақ әдебиетін зерттеудің келелі мәселелері, атап айтқанда, қазақ кеңес әдебиеттану ғылымының міндеттері, дөстүр мен жаңашылдық , қазақтың революцияға дейінгі және кеңес дәуіріндегі ауыз әдебиетін зерттеу 18 ғасырдан 20 ғасырдың бас кезіне дейінгі қазақ әдебиетінің даму үрдісі мен бағыты сөз болады. Баяндамашылар да, жарыссөзге шыққандар да Әуезовтің жазушылық шеберлігін, әдебиет туралы ой-пікірлерін мысалға келтіріп, улгі тұтқан. Ал ұлы жазушы конференцияның жұмысын қорытындылай келіп әрбір қаламгердің эстетикапық ерекшелікті, ұлттық характерді, сөз стилін, ең алдымен, өмірді тануды ескеру қажеттігіне тоқталған. Жинақ 1961 ж. «Ғылым» баспасынан жарық көрді. Қазақ әдебиетінің негізгі проблемаларына арналған «Әдеби мұра және оны зерттеу» (1959) атты ғылыми-теориялық конференция қазақ әдебиетінің тарихын, оның елеулі өкілдерін зерттеуде айтарлықтай оқиға болды. Десек те орталық мәселе қазақ әдебиетінің тарихын қай кезден бастаймыз дегенде, бұрынғы таптаурын пікір тағы да басым түсті. Қазақ әдебиеттанушыларының төрт көзі түгел жиналған осы бір алқалы жиында Бейсекең бұрынғы пікірін тереңдете түсіп, одан да арыға кетіп, қазақ әдебиетінің тарихын VІІ-VІІІ ғасырлардан бастау керек деген ұсынысты ортаға салды. Қазақ әдебиетінің тарихын бұлайша дәуірлеу бір жағынан, сол кездегі идеологиялық канондарға сыя бермейтін болса, екінші жағынан, бұған қазақ әдебиеттануының, оның әдебиетші ғалымдарының өресі жете бермейтін, ең соңында мұндай концепцияны қабылдауға қазақ әдебиеттанушылары дайын емес-тұғын. Конференцияның барысында әдебиетіміздің өткен тарихы жайлы құнды пікірлер білдірген М. Әуезовтің өзі де жиынды қорытқан сөзінде Б. Кенжебаевтың ұсынысын қабылдамай, Қ. Жұмалиевтің пікіріне қолдау білдірді.
