- •1. Телерадио хабар жасау технологиясы
- •2. Телепублтцистиканың зерттелуі
- •3. Теледидар және кино өнері
- •1. Телерадиодағы тікелей эфир
- •2. Теледидардың ағартушылық функциясы
- •3. . Теледидардағы сценарий ұғымы.
- •1. Теледидардағы ақпараттық жанрлар
- •2. Теледидардың ерекшеліктері
- •3. Отандық телеарналардағы тікелей эфир ерекшеліктері («Қазақстан», «ктк» телеарналарын салыстыра отырып)
- •1. Тікелей репортаж. Жүргізуші шеберлігі (телерепортаждың өзіндік белгілері, эфир этикасы, дыбысталған сөздің сипаты)
- •2. Телерадиожурналист жұмысының негізгі әдістері
- •3. Теледидардағы жастар хабары
- •1. Теледидардың тілі мен стилі
- •2. Микрофон және оны меңгеру тәсілдері
- •14. Жанрдың түрлері, оның жаңа формалары
- •1. Алғашқы ұлттық хабарлар
- •3, Телерадиохабарларын жасаудың негізгі әдістері
- •7 Билет
- •8 Билет
- •9 Билет
- •1. Телерепортаж. Оның жанрлық ерекшелігі (бақ мысалында)
- •1. «Хабар» және Ресейдің «Первый канал» арнасындағы танымал журналистерінің шеберлігін салыстыру
- •2. Телепублицистиканың зерттелуі
- •3. Тікелей эфирге алдын-ала жасалатын даярлық
- •11Билет
- •1. Сөйлеу өнерін шешендік өнер дәстүрімен байыту әдістері
- •2. Теледидар құрылымы
- •3 Қоғамдық телевизияның қажеттілігі мен мүмкіншіліктері
- •12Билет
- •1. Теле-радио журналистиканың жанрлар мен пішіндер сипаты
- •2. Теледидардағы жастар хабары
- •3. Телебағдарламаларды редакциялаудың негіздері
- •13Билет
- •1. Теледидар бағдарламасын редакциялаудың ерекшеліктері
- •3. «Қазақстан» арнасындағы сөз еркіндігі және жариялылық проблемалары
- •14Билет
- •1. Бағдарлама дайындаудағы автор мен редактор қызметі
- •2. Телевидениенің дамуындағы жаңа бағыт.(бейнетелефон, бейнеконференция, көшедегі бейне көрсету, ауқымды телевидение, телеүндесу, фотобейнекамера, кабельді тележүйе)
- •3. Ақпараттық-публицистикалық хабарлардағы кадрде оқылудың түрлері (дикторлық, текстік, тезистік, импровизациялық)
- •15 Билет
- •1. Редакторлық зерттеу, теледидар бағдарламаларын әдеби редакциялау
- •2. Тікелей эфир мәтінін жазбаша әзірлеу – сөйлеу мәдениетін қалыптастырудың ең негізгі шарты
- •3. Телеарналардағы экономикалық хабарлардың маңызы мен берілу тәсілі
- •16 Билет
- •1. Ақпарат әлемі және жедеғабыл жаңалықтар желісі
- •2. Қазақ телевизиясындағы көркем публицистикалық хабарлардың қалыптасуы, даму ерекшеліктері
- •3. Ең елғашқы сценарий қалай пайда болды?
- •17Билет
- •Журналист және этика
- •2. Бақ. Тарихи-теорияның мәселелері
- •3. Фотосурет жанрының ерекшеліктері, түрлері оған қойылатын талаптар
- •18 Билет
- •2. Теледидардағы сұхбат түрлері (Сұхбат әңгіме,баспасөз мәслихаты,сұхбат суреттеу,сұхбат анкета,сұхбат портрет,брифинк)
- •3. «Қазақстан», «Хабар» телеарналарындағы патриоттық рухтағы хабарлардың маңызы
- •19Билет
- •1. Радиокорреспонденция
- •2. Көріністегі факті деген не
- •1,Музыка мен шулар.
- •2.Репортаждың өзіндік белгілері (радио және теледидарды салыстыра отырып)
- •3. Тікелей эфирді жүзеге асыру – күрделі шығармашылық-техникалық, әрі психологиялық құбылыс
- •Тікелей эфир кезінде репортердің басты міндеті
- •2. Репортаждың өзіндік белгілері (радио және теледидарды салыстыра отырып)
- •3. Тікелей эфирді жүзеге асыру – күрделі шығармашылық-техникалық, әрі психологиялық құбылыс
- •Телевизиялық журналистиканың құрылымдық сипаты мен бейнелеуші құралдары.
- •2) Ахмет Байтұрсыновтың тіл қисыны туралы қағидалары
- •3) Радиохабардың көңіл-күйге әсері және лиризм
- •1) С.Әшімбаевтың жүргізген хабарларының ерекшелігі
- •2) Теледидар және қоғам, теледидардың бұқаралық ақпарат құралдарындағы алатын орны теледидардың әлеуметтік эстетикалық міндеттері
- •1) Тілдік этикет оның бақ-тағы қолданысы
- •2. Сөйлеу тілі мен радио тілінің ерекшеліктері
- •3. Диктор – сөз шебері немесе жүргізуші журналистке қойылатын талап
- •1) Репортаждың өзіндік белгілері (радио және теледидарды салыстыра отырып)
- •2) Радиодағы дыбысталған сөздің сипаты
- •3. Тікелей эфирді жүзеге асыру тәртібі
3) Радиохабардың көңіл-күйге әсері және лиризм
Кідіріс пауза диктор,журналисттің,сөйлеушінің хабар барысында қажет болатын компоненттерінің бірі. Белгілі сөз сөйлемнен кейін кідіріс жасалып отырады. Бқл сөздің мағынасын оңтайлы түрде санада сініру үшін қажет. Яғни тыңдаушының ойлануына сөздің маңызын байыптануына мүмкіндік жасау. Радиохабарлардың көңіл-күйге әсері ен 1ші кезекте ескерілуі тиіс. Шу, музыка, екпін. интонация
№ 23 Емтихан билеті
1) С.Әшімбаевтың жүргізген хабарларының ерекшелігі
Қарымды телепублицист Сағат Әшімбаев жүргізген «Парыз бен қарыз» телехабарының теледидар тарихындағы орны ерекше. Қоғамдық сананың қалыптасып, ұйқыдағы ойдың оянуына, ұлттық сана-сезімнің сілкініске келуінде ағартушылық-философиялық мәндегі бұл хабардың көтерген жүгі салмақты еді. Ел көлеміндегі ақыл-ойдың қаймақтарын қатыстыра отырып, әлемдік деңгейдегі пікірлерді тоғыстырып, ұлттық мұрат-мақсаттарымызды саралап салмақтап, өрнекті пікірлер түйіндеді. «Парыз бен қарыз» сипаты жағынан ағартушылық, көтерген мәселесі жөнінен сынға құрылған проблемалық хабар. Материалды, деректерді жинақтап беруі жөнінен талдау мәнеріндегі философиялық толғаныс. Бұл кемшілікті тұтастай көру. Бюрократизмге көп болып қолдасып жасалған шабуыл. Халық қасіретін ұжымдық тұрғыдан айту.
Хабарға халқымыздың зиялы қауымы қатысып, елдің бүгіні мен болашағы жайында өзекті мәселелерді көтере, осы бағыттағы атқарылатын істерге ой тоқтатты. Студиядағы қонақтардың бәрінің де ой-пікірінде елдің бүгіні мен ертеңі жайлы толғамды ойлары қабаттаса өрбиді. Сағат Әшімбаев биік интеллектуалдық ойдың иелеріне сұрақ тастай отырып, өзі олардың жан дүниесін қоздата үрлеп, жан бітіре, экранда сөзден сурет сомдады. Талант пен биіктіктің астасқан тұсында автор әлемі өзгелермен біріге өріліп, сөз құдіреті санаға сілкініс әкелді. Автор жарыса жамыраған ойлар тізбегінің өн бойынан ең қажеттісі мен керектісін іріктей отырып, оны бірнеше суреткердің таным дүниесіне ендіре, олардың ақыл көрігінде суарып, көрерменге жұп-жұмыр сырлы дүние ұсынды.
2) Теледидар және қоғам, теледидардың бұқаралық ақпарат құралдарындағы алатын орны теледидардың әлеуметтік эстетикалық міндеттері
Қазіргі заманғы тележурналистикада әлеуметке ықпал ететін, көрермендерге бағыт-бағдар сілтейтін мүмкіндіктер жеткілікті. Теледидар бағдарламаларындағы ықшамдылық, өткірлік, айқындылық, маңыздылық – тележурналистикаға қойылар басты шарттар. «Қарапайым хабардың өзі телепублицистикалық үнмен естіледі, оқиғалық ақпарат қоғамдық пікірді қалыптастырады, информациялық заметка да публицистикада басқаша көрініспен танылады» [2], - дейді Е.Прохоров. Минут, сағат сайын сан саладан ағылып жатқан ақпарат тасқынында өткір де маңызды идеялар мен пікірлер жетерлік. Бізде хабар авторы елеулі проблеманы алып, соны экранға шығарғанымен де, оны тиімді, әсерлі жеткізу жолдарын іздестіре бермейді. Шағын сюжет не көлемді хабар болсын, онда тақырып өзекті, тосын, тың, маңызды болып, қоғамның мәнді проблемасын өзек етсе, әрі ол автордың тақырыпты жан-жақты аша білуімен іштей қабысса, көрермен де одан сырт қалмайды. Хабардың тақырыптық ауқымы мол, идеялық деңгейі биік, әлеуметтік философиялық мазмұны терең болуы шарт. Көркем жанрдың үлесі тек сыр шерту емес, сонымен қатар үлкен әлеуметтік, қоғамдық, тіпті бүкіл адамзаттық тақырып бойынша азаматтық үн көтеру, терең ой толғау, заман
кеселін қозғау болуы керек-ті. Теледидарда «барлаушыға тән – тапқырлық, ғалымға тән – тереңдік, білгірлік, күрескерге тән – табандылық, істі ақырына дейін апара білетін алғырлық, батылдық болуға тиіс» [2]. Автор мен редактор, жүргізуші мен режиссер-оператор түсірілмек тақырыпты егжей-
тегжейлі танымақ керек. Ал қолына микрофон ұстаған тележүргізуші байқау
да, байыбына бару да оңай, өтіп жатқан күнделікті өмір ғой деп ойлайды. Қазіргі заман оның кейіпін көріп, біліп қоюда ғана емес, ол ұшқыр қиялға нәр беретін, әр түрлі деректердің көзге көрінуге тиіс ішкі үндестігін тап басып тануда. Бүгінгі күннің тұтас көркем суретін көңілге таңбалау, оны ақыл-ой
қазанында қайнатып, экран көзіне лайықтап, шынайы картина дәрежесіне жеткізу үшін өмір тұнығына терең бойлау керек. «Сценарийде бейнелердің типтік мінездерін жасау кезінде автор өмір
шындығын бұрмаламай, кездейсоқ емес, шыншыл құбылыстарды көре білуі керек. Шеберлік, ең алдымен, осыдан басталады. Сценарийдегі нақты кейіпкерлер арқылы автор белгілі бір заманның, әлеуметтік ортаның жетекші ерекшеліктерін танытуы тиіс. Кейіпкерді өмірде кездесетін түрлі қиындықты жеңу үстінде көрсетсе, кей сәттерде өмірдің көлеңкелі жағын баса суреттеуге
жол беріп жатады. Өмір шындығы жаңа өмірді, жаңа көзқарасты, жаңа қарым-қатынасты орнықтыру тұрғысынан бейнеленеді» [3]. Теледидар бағдарламаларының тақырыбы жағынан өте ұнамды, ал
мазмұны жағынан көрермендерге мейлінше ұғынықты болуы – экран шарттылықтарының бірі. Тақырып өмірдің өзіндегі бар құбылыстар мен әрекеттерден туындайды. «Саяси мәні бар, кезеңқойып отырған міндеттерге жауап беретін, жұрттың назарын аударатын тақырыпты таңдай білу аса
қажетті шарт» [4], - дейді профессор Т.Амандосов. WWW.ENU.KZ
Эфирдегі телехабардың берер тағылымы мол. Ұлттық діл, ұлттық сезім, ұлттық рух, ұлттық тәрбие, ұлттық сана, ұлттық болмыс-бітім бойымызға ананың сүтімен, әженің тілімен, ата-бабамыздың салт-дәстүрімен қалыптасса, соны дүние жүзі халықтарына бар артықшылығымен танытуда
телеэкранның атқаратын қызметі ұшан-теңіз. Аға ұрпақтың өкілдері атасы мен әжесінің аңыз-ертегілерін тыңдап, олардың сөз саптау, ой құрау мәнерін көріп, таза қазақы ортада өсті. Ал
соңғы кездері ұлттық орта қалалық жерлерде жоқ деуге болады. Осы тұрғыдан, жас ұрпақтың мәңгүрттену бағдарының одан әрі жалғасуын тоқтату, оларды халқымыздың рухани дүниетаным негіздерінен ажырап қалмау ісінде ақпарат құралдарының, соның ішінде теледидардың атқарар рөлі зор. Теледидар кеше де, бүгін де шын мәніндегі «тәрбиешіге» айналып отыр. Тек жастарымыздың ғана емес, ол күллі елдің тәрбиешісі болуда. Ақпарат құралдары арқылы халық санасына кез келген идеяны сіңіруге болатындығы дүниежүзілік тәжірибеде толық дәлелденді. Демек, қазақ халқының ұлттық қайта жаңғыруы, оның бірігуі, ұйысуы, мемлекеттігін нығайтуы сияқты аса күрделі құбылыстар ақпарат құралдары арқылы жете түсіндірілгені орынды. Осы бағыттателедидарға жүктелер мәдени-рухани
шаралар ұшан-теңіз. Бүгінгі жас балдырған ертең еліміздің тұтқасын
ұстайтын азамат болады. Көгідір экран арқылы аудиторияға хабар таратудың маңыздылығы орасан
зор. Жаңа ақпарат ғасыры кезеңінде жоғары дәрежеде дамыған технологияның көмегімен, қоғамдық көңіл-күйде, қарқынды түрде эволюциялық үдеріс жүріп жатыр. Сондықтан теледидар табиғаты,
тележүргізушінің қызметі қандай деген мәселенің алдыңғы кезекке шығаруы заңды болып табылады. Жаңа ақпараттық ғасыр кезеңінде электрондық бұқаралық ақпарат құралдары көпшіліктің дүниетанымын, өзіндік көзқарасын қалыптастыруда ерекше белсенділік танытып отыр. Өйткені бүгінде әлем тез өзгеріп, тез жаңаруда. Адамзат өркениетінің әлемдік даму эволюциясы жеке адамның сезіміне ақпараттың барлық түрімен әсер етуде. «Теледидар өз бойына театр мен киноның, баспасөз бен радионың сан қырын тоғыстырған синкретті өнер түрі болғандықтан, оның табиғатының да
күрделілігі өз-өзінен айқындала түседі. Ол тележурналистиканың негізгі бейнелеу элементтері жанды көрініс пен дыбыс, мәнерлі сөз арқылы аудиториямен байланыс орнатады» [5]. Теледидарда көркемдік, публицистикалық сарын жалпы журналистиканың заңдылықтарынантуындайды. Телеэкрандағы хабарлардың көркемдік деңгейі, ішкі құрылымының қуаты, кіріспесөздерден бастап шарықтау шегіне, шешім табуына дейінгі сыңарлар әрбір бағдарламаның өн бойынан көрініп отыруы тиіс. Мысалы, теледидардың әдеби-драмалықхабарларында әдебиетке тән көркемдік тәсілдер барынша еркін сақталып қолданылады. Эфирдегі көрініспен қатар естілетін не сөйленетін сөздің дыбыс мүмкіндіктеріне, дауыс ырғағына қарай құбылып, әсер, ықпалының арта түсетінін ескерсек, қойылымдардағы әдіс, тәсілдер WWW.ENU.KZ сөздің реңін ашып, ойдың бейнелі түрдекөрермендерге эстетикалық ләззат беріп, құлақтан кіріп, санаға сіңіп қалатындай көркем дүниелер ұсынуына мүмкіндік туғызады. Хабарлар тілінің шұрайлылығы, онда троптардың
(эпитет, метафора, антитеза, теңеу, аллитерация, гипербола т.б) мол қолданылуы бір мезгілде көрермендердің санасына ғана емес, сезіміне де әсер етеді. Сондай-ақ теледидардың акустика мен бейнеге қатар ие екендігін ескерсек, хабардың көрерменді әсемдік әлемімен бірге тәрбиелік қасиеттерге үндейтіні ақиқат.
№ 24 Емтихан билеті
