- •1. Телерадио хабар жасау технологиясы
- •2. Телепублтцистиканың зерттелуі
- •3. Теледидар және кино өнері
- •1. Телерадиодағы тікелей эфир
- •2. Теледидардың ағартушылық функциясы
- •3. . Теледидардағы сценарий ұғымы.
- •1. Теледидардағы ақпараттық жанрлар
- •2. Теледидардың ерекшеліктері
- •3. Отандық телеарналардағы тікелей эфир ерекшеліктері («Қазақстан», «ктк» телеарналарын салыстыра отырып)
- •1. Тікелей репортаж. Жүргізуші шеберлігі (телерепортаждың өзіндік белгілері, эфир этикасы, дыбысталған сөздің сипаты)
- •2. Телерадиожурналист жұмысының негізгі әдістері
- •3. Теледидардағы жастар хабары
- •1. Теледидардың тілі мен стилі
- •2. Микрофон және оны меңгеру тәсілдері
- •14. Жанрдың түрлері, оның жаңа формалары
- •1. Алғашқы ұлттық хабарлар
- •3, Телерадиохабарларын жасаудың негізгі әдістері
- •7 Билет
- •8 Билет
- •9 Билет
- •1. Телерепортаж. Оның жанрлық ерекшелігі (бақ мысалында)
- •1. «Хабар» және Ресейдің «Первый канал» арнасындағы танымал журналистерінің шеберлігін салыстыру
- •2. Телепублицистиканың зерттелуі
- •3. Тікелей эфирге алдын-ала жасалатын даярлық
- •11Билет
- •1. Сөйлеу өнерін шешендік өнер дәстүрімен байыту әдістері
- •2. Теледидар құрылымы
- •3 Қоғамдық телевизияның қажеттілігі мен мүмкіншіліктері
- •12Билет
- •1. Теле-радио журналистиканың жанрлар мен пішіндер сипаты
- •2. Теледидардағы жастар хабары
- •3. Телебағдарламаларды редакциялаудың негіздері
- •13Билет
- •1. Теледидар бағдарламасын редакциялаудың ерекшеліктері
- •3. «Қазақстан» арнасындағы сөз еркіндігі және жариялылық проблемалары
- •14Билет
- •1. Бағдарлама дайындаудағы автор мен редактор қызметі
- •2. Телевидениенің дамуындағы жаңа бағыт.(бейнетелефон, бейнеконференция, көшедегі бейне көрсету, ауқымды телевидение, телеүндесу, фотобейнекамера, кабельді тележүйе)
- •3. Ақпараттық-публицистикалық хабарлардағы кадрде оқылудың түрлері (дикторлық, текстік, тезистік, импровизациялық)
- •15 Билет
- •1. Редакторлық зерттеу, теледидар бағдарламаларын әдеби редакциялау
- •2. Тікелей эфир мәтінін жазбаша әзірлеу – сөйлеу мәдениетін қалыптастырудың ең негізгі шарты
- •3. Телеарналардағы экономикалық хабарлардың маңызы мен берілу тәсілі
- •16 Билет
- •1. Ақпарат әлемі және жедеғабыл жаңалықтар желісі
- •2. Қазақ телевизиясындағы көркем публицистикалық хабарлардың қалыптасуы, даму ерекшеліктері
- •3. Ең елғашқы сценарий қалай пайда болды?
- •17Билет
- •Журналист және этика
- •2. Бақ. Тарихи-теорияның мәселелері
- •3. Фотосурет жанрының ерекшеліктері, түрлері оған қойылатын талаптар
- •18 Билет
- •2. Теледидардағы сұхбат түрлері (Сұхбат әңгіме,баспасөз мәслихаты,сұхбат суреттеу,сұхбат анкета,сұхбат портрет,брифинк)
- •3. «Қазақстан», «Хабар» телеарналарындағы патриоттық рухтағы хабарлардың маңызы
- •19Билет
- •1. Радиокорреспонденция
- •2. Көріністегі факті деген не
- •1,Музыка мен шулар.
- •2.Репортаждың өзіндік белгілері (радио және теледидарды салыстыра отырып)
- •3. Тікелей эфирді жүзеге асыру – күрделі шығармашылық-техникалық, әрі психологиялық құбылыс
- •Тікелей эфир кезінде репортердің басты міндеті
- •2. Репортаждың өзіндік белгілері (радио және теледидарды салыстыра отырып)
- •3. Тікелей эфирді жүзеге асыру – күрделі шығармашылық-техникалық, әрі психологиялық құбылыс
- •Телевизиялық журналистиканың құрылымдық сипаты мен бейнелеуші құралдары.
- •2) Ахмет Байтұрсыновтың тіл қисыны туралы қағидалары
- •3) Радиохабардың көңіл-күйге әсері және лиризм
- •1) С.Әшімбаевтың жүргізген хабарларының ерекшелігі
- •2) Теледидар және қоғам, теледидардың бұқаралық ақпарат құралдарындағы алатын орны теледидардың әлеуметтік эстетикалық міндеттері
- •1) Тілдік этикет оның бақ-тағы қолданысы
- •2. Сөйлеу тілі мен радио тілінің ерекшеліктері
- •3. Диктор – сөз шебері немесе жүргізуші журналистке қойылатын талап
- •1) Репортаждың өзіндік белгілері (радио және теледидарды салыстыра отырып)
- •2) Радиодағы дыбысталған сөздің сипаты
- •3. Тікелей эфирді жүзеге асыру тәртібі
2. Бақ. Тарихи-теорияның мәселелері
3. Фотосурет жанрының ерекшеліктері, түрлері оған қойылатын талаптар
Фотожурналистика басқа фотографиялық өнерге қарағанда күнделікті өмірде біз байқамайтын шынайылықты көрсетуге көбірек бағытталған. Дұрыс түсірілген сурет мәтіннен гөрі бәрін нақтылап айқындап береді. Себебі фотожурналистика - сөйлеп тұратын жанр. Фотожурналисттің объекті тек адамдар ғана емес, саяси толқулар мен көтерілістерден ғана да құралмайды; сурет арқылы әртүрлі кадрларды көрсетуге болады, идеясы сақталса болғаны.
Фотокорреспонденттің міндеті - оқиғаны дұрыс түсіну, көру, түймедей нәрсені түйедей қылмай, фактыны нақты көрсетіп, көрерменді толғандыру. Жақсы фотография визуалды түрде оқылуы тиіс. Сөзсіз, көріп - түсіну. Оны жоққа шығармау керек, алайда, репортаж жанры ашық, толыққанды пікірді талап етеді, яғни бейнеге байланысты ақпарат жазылып, оған қосымша «жүк» артылады.
Көрермен материалды оқып, сурет арқылы толық оқиғаны көріп тұрады, яғни мәтін суреттің шекарасын кеңейтеді. Таң қаларлық бір фотографиядан гөрі пікір мен көзқарастар бар фотоның эффектісі көбірек болады, себебі қиын жағдайды түсіндіретін мәтін бейненің мәнін ашады. Сонымен қатар, мәтінсіз «айқайлап тұрған» фото көрерменде психологиялық қорғанысты - қабылдамауды - қоздыруы мүмкін. Ал бейтарап ақпарат максималды түрде дұрыс нәтиже беруі қажет.
18 Билет
1. Сценарийлік жобаға жан бітіру әдістері Сценарий - әдеби кез-келген хабардың негізгі және алғы шарты. Сценарий бойынша хабар барысында көрсетілген көрініс қатары, немесе хабардың мазмұны беріледі. Сценарий негізінен театрдан пайда болады. Театр XVI-XVII ғ.ғ. пайда болып “сценариус” деп аталатын бөлігі болған. Содан бастап дамыған “сценариус” – шекспирдің заманында (XVII ғ.) қызметкер болған. Ол әр түрлі актердің міндеттерін көрсеткен, яғни көрініс кезінде оқып, айтатын болған, оны “сценарий” деп атаған. 1. Хабардың шақыру белгісі, оның алуан түрлі пішіндері: а) музыкалық шақыру белгісі; ә) арнайы мәтін жазылған шақыру белгісі; б) ресми атауын айтып хабарды бастау; в) әуенмен айтылатын шақыру белгісі. 2. Тыңдарман назарын аударатын радиороликтер: а) журналист жазған мәтіннің дыбысталуы; ә) оны компьютерлік технологияның көмегімен өңдеу және қосалқы дыбыстар арқылы айшықтау. Сценарийлік жобаға жан бітірудің бүгінгі таңдағы қолданыс аясында кездесетін басқа да әдістері және бұл іспен шұғылданатын маман – дыбыс көркем деушісі туралы айтылады.
2. Теледидардағы сұхбат түрлері (Сұхбат әңгіме,баспасөз мәслихаты,сұхбат суреттеу,сұхбат анкета,сұхбат портрет,брифинк)
Сұхбат – публицистикалық жанр, журналистің бір немесе бірнеше тұлғамен әңгімесі. Егер сөздердің семантикасына назар аударатын болсақ, «inter» - өзара қатынасты бағыттас деген мағынаны берсе, «view» сөзінің мағынасы – «көзқарас», «пікір» дегенді білдіреді. Демек, сұхбат – көзқарас, дерек, ақпарат алмасу. Жанрлардың құрылуы кезінде, яғни белгілі бір жанрға жатқызу үшін публикациялардың болашақ сипат алуымен жанр аттарын айыра білу кезек. Публикациялардың әлі де жанрлық анықтама алмаған жаңа тобының қатаң принциптік негізі жоқ және белгілі заңдылыққа сүйенбейді. Сұхбат журналистиканың бір жанры деп қарамас бұрын, алдымен оның даму тарихына толықталған жөн.
Баспасөз мәслихаты — әдетте, ресми органдардың, қоғамдық ұйымдардың, саяси партиялардың, жеке қайраткерлердің белгілі бір мәселеге байланысты өздерінің көзқарасын, пікірлерін жария ету үшін ұйымдастыратын аудиториялық жиыны. Көтерілер мәселе бойынша тиісті орынның баспасөз хатшылығы журналистерге пресс-релиз (мәслихаттың тақырыптық мазмұндамасы) таратады. Баспасөз мәслихаты жиынды ұйымдастырушы жақтың қысқаша сөзімен ашылады. Одан кейін сұрақ-жауап түріне көшеді. Баспасөз мәслихаты пішімі жағынан сұхбат жанрына ұқсас болғанымен, мұндай жиыннан журналистер, көбінесе, қысқаша немесе кеңейтілген есеп жазады. Көтерілген мәселе туралы есепке журналист өзінің түсіндірмесі мен көзқарасын да қосып отырады
Егер адамнан ақпарат алумен шектелмей, сол кісі туралы айтқың келсе, сұхбат-портрет жанрында жазу керек.
Публицистикалық сұхбатты даярлауда редактор сұхбаттасушымен жұмыс жасайды. Сұхбат жанрының қиындығы мен сонылығы редактордан үлкен жауапкершілікті талап етеді.
Сұхбаттың мақсатына байланысты редакторға (автормен бірге) сұхбаттасушы қоғамдық пікірді жеткізуші, талқыланатын белгілі бір мәселе бойынша жаңа мағлұматтар беретін адам бола ала ма, көрерменнің қызығушылығын туғыза ала ма деген сұрақтарға жауап беру керек. Болашақ әңгімелесушіні тану, бағдарламаға дайындалуға, нақты сұрақтарды анықтауға толық мүмкіншілік жасайды.
Ақпараттық сұхбат ықшамды және нақты болғаны жөн. Ол үшін репортер алдын-ала сұхбаттасушыдан еститінін анықтап алған абзал. Журналисттің сөзі мен сұхбаттасушының сөзі соқтығыспауы керек. Көрермен тілшімен таныспай тұрып сөзді естімеуі керек. Тілші әңгімелеушінің қысқа да нұсқа сөйлеуін қадағалаған жөн. ңгіме-сұхбат арқылы тәрбиеліліктің кейбір көрсеткіштерін келтіруге болады. Әңгіме-сұхбат жеке-жеке әрбір оқушымен,сондай-ақ топпен де жүргізіледі. Әңгіме-сұхбатта жанама,тура, ашық және жабық сұрақтарды қолдануы мүмкін. Тура сұрақтар керек құбылыстарды айқындауға тікелей бағытталады. Жанама сұрақтар керек құбылыстардың жанама түрде айқындайтын фактілерді анықтауға бағытталады. Ашық сұрақтар ерікті жауапты керек етеді. Жабық сұрақтарда жауаптардың бірнеше варианттары болуы мүмкін, олардың арасынан ең лайықты дегенін таңдап алу керек.
Әңгіме-сұхбат өткізу үшін ең алдымен сұрақтардың тізімін жасап алу керек, ол сұрақтар жүйелілікте орналасуы керек, сондай-ақ олар зерттеушінің алдына қойған мақсаттары мен міндеттеріне сай болуы қажет.
Сырттай сұхбат – анкета, ол өз бетінше толтырылады. Ауызша сұхбат психологиялық зерттеулер үшін дәстүрлі әдіс болып табылады. Оны түрлі ғылыми метептер мен бағыттардың психологтары ертеден бері пайдаланып келді. Бірақ сұхбаттасуға алғашкы ақпаратты жинау әдісі ретінде біршама шектеулік тән. Психологиялық зерттеулерде сұхбаттасуды қолданудың аясы жан–жақты:
- зерттеушілердің алғашқы кезеңдерінде бақылау жоспарымен жұмыс істеу үрдісінде тек қана сұхбаттасу пайдаланылады. Сұхбаттасу мәліметтерінің көмегімен зерттеу проблемасы бойынша өзгерістер анықталады, жұмыс гипотезасы ұсынылады;
- сұхбаттасу басқа әдістердің көмегімен алынған мәліметтерді анықтау, кеңейту және бақылау үшін қызмет етеді. Сұхбаттасудың екі түрі кездеседі: қалыпты және қалыптан тыс.
Қалыптан сұхбаттасуда қойылатын сұрақтар және олардың бірізділігі алдын ала анықталып, барлық жауап берушілерге мазмұны бірдей болады. Зерттеушіге кейбір сұрақтардың мазмұнын өзгертуге немесе жаңа сұрақтар енгізуге, сұрақ беру тәртібін өзгертуге болмайды.
Брифинк-бір сұрақты қарастыру мақсатында өтетін кішігірім конференция
