- •1. Қазақ әдеби сыны тарихының зерттелуі.
- •2. Сын жанрлары (проблемалық мақала).
- •3.Қазіргі қазақ әдеби сынының басым бағыттары
- •4.Қазақ әдебиеті сынының көркемдік бастауларындағы халықтық эстетика маңызы
- •5.Көне түркі дәуірі әдебиетіндегі сыншылдық-эстетикалық таным
- •6.Шоқан Уалиханов және әлемдік классикалық филология
- •7.Қазақ ағартушылығының тарихындағы маңызы
- •8.А.Байтұрсынұлы және ұлттық әдебиеттану ғылымы
- •10.Баспасөз және әдеби сын
- •9.1960-Жылдардағы әдеби сын. Алпыскерлер толқыны
- •11.Әдеби сындағы Абайтану ілімі
- •12.Хх ғасыр басында Алаш ұранды сөз өнері және қазақ әдеби сыны
- •13.Ы.Алтынсариннің "Қазақ хрестоматиясы"
- •14."Алқа". Өнер эстетикасы мен қаламгер бостандығы
- •15.Коммунистік идеология және әдеби сындағы тұрпайы социалогизм
- •16. Сын жанрларының қалыптасу жолдары
- •18.1970-Жылдардағы әдеби сын
- •19."Алаш ұрынды" сөз өнері зерлерінің әбеби сын табиғаты туралы көзқарастар
- •20. 1920 Жылдардағы қызыл террор және әдеби сындағы қате теориялар салқыны.
- •21. «Жылымық» жылдарындағы әдеби сын сипаты.
- •22."Дала уалаяты" газетіндегі әдеби мұраны игеру және көркем сын мәселелері
- •23.1930-Жалдардағы әдеби сын және сталинизм зардаптары
- •24.1990 Жылдардағы әдеби сын ерекшелігі және тоталитарлық жүйе күйреуі
- •25. "Абай" журналындағы әдеби сын мәселелері
- •29.1940 Жылдардағы әдеби сын ерекшелігі
- •30.Әдебиет тарихын дәуірлеу және сыншылдық-эстетикалық таным
- •31. Алпыскерлер және 1960 жылдардағы әдеби сын болмысы.
- •32. Әдеби сын және әдеби мұраны игеру мәселелері
- •33.Қазақ әдеби сыны тарихы, ғылыми негіздері мен жанрлық зерттелуі
- •34.Әдеби сын бастауларындағы халықтық эстетика маңызы
- •35.Жыраулар поэзиясындағы көшпелілер эстетикасы
- •36.Әдеби сын және эстетикалық категориялар
- •37. "Айқап" журналындағы қазақ әдеби сынының мәселелері
- •38.ҚазАпп және әдеби сындағы қате теориялар табиғаты
- •39.Халық мұрасын зерттеудегі партиялық қаулы-қарарлар
- •40.Әдебиет пен өнер бойынша 1950 жылдары қабылданған партиялық қаулы-қарарлар
- •41.Әдеби мұраны игеру тақырыбындағы 1959 жылғы конференцияның маңызы
- •42.1980 Жырдардағы көркемдік даму және әдеби сын
- •43.Әдеби сынның ғылыми негіздері, жанрлық жүйесі
- •44.Алаш қайраткерлерінің ұстанымдары (Алқа)
- •45.Әдеби сын үрдісі және сыншы шеберлігі
- •46.1970 Жылдардағы көркемдік даму үрдісі және қазақ әдеби сыны
- •47.Әдеби сындағы полемикалық мақалалар
- •48.Социалистік реализм әдебиетіне қазіргі көзқарас
- •49.Әдеби сынның ғылыми қағидаттары
- •50.Қазақ әдебиетінің ғылыми тарихын жасау жолдары
- •51.Ххі ғасырдағы көркемдік даму және әдебмет сыны
- •54."Қазақ" газеті және әдеби сын эстетикасы
42.1980 Жырдардағы көркемдік даму және әдеби сын
Қазақ әдебиеттану ғылымының даму кезеңі (1970 жылдан бастап). Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу кезеңіндегі қиын-қыстау жолындағы талқыдан өткен, әдеби-тарихи, әдеби-теориялық, сыншылдық-эстетикалық ой-пікірді өркендетуде білімі мен біліктілігі, ғылыми сауаттылығы мен табандылығы жоғары әдебиетші, сыншы ғалымдар шоғыры пайда болды. Олар өздерінің туып, қалыптасу кезеңін толық аяқтап, 1970 жылдан бастап даму кезеңіне қадам басқан Қазақ әдебиеттану ғылымының алдына заман тартқан күрделі де көкейтесті мәселелерді шешуге жұмыла кірісті. 1970 – 80 жылдары ғылыми-зерттеу жұмыстары маркстік-лениндік әдіснама ықпалында болса да ұлттық әдебиетті тарихи, теор. тұрғыдан тексеру жұмыстарында табысты қадамдар жасала бастады. Әдебиеттің тарихи бағыттары мен жекелеген жанр түрлерінің қазақ әдебиетінде өсіп-өркендеу жолдары моногр. тұрғыда жан-жақты сөз болып, теориялық мәнде нақтылы ғыл. тұжырымдар жасалынды. Әдебиет жанрлары, тегі мен түрлері: поэзия, проза, драматургия, роман, повесть, әңгіме, трагедия, комедия, юмор мен сатира арнайы зерттеу нысанасына айналды.
43.Әдеби сынның ғылыми негіздері, жанрлық жүйесі
С. Жанр: 1)ӘДЕБИ ХАБАР-жаңа болған әдеби оқиғаны, жаңалықты оқырманға хабардар ету.
2)АННОТАЦИЯ)-сын ж-ның іш.гі ең шағын көлемдісі. Шын мәніндегі әдеби сынның бастау алар бұлағы. Латынша ескертпе деген сөздің мағ. беріп, кітаптың, мақаланың мазмұнын, саяси-идеологиялық бағытын, құндылығын түсіндіретін қысқаша сипаттама.
3)РЕЦЕНЗИЯ)-бұл ең көп қолданылатын, өрісі кең жанр. Латынша тексеру, қарастыру, бағалау, пікір білдіру дегенді білдіреді. Аннотацияда хабарлаушылық, үгітшілдік сипаты басым болып, бағалаушылық там-тұмдап қана белгі берсе, даму барысында бұл жанр рецензияға ұласып, баға беру оның басты қасиеттерінің біріне айналды.
4)МАҚАЛА-мақс.-әдеби өмірде болып жатқан маңызды құбылыстарды, оқиғаларды талдап-бағалау, оның заңдылықтарын ашу, оқырмандарға түсіндіріп отыру. Мақала теориялық, айтыс, ғұмырнамалық, ескертпе болып өз ішінде бөлінеді. 5)ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ПОРТРЕТ-жазушы тур. құжатты «очерк».
6)ӘДЕБИ ШОЛУ-аннотация, рецензия, шығармашылық портрет, мақала сияқты сын жанрлары негізінен әдеби өмірдің бір ғана құбылысын, не мәселесін қарастырып, сол төңіректе ғана сөз қозғайды. Негізгі зерттеу объектісі әдеби өмір, мақсаты соны шолып, пікір білдіру.
7)ЭССЕ-әдебиет жайлы құнарлы ойлардың бір бұлағы, әдебиетіміз, қаламгерлеріміз хақында жүректі жарып шыққан пікірлерді оқырманға жеткізудің бір арнасы.
44.Алаш қайраткерлерінің ұстанымдары (Алқа)
Алқа — қазақ жазушыларының ұлттық шығармашылық ұйымы. Қазан төңкерісінен кейін көркем әдебиеттен таптық принципті талап ете бастаған кезде қазақ қаламгерлерінің оған қарсылық, балама бағыт ретінде құрмақшы болған шығармашылық ұйымынның бағдарламасын М.Жұмабаев бастаған ақын-жазушылар 1924 жылы дайындап, 16 данасын қолдан көшірілген пікір білу мақсатымен сол кездегі көрнекті қаламгерлерге таратқан. “Алқаның” бағдарламасын Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, А.Байтасов, М.Әуезов, С.Сәдуақасов, С.Қожанов, С.Дөнентаев, Ж.Тілеуұлы, Е.Омаров, Е.Алдоңғаров, Ж.Сәрсенбіұлы сияқты қазақ зиялылары, мәдениет-әдебиет қайраткерлері қолдаған. Қолжазба күйінде сақталып қалған “Алқаның” бағдарламасы “Әдебиетіміз”, “Бұл күнге шейін төңкеріс һәм әдебиетіміз”, “Ендігі төңкеріс һәм әдебиетіміз”, “Әдебиет не нәрсе? Әдебиеттің жалпы заңы”, “Марксшілдік һәм әдебиет. Не жазуға” деген негізгі бес бөлімнен тұрады. “Табалдырық” аталған кіріспесі “Қазақ әдебиеті тоғыз жолдың торабында тұр. Артында бір жол, алдында мың жол” — деген жолдармен басталады да қазақ әдебиеті қандай жолмен дамуы керек деген сауалға жауап іздейді. Қоғамдық, өндірістік қатынастар дамуынан кенжелеу қалған қазақ халқының әдебиеті де дамымаған деген таптық теорияны жоққа шығарып “Шынында қазақтың өзгеше терең әдебиеті болған һәм бар” — деп мәлімдейді. Қазақ әдебиетінің алыбы Абайдың ақындығын аса жоғары бағалап, қазақ әдебиеті өзінен үлгі алатын дәрежеге жеткен жоқ деген сияқты солақай пікірлерді теріске шығарады. Төңкерістің қазақ даласына сырттан әкелінгендігі, сол себепті де қазақ әдебиетінің революцияны жырлауына негіздің жоқтығы, “ұлттық әдебиет өз соқпағымен жүру керектігі” айқын айтылды. “Алқаның” бағдарламасында “искусствоның негізі — сезім, құралы — сезімнен туған сурет, мақсаты — білім беру емес, сезім ояту” деп көрсетілді.
