Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сын. сонғы билеттен жасалмаган себеби олар кайт...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
478 Кб
Скачать
☆

18.1970-Жылдардағы әдеби сын

Әдеби сынның өзіндік ерекшелігінің болғандығы. Партиялық принципке негізделген социализм әдісінің күшеюі.Сын жанрында халықтық негіздің іске асырылуы,кәсіби деңгейі жоғары сыншылар тобы қалыптасты,Әуезов, Қабдолов, Ысмайылов «Сын мен шығарма», Жұмалиев, Қаратаев, Мүсірепов,Нұртазин, Кенжебаев, Нұрмаханов, Нұрхатов ... Алты томды «Қазақ әдебиетінің тарихының »жасалғандығы. «Жұлдыз», «Жалын » альманағындағы сын мақалалар, КПСС Орталық Комитетінің 1972 жылғы «Әдеби көркем сын туралы»тарихи қаулысының шығуы, «Простордағы»Айтматовтың «Ұстаз туралы сөзі», әдеби сын туралы «Жұлдыздағы»Қаратаев,Р.Бердібаев мақалалары, С.Қирабаевтың екі томдық сын жинағы,Ш.Елеукенов «Қазақ прозасындағы бүгінгі күн мен дәстүр», «Психологиялық талдау өнері». «Уақыт және қаламгер»әдеби сын мақалалар жинағының шығуы.

19."Алаш ұрынды" сөз өнері зерлерінің әбеби сын табиғаты туралы көзқарастар

ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті жанрлық тұрғыдан болсын, идеялық тақырыптық жағынан болсын сапалы, биік беңгейге көтерілген кез болып саналады. Осы кезеңде әдебиетке, өнерге жазушы, қаламгерлердің жаңа легі келді. Бұл халықты надандықтан жирентіп, өнер, білімге, кәсіпке үйретуді мақсат тұтқан, бірнеше тілді жетік меңгерген, жаңаша ойлайтын жаңа формациядағы толқын болды. А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, І.Жансүгіров, С.Сейфуллин және тағы да басқа көптеген оқыған, көзі ашық азаматтар қоғамдық жағдайға араласып, патша өкіметі тарапынан отаршылдық саясаттың жүргізіліп отырғанын ашық сынады. С.Қирабаевтың «Өмірдің өз сабағы бар», Ж.Бектұровтың «Айыбы не еді ағалардың?», Т.Кәкішевтың «Қағидаға айналған қателер түзелсе», Д.Кішібековтың «Өткенді білу-өнегелік белгісі» сияқты көптеген мақалалар баспасөз бетіне шықты. Олардың барлығында алаш идеясы ұлықталып, ақтаңдақтар еңбектерінің әдебиеттегі, тарихтағы орнына лайықты баға берілді.Алаш әдебиетінің белді өкілдері А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов және Ә.Бөкейханов сынды қайраткерлердің өмірі мен қоғамдық қызметі, қуғын сүргінде жүріп жазған еңбектері, олар жайлы ғалымдардың ой-пікірлері көптеп басыла бастады. Архив құжаттары мен естеліктер монографиялар мен диссертацияларға арқау болды. Қазақ әдебиетіндегі «ақтаңдақтар» мәселесі қазір жан - жақты қаралып, тың деректермен толығып, бірқатар белгісіз болып келген жәйттердің басы ашылды. Бұл бағыттағы Рымғали Нұрғалидың «Әуезов және Алаш» (1997), «Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры» (2002), «Алашордынцы» (2005), «Алаш туы астында» (2005) деген іргелі еңбектері осы көп жылғы ізденістен туған. Әдебиет тарихында көрнекті орын алған алаштықтардың асыл қазынасын жан жақты саралап, ғылыми тұрғыдан оларға баға береді. Аталған кітаптарында ғалым ХХ ғасыр әдебиетінің көрнекті тұлғаларының әдеби мұраларын тұтас бір көркемдік құбылыс ретінде қарау керектігі туралы ұсынысын білдіреді.

20. 1920 Жылдардағы қызыл террор және әдеби сындағы қате теориялар салқыны.

Алдымен осы «Үлкен террор» деген атауға ие болған 1937-1938 жылдардағы саяси қуғын-сүргін қалай басталғанына тоқталайық. Жалпы, Кеңес елінде қуғын-сүргін өткен ғасырдағы Қазан төңкерісінен бастап, 1953 жылға дейін бірнеше мәрте жүргізілді. 1918-1922 жылдар «Қызыл террор» деген атпен тарихта қалды. Большевиктер билікті қолға алысымен, бірден Кеңес еліне қарсыларды аяусыз жазалауды қолға алды. Бұл Коммунистік жүйенің алғашқы сүргіні. Екінші кезең - саяси репрессия 1920-1922 жылдарды қамтиды. Бұл тұста көптеген саяси қайраткерлер, зиялы қауым қуғын көрді. Шетелге қашты. Ал үшінші кезең Сталин билік жүйесін бір уысқа жинаған 20- жылдардың соңынан басталды. Бұл кездегі сүргіннің шырқау шегі - 1937-1938 жылдар. Жалпы, репрессия 1953 жылы Сталин өлгенге дейін жалғасты. 1937 жылы 23 ақпаннан 5 наурызына дейін созылған, КСРО-дағы саяси қуғын-сүргінге дем берген Орталық комитеттің кезекті пленумы өтті. Онда Сталин Кеңестік жүйенің жауларымен аяусыз күрес жүргізу керектігін тікелей мәселе етіп қойды. Осыдан кейін-ақ НКВД «халық жауларын» жоюға білек сыбана кірісті. Жазалау екі кезеңнен тұрды. Біріншісі - қылмысы ауыр «халық жаулары» атуға кесілсе, қылмысы біршама жеңілдер - 8-10 немесе 25 жылға түрмеге қамалды, жер аударылды.  Нақты деректер 1921 жылдан 1953 жылға дейінгі аралықта қуғын-сүргінге ұшырағандардың жалпы саны 5,5 миллион деп есептелген. Бұлардың ішінде 642 980 жан атуға кесілген. 2 369 220 адам кемі 5 жыл немесе 25 жылға лагерьге айдалды, түрмеге қамалды. Қалғандары ұзақ мерзімге жер аударылды. Жалпы, 1934-1954 жылдары «еңбекпен түзеу» лагерьлерінде (ГУЛАГ) 1 053 829 адам ауыр азаптан көз жұмса, 1920-1950 жылдар аралығында осында 10 млн адам отырып шықты. Негізі 1937-1938 қуғынға ұшырағандардың басым көпшілігіне «халық жаулары», «отанын сатқандар», «шетел шпиондары» деген айып тағылды.