Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сын. сонғы билеттен жасалмаган себеби олар кайт...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
478 Кб
Скачать
☆

25. "Абай" журналындағы әдеби сын мәселелері

Қоғамдық-саяси және әдеби «Абай» журналын шығару жөніндегі алғашқы ұсыныс қазақ зиялы қауымы арасында 1914 жылы қабыл алынған болатын. Сол жылы ақын қазасының он жылдығына байланысты Семейде өткізілген үлкен жиылыс үстінде журнал жариялау туралы шешім бекітілген. Бірақ, бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуы және Ресей тарапынан отарлау саясатының күшеюі сияқты себептерден журналдың алғашқы нөмірінің баспадан шығуы біраз уақытқа дейін кідіріп қалды.

Егер алғашқы жасалған ұсыныс кезінде журнал Абайды құрметтеп, атын тарих жүзінде нығайтуға, қазақ қоғамындағы жан-жақты тұлғаның шығармашылығын насихаттауға бағытталған болса, бірінші нөмірінен басылымның әлеумет, саясат, экономика сияқты да қоғамдық маңызы зор тақырыптарға назар аударатыны байқалады. Сонымен, «Абай» журналы 1918 жылдың 4 ақпанынан Алаш (қазіргі Жаңасемей) қаласынан шығып тұрады.

Журналдың негізін салушылар әрі шығарушы редакторлар болып Жүсіпбек Аймауытов пен Мұхтар Әуезов қызмет етті.  Журналдың қазақ демократиялық баспасөзі мен Алаш идеясын жақтағанын Тұрар Рысқұловтың деректерінен көруге болады. Рысқұлов 1926 жылғы «Из прошлого казахской интелигенции» мақаласында 1905 жылы Әлихан Бөкейханов бастаған қазақ зиялы қауымының Ресей отарлық езгісіне қарсы «Қарқаралы» петициясын қабылдап, Ресейдегі ірі саяси күштердің бірі кадет партиясының қазақ бөлімін құрғаны, кейін «Серке», «Айқап», «Қазақ» газет-журналдары арқылы халықты білім мен мәдениетке үндеп, ұлттық ой-сананы оятуға ұмтылғандығы жайында жазады.

Аймауытовтың журнал бетіндегі аса назар аударарлық мақалаларының қатарына «Ұлтты сүю», «Журнал туралы» және «Тәрбиені» жатқызуға болады. «Ұлтты сүюде», мысалы, автор қазақ зиялы қауымын өзін-өзі тәрбиелеуге, қара халықтан қашпай, араласып, оларды алаңдатып жүрген тақырыптарды үнемі сұрастыруға, қоғамдағы өзгерістер жайлы үнемі хабардар болуға үгіттейді. Мұхтар Әуезовтің басылым беттеріндегі ерекше атап өтетін мақаласы – «Ғылым тілі». Әуезов бұл мақаласында жаңа тілге көшу мәселесін қозғап, жаңа жағдайда қай тілге көшу оптималды болатындығын, қай тілге көшу арқылы өркениетке жету жақынырақ болады деген сұрақтарға жауап іздейді. Журналда шығарушы редакторлардан басқа Шәкәрім Құдайбердиев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сәбит Дөнентаев, Ғұмар Қарашев, Смағұл Садуақасов, Халел Досмұхамедовтардың өлеңдері мен публицистикалық мақалалары жиі жарияланды. Дөнентаевтің «Қазақ әйелдері туралы» мақаласы сол замандағы, сол тарихи кеңістіктегі, сол қоғамдағы әйелге деген көзқарас, оның тәрбиесіне бөлінетін көңіл, әйелдер құқы сияқты прогресшіл демократиялы ойларға толы. Бұл мақалада автор қазақта қалыптасып кеткен қыз баланы оқытып, оның сауатын аштыру туралы стереотиптерді бұзады, қоғамда орнаған «әйелді оқытудың қажеті жоқ» деген пікірді емес, оларды оқытуға мүмкіндігі бар адамдардың надандығын әйелдердің сауатсыз қалуының нағыз себебі ретінде көрсетеді. Журналдың әр санына ортақ бірнеше ерекшелігі бар. Олардың ең бастысы – тұрақты айдарлардың болуы. Бұл айдарларға «Абай сөзі», «Басқармадан жауап» және «Абайдан соңғы ақындарды» жатқызуға болады. Аттары айтып тұрғандай, біріншісі Абайдың қара сөздерін, екіншісі ресми құжаттарды, ал соңғысы – Абайдан кейінгі поэзия үлгілерін жариялаған. «Абай» журналындағы  жарнама, әрине, қазіргі кездегі бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарнамадан әлдеқайда өзгеше болып келеді. Журналдың №8 санынан бастап соңғы беттерде «Жас азамат» және «Қазақ» газеттеріне жазылуға үндеу, газеттің редакциясы мен жазылу бағасы жарияланып отырған.  Журналдың түгел дерлік санында бүркеншік атпен жарияланған мақалалар кездеседі, кейді тіпті проблемалық жарияланымдар ғана емес, әдеби шығармалардың өзінде псевдоним қолданылған. Басылым беттерінде М. Ә., Екеу, Жас түрік, М. Т., А. Б., Ә., Сары арқа, Е. И., Мұхтар және тағы сол сияқты сияқты лақап аттар кездеседі. «Абай» журналының алғашқы сандары шамамен 16-21 беттен тұратын. Мұқабасында міндетті түрде журналдың атауы, оның шығу деректері (жылы, күні, нөмір саны), шығарушысы және баспасы көрсетілетін. Сонымен бірге, журнал мұқабасында оның мазмұны жазылатын. Сандағы жиналған мақалалардың аттары екі бағанға тізіліп жазылатын, алайда мақала авторы мен жарияланымның журнал санындағы бет нөмірі көрсетілмейтін. Соған қарамастан, «Абай» журналының бет нөмірлері болған.