Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сын. сонғы билеттен жасалмаган себеби олар кайт...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
478 Кб
Скачать
☆

23.1930-Жалдардағы әдеби сын және сталинизм зардаптары

Сталинизм зардаптары қоғам жадынан ешқашан өшпеуi керек. Бұл – ұлттық қасiрет! Ұлттың пассионар тұлғалалары жаппай оққа ұшса, қазақ халқы аштықтан қойша қырылды. “Кiшi қазан” төңкерiсi салдарынан ғасырлар бойы қалыптасқан ауыл тұрмысын бұзып, елдi қырғынға ұшыратты. Ашаршылық 30-жылдары ғана емес, 1918-19, 1921-23-жылдары да болды. Ашаршылықтан 4 миллионнан аса көшпендi қазақ қырылды. Бейбiт Қойшыбаев кел­тiрген дерек бойынша, табиғи өсiмнiң азайғанын да есепке алсақ, адам шығыны – 10 миллионнан асып жығылады. 10 миллион деген жай ғана цифр емес, ол – 10 миллион адам, 10 миллион тағдыр, қыршыннан қиылған 10 миллион адам өмiрi.

Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұр­сынов, Мұстафа Шоқай, Мұхамеджан Тынышбаев, Мiржақып Дулатов, Халел Досмұхамедов, ЖаҺанша Дос­мұхамедов, тағы да басқа қазақ ұлттық-демократиялық зиялы қауымының тағдыры ойландырады. Ашаршылықты аз көрген большевиктер ұлттық интелегенцияны қудалап, наразы көршiлiкке қарсы жазалау отрядтарын жұмсады. Қазақстандағы ашаршылық – сталинизмнiң сорақы ақтаңдақ парағы. 1938 жылы Қазақстан үкiметiнiң мүшелерiн, қоғам қайраткерлерiн, ғалымдарымыз бен жазушыларымызды жаппай ата бастаған. Мекеме­лердiң, ұйымдардың басшыларын Қазақстанның түкпiр-түкпiрiнен жинап, үш аптаның iшiнде қырып салған.

А.Гинзбургтiң пiкiрiнше, Ста­лин­нiң дәуiрiнде бұл нәубеттер, сұмдық оқиғалар легi заң бұзушылықтан бол­ған жоқ. “Бұл – заңның талабы едi. Заңның ең үлкенi – көсемнiң пiкiрi, көзқарасы едi”, – дейдi ол.

24.1990 Жылдардағы әдеби сын ерекшелігі және тоталитарлық жүйе күйреуі

Тоталитаризм (лат. totalіs – тұтастай, түгелдей) – деспотизмнің бір түрі. Тоталитаризм орнаған мемлекетте қоғам өмірінің барлық саласы биліктің бақылауында болып, адам бостандығы мен конституциялық құқықтары жойылады, оппозиция мен өзге саяси ой өкілдері саяси қуғын-сүргінге ұшыратылады. Тоталитаризмнің тарихи үлгілеріКСРО-да Сталин, Қытайда Мао Цзэ-дун, Солтүстік Кореяда Ким Ир Сен режимі кезінде, фашистік Италия мен Германияда орнады. 1) қоғамның, жеке адамдардың өмірін деспоттық, авторитарлық — бюрократиялык мемлекеттің күшімен басқаратын қоғамдық-саяси құрылыс. Тоталитарлы саяси жүйе ең сорақы түрі — фашистік тәртіп; 2) саяси ой-жүйедегі тоталитарлық тәртіпті атқарушы бағыт. Барлық тоталитарлық жүйелердің ортақ 8 белгісі бар: бюрократияның бір партия арқылы саяси, экономикалық, әскери және идеол. үстемдік жүргізуі; саясиланған иерархиялық әлеуметтік құрылыс; міндетті түрде қолына жоғарғы саяси, экономикалық, әскери және идеололгиялық билік шоғырланған көсемнің болуы; қуыршақ парламенттің болуы; қоғамды қорқынышта және толық бағыныштылықта ұстау мақсатымен қуғын-сүргін науқанын жүргізіп тұратын қуатты қуғындау-жазалау органы; әскерилендірілген экономика, ішкі саясаттың әскери-өндірістік кешенге тәуелділігі; мәжбүрлеуші идеологияның болуы, оған мойынсұнбау ауыр қылмыс ретінде бағалануы; қоғамда жау бейнесінің қалыптастырылуы, сол жауға деген жек көрушілік режимнің мақсатына жету жолында бұқараның жұмылуына себепші болады. Кеңестер Одағында Тоталитаризм орныққан 1920 – 1930 ж. байлар мен кулактарды тап ретінде жою шаралары және ауыл шаруашылығын коллективтендіру саясаты жүзеге асырылып, қазақ халқы алапат ашаршылық пен босқыншылықты бастан кешті. Кеңестік Тоталитаризм ұлттық зиялы қауым өкілдерінің бір бөлігін өзіндік саяси ұстанымдарына орай “тап жаулары”, “жат пікірдегілер” және “әлеуметтік қауіпті элементтер” ретінде қудалады. А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Жұмабаев,Ж.Аймауытов, Ә.Байділдин, Д.Әбілов, М.Тынышбаев, Т.Рысқұлов, т.б. қазақ қайраткерлері кеңестік Тоталитаризмнің құрбаны болды (қ. Саяси қуғын-сүргін). 2-дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңде де Тоталитаризм қысымшылығын  Е.Бекмаханов,  Б.Сүлейменов,  Б.Кенжебаев,  М.Әуезов,  Ә.Қоңыратбаев, Ә.Марғұлан,  Қ.Сәтбаевсияқты қазақ зиялылары бастан кешті. Кеңестік Тоталитаризмге қарсы наразылық 1960 жылдан қарқын ала бастады. Бұған  Мәскеуде  қазақстандық жастардың “Жас тұлпар” ұйымын құруы және 1979 ж. Целиноградта болған оқиғаның бой көрсетуі дәлел бола алады. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы кеңестік Тоталитаризмге қарсылықтың айқын көрінісі болып табылады.