Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сын. сонғы билеттен жасалмаган себеби олар кайт...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
478 Кб
Скачать
☆

34.Әдеби сын бастауларындағы халықтық эстетика маңызы

Көркем  әдебиет  жанрлары  бірден  қалыптаспайды,  оның  элементтері  таным  бесігінде  ұзақ  тербетіледі.  Ұсақтан  іріге,  майдадан  күрделіге  ұмтылу  барысында  әр  түрлі  арналардан  нәр  алады,  қоғамдық-әлеуметтік  және  эстетикалық  ой-пікірлердің  оянуына,  өсіп-жетілуіне  жағдай  жасалады. Сын  —  жазба  әдебиетке  тән  және  кенжелеп  туатын  жанр.  Сын  элементтерінің  халықтық  эстетикадан  көрінуі,  ауыз  әдебиеті  үлгілерінің  молдығы,  оның  ғасырдан  ғасырға  мұра  болып  сақталуы,  халықтық  түсінік-талғам  жасауы. Халықтық  эстетиканың  негізі  —  әсемдікті  танып-білу,  сұлулықты  қастерлеу,  ажарсыз  бен  келісізді  мінеу,  жақсылықты  дәріптеп,  жаиандықпен  күресу.  Ол  жайында  ой-тілек  білдіргенімен,  эстетикалық  талдау  жасамайтындығы.  Халықтық  эстетика  элементтері  халықтың  ауыз  әдебиеті  үлгілерінде,  әсіресе  юмор  мен  сатиралық  нұсқаларда  жиі  кедесуі.  Сыншылық  ой-пікірдің  мол  арнасы  —  ақындар  айтысы.  Әдеби  сын  элементтерінің  әсері,  өнерге  қойылар  халықтық  талап-тілектің  айқындалуы. Әдебиет сынының  түп-төркіні өнер атаулыны тудырған, оны сұлулықтың  сырлы бесігіне  бөлеп әлдилеген, өркендеткен  халықтық эстетикада жатыр. Қазақ әдеби сынының тарихы әріден, түп-тамырынан бастап зерттеген «Сын сапарында» халықтық эстетика  жеке тарауда арнайы қарастырылған. Әдеби сынның дамуы көркем әдебиеттің дамуымен тікелей байланысты. ХХ ғасырдың басында дами бастаған  қазақтың профессионалды жазба әдебиеті сыни ой-пікірлердің жандана түсуіне объективті алғышарттар жасады. Басылып шығып жатқан жаңа кітаптар жайлы пікір білдірген материалдар баспасөз бетінде жиілей түсті. Зерттеуші оларды құрылымдық, мазмұндық, мақсаттық ерекшеліктеріне қарай дәйектеме сын, жарнама сын, аннотация, оқушы хаты, рецензия, айтыс мақала, публицистикалық сын, проблемалық мақала, шолу, ғұмырнама, баяндама, сын мақала, зерттеу мақала сияқты жанрлық-формалық  түрлерге жіктейді.

35.Жыраулар поэзиясындағы көшпелілер эстетикасы

Есте жоқ ескі заманнан Еуразия ендіктерін еркін жайлап, бойлықтарын бойлай көшкен  бабалар керуені тырнадай тізіліп 20-шы ғасыр  басына  жеткен. Жетіп отызыншы жылдар ойранына ұшыраған. Астамшыл қызыл саясат көшпелілерді де, көшпелі өмір салтын да социализмге жат элемент деп жаназасын шығарған. Қазақтың  тал бесігі  даласын табытқа айналдыруға аз-ақ қалған. Көшпелілердің өзі ғана емес, репрессияға сөзі де, яғни, түгел дүниетанымы  ұшыраған.  Қағазға түскен тарихи жады - шежіре, кітап, Құрандары өртеліп, жырау- жыршы, жазушы, күйші, молда, бақсы, емшілері оққа байланған. Сөйтіп, қызыл саясат қазақтың дәстүрлі дүниетанымына балта шапты, халықты халық етіп ғасырдан-ғасырға сүйреп, талай аласапыран заманалардан  алып өткен ұлттың ұлы рухи тірегі -  дәстүрлі дүниетанымын  бұтарлады. «...Жалпы көшпелілер қоғамы, көшпелі өмір салтта қалыптасқан қазақ қоғамы, оның төлтума бітімдегі барша құрылымдық болмысы «жабайылық» тұрғысында парықталды» - дейді  «Қазақтың ауызша тарихы» атты жаңа еңбегінде елтанушы Ақселеу Сейдімбек. Ең сорақысы, бірнеше буын қазақ ұрпағының осынау солақай да сорақы түсінік аясында тәрбиеленуі. Қазақтың қазақтанудан шеттетілуі. Көшпелілер болмысын кертартпа қоғам ретінде балағаттауға жол ашылып, оның күнгейін көруге тиым салынуы. Ондай зерттеулер ұлтшылдық делініп, пышаққа түсіп, туралуы. Кезінде Мұрат Әуезов бастаған бір топ ғалымның «Көшпелілер эстетикасы» атты зерттеуі соның кебін киді. Ақиқатында есте жоқ ескі заманнан Еуразия кеңістігін игерген көшпелілер өркениеті түсінуді қажет ететін тарихи феномен еді.