Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сын. сонғы билеттен жасалмаган себеби олар кайт...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
478 Кб
Скачать
☆

11.Әдеби сындағы Абайтану ілімі

Абайтану — қазақ әдебиеттану ғылымының саласы. Абайтану Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылық өнері, философиясы, қоғамдық, эстететикалық көзқарастары, қазақ поэзиясындағы өлең жүйесін, ақындық тілді дамытудағы үлесі, музыкалық мұрасы жайлы сан-салалы зерттеу еңбектерін қамтиды. Абайдың өмірі мен шығармашылық мұрасын зерттеу шын мәнінде Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы мақалаларынан басталды деуге болады. Абайтану тарихы 1889 жылы басталып, қазақ әдебиетінде 50-жылдары өpic алды. Бұл мөселені тұңғыш рет сөз етіп, өз алдына арнайы түрде зерттеу қажеттілігі ең алдымен Мұхтар Әуезовтің, сонымен бірге Сәбит Мұқанов, Қажым Жұмалиев, Есмағамбет Самұратұлы Ысмайылов, Митрофан Семенович Сильченко, Әбіш Мұсылманқұлұлы Жиреншин еңбектерінде көрініс тапты. Академик Қ. Жұмалиевтің жетекшілігімен осы тақырыпқа «Абай Құнанбаевтың әдеби мұрасының зерттелу жайы» деп аталатын кандидаттық диссертация қорғалып, ақын мұрасы туралы жазылған еңбектердің тұңғыш библиографиялық көрсеткіші «Абай Құнанбаев» деген атпен жарық көрді (1965). Осы еңбектер негізінде М. Мырзахметұлының «Абайтану тарихы» деген тақырыпта монографиялық ғылыми-зерттеу жұмысы жарияланды (1994). Ендігі жерде абайтанудың негізін салушы Әуезов дәуірін аяқтап, 1965-1995 жылыаралығындағы Абайтану тарихын жазу міндеті алға шықты. Абайтану саласындағы ақтаңдақтар қатпары жазылып, бұрын назардан тыс қалған мақалалар мен зерттеулер арнайы топтастырылған жинақ «Абайды оқы, таңырқа» деген атпен оқырман қолына тиді (1993). Абай тарихы жоғары оқу орындарында 1966 жылдан бастап арнайы курс ретінде бастады.

12.Хх ғасыр басында Алаш ұранды сөз өнері және қазақ әдеби сыны

ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті жанрлық тұрғыдан болсын, идеялық тақырыптық жағынан болсын сапалы, биік беңгейге көтерілген кез болып саналады. Осы кезеңде әдебиетке, өнерге жазушы, қаламгерлердің жаңа легі келді. Бұл халықты надандықтан жирентіп, өнер, білімге, кәсіпке үйретуді мақсат тұтқан, бірнеше тілді жетік меңгерген, жаңаша ойлайтын жаңа формациядағы толқын болды. А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, І.Жансүгіров, С.Сейфуллин және тағы да басқа көптеген оқыған, көзі ашық азаматтар қоғамдық жағдайға араласып, патша өкіметі тарапынан отаршылдық саясаттың жүргізіліп отырғанын ашық сынады. С.Қирабаевтың «Өмірдің өз сабағы бар», Ж.Бектұровтың «Айыбы не еді ағалардың?», Т.Кәкішевтың «Қағидаға айналған қателер түзелсе», Д.Кішібековтың «Өткенді білу-өнегелік белгісі» сияқты көптеген мақалалар баспасөз бетіне шықты. Олардың барлығында алаш идеясы ұлықталып, ақтаңдақтар еңбектерінің әдебиеттегі, тарихтағы орнына лайықты баға берілді.Алаш әдебиетінің белді өкілдері А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов және Ә.Бөкейханов сынды қайраткерлердің өмірі мен қоғамдық қызметі, қуғын сүргінде жүріп жазған еңбектері, олар жайлы ғалымдардың ой-пікірлері көптеп басыла бастады. Архив құжаттары мен естеліктер монографиялар мен диссертацияларға арқау болды. Қазақ әдебиетіндегі «ақтаңдақтар» мәселесі қазір жан - жақты қаралып, тың деректермен толығып, бірқатар белгісіз болып келген жәйттердің басы ашылды. Бұл бағыттағы Рымғали Нұрғалидың «Әуезов және Алаш» (1997), «Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры» (2002), «Алашордынцы» (2005), «Алаш туы астында» (2005) деген іргелі еңбектері осы көп жылғы ізденістен туған. Әдебиет тарихында көрнекті орын алған алаштықтардың асыл қазынасын жан жақты саралап, ғылыми тұрғыдан оларға баға береді. Аталған кітаптарында ғалым ХХ ғасыр әдебиетінің көрнекті тұлғаларының әдеби мұраларын тұтас бір көркемдік құбылыс ретінде қарау керектігі туралы ұсынысын білдіреді.