Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сын. сонғы билеттен жасалмаган себеби олар кайт...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
478 Кб
Скачать
☆

9.1960-Жылдардағы әдеби сын. Алпыскерлер толқыны

Әдеби сынның өзіндік ерекшелігінің болғандығы. Партиялық принципке негізделген социализм әдісінің күшеюі. Сын жанрында халықтық негіздің іске асырылуы, кәсіби деңгейі жоғары сыншылар тобы қалыптасты, Әуезов, Қабдолов, Ысмайылов «Сын мен шығарма», Жұмалиев, Қаратаев, Мүсірепов, Нұртазин, Кенжебаев, Нұрмаханов, Нұрхатов ... Алты томды «Қазақ әдебиетінің тарихының» жасалғандығы.

«Жұлдыз», «Жалын» альманағындағы сын мақалалар, Орталық Комитетінің 1972 жылғы «Әдеби көркем сын туралы»тарихи қаулысының шығуы, «Простордағы» Айтматовтың «Ұстаз туралы сөзі», әдеби сын туралы «Жұлдыздағы» Қаратаев, Р.Бердібаев мақалалары, С.Қирабаевтың екі томдық сын жинағы, Ш.Елеукенов «Қазақ прозасындағы бүгінгі күн мен дәстүр», «Психологиялық талдау өнері». «Уақыт және қаламгер» әдеби сын мақалалар жинағының шығуы. Сынның ғылыми сипат алғандығы. С. Қирабаев, М. Қаратаев, Ә. Нарымбетов, Т. Кәкішев, Р. Бердібаев, М. Дүйсенов –сыр сарбаздарының еңбектері.

Мысалы: Айтматов жазушы М. О. Әуезовтың мол салалы, кең арналы шығармашылығына ой айтқан «Ұстаз туралы сөз» атты мақаласында (Біздің Мұхтар. - А., 1976) «Абай жолы» эпопеясының бас кейіпкері - Абай тұлғасына тоқтала келіп: «Абай секілді ой-арманы азат, шетсіз ақындық, шексіз адамдық тұлғаның өзін қоршаған ожар, топас тоң мойын топпен тартысқа түсуі және мұндағы сирек ұшырасатын жаңалық пен тазалық Абайды дүниежүзілік трагедияның шыңына шығарады...» - деп жазды.

10.Баспасөз және әдеби сын

Қазақ даласында баспасөздің пайда болуы жазба әдеби сынның тууына тікелей әсер етті.Алғашқы сын мақалалар «Түркістан уалаятының газеті»(1870-82), «Дала уалаятының газеті» бетінде жарық көрді.Газеттерде ауыз әдебиеті үлгілері, ақындар(Орынбай, Досан, Шоқан туралы) материал жарияланған. «ДУГ»-де қазақ тілі , тіл тазалығы жайлы мақалалар шықты.Пікіралысуға М.Ж.Көпеев, Ә.Бөкейханов, А.Құрманбаев,О.Әлжанов, Р.Дүйсенбаевтар қатысты.1889ж.Абайдың «Жазды күн шілде болғанда», «Күлембайға»газетте шықты. А.Байтұрсыновтың әдеби мұраны жинау, бастыру туралы хаты жарияланды.О.Әлжановтың Ы.Алтынсарин туралы мақаласы. «Айқапта»(1913-1915) (М.Сералин: «Тіл, әдебиет –бір ұлттың жаны мен рухы...әдебиеті болмаған ұлт тілі шықпаған бала сияқты.Тіл, әдебиет-дүниедегі ғылым, өнердің , мәдениеттің ең асыл ұрығы.1915,115-б.») А.Байтұрсыновтың (араб графикасын пайдаланып жасаған әліпбиі, «Қазақта» «Қазақтың бас ақыны», 1913, №43) «Онан асқан бұрынғы соңғы заманда біз білетін ақын болған жоқ, сөзі аз, мағынасы көп, терең», М,Дулатовтың («Абай», «Қазақ», 1914,№67, ақынның қайтыс болғанының 10 толуына орай, «тарихи әдебиеті жоқ халықтың дүниеде өмір сүруі,ұлттығын сақтап, ілгері басуы қиын.Сондықтан Абайдың аты жоғалуы, мұнан кейін де шығатын Абайлар сондай ескерусіз қалу ықтималы қазақтың жоғалуы,қазақ атты халықтың ұмытылуымен бірдей», «Әзірет сұлтан (Иассауи туралы,оның түркі жұртына , одан қалды қазақ үшін аса қадірлі екені айтылып, оның ақындық, ғұламалық, діни болмысы туралы)»), С.Торайғыровтың («Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан» (қазақ әдебиеті-қазақ жұртының жаны.Бір жұрттың жабайылары арасына оқудың тез таралуы үшін жазылған кітаптар нағыз сол жұрттың тілінде болуы керек, нағыз өлең-қайнаған қанның , қиналған жанның,толғатқан көңілдің, толғанған жүректің сығындысы)», « Өлең мен айтушылар»: әдебиет пен көркемөнердің ел өміріндегі маңызына тоқталған: «Көңілді түзейтін-машина-өлең-жыр.Ол машинаның тетігін біліп, сайрайтын...кім?Ол-неше түрлі әуез білетін, әнге ұста, әншілер, жыршылар.Біздің халық әнге құмар халық, бір халықтың әні кетсе, жаны кетеді»), Ш.Құдайбергеновтың, С.Дөнентаевтың, Ә.Бөкейхановтың («Қазақ»,1915,№120, «сыншы болмақ оңай емес»,көркем романға бәйге жариялайды, Абай туралы мақалада оны «самородок ақын дейді»), Арысұлы «Роман не нәрсе?»:роман мақсаты-тіршілікті жарық не күңгірт жағын бейне өзіндей етіп суреттеп,адамның өзін көрсету, адамзаттың мінез-құлқын түзетпек,кемшілікті адамнан қумақ, үлгілі тәрбие бермек. Міржақыптың «Бақытсыз Жамалына» талдау жасалып, жақсы баға беріледі) шығармалары шықты.»Абай»журналынд (1918 4 ақпан,сол жылдың аяғында жабылды. Ж.Аймауытов мақаласы: «...ынтымақ, береке кетіп,ел азды.Сол кезде жарқ етіп Абай шықты. Қазақтың әдебиетіне жан берген:сөздің сыртын сырлап, ішін түрлеген,өлеңнен өрнек шығарған, ақындық, сыншылдығы бірдей дарыған Абай еді...») «Дала уалаяты», «Түркістан уалаяты»басылымдарында әдебиет туралы пікірлердің көрінуі. «Айқап», «Қазақ» баспасөзінде ұлттық әдебиет жөніндегі мәселелердің басылуы.Оқулықтар,қазақ тілінің тазалығы,халық ауыз әдебиетінің үлгілері туралы рецензиялар,сын мақалалардың жариялануы ,Байтұрсынов «Қазақтың бас ақыны» «Қазақ өкпесі», «Тәні саудың жаны сау», Аймауытов «Мағжанның ақындығы туралы»,С.Садуақасов «Әдебиет әңгімелер»,Өтепұлы Қ. «Абай шығармаларының әлеуметтік негіздері туралы» , Дулатовтың сыни мақалаларының шығуы- қазақ әдеби сынының дамуына игі әсер етті.