Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Хас.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
161 Кб
Скачать
☆

1. Алғашқы ұлттық хабарлар

Тележурналистер кезеңге сай өз хабарларында экономика мен өндіріске ғылыми басшылық жасауға батылдық әрі тереңірек үңіле бастады. Себебі уақыт сұранысына ора «Еңбек экраны», «Алматы және алматылықтар», «Уақыт және стиль», «Жаныңда жүр жақсы адам» т.б. хабарлар көрермендер тарапынан жыл қабылданды. 

Ән туралы әнгімелер.

Телевидение саласындағы тікелей эфир хабарының орны мен рөлі ерекше. Отандық телеарналардың барлығында дерлік тікелей эирде тарайтын хабарлар бар. Бірақ осы қорғау жұмысында біз көпшілік арасында зор беделге ие, бұқараның басым бөлігі көретін «Хабар» арнасындағы «Бетпе-бет» бағдарламасын, «Қазақстан» ұлттық телеарнасындағы «Оян, қазақ» ақпараттық, сазды-сауық бағдарламасын, «31 арнадағы» «Дода» қоғамдық-саяси ток-шоуын және «Қазақстан-Өскемен» телеарнасындағы «Таң жарық», «Кеш жарық» интерактивті ойын-сауық бағдарламаларын мысалға ала отырып, талдауды жөн көрдік.

Зерттеудің дереккөздері: Телевидение саласына қалам тербеп жүрген зерттеушілер некен-саяқ. Бітіру жұмысын жазу барысында біз Қ.Тұрсын мен Ж.Нұсқабайұлының «Теледидар сөздігі-тележурналист анықтамалығы» оқу құралынан, Қ.Тұрсынның «Көгілдір экран құпиясы», кітабінан және Ж.Әбдіжәділқызының «Тікелей эфир ерекшеліктері» кітабінан қажет ақпараттарды алынған. Телеарналардан шығып жатқан жаңа жобалар мен бағдарламаларға бей-жай қарамайтын «Қазақ әдебиеті» газетінің 2001-2003 жылдар аралығындағы сандарының да көмегі көп тиді. Сондай-ақ, зерттеу жұмысымыз тікелей теледидарға қатысты болғандықтан «Қазақстан» ұлттық телеарнасы, «Хабар» агенттігі, Шығыс Қазақстан облыстық телеарналарының мұрағаттарынан да қажет материалдар табылған.

2. 70-80 жылдардағы Қазақ телевизиясындағы телепублицистика

Өткен ғасырдың 70 жылдарында Кеңес елінде көсемсөз туралы пікірталас қызу өрбіді. «Вопросы литературы» журналының 1970 жылғы жетінші санында «Публицистика - әдебиеттің алғы шебі» деген тақырыпта пікірталасқа қатысушылар ой-тұжырымдары оқырман талқысына салынды. Бұл мәселеге аталған басылым 1973 жылғы 10-санында «Публицистика және қазіргі заман» деген тақырыппен қайта айналып соқты. Екі санында да, тоқ етерін айтсақ, басылым жарияланымдарының ортақ тұжырымы публицистика әдебиеттің жауынгер жанры дегенге келіп саяды. Орыс зерттеушілерінің осы тұжырымы әсер еткен болуы керек 1976 жылы жарық көрген Қазақ совет энциклопедиясының 9-томында ұлттық журналистика ұстазы Т.Амандосов пен белгілі ғалым Ә.Жұмабаев көсем сөзге мынадай анықтама берген: «Публицистика - өмірдің әлеуметтік, экономикалық, өндірістік, ғылыми және басқа да рухани құбылыстарын, өмірдің фактілерн өзіне арқау ететін әдеби жанр». Көсемсөзді жанр ретінде қарастырушы зерттеушілер пікірімен белгілі ғалым Т.Қожакеевтің де көзқарасы сәйкес келеді: «Публицистика нақтылы өмірден орын алып отырған мәнді оқиға – фактілер төңірегіндегі пікірді қозғап, сол туралы дұрыс ұғым қалыптастыруға ықпал жасайды,- деп жазды профессор. Яғни, публицистика –фактінің, нақты оқиғаның жанры». Зерттеуші Т.Ыдырысов көсемсөз жайлы мынадай пікір білдіреді: «Публицистика – жазушы мен журналистің әлеуметтік пікір айтуы, күнделікті өмірге, әр қилы қоғамдық шабытпен терең ой топтап, жұртшылықты белгілі бір оқиғаға, құбылысқа ерте, еліктіре білуі. Екінші сөзбен айтқанда, публицистика дегеніміз – саяси-көркем прозы, қаламгердің әлеуметтік мәселелерді толғауы». Публицистиканы әдебиетпен қоса журналистиканың саласы ретінде қарастырушылар да бар. «Әдебиеттану терминдерінің сөздігінде» орын тапқан мақаласында С.Байменов мынандай пікір білдіреді: «Көсемсөз – әдебиет пен журналистиканың қоғамдағы көкейкесті, өткір мәселелерді қозғайтын саласы»,- деп жазды ол.  Ал, «Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары» деген тақырыпта зерттеу жүргізген ғалым Бауыржан Жақып дәл осы аттас кітабында публицистика мен журналистиканың аражігін бірнеше қырынан аша келе, нақты мынадай тұжырымға тоқталады: «Журналистика – белгілі бір қызмет саласы және әсер ету сферасы, түрлі бұқаралық ақпарат құралдарын, ұйымдар мен мекемелердің басын құрайтын белгілі бір аппарат, әлеуметтік институт. Ал публицистика – белгілі бір нысаны, орны, функциясы, мазмұны, құрылымы мен пішіні бар, белгілі бір жанрлар жүйесі бар және қоғам мүшелеріне әсер ету тәсілдері бар тұтас шығармашылық түрі». Байқап отырғандығымыздай, публицистика туралы осындай алуан түрлі түсінік бар. Оның олай болатын себебі де жоқ емес. Публицистика қоғамдық ойдың қозғаушы күші және қоғамдық өмір шындығының сырлы шежіресі болғандықтан ол туралы толыққанды зерртеу жүргізу кешегі кеңестік тоталитарлық қоғамда мүмкін болмады. Олай еткен күнде қоғам шындығы ашылып қалатын болды. Сол себепті публицистика зерттеушілеріне қатаң партиялық бақылау аясынан шықпай ой түйіндеулеріне тура келді. Публицистикатану ғылымының кенже дамып келе жатқанының негізгі себебі де содан деп білеміз.  Еліміздің егемендік алып, нарықтық экономикаға негізделген демократиялық қоғам орнату бағытындағы даму жолымызды айқындаған бүгінгі заманда публицистикаға объективті тұрғыдан толыққанды зерттеу жүргізуге мүмкіндік тууда. Публицистиканың бір саласы саналатын телепублицистиканың қоғамдағы рөлі орасан зор. Ол кез келген мәселеге қоғамдық пікір қалыптастыру арқылы қоғамдық санаға ықпал жасайды. Әрине, қоғамдық санаға публицистикадан өзге де өнер түрлері, атап айтқанда, театр өнері, кино өнері, айтыс өнері, сонымен бірге тәлім-тәрбие ошақтары, әлеуметтік орта, табиғат құбылыстары әсер ететнін жоққа шығармаймыз. Дегенмен қалың бұқараға қаратып айтылатын, көтерілген мәселе туралы пікірді иландырып, ұйытып, әсерлі жеткізетін телепублицистиканың орны ерекше екенін айрықша еске саламыз. Ал өз кезегінде қоғамдық сана сол замандағы қоғам субъектілерін ырқында ұстайтынын өмір дәлелдеумен келеді.  Телепублицистика өз тұсындағы әлеуметтік, қоғамдық, саяси мәні бар, өзекті мәселелерді көтереді. Ол бұқараға сол күнгі, сол кезеңдегі басты міндеттерді аңғартады. Өмір-тіршіліктегі болмыс-құбылыстардың сыр-сипат, мән-жайын түсіндіріп, сол жөнінде телехабарлар не болмаса телебағдарламалар арқылы жұртшылық пікірін қалыптастырады. Телепублицистиканың қоғамдағы рөлі орасан зор. Ол кез-келген мәселеге қоғамдық пікір қалыптастыру арқылы қоғамдық санаға ықпал жасайды. Әрине, қоғамдық санаға телепублицистикадан өзге де өнер түрлері, атап айтқанда, театр өнері, кино өнері, айтыс өнері т.б., сонымен бірге тәлім-тәрбие ошақтары, әлеуметтік орта, табиғат құбылыстары т.б. әсер ететінін жоққа шығармаймыз. Дегенмен, қалың бұқараға қаратып айтылатын, көтерілген мәселе туралы пікірді иландырып, ұйытып, әсерлі жеткізетін телепублицистиканың орны ерекше екені даусыз. Алғашқыда телеэкрандағы хабарларды журнал, лекция, хабар, әдеби хабар, әңгіме, сөз, концерт, мультфильм, фото және кинорепортаж, киноочерк, киножурнал, мақала, деректі, ғылми фильм, спектакль, телеқойылым, концерттік трансляция бағытындағы пішіндер мен жанрлар құрады. Келе-келе бұл пішіндер мен жанрлар көрермендер арасында танымалдыққа ие болды. Егер радиожурналистиканың алғашқы кеңестік әрі қазақстандық жанрлары радиогазет шеңберінде дамыса,, ал тележурналистиканың отандық урнал түрінде дамығаның ғылыми тұрығдан айқындалды. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]