Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Хас.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
161 Кб
Скачать
☆

9 Билет

1. Телерепортаж. Оның жанрлық ерекшелігі (бақ мысалында)

Телевидениенің табиғи қасиетін көрсететін жанр. Репортаж – тележурналистиканың кең тараған, ықпалды, көшбасшы жанры. «Репортаж» француз тілінен аударғанда «хабарлау» деген мағына береді.

Репортаж – тілші қатысушы немесе куәгер болатын оқиғаны газетке, радиоға, телевидениеге жылдам хабарлайтын журналистиканың жанры. Жаңалықтарды хабарлау басқа жанрлардың негізі болып есептелінеді. Бірақ репортажда тілшінің оқиғаны жеке қабылдауы, деректерді іріткеуі ақпараттық жанрдың оъектілігіне қарыс келмейтіндей алдыңғы қатарға шығады. Шын мәнінде, журналистиканың бар тарихы – шынайы өмірге жақындығын сипаттайтын, шынай болмысты табиғи дамуды көрсететін репортаждың пайда болуы мен дамуының ратихы.

Газет пен радиода репортер оқиғаны сөзбен сипаттайды, сол себепті газеттің және радиорепортердің шығармашлық қызметіндегі негізгі әрекет суреттемелік функциясы. Ал, телевидениеде барлығы басқаша: талекамераның өзі өмірді бақылайды; репортер оқиғаға көрермендердің көзімен қарайды. Суреттеме функциясын телекамераларға жүктелгендіктен, репортерге болып жатқан жағдайды әңгімелеу мен түсіндіру қалады.

Телерепортаж бір жағынан шынайы өмірді сол күйінде көрсетеді, яғни, мні бойынша объективті, шынайы болмысқа максималды түрдежақын болады. Екінші жағынан, репортердің субъективті қабылдауы алдыңғы қатарға шығады, көбінесе, журналист куәгер болады.

Эфирде берілу тәсілі бойынша репортаж тікелей және өңделген болып бөлінеді. Тікелей репортаж жылжымалы телевизиялық станцияның көмегімен әрекет бастаған кезеңнен бастап беріледі. Оқиғаны болған уақытында көрсетпей оның өңделуін қажет етеді. Өңдеу тәсілі бойынша репортаж бейне, кино, фоторепортаж болып бөлінеді.

Телерепортаждың дыбыспен қамтамасыз ету ерекшеліктері оның екі түрін айыруға мүмкіндік береді: синхрондық – қатысушылардың сөзі мен табиғи шу қатысуын репортаж, дыбассыз –оқиға жерінен дыбыспен қамтамасыз етпейді, бұл көбінесе, ресми хабарларда қолданылады.

Репортаджың типологиялық ерекшеліктеріне оның оқиғалық, тақырыптық, қойылымдық болып бөлінуі жатады. Бірінші жағдайда, оқиға шынайы көрсетіледі, репортер ақпаратты нақты әрі толығымен жеткізу керек.  Тақырыптық репортажда автор-журналист көрсетілім объектісін және онда тақырыпқа сәйкес болып жатқан оқиғаларды таңдайды. Қойылымдық репортажда журналист оқиғаның ұйымдастырушысы ретінде шығады. Мұндай ұйымдастыру қызық әрі пайдалы, кейде зиянды және кәсіби деңгейде болмауы мүмкін.

Репортаж – журналистиканың белсенді жанры болғандықтан баспасөз, радио, телевизия қандай да бір оқиғаны тілшінің көмегімен жеткізеді.

2. Радиодағы интерактивтілік байланыс деген жанр ма түр ме?

тікелей эфир пішіндерін былайша топтастыруға болады.

Кері байланыс – студиядағы жүргізуші мен телефон желісіндегі тыңдарманның тікелей эфирдегі әңгімесі, сұрақ-жауап түріндегі пікір алмасуы, сауалнамалық радиоойын. Бұл пішін психологиялық желіге құрылады. Өйткені, жүргізуші тыңдарман ойына барлау жасай отырып, өз ойын соған сәйкес сабақтауы керек. Және бастан-аяқ әуенмен әрленіп, сазбен көмкерілуі тиіс. Себебі, тыңдарман жүргізуші тастаған сауал төңірегінде ой қозғау үшін немесе ол қойған нақты сұраққа жауап беру үшін ойланып алуына уақыт қажет.

3. Әлемдік телевизия. Қазіргі үздік үрдістер

№ 10 Емтихан билеті

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]