- •1. Қазақ әдеби сыны тарихының зерттелуі.
- •2. Сын жанрлары (проблемалық мақала).
- •3.Қазіргі қазақ әдеби сынының басым бағыттары
- •4.Қазақ әдебиеті сынының көркемдік бастауларындағы халықтық эстетика маңызы
- •5.Көне түркі дәуірі әдебиетіндегі сыншылдық-эстетикалық таным
- •6.Шоқан Уалиханов және әлемдік классикалық филология
- •7.Қазақ ағартушылығының тарихындағы маңызы
- •8.А.Байтұрсынұлы және ұлттық әдебиеттану ғылымы
- •10.Баспасөз және әдеби сын
- •9.1960-Жылдардағы әдеби сын. Алпыскерлер толқыны
- •11.Әдеби сындағы Абайтану ілімі
- •12.Хх ғасыр басында Алаш ұранды сөз өнері және қазақ әдеби сыны
- •13.Ы.Алтынсариннің "Қазақ хрестоматиясы"
- •14."Алқа". Өнер эстетикасы мен қаламгер бостандығы
- •15.Коммунистік идеология және әдеби сындағы тұрпайы социалогизм
- •16. Сын жанрларының қалыптасу жолдары
- •18.1970-Жылдардағы әдеби сын
- •19."Алаш ұрынды" сөз өнері зерлерінің әбеби сын табиғаты туралы көзқарастар
- •20. 1920 Жылдардағы қызыл террор және әдеби сындағы қате теориялар салқыны.
- •21. «Жылымық» жылдарындағы әдеби сын сипаты.
- •22."Дала уалаяты" газетіндегі әдеби мұраны игеру және көркем сын мәселелері
- •23.1930-Жалдардағы әдеби сын және сталинизм зардаптары
- •24.1990 Жылдардағы әдеби сын ерекшелігі және тоталитарлық жүйе күйреуі
- •25. "Абай" журналындағы әдеби сын мәселелері
- •29.1940 Жылдардағы әдеби сын ерекшелігі
- •30.Әдебиет тарихын дәуірлеу және сыншылдық-эстетикалық таным
- •31. Алпыскерлер және 1960 жылдардағы әдеби сын болмысы.
- •32. Әдеби сын және әдеби мұраны игеру мәселелері
- •33.Қазақ әдеби сыны тарихы, ғылыми негіздері мен жанрлық зерттелуі
- •34.Әдеби сын бастауларындағы халықтық эстетика маңызы
- •35.Жыраулар поэзиясындағы көшпелілер эстетикасы
- •36.Әдеби сын және эстетикалық категориялар
- •37. "Айқап" журналындағы қазақ әдеби сынының мәселелері
- •38.ҚазАпп және әдеби сындағы қате теориялар табиғаты
- •39.Халық мұрасын зерттеудегі партиялық қаулы-қарарлар
- •40.Әдебиет пен өнер бойынша 1950 жылдары қабылданған партиялық қаулы-қарарлар
- •41.Әдеби мұраны игеру тақырыбындағы 1959 жылғы конференцияның маңызы
- •42.1980 Жырдардағы көркемдік даму және әдеби сын
- •43.Әдеби сынның ғылыми негіздері, жанрлық жүйесі
- •44.Алаш қайраткерлерінің ұстанымдары (Алқа)
- •45.Әдеби сын үрдісі және сыншы шеберлігі
- •46.1970 Жылдардағы көркемдік даму үрдісі және қазақ әдеби сыны
- •47.Әдеби сындағы полемикалық мақалалар
- •48.Социалистік реализм әдебиетіне қазіргі көзқарас
- •49.Әдеби сынның ғылыми қағидаттары
- •50.Қазақ әдебиетінің ғылыми тарихын жасау жолдары
- •51.Ххі ғасырдағы көркемдік даму және әдебмет сыны
- •54."Қазақ" газеті және әдеби сын эстетикасы
54."Қазақ" газеті және әдеби сын эстетикасы
Қазақ газеті - 1913-1918 жылдары Орынбор қаласында жарияланып тұрған қоғамдық-саяси және әдеби-мәдени басылым. №1 номері1913 жылы 2 ақпанда шыққан.
1915 жылға дейін аптасына бір рет, одан кейін екі рет шыққан. Бастырушысы - «Азамат» серіктігі. Газетке қаржылай көмектескендердің көшбасында Мұстафа Оразайұлы бар. Жалпы 265 нөмірі жарық көрген. Газет рәміздік-бейне ретінде киіз үйді ұсынды. Бұл - қазақ ұлты деген ұғымды берді. Оның түндігі батыстан ашылып, есігіне «Қазақ» деп жазылды. Мұны түсіндірген ұлт зиялылары «қазақ ішінеЕуропа ғылым-өнері таралсын, «Қазақ» газеті қазақ жұртына әрі мәдениет есігі, әрі сырт жұрт жағынан күзетшісі болсын» деп жазды. «Қазақ» газетін шығаруды ұйымдастырушы, редакторы - А.Байтұрсынұлы, оның өкілетті өкілі М.Дулатұлы болды. 1918 жылы газетті Жанұзақ Жәнібекұлы басқарды. Басылымда А.Байтұрсынұлы, Ә.Бөкейхан, М.Дулатұлы, М.Шоқай, Мұхаметжан Тынышбайұлы, Ш.Құдайбердіұлы, Ғ.Қараш, Р.Мәрсеков, Ж.Тілеулин, Ғ.Мұсағалиев, М.Жұмабаев, Х.Болғанбаев, Х.Ғаббасов, Ж.Ақпаев, Ж.Сейдалин, С.Торайғыров, А.Мәметов, С.Дөнентайұлы, Х.Досмұхамедұлы т.б. авторлардың мақалалары жарияланып тұрды. XX ғасыр басында аталған газет оқығандардың, діндарлардың, шәкірттердің, қарапайым сауаты бар адамдардың, тұтастай жалпы ұлттың ықыласпен оқитын басылымына айналды. Бұдан кейін пайда болған барша елшіл газет-журналдар осы «Қазақтың» шекпенінен шықты.
