- •1. Телерадио хабар жасау технологиясы
- •2. Телепублтцистиканың зерттелуі
- •3. Теледидар және кино өнері
- •1. Телерадиодағы тікелей эфир
- •2. Теледидардың ағартушылық функциясы
- •3. . Теледидардағы сценарий ұғымы.
- •1. Теледидардағы ақпараттық жанрлар
- •2. Теледидардың ерекшеліктері
- •3. Отандық телеарналардағы тікелей эфир ерекшеліктері («Қазақстан», «ктк» телеарналарын салыстыра отырып)
- •1. Тікелей репортаж. Жүргізуші шеберлігі (телерепортаждың өзіндік белгілері, эфир этикасы, дыбысталған сөздің сипаты)
- •2. Телерадиожурналист жұмысының негізгі әдістері
- •3. Теледидардағы жастар хабары
- •1. Теледидардың тілі мен стилі
- •2. Микрофон және оны меңгеру тәсілдері
- •14. Жанрдың түрлері, оның жаңа формалары
- •1. Алғашқы ұлттық хабарлар
- •3, Телерадиохабарларын жасаудың негізгі әдістері
- •7 Билет
- •8 Билет
- •9 Билет
- •1. Телерепортаж. Оның жанрлық ерекшелігі (бақ мысалында)
- •1. «Хабар» және Ресейдің «Первый канал» арнасындағы танымал журналистерінің шеберлігін салыстыру
- •2. Телепублицистиканың зерттелуі
- •3. Тікелей эфирге алдын-ала жасалатын даярлық
- •11Билет
- •1. Сөйлеу өнерін шешендік өнер дәстүрімен байыту әдістері
- •2. Теледидар құрылымы
- •3 Қоғамдық телевизияның қажеттілігі мен мүмкіншіліктері
- •12Билет
- •1. Теле-радио журналистиканың жанрлар мен пішіндер сипаты
- •2. Теледидардағы жастар хабары
- •3. Телебағдарламаларды редакциялаудың негіздері
- •13Билет
- •1. Теледидар бағдарламасын редакциялаудың ерекшеліктері
- •3. «Қазақстан» арнасындағы сөз еркіндігі және жариялылық проблемалары
- •14Билет
- •1. Бағдарлама дайындаудағы автор мен редактор қызметі
- •2. Телевидениенің дамуындағы жаңа бағыт.(бейнетелефон, бейнеконференция, көшедегі бейне көрсету, ауқымды телевидение, телеүндесу, фотобейнекамера, кабельді тележүйе)
- •3. Ақпараттық-публицистикалық хабарлардағы кадрде оқылудың түрлері (дикторлық, текстік, тезистік, импровизациялық)
- •15 Билет
- •1. Редакторлық зерттеу, теледидар бағдарламаларын әдеби редакциялау
- •2. Тікелей эфир мәтінін жазбаша әзірлеу – сөйлеу мәдениетін қалыптастырудың ең негізгі шарты
- •3. Телеарналардағы экономикалық хабарлардың маңызы мен берілу тәсілі
- •16 Билет
- •1. Ақпарат әлемі және жедеғабыл жаңалықтар желісі
- •2. Қазақ телевизиясындағы көркем публицистикалық хабарлардың қалыптасуы, даму ерекшеліктері
- •3. Ең елғашқы сценарий қалай пайда болды?
- •17Билет
- •Журналист және этика
- •2. Бақ. Тарихи-теорияның мәселелері
- •3. Фотосурет жанрының ерекшеліктері, түрлері оған қойылатын талаптар
- •18 Билет
- •2. Теледидардағы сұхбат түрлері (Сұхбат әңгіме,баспасөз мәслихаты,сұхбат суреттеу,сұхбат анкета,сұхбат портрет,брифинк)
- •3. «Қазақстан», «Хабар» телеарналарындағы патриоттық рухтағы хабарлардың маңызы
- •19Билет
- •1. Радиокорреспонденция
- •2. Көріністегі факті деген не
- •1,Музыка мен шулар.
- •2.Репортаждың өзіндік белгілері (радио және теледидарды салыстыра отырып)
- •3. Тікелей эфирді жүзеге асыру – күрделі шығармашылық-техникалық, әрі психологиялық құбылыс
- •Тікелей эфир кезінде репортердің басты міндеті
- •2. Репортаждың өзіндік белгілері (радио және теледидарды салыстыра отырып)
- •3. Тікелей эфирді жүзеге асыру – күрделі шығармашылық-техникалық, әрі психологиялық құбылыс
- •Телевизиялық журналистиканың құрылымдық сипаты мен бейнелеуші құралдары.
- •2) Ахмет Байтұрсыновтың тіл қисыны туралы қағидалары
- •3) Радиохабардың көңіл-күйге әсері және лиризм
- •1) С.Әшімбаевтың жүргізген хабарларының ерекшелігі
- •2) Теледидар және қоғам, теледидардың бұқаралық ақпарат құралдарындағы алатын орны теледидардың әлеуметтік эстетикалық міндеттері
- •1) Тілдік этикет оның бақ-тағы қолданысы
- •2. Сөйлеу тілі мен радио тілінің ерекшеліктері
- •3. Диктор – сөз шебері немесе жүргізуші журналистке қойылатын талап
- •1) Репортаждың өзіндік белгілері (радио және теледидарды салыстыра отырып)
- •2) Радиодағы дыбысталған сөздің сипаты
- •3. Тікелей эфирді жүзеге асыру тәртібі
3. Теледидардағы жастар хабары
Ол 1972 жылы КазГУ-дің журналистика факультетіне 20 жасында оқуға түсті. Ал 2 курста күндізгі бөлімде оқи жүріп, Қазақ теледидарының жастар редакциясында жұмысқа араласты. Оның атын елге дүр еткізіп танытқан алғашқы дүниесі «Жадыңда ма, жолдас» атты хабары болатын. Онда жас журналист өзі туып-өскен ауылдан шыққан 28 панфиловшылардың бірі, батыр Нарсұтбай Есеболатов туралы тұщымды телехабар жасады. Көп ізденді, өзіне тән ширақ қимыл көрсетті. Батырдың жан жарын Омбы қаласынан тауып, сұхбат алды, ел ұмытқан баласын да іздеп тапты. Осыдан кейін-ақ «Жас жігер», «Ашық микрофон», «Ақиқат пен аңыз», «Заң мен заман», «Арай» сияқты хабарларды бірінен соң бірін эфирге шығарып, Қазақстанның түкпір-түкпіріне оның бейнесі мен дауысы қатар тарап жатты. Ал «Көкпар» атты хабарды жасап, қазақ жастарын еркін ойын жеткізуге баулыды, кейін «Көкпар» «Ойкөкпарға» ұласып, көрермен көзайымына айналды. Оның шебер тележүргізуші, шешен журналист ретіндегі бет-бейнесі көпшіліктің көз алдында сол 70-ші , 80-ші жылдардағы кеңестік кезеңде-ақ қалыптасып үлгерген еді.
Бүгінгі теледидардан жастарға ұсынылып жүрген сан алуан, қызықты бағдарламалардың бастауы, темірқазығы – Қазақ теледидары жастар редакциясының тарихында құнды дүниелер мен айтуға тұрарлық естеліктер аз емес. Тарихи бастауларына бойлап, көз жүгіртелік (сөз болатын бағдарламалар жайлы деректер Қазақстан Республикасы Орталық мұрағатының 1489-қорынан алынды). Қоғамдық өзгерістердің нағыз жаршысы бұқаралық ақпарат құралдары болғандықтан, ол қоғамдық формациямен тікелей байланысып, оның әр сатысында жаңа мазмұн, жаңа түрге ие болады. Кеңес Одағы тұсында бұқаралық ақпарат құралдарының социализмді жырлағаны ақиқат. Алайда бір ғана коммунистік партия үстемдігін жүргізіп тұрған сәтте оған “партияның қолшоқпары болдың” деп айып тағу әділетсіздік болар еді. Теледидардың ойдағыдай дамып, жетілуіндегі социализмнің қосқан үлесін жоққа шығара алмаймыз. Бұл тұстағы жастар бағдарламасының насихаттық рөлін ерекше айтамыз. Қоғамдағы елеулі оқиғалардың бәрі де экран бетінен көрініс тапты. Жастар редакциясының ұйымдастырушылық қабілетін, қоғамдық пікірді қалыптастырудағы белсенділігін “Құрдастар” мен “Ровесникидің” ұйымдастыруымен жыл сайын өткізіліп отырған республикалық “Жолдас” фестивалі, “Жас жігер” телеэнциклопедиясы, жастар телехабарлары нәтижесінде көптеп құрылған республикадағы комсомол-жастар бригадалары, екпінді құрылыстардан көруге болады. “Құрдастардың” тарихи қойнауы тұрақты топтама хабарларға толы. Жыл он екі ай бойы үзбей берілетін, бірінен екіншісіне жалғасып жатқан 50-ге жуық топтамалардың әрқайсысынан-ақ жалынды жастық жігерді, қажырлы еңбек пен қауырт қимылды кездестіреміз. Бір тақырыпты әр қилы қырынан бүге-шігесіне дейін талқылап, тұжырым жасап, ой түйген айдар, хабарлар топтамасынан өзге телеклуб, тележурнал, телеальманах, телеспектакль, телеинсценировка, телеанықтама, телекалендарь, телеплакат, телетолғау, телевикторина тәрізді әр алуан пішіндер теледидар табиғатына лайықталып, өзіндік түрге ие болды. Жастар редакциясының студиясы әдебиет пен өнердің, білім мен еңбектің қасиетін таразылаған киелі мекенге айналды. Ұлы Абай, Шоқан,Ыбырайдың ғылымның әр саласындағы еңбектеріне кеңінен тоқталып, мұраларын зерттеуші ғалымдардың пікіріне сүйене отырып, олардың өмірлерінің жастар үшін ерекше үлгі тұтарлық өнеге екендігін дәлелдеп, телекөрермендерге тағылым бере алды. “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас Алаш”), “Жалын”, “Арай”, “Балдырған” журналдары, сондай-ақ “Жалын” баспасы қызметкерлерімен жиі, қызықты кездесулер ұйымдастырып, тақырып таңдау, кейіпкер іздеу, табу т.б. шығармашылық ізденістер хақында танымал ақын, жазушы, журналистер сөз тізгінін алған-ды. Жастар студиясының қасиетті төріне кімдер келіп, кімдер кетпеген. Асыл сөздің арнасы тарихтың бір қойнауында қатталған күйі қалып қойғандай. Қазақ теледидары жастар бағдарламалардың алтын діңгегі, қайнар бұлақ бастауы. Кеңестік қызыл империяның күйреуі, саяси-экономикалық сілкіністер, қоғамдық-экономикалық қатынастардың өзгеруі хабарлардың идеясын өзгертіп, мазмұнын жаңартса да, түрі, мақсаты өзгермек емес, ол – жастардың тіршілігі, ойы, арманы. Ол – болашақ ұрпақ тәрбиесі. Жетілген жаңа ақпараттық технологиялардың ішінде теледидардың орны ерекше. Сондықтан жастарға арналған телехабарлар жарқын, өнегелі мазмұнымен жетіле берері даусыз. Жастар бағдарламасы жоғары білімдік деңгейі мен қоғамдық-саяси белсенділігін көрсете отырып, жастардың үлкен өмірге жолдама алуына көмектесті, олардың табиғатына сай бағыт-бағдарын анықтады. Ертеңгі ел басқарар жас азаматтардың бүгінгі дүниетанымы, өмірдегі күрделі құбылыстарға деген көзқарасы, болашақ жас мамандардың арман-мақсаты, ой елегінен өткізер өлшемдері, көкейкесті ашық әңгімесі бүгін де жалғастығын табуы тиіс. Өйткені Жастар редакциясының жастарды тәрбиелеудегі жылдар бойғы жүйесі қалыптасқан. Өткенсіз – бүгіннің, бүгінсіз ертеңнің мәні болмақ емес. Дәуірлер арасындағы сабақтастық пен жалғастық, тарих тағылымы мен болашақты бағамдау рухани дүниенің құлдырауына жол бермесі анық. Жастар редакциясының соқтықпалы, соқталы жүріп өткен жолында аты неше рет өзгергенімен, заты өзгерегн жоқ, жастардыкі болды. Уақыт рухына сай тақырыбы мен мазмұны өзгерсе де, мақста-мүддесі өзгерген жоқ. Сондықтан бұрынғы жастар бағдарламасы мен бүгінгі жастарға арналған хабарлардан ұқсастық табарымыз әбден мүмкін. Жастардың көзқарасын, белсенді өмірлік бағытын қалыптастырып, тәрбиелеудегі теледидардың рөлін зерттеудің әлеуметтік және саяси мәні бар, мұндай бағдарламалардың мақсаты қашан да күрделі, арқалар жүгі ауыр. Себебі жас көрермендер – оңы мен солын жаңа аңғарып, өмірдің кілтін жаңа алғандар. Олардың табиғаты еліктегіш, сенгіш. Қазақ теледидарына жаңа пішін, түр енгізген жастар бағдарламасы хабарларының озық ойлы парасатты азаматтар тәрбиелеп, қоғамдық ойды қалыптастырған халықтық сипатын ерекше айтуға болады, ол шын мәнінде жастардың «көзі мен құлағы және тілі» бола білді. Жастар редакциясының 50 жылдық тәжірибесі теледидардың шығармашылық зор мүмкіндіктерін көрсетті, оның жүріп өткен ізі мен мол тәжірибесі бүгінгі бағдарламаларға үлкен үйрену мектебі болары даусыз. Олай болса, жастарды тәрбиелеуде теледидар мүмкіндігін пайдалану үшін бай тәжірибесін өнеге тұта отырып, бүгінгі хабарларды жоғары деңгейге көтеруіміз керек. Әйтсе де, өзіндік өшпес тарихы бар деп ауыз толтырып айтқанымызбен, жетіспейді деген желеумен магниттік таспадағы хабарлар өшіріліп, үстіне басқа хабар жазылғандықтан, Қазақ теледидарының қорында жастар редакциясы тарихының көнекөз санаулы жазбалары жетімсіреп тұр. Қандай құнды дүниелер еді десеңізші... Өкініштен өндіреріміз шамалы болғандықтан, барды бағалап, қастерлеп, қанағат тұтуға тура келеді. Жастар бағдарламалары көптеген қызықты хабарлар топтамасы, айдар, тақырыптық жеке хабарларды қамтиды. Жастар редакциясы шығармашылықтың соны әдістерін меңгерген, телекөрермендерге әр түрлі психологиялық тәсілдермен әсер етіп, хабардың қабылдау мүмкіндігін арттырған, аудиторияны сендіре алу қабілетін, батылдық, шыншылдығын көрсеткен. Сатиралық, публицистік тұрғыдағы төл туындыларынжасай білген. Жастар бағдарламасының маңызы өз дәуірінің жыршысы бола отырып, жастарды еңбекке үндей білді, ұлттық тәрбиені сіңіріп, әдебиет, мәдениет, өнерді насихаттады. Телекөрермендермен етене жақын араласып, жаңашыры болды, тұрақты аудиториясын қалыптастырды. Жастардың көкірегіндегі мәселелерді толғап, ашық сырласты. Әлі де Қазақ теледидарының жастар бағдарламасы іскерлік, жан-жақтылық, төзімділік, имандылық, инабаттылық тәрізді қасиеттерді көгілдір экран арқылы жастарға арнайы берері даусыз.
5-билет.
