Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сын. сонғы билеттен жасалмаган себеби олар кайт...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
478 Кб
Скачать
☆

45.Әдеби сын үрдісі және сыншы шеберлігі

Әдеби сынның жанрлары: мақала, очерк, шолу, аннотация, рецензия-пікір, т.б. Бұл жанрлардың жазылу түрлері: маз­мұндай, тақырыптық, структуралық, семиотикалық талдау, интерпретация, мик­роанализ (үңіліп оқу), т.б. Бұл сын­шы­ның өз алдына қойған мақсатымен бай­ла­нысты. Сынның ісі – шығарманы талдау, аналитикалық сараптау арқылы ішкі мағынасын, көркемдік әлемнің құдіретін ашып беру болып табылады. Егер сыншы жазушының не айтқысы келгенімен ғана шектелсе, ол тек мазмұндау (описательный) сын болып кетеді.  Әдебиеттанушы әдебиеттің дамуын зерт­тесе, сыншы әр жаңа шығарманың оп­поненті деуге әбден лайық. Ахмет Бай­тұрсынұлы осыған байланысты былай де­ген: «Сын деп – адам ісінен шыққан нәр­се­ні тексеріп баға беруді айтамыз. Шы­ғар­малардың түсетін сынының аты – әде­биет сыны деп аталады. Көркем сөз­дің әрі сүлде, әрі сурет екі жағынан тек­серуге тиіс. 1. Мазмұны дұрыс па? Не­ден болатын себебін біліп айтқан ба? Мұ­рат қалып па? Кейіп қалып па? 2. Көр­кем сөз табына шын қосарлық сөз бе? Тілі өрнекті ме? Әуезді ме? Лұғаты таза ма? Анық па? Қысқасы, ойды өрнектеп, көр­нектеп, суреттеп көрсеткендей ті­лін­де шеберлік бар ма? Ақылдың аңдағанын, қиял­дың меңзегенін, көңілдің түйгенін тілі дұрыс жеткізе алған ба?».

Қазақ әдеби сынына қатысты келесі кә­сіби пікірлер бар екенін ескерсек дей­мін. Әдеби сынға қатысты А.Бай­тұр­сын­ұлы «Қазақтың бас ақыны» (1913) мақа­ла­сында былай деген: «Сөз жазатын адам әрі жазушы, әрі сыншы боларға ке­рек. Сөздің шырайлы, ажарлы болуына ойдың шеберлігі керек. Ұнамды, орын­ды, дәмді болуына сыншылық керек. Мағыналы, маңызды болуына білім ке­рек. Абайда осы үшеуі де болған». Алаш әдеби сыншысы Ж.Аймауытұлы (1915) «Абайдың өнері һәм қызметі» (Екеу) атты мақаласында өлең сөзге қа­тыс­ты былай деген: «...Өлеңге қоятын шарт: еркін ой, шарықтаған терең қиял, нә­зік өткір сезім, құйылған сұлу сурет, кес­телі, таза, қысқа, анық, дәлді, нағыз тіл». «Мағжанның ақындығы туралы» (1923) зерттеуінде Ж.Аймауытұлы әдеби сын­ның қажеттілігі туралы былай депті: «Әде­биет сынмен көркейеді. Бәйгеге қо­са­­тын атты жаратып, құйрық-жалын кү­зеп жіберсе, көрікті болып жұтынып шы­ғады. Әдебиетке сондай күтім, сондай сын керек». Алаш әдеби сыншы Смағұл Сәдуа­қас­ұлы «Әдебиет әңгімелері» (1927) атты ма­қаласында әдеби сыншының мақсаты ту­ралы былай деген: «Қазақ әдебиетін сы­нау керек. Сынайтын уақыт жетті. Қа­зақ әдебиеті ақсаса, сынның көптігінен емес, дұрыс сынның жоқтығынан ақсап отыр... Қазақ әдебиетіне толық сын керек. Сынағаннан әдебиет ақсамайды, қай­та сынның жоқтығынан әдебиетті тот ба­сады. Жазушының қайрағы – сыншы».

46.1970 Жылдардағы көркемдік даму үрдісі және қазақ әдеби сыны

Ал сын әрқашан әдебиеттің шыққан биігін танып-білу, оны қалыптастыру, алынар қамалды бағдарлау мақсатын көздейтінін ескерсек, көбіне-көп әдеби процесске тәуелді болатындығын ұмытпасақ, оның сол кездегі тіпті қазіргі жай-күйі өзінен-өзі айқындалады. Міне, осындай кезде толмаған Толстойлар мен шала Шекспирлерді насихаттау, дүниеге келтіру, таныту процесі басталмақ, 70-80 жылдарда осындай жайлар көп болды.

Әдебиет тарихы әуелі сыннан басталып, содан кейін көркем шығармаға кенелген кезеңді тарих білмейді. Пушкинсіз Белинский болмайтыны айдан анық. Әрине қолына қалам ұстағандардың бәрі Пушкин, оның үстіне білгендердің бәрі Белинский емес. Алайда сабасына қарай піспегі болары даусыз.

Осы тұрғыдан келгенде қазақ әдебиетіндегі сынның тармақтана да салалана көріну-көрінбеуі әдебиетіміздегі ізденіске тікелей байланысты. Әрине, өзіміздің жетіспеушілікті басқа әдебиетттердегі тәжірибе-практикалардан аңғарып, анау жоқ, мынау аз деп жар салу қажет те болар, бірақ шындықтан секіріп өтер ешкім жоқ. Сыншы ойын қанағаттандырып, кең жазира жайлауға бастайтын да, немесе тығырыққа тірейтін де өз әдебиетінің бүгінгі болмысы. Сол болмыстың жетіспегенін іздестіру, мол игілікке қол жеткізетін өрелі биіктерді меңзеу, аяққа оралғы болғандарға да, машыққа айналған штамптарға да қарсыкүресіп, әлгерінді жағаға жол бастау сынның негізгі арқауы. Осыған ұмтылған, кейбір ретте әдеби процеске демесін жасауға талпынған сын жауынгерлері болғанына көз жұмып қарауға бомайды. Қалай десек те, сыншылар әдебиет мүддесі жөніндегі игі талаптан тайып, әр ақы-жазушының жазғанын мақтау не даттауға ден қойып кетсе, домалақ сын да, жәреуке сын да, ожар сын көріне бермек. Сыншылар есеп-шартқа көп жүгініп, алақолдылыққа салынған шақта газет-журнал бетіндегі сынның авторы кім және қай шығарма туралы пікір айтып отырғаны аян болса, оның қалай жазыларын, не айтарын алдын ала топшалауға болатын көрінеді. Міне, бұл сынды өсірмейтін кесел ғана емес, жалпы әдебиет дамуына кесапатын тигізетін жұпалы дерт. Бұдан арылмай шығарма шындығын айту, оның табиғатын тану мүмкін емес.