- •1. Қазақ әдеби сыны тарихының зерттелуі.
- •2. Сын жанрлары (проблемалық мақала).
- •3.Қазіргі қазақ әдеби сынының басым бағыттары
- •4.Қазақ әдебиеті сынының көркемдік бастауларындағы халықтық эстетика маңызы
- •5.Көне түркі дәуірі әдебиетіндегі сыншылдық-эстетикалық таным
- •6.Шоқан Уалиханов және әлемдік классикалық филология
- •7.Қазақ ағартушылығының тарихындағы маңызы
- •8.А.Байтұрсынұлы және ұлттық әдебиеттану ғылымы
- •10.Баспасөз және әдеби сын
- •9.1960-Жылдардағы әдеби сын. Алпыскерлер толқыны
- •11.Әдеби сындағы Абайтану ілімі
- •12.Хх ғасыр басында Алаш ұранды сөз өнері және қазақ әдеби сыны
- •13.Ы.Алтынсариннің "Қазақ хрестоматиясы"
- •14."Алқа". Өнер эстетикасы мен қаламгер бостандығы
- •15.Коммунистік идеология және әдеби сындағы тұрпайы социалогизм
- •16. Сын жанрларының қалыптасу жолдары
- •18.1970-Жылдардағы әдеби сын
- •19."Алаш ұрынды" сөз өнері зерлерінің әбеби сын табиғаты туралы көзқарастар
- •20. 1920 Жылдардағы қызыл террор және әдеби сындағы қате теориялар салқыны.
- •21. «Жылымық» жылдарындағы әдеби сын сипаты.
- •22."Дала уалаяты" газетіндегі әдеби мұраны игеру және көркем сын мәселелері
- •23.1930-Жалдардағы әдеби сын және сталинизм зардаптары
- •24.1990 Жылдардағы әдеби сын ерекшелігі және тоталитарлық жүйе күйреуі
- •25. "Абай" журналындағы әдеби сын мәселелері
- •29.1940 Жылдардағы әдеби сын ерекшелігі
- •30.Әдебиет тарихын дәуірлеу және сыншылдық-эстетикалық таным
- •31. Алпыскерлер және 1960 жылдардағы әдеби сын болмысы.
- •32. Әдеби сын және әдеби мұраны игеру мәселелері
- •33.Қазақ әдеби сыны тарихы, ғылыми негіздері мен жанрлық зерттелуі
- •34.Әдеби сын бастауларындағы халықтық эстетика маңызы
- •35.Жыраулар поэзиясындағы көшпелілер эстетикасы
- •36.Әдеби сын және эстетикалық категориялар
- •37. "Айқап" журналындағы қазақ әдеби сынының мәселелері
- •38.ҚазАпп және әдеби сындағы қате теориялар табиғаты
- •39.Халық мұрасын зерттеудегі партиялық қаулы-қарарлар
- •40.Әдебиет пен өнер бойынша 1950 жылдары қабылданған партиялық қаулы-қарарлар
- •41.Әдеби мұраны игеру тақырыбындағы 1959 жылғы конференцияның маңызы
- •42.1980 Жырдардағы көркемдік даму және әдеби сын
- •43.Әдеби сынның ғылыми негіздері, жанрлық жүйесі
- •44.Алаш қайраткерлерінің ұстанымдары (Алқа)
- •45.Әдеби сын үрдісі және сыншы шеберлігі
- •46.1970 Жылдардағы көркемдік даму үрдісі және қазақ әдеби сыны
- •47.Әдеби сындағы полемикалық мақалалар
- •48.Социалистік реализм әдебиетіне қазіргі көзқарас
- •49.Әдеби сынның ғылыми қағидаттары
- •50.Қазақ әдебиетінің ғылыми тарихын жасау жолдары
- •51.Ххі ғасырдағы көркемдік даму және әдебмет сыны
- •54."Қазақ" газеті және әдеби сын эстетикасы
36.Әдеби сын және эстетикалық категориялар
Негізгі эстет. категориялар – сұлулық пен сұрықсыздық, асқақтық пен пасықтық, трагедия және комедия болса, олар қоғамдық байланыста, адам өмірінің әрбір саласында дүниені эстетикалық тұрғыдан ұғынып түсінудің көрінісі ретінде байқалады. Эстет. тұрғыдан ұғынып-түсінудің субъективті жағы – ішкі сезімдерді, талғамдарды, бағалауды, күйзелісті, идеяларды, мұраттарды, Эстетиканы объективті өмірлік процестер мен қатынастарды көрсете бейнелеудің өзіндік формасы ретінде қарастырады. Эстетика– негізінен философияның бір саласы. Ол адамның ақиқатқа эстет. қатынастарының жалпы заңдылықтарын зерттейді. Эстетика өнердің табиғаты мен көркем шығарма процесінің түрлі жағын: өнердің шығу тегін оның мәнісін және қоғамдық сананың басқа формаларымен байланысын, оның тарихи заңдылықтарын, көркем образдың ерекшеліктерін, өнердің мазмұны мен форманың өзара байланысын, көркемдік әдіс пен стильдің маңызын, т.б. ғыл. тұрғыдан ашып көрсетеді. "Эстетика" ұғымын ғылыми қолданысқа XVIII ғасырдың орта шенінде неміс философы Александр Баумгартен енгізді. Ол эстетиканы сезім, сезіммен қабылданатын деген мағынаға ие. Сөйтіп, неміс философы эстетикаға әсемдікті және оның өнерде көрініс табуын зерттейтін ілім деген анықтама берген. Сұлулык, әсемдік — адамды ерекше бір жан ләззатына бөлейтін сезім тудырар қасиет. Соның нәтижесінде, өнер көңіл күйді, сезімді білдіреді, соларға тікелей байланысты. Өнер адамды имандануға, жан дүниесімен біртұтас нұрлануға бастайды. Өнердің басты мақсаты — қандай да бір жетілу, кемелдену үлгісін, мұратын (идеалын) беру әрі соған адамды талпындыру, құштар ету. Эстетикалық тәрбиенің басты мақсаты — адамдарда өзінің айналасындағы сұлулықты көре, сезіне білу, бағалай және қабылдай білу қабілетін арттырып, сұлулық заңдарына сәйкес өмірді жаңартып, өзгертіп отыру.
37. "Айқап" журналындағы қазақ әдеби сынының мәселелері
"Айқап" - қоғамдық-саяси және әдеби журнал. 1911-1915 жылы Троицк қаласында басында айына бір рет, кейіннен айына екі рет шығып тұрған. 1-2 мың данамен 88 нөмірі жарық көрген. Алғашқы редакторы - М.Сералин. "Айқап" қазақтың қоғамдық санасының оянуына және ұлттық мәдениеттің дамуына үлкен үлес қосқан. Журналда қазақ ауылдарындағы оқу-ағарту жұмыстары, әйел теңдігі, отырықшылық өмір салтына көшу, сонымен қатар Мемлекеттік Думаға қатысу жөніндегі саяси мәселелер көтерілді. Журналды шығару жұмыстарына А.Ғалымов, С.Торайғыровқатысқан. Журналда А.Байтұрсынұлы, Ш.Құдайбердіұлы, Б.Майлин, Б.Өтетілеуов, С.Көбеев, Н.Құлжанов, т.б. сияқты белгілі жазушылар белсенді қызмет атқарған. Абай, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин өлеңдерімен қатар халық ауыз әдебиетінің шығармалары, шығыс, орыс және еуропа әдебиетінің туындылары жарияланған.
38.ҚазАпп және әдеби сындағы қате теориялар табиғаты
Қазақстан Жазушылар одағының алғаш ұйымдасуы ҚазАПП болып құрылған кезден басталады. 1925 жылы 18 маусымда РК(б)П Орталық Комитетінің «Партияның көркем едебиет саласыңдағы саясаты туралы» деп аталатын арнаулы қаулысының қабылдануына орай, сол жылғы 12 шілдеде РК(б)П-ның Қазақ Өлкелік Комитетінің секретариаты Қазақстанның пролетариат жазушыларының ассоциациясын (ҚазАПП) ұйымдастыру жөнінде ұйғарым жасады. Құрамында С. Сейфуллин, Б. Майлин бар ұйымдастыру бюросы құрылды. Бұл ұйымға республикадағы әдебиет күштерін біріктіру және пролетариат жазушыларының Бүкілқазақстандық 1-конференциясын әзірлеу тапсырылды. 1926 жылы маусымда Қызылорда пролетариат жазушылары ассоциациясының бюросы құрылып, ҚазАПП-тың жарғысы қабылданды, оған мүшелер тартылды. 1932 жылы 28 сәуірдегі БК(б)П Орталық Комитетінің «Әдеби-керкем ұйымдарды қайта құру туралы» қаулысы негізінде Қазақстан Өлкелік партия комитетінің секретариаты мамыр айында қарар қабылдады, осыдан кейін Қазақстан Жазушылар одағы құрылды, ұйымдастыру бюросының төрағалығына I.Жансүгіровтағайындалды. 1932 жылы Қазақстанның Кеңестік Жазушылар Одағын ұйымдастырды. Қазақстан Кеңес Жазушыларының 1-съезі 1934 жылдың 12 - 18 маусым аралығында өтті. Құрамында проза, поэзия, драматургия, көркем аударма, балалар мен жасөспірімдер әдебиеті, публицистика мен очерк, сатира, орыс әдебиеті, неміс әдебиеті, корей әдебиеті, ұйғыр әдебиеті жөніндегі шығармашылық кеңестер жұмыс істейді. Қазақстан Жазушылар одағы туысқан республикалардың жазушылары ұйымдарымен байланысты нығайтты.
