Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Хас.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
161 Кб
Скачать
☆

3. Диктор – сөз шебері немесе жүргізуші журналистке қойылатын талап

Диктор – бұл радионың немесе теледидардың өзіне ғана тән, дщүниеге оның өзімен бірге келіп, бірге жасасып келе жатқан басты тұлға, өнім дайындаушы редактор мен сол өнімді пайдаланушы тыңдаушының арасындағы дәнекер.

Дикторлар қызметте көбінесе екі бағытта – диктор-информатор және диктор-бастаушы болып пайдаланылады. Диктор-информаторға оқып беру тән болса, диктор-бастаушыға көрерменге, тыңдаушыға әңгімелеп беру немесе ауызекі сөйлегендей айтып беру лайық болады. Осыған орай, диктор-информатор жұмысының біршама жеңіл екендігін айтуға тиіспіз. Оған диктордың дауыс ырғағы, күштілеу дауыс әуені болса, информацияларды жақсы, анық әрі нақышына келтіріп оқып шығуға әдбен болады. Сөз жоқ, информацияларды, ресми документтерді оларға тән көтеріңкі үн ырғақты әрі сенімді дауыспен оқу керек.

№ 25 Емтихан билеті

1) Репортаждың өзіндік белгілері (радио және теледидарды салыстыра отырып)

Репортаждың өзіндік белгілері төмендегідей: Болған оқиғаны суреттеу

Оны репортердің өзінше айтып беруі

Баяндау тәсілдерінің динамикасы болуы

Дыбысты суретке ие болуы

Ал оның негізгі элементтері: Репортердің баяндау сөзі

Репортердің оқиғаға қатысушымен әңгімесі

Өтіп жатқан оқиғаның дыбыстың сипаттамасы.

Қай репортажда болса да кіріспе, негізгі әңгіме, қорытынды деген бөлімдері болады. Репортажды маман журналистің жүргізгені абзал. Негізгі әңгімеде әңгімеге көп уақыт бөлмеген дұрыс. Уақиғаға қатысы бар 1-2 адамды сөйлеткен дұрыс. Мұның өзі шарт. Репортаж дайындау кезінде дыбыстық эффект пайдаланудың пайдасы көп. Дыбыстық фонсыз пайдаланса репортаж қызықсыз. Оны пайдаланудың өзіндік орны бар. Орынды, орынсыз пайдалану хабардың мәнін төмендетеді. Дыбыстық фонд аса бір оқиға мәнін ашатын байланыс көзі.  Репортаждың түрлеріне тоқталатын болсақ. Тікелей репортаж – бұл мерекелі, салтанатты жиындарда

Диктор, актер, журналист жүргізушіге байланысты тіл қолданыстары Диктор – бұл радионың немесе теледидардың өзіне ғана тән, дщүниеге оның өзімен бірге келіп, бірге жасасып келе жатқан басты тұлға, өнім дайындаушы редактор мен сол өнімді пайдаланушы тыңдаушының арасындағы дәнекер.

2) Радиодағы дыбысталған сөздің сипаты

Радиожурналистика – дыбыстық коммуникация. Оның ерекшелігі дыбыстың табиғатымен, мүмкіндіктерімен және оны адамның психологиялық тұрғыдан қабылдауымен тікелей байланысты. Материалдың логикалық мазмұны, әдеби мәтін үзінділерінің ішкі тұтастығы, дәлелдер, пікірлер және дәйектерді келтіру жүйесі дыбысталған сөздің (ауызекі тілдің) заңдылықтары негізінде құрылуы тиіс.

Радиохабардың тиімділігі мен әсерлілігі хабарды ұйымдастыру барысында бейнелеу құралдарын жүйелі әрі сауатты түрде қолданумен тікелей байланысты. БАҚ-тың ықпалды әрі кең таралған қолайлы түрі – радио табиғатында тыңдаушылармен бейнелік немесе образдық қарым-қатынас жасауға негізделген, яғни дыбыс арқылы адамның елестету қабілетінің жұмыс белсенділігін арттырады.

Дыбыстық образ дегеніміз дыбыстық элементтердің жиынтығы (сөз, музыка, шулар). Адамның мінезі, тұрмыс-тіршілігі немесе хабарда әңгіме арқауы болатын нысаналар, өмірлік құбылыстар туралы дұрыс мазмұнда, әрі әсерлі етіп баяндау, яғни солардың бейнесін сөз арқылы сомдап, тыңдаушының көз алдына келтіру.

Радиохабардың өзіндік құралдарының ерекше табиғаты, олардың атқаратын қызметі және шығармашылық жұмыс барысында алар орнын дұрыс бағаламау үлкен келеңсіздіктерге апарып соғады. Радиожурналист сапалы, сауатты, тартымды хабар жасауы үшін, әрі өзінің шығармашылық мақсатына толық жетуі үшін бейнелеуші құралдарды өз идеясына бағындырып, өз орнымен тиімді түрде жүйелі етіп пайдалана білуі қажет. Бір сөзбен айтсақ сөз, шу, музыка – радиожурналистің негізгі құралдары.

Радионың бейнелеуші құралдары бір-бірімен тығыз байланысқан екі топқа бөлінеді:

Біріншісіне тұрақты, сандық өзгерістерге ұшырамайтын дыбыстық материалдар жатады: сөз, музыка, шулар (шынайы, өмірлік, студиялық) және студиядан тыс жазылған деректі жазбалар – бұлар табиғи немесе пішінтудырушы бейнелеуші құралдар;

Екіншісі – өзгеріске ұшырайтын, өзіңе қолайлы, әрі ыңғайлы етіп қолдануға болатын, радиожурналистің шығармашылық қажеттілігіне тәуелді техникалық немесе стильқалыптастырушы бейнелеуші құралдар, яғни монтаж және дыбысқұрастырудың техникалық тәсілдері.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]