Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Хас.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
161 Кб
Скачать
☆

2. Тікелей эфир мәтінін жазбаша әзірлеу – сөйлеу мәдениетін қалыптастырудың ең негізгі шарты

тікелей эфирде жұмыс істеген журналистің даярлығының күштілігіне, дайындығының мықтылығына қарамастан процесс кезіндегі күллі іс-әрекетін, аузынан шыққан әрбір сөзін өлшеп-кесіп, мөлшерлеп-межелеп алдын-ала анықтап алуы мүмкін емес. Сондықтан да ол эфир кезіндегі әрекетінің негізгі шарттарын есте сақтауы қажет. Оны мына төмендегідей тәртіппен белгілеуге болар еді: 1. Сөз бостандығын иелену. 2. Мемлекеттік мүддені ұстану. 3. Құкық негіздеріне сүйену. 4. Шығармашылық еркіндікті пайдалану. 5. Кәсіби шеберлікті таныту. 6. Жауапкершілік шегінен аспау. 7. Заң аясына бағыну.

 Тікелей эфир - аудиториямен қарым-қатынастың айрықша тәсілі болып табылады. Ең бастысы, тікелей эфирдегі диктордың оқуы журналистің жүргізуімен алмасты. Бұл жөнінде зерттеуші В.Л.Цвик мынадай тұжырым жасады: "Жүргізуші - журналистің тікелей эфирдегі табысы - кәсіби шеберліктің, айрықша қабілеттің, тамаша тапқырлықтың жемісі". Ол рас, тек бұл тұжырымда тікелей эфирдегі шығармашылық тұтастық пен ұжымдық үйлесім ескертілмеген. Микрафондағы сөйлейтін жүргізуші болғанмен, оның аржағында техникалық тетікті ретке келтіретін, эфирді әуенмен әрлеп, сазбен көмкеретін, телефон қоңырауын эфирге қосатьш бір топ қызметкерлер бар екені белгілі. Сол түрғыдан келгенде. тікелей эфир бір мезгілде атқарылатын бірнеше істін басын қосатын ұжымдық үйлесімнің нәтижесінде жүзеге асатъш іс-әрекет. Ал егер хабар эфирден тікелей берілмесе бұл жүмыс процесі көп сатылы әрекет есебінде, бөлек-бөлек атқарылар еді. "Эфир" - сөзі грек тілінен аударғанда ауаның жоғарғы қабаты немесе "жоғарғы ауа" деген мағынаны береді, Ал ғылыми тұрғыда "эфир - радиотолқындар таралатын кеңістіктің жалпылама атауы".  Тікелей эфирге алдын-ала жасалатын даярлық 1. Қажетті материалдарды жинау: а) тақырып таңдау; ә) объекті белгілеу; б) формасын анықтау. 2. Сценарийлік жоба әзірлеу: а) хабарды тыңдарманның қалай қабылдайтындығына барлау жасау; ә) жоба барысында хабардың психологиялық желісін дұрыс жолға қою. 3. Музыкалық форматты есепке ала отырып, тікелей эфир хабарын әрлейтін әуенді дұрыс және сәтті таңдау: а) журналистің шешімі; ә) музыкалық жүргізушінің тапқырлығы.

3. Телеарналардағы экономикалық хабарлардың маңызы мен берілу тәсілі

16 Билет

1. Ақпарат әлемі және жедеғабыл жаңалықтар желісі

2. Қазақ телевизиясындағы көркем публицистикалық хабарлардың қалыптасуы, даму ерекшеліктері

Сөз өнерінің теориялық және әдістемелік мәселері жағынан аз зерттеліп, толық бағасын ала алмай келе жатқан бір саласы – публицистика. Ол туралы отандық және шетел ғалымдарының пікірлері алуан түрлі. Бүгінге дейін ортақ бір шешімге тоқтай алмай келеді.  Публицистика терминінің төркіні латынның publicus деген сөзіне барып тіреледі. Қазақша мағынасы қоғамдық дегенді білдіреді. Төл тіліміздегі баламасын алғаш ғылыми айналымға енгізген – ардақты алаш арысы Ахмет Байтұрсынұлы. Ол өзінің «Әдебиет танытқыш» атты атақты еңбегінде көсем сөз ұғымын публицистика баламасы ретінде қолданады: «Көсем сөз әлеумет ісіне басшылық пікір жүргізетін сөз болғандықтан да көсем сөз деп аталдады». Ұлттық рух ұстыны Ахмет Байтұрсынұлы ұйғарымын тарата талдамас бұрын көсемсөз туралы тағы қай ғалымның қандай көзқарасы бар екеніне тоқталмай өтуге болмайды.  Өткен ғасырдың 70 жылдарында Кеңес елінде көсемсөз туралы пікірталас қызу өрбіді. «Вопросы литературы» журналының 1970 жылғы жетінші санында «Публицистика - әдебиеттің алғы шебі» деген тақырыпта пікірталасқа қатысушылар ой-тұжырымдары оқырман талқысына салынды. Бұл мәселеге аталған басылым 1973 жылғы 10-санында «Публицистика және қазіргі заман» деген тақырыппен қайта айналып соқты. Екі санында да, тоқ етерін айтсақ, басылым жарияланымдарының ортақ тұжырымы публицистика әдебиеттің жауынгер жанры дегенге келіп саяды.

Телепублицистика өз тұсындағы әлеуметтік, қоғамдық, саяси мәні бар, өзекті мәселелерді көтереді. Ол бұқараға сол күнгі, сол кезеңдегі басты міндеттерді аңғартады. Өмір-тіршіліктегі болмыс-құбылыстардың сыр-сипат, мән-жайын түсіндіріп, сол жөнінде телехабарлар не болмаса телебағдарламалар арқылы жұртшылық пікірін қалыптастырады. Телепублицистиканың қоғамдағы рөлі орасан зор. Ол кез-келген мәселеге қоғамдық пікір қалыптастыру арқылы қоғамдық санаға ықпал жасайды. Әрине, қоғамдық санаға телепублицистикадан өзге де өнер түрлері, атап айтқанда, театр өнері, кино өнері, айтыс өнері т.б., сонымен бірге тәлім-тәрбие ошақтары, әлеуметтік орта, табиғат құбылыстары т.б. әсер ететінін жоққа шығармаймыз. Дегенмен, қалың бұқараға қаратып айтылатын, көтерілген мәселе туралы пікірді иландырып, ұйытып, әсерлі жеткізетін телепублицистиканың орны ерекше екені даусыз. Алғашқыда телеэкрандағы хабарларды журнал, лекция, хабар, әдеби хабар, әңгіме, сөз, концерт, мультфильм, фото және кинорепортаж, киноочерк, киножурнал, мақала, деректі, ғылми фильм, спектакль, телеқойылым, концерттік трансляция бағытындағы пішіндер мен жанрлар құрады. Келе-келе бұл пішіндер мен жанрлар көрермендер арасында танымалдыққа ие болды. Егер радиожурналистиканың алғашқы кеңестік әрі қазақстандық жанрлары радиогазет шеңберінде дамыса,, ал тележурналистиканың отандық урнал түрінде дамығаның ғылыми тұрығдан айқындалды.  Кеңестік тележурналистиканың басты міндеті – қоғамдық пікірді партияның саясатында белгіленген мақсаттар мен міндеттерге сәйкес қалыптасытур арқылы аудиторияға тұрақты ықпал ету болды. Сонымен бірге марксизм-ленинизм тұрғысынан қоғамдық өмірдің көкейтесті құбылыстарын түсіндіретін, бағалайтын шығармаларды жасау және тарату, сол заманның жанды тарихын жасау, қоғамдық сананы қалыптастыруға қатысу, көпшіліктің және жекелеген тұлғалардың тәжірибелік қызметін жандандыру, халыққа қоғамдық, экономикалық және мәдени өмірдің маңызды оқиғалары туралы хабарлап отру, тәрбие, ойын-сауық, оқыту құралы ретінде көпшілікке қызмет көрсетудің мәні дәйекетлді.  Ақапарат қызметінің пайда болу үрдісі барлық жергілікті студияларда бір үлгіде өтті. Ол республиканың қоғамдық өміріндегі жаңалықты қамтудан басталып, облыстар мен қалалардың актуальді оқиғалармен аяқталды. Жаңалықтар спорт жарыстарынан шағын сюжеттер ғана беріліп тұрды. Экраннан жастар аудиториясын толғантқан проблемалар, жұмысшылар өмірі, комсомол ұйымның жұмыстары сирек көрсетілді. Өмірдің сан-саласындағы көкейтесті тақырытарға теледидар әлі шынайы түрде тереңдеп бара алмады. Көрермендерді көп ұлтты кеңес әдебиетімен, өнерімен, класиктер шығармаларымен таныстыру, өнер адамдарының мерейтойлық шығармашылық портреттері, өмірбаяндық хабарлар, өнер шеберлерінің концерттері – көркемдік бағыттағы хабарлардың негізгі мазмұнын құрады. Балалар хабарлары жолындағы алғашқы ізденістер басталды. Сөйтіп, Алматы телестудиясының шығармашылық тобы сан бағыттағы беймәлім пішінермен бетпе-бет келіп, газет пен радионың бар мүмкіндігін экранға ыңғайлау жолындағы ізденістерін жылдар бедерінде ұштап отырды. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]