- •1. Телерадио хабар жасау технологиясы
- •2. Телепублтцистиканың зерттелуі
- •3. Теледидар және кино өнері
- •1. Телерадиодағы тікелей эфир
- •2. Теледидардың ағартушылық функциясы
- •3. . Теледидардағы сценарий ұғымы.
- •1. Теледидардағы ақпараттық жанрлар
- •2. Теледидардың ерекшеліктері
- •3. Отандық телеарналардағы тікелей эфир ерекшеліктері («Қазақстан», «ктк» телеарналарын салыстыра отырып)
- •1. Тікелей репортаж. Жүргізуші шеберлігі (телерепортаждың өзіндік белгілері, эфир этикасы, дыбысталған сөздің сипаты)
- •2. Телерадиожурналист жұмысының негізгі әдістері
- •3. Теледидардағы жастар хабары
- •1. Теледидардың тілі мен стилі
- •2. Микрофон және оны меңгеру тәсілдері
- •14. Жанрдың түрлері, оның жаңа формалары
- •1. Алғашқы ұлттық хабарлар
- •3, Телерадиохабарларын жасаудың негізгі әдістері
- •7 Билет
- •8 Билет
- •9 Билет
- •1. Телерепортаж. Оның жанрлық ерекшелігі (бақ мысалында)
- •1. «Хабар» және Ресейдің «Первый канал» арнасындағы танымал журналистерінің шеберлігін салыстыру
- •2. Телепублицистиканың зерттелуі
- •3. Тікелей эфирге алдын-ала жасалатын даярлық
- •11Билет
- •1. Сөйлеу өнерін шешендік өнер дәстүрімен байыту әдістері
- •2. Теледидар құрылымы
- •3 Қоғамдық телевизияның қажеттілігі мен мүмкіншіліктері
- •12Билет
- •1. Теле-радио журналистиканың жанрлар мен пішіндер сипаты
- •2. Теледидардағы жастар хабары
- •3. Телебағдарламаларды редакциялаудың негіздері
- •13Билет
- •1. Теледидар бағдарламасын редакциялаудың ерекшеліктері
- •3. «Қазақстан» арнасындағы сөз еркіндігі және жариялылық проблемалары
- •14Билет
- •1. Бағдарлама дайындаудағы автор мен редактор қызметі
- •2. Телевидениенің дамуындағы жаңа бағыт.(бейнетелефон, бейнеконференция, көшедегі бейне көрсету, ауқымды телевидение, телеүндесу, фотобейнекамера, кабельді тележүйе)
- •3. Ақпараттық-публицистикалық хабарлардағы кадрде оқылудың түрлері (дикторлық, текстік, тезистік, импровизациялық)
- •15 Билет
- •1. Редакторлық зерттеу, теледидар бағдарламаларын әдеби редакциялау
- •2. Тікелей эфир мәтінін жазбаша әзірлеу – сөйлеу мәдениетін қалыптастырудың ең негізгі шарты
- •3. Телеарналардағы экономикалық хабарлардың маңызы мен берілу тәсілі
- •16 Билет
- •1. Ақпарат әлемі және жедеғабыл жаңалықтар желісі
- •2. Қазақ телевизиясындағы көркем публицистикалық хабарлардың қалыптасуы, даму ерекшеліктері
- •3. Ең елғашқы сценарий қалай пайда болды?
- •17Билет
- •Журналист және этика
- •2. Бақ. Тарихи-теорияның мәселелері
- •3. Фотосурет жанрының ерекшеліктері, түрлері оған қойылатын талаптар
- •18 Билет
- •2. Теледидардағы сұхбат түрлері (Сұхбат әңгіме,баспасөз мәслихаты,сұхбат суреттеу,сұхбат анкета,сұхбат портрет,брифинк)
- •3. «Қазақстан», «Хабар» телеарналарындағы патриоттық рухтағы хабарлардың маңызы
- •19Билет
- •1. Радиокорреспонденция
- •2. Көріністегі факті деген не
- •1,Музыка мен шулар.
- •2.Репортаждың өзіндік белгілері (радио және теледидарды салыстыра отырып)
- •3. Тікелей эфирді жүзеге асыру – күрделі шығармашылық-техникалық, әрі психологиялық құбылыс
- •Тікелей эфир кезінде репортердің басты міндеті
- •2. Репортаждың өзіндік белгілері (радио және теледидарды салыстыра отырып)
- •3. Тікелей эфирді жүзеге асыру – күрделі шығармашылық-техникалық, әрі психологиялық құбылыс
- •Телевизиялық журналистиканың құрылымдық сипаты мен бейнелеуші құралдары.
- •2) Ахмет Байтұрсыновтың тіл қисыны туралы қағидалары
- •3) Радиохабардың көңіл-күйге әсері және лиризм
- •1) С.Әшімбаевтың жүргізген хабарларының ерекшелігі
- •2) Теледидар және қоғам, теледидардың бұқаралық ақпарат құралдарындағы алатын орны теледидардың әлеуметтік эстетикалық міндеттері
- •1) Тілдік этикет оның бақ-тағы қолданысы
- •2. Сөйлеу тілі мен радио тілінің ерекшеліктері
- •3. Диктор – сөз шебері немесе жүргізуші журналистке қойылатын талап
- •1) Репортаждың өзіндік белгілері (радио және теледидарды салыстыра отырып)
- •2) Радиодағы дыбысталған сөздің сипаты
- •3. Тікелей эфирді жүзеге асыру тәртібі
7 Билет
1. Қайта құру жылдарындағы телепублицистика
2. Телерадиодағы тәуелсіздік идеясы
ТД хабарларын 4 топқа топтастырамыз: Ақпараттық публицистикалық бағдарлама
Әдеби драмалық
Көркем публицистикалық
Оқу-ағарту немесе арнайы дайындалған хабарлар.
3. Теледидар мен радиодағы музыканың рөлі
Музыка – шындықты дыбыстық көркем образда бейнелеуші өнердің түрі, дыбысталған жанды сөз болғандықтан тыңдаушылардың эмоциясына әсер етеді, сонымен қатар радиокоммуникацияның уақытшалық мінездемесіне сәйкес келеді.
Гегель музыканы екі түрге бөліп қарастырады: біріншісі – сүйемелдеушілік ролі, екіншісі – жеке дара өнердің бір түрі, яғни музыка адамның көңіл-күй толқыныстарын әр түрлі пішін мен жанрда бейнелейді.
Музыканың сүйемелдеушілік қызметі өнердің театр, хореография, телевидение түрлерінде кең қолданылады. Радиода музыка мәтінді механикалық тұрғыда әсерлеуді көздемейді, әр түрлі жанрлық шығармаларды ұйымдастыруда белсенді роль атқарады. Нақтырақ тоқталар болсақ:
Ақпараттық блоктардың арасын бөлу;
Бағдарламаның музыкалық шапкасы;
Дыбыстық декорация – тарихи ортаны анықтау, қозғалыстың, оқиғаның болған жерін таныту;
Дыбыстық фон ретінде қолдану, мәтіннің дыбыстық ырғағын айқындау (ақпараттық хабарларды жиі қолданылатын тәсіл);
Дыбыстық атмосфераны бейнелеу, кейіпкердің көңіл-күйін, жан толғанысын, оқиғаның жалпы болмасын аша түсу;
Дыбыстық образ жиынтығын қалыптастырудың көркемдік тәсілі;
Хабарда суреттелетін оқиғалардың арасын бір-бірімен жымдастыра байланыстыру.
8 Билет
1. Телерадиожурналистке қойылатын талаптар
2. Оқулық және ағартушылық бағдарламалар
Теледидардың басты мақсаты – аудиторияға ақпарат тарату, идеологиялық тәрбие мен насихат жұмысын жүргізу, саяси-мәдени, экономикалық саладағы хабарлар көлемін өсіру. Ақпараттық және өзге де саладағы хабарлар қатаң саяси сүзгіден өтіп, сюжеттеде тәрбиелілікті көрсету талап етілді. Журналистер қауымы ақпаратың оқиғалылығына баса назар аудара отырып, республиканың халық және ауылшаруашылығы, еңбек ерлері мен мәдениет қайраткерлерін, партияның қаулы-қарарларына орай жоспарын орындаған ұйымдар мен еңбек озаттарын арқау етуі өз шығармаларының жанрлық әрі пішіндік, мәтіндік өзгеше сипатынан көрінеді.
Қарымды телепублицист Сағат Әшімбаев жүргізген «Парыз бен қарыз» телехабарының теледидар тарихындағы орны ерекше. Қоғамдық сананың қалыптасып, ұйқыдағы ойдың оянуына, ұлттық сана-сезімнің сілкініске келуінде ағартушылық-философиялық мәндегі бұл хабардың көтерген жүгі салмақты еді. Ел көлеміндегі ақыл-ойдың қаймақтарын қатыстыра отырып, әлемдік деңгейдегі пікірлерді тоғыстырып, ұлттық мұрат-мақсаттарымызды саралап салмақтап, өрнекті пікірлер түйіндеді. «Парыз бен қарыз» сипаты жағынан ағартушылық, көтерген мәселесі жөнінен сынға құрылған проблемалық хабар. Материалды, деректерді жинақтап беруі жөнінен талдау мәнеріндегі философиялық толғаныс. Бұл кемшілікті тұтастай көру. Бюрократизмге көп болып қолдасып жасалған шабуыл. Халық қасіретін ұжымдық тұрғыдан айту.
Оқулық телевидение. Оның материалдық-техникалық базасы. Ел тұрғындарын, жастарды жаңа кезеңге сай әлемдік стандарт жүйесіне жақын біліммен қаруландырудағы оның рөлі. Ағартушылық телевизияның шапшаң қарқынмен дамуы. Көрермендердің көңіл көтерушілік сұраныстарын өтеу. Ағартушылық телевизияның принциптік ерекшеліктері, олар арқылы мазмұн, әдіс және перспективалық даму функциясын анықтау. Оқулық теледидардың эффектілігі. Оның мектептегі ұстаз бен оқу орнындағы оқытушы рөлін қайталамайтындығы. Керісінше, оларға барлық қырынан көмекке ұмтылушылық. Тікелей әңгіменің артықшылығы мен құралдарды көрсету кезіндегі психологиялық әсері. Пікірталастың сабақ тақырыбын тереңдету мен жан-жақты толықтырудың рөлі.
Оқулық телевидение қызметінің басты аспектісі оқу мен тәрбиені ұштастыру, телевидениеден жас ұрпақты отан сүйгіштік, патриотизм рухында тәрбиелеуге даярлауы.
3. Телеочерк
Радиоочерк публицистік жанр ретінде. Очерктің жанрлық табиғаты. Очеркте әлеуметтік, публицистік және көркемдік шешімдердің тоғысуы. Очерк құрылымы. Радиоочеркте кейіпкер бейнесін сомдау үшін көркем бейнелеу тәсілдерін қолданудың маңызы. Радиоочерк тілі мен стиліндегі өзгешеліктер. Радиоочерк пен телеочерк арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар.
Қазіргі хабар таратудағы очерк мәні. Телевизия мен радиодағы сатиралық жанрлардың орны мен маңызы. Радиофельетонның жанр ретінде қалыптасуы мен дамуы. "Көреген" сатиралық радиожурналы. Қазақ радиосының көркем жанрларды дамытудағы ізденістері. Суреттеме, эссе. Радиокомпозиция: құрылымы мен шығармашылық болмыс-бітімі.
Очерктің бейнелеуші құралдарын қарастырған Ю. Крикунов көркем публицистиканың барлық элементтерін екіге бөледі. Очерктегі публицистикалық құралдар: "автор позициясын айқын білдіретін, лайықты комментарийлі кең мағынадағы фактілік материалдар (цифрлар, даталар, анықтамалар, сілтемелер, протоколдар, күнделіктер, көркем-саяси әдебиеттерден үзінділер). Ал, көркем-бейнелеуші құралдар (деталь, кейіпкер сөзі, сырт көріністерді суреттеу, пейзажды суреттеу, тұрмыстық жағдай, эпитет, теңдеу т.б.)" дейді. Бұлар көркем публицистикалық жанрларда бірегей байланыста қолданылады. Автордың бұлай жіктеудегі мақсаты - очерк жанрының публицистикалық және көркемдік белгілерін анықтап көрсету болатын. Демек сөздік құралдар да жанрды анықтайтын элементтің бірі болуы тиіс.
