Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Хас.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
161 Кб
Скачать
☆

3. Ең елғашқы сценарий қалай пайда болды?

Сценарий - әдеби кез-келген хабардың негізгі және алғы шарты. Сценарий бойынша хабар барысында көрсетілген көрініс қатары, немесе хабардың мазмұны беріледі. Сценарий негізінен театрдан пайда болады. Театр XVI-XVII ғ.ғ. пайда болып “сценариус” деп аталатын бөлігі болған. Содан бастап дамыған “сценариус” – шекспирдің заманында (XVII ғ.) қызметкер болған. Ол әр түрлі актердің міндеттерін көрсеткен, яғни көрініс кезінде оқып, айтатын болған, оны “сценарий” деп атаған. жұмыс сценарий әдеби, 2. экспикация, 3. дыбыс режиссерлік сценари. Кез-келген сценариді дайындаған автор. Ол ереже бойынша 6 дана басылып таратады.

1 дана архивқа кетеді. 2. редакторға  3. жүргізушіге 4. режиссерге 5. дыбыс режиссерге  6. суретшіге  Режиссерге берілетін сценарийдің негізінде экспликация дайындалады. Экспликация – көріністің реті. Ірі план, орта, жалпы пландардың реті. Телеоператор көрніс қатарын көрсетіледі. Хабар әр минутында не берілуі осы экспликацияда айқындалады. 

17Билет

  1. Журналист және этика

  2. Журналист – ашық қоғамның, әділеттіктің салтанат құруының тілеулесі әрі халық мүддесінің жанашыры. Сондықтан да олар қоғамдық ортада ерекше ілтипат пен зор құрметке қашанда лайық. Публицистің абырой-атағын жоғары ұстау, оған кір келтірмеу әрбір журналистің кәсіби парызы және этикалық нормасы болуы тиіс.

  3. Журналист сөзімен де, өзімен өзгеге үлгі боларлықтай ғылыми-теориялық білімі терең, батыл да принципшіл, кішіпейіл әрі ашық мінезді иманды адам болуы міндетті. Сонымен қатар оған жазу мәдениетін толық игерген жоғары сауаттылық пен тума таланттылық, асқан дарындылық та өте қажет. Осы қасиеттер арқылы белгілі бір журналистің қоғамдық-саяси ахуалға деген ұстанымы мен көзқарасы, моральдық-этикалық тәлім-тәрбиесінің деңгейі анықталады.

  4. Этика – адамгершілік пен мораль туралы теориялық заңдар мен тәжірибелік талап-тілектерді зерттеп, қалыптастыратын ғылым саласы. Яғни, адамдардың қоғамдағы өмір сүру нормалары мен бір-бірімен қарым-қатынасы жайлы ұғымды танытады. Еңбек сүйгіштік, адалдық, достық, сыйластық, сыпайылық, өзіңді-өзің дұрыс ұстай білу, жақсы мінез – осының бәрі этика қағидаларын анықтайды. Сөйтіп, этика жалпы алғанда адамгершілік міндеттерге бағынады. Этика саналы адам болуды қалайды. Демек, журналист те осындай қасиеттерге ие болу керек екені түсінікті. Өйткені журналистің кәсіби мамандығы мұндай қасиеттерсіз табысқа жетуі қиын. Этикалық нормалалардың заңда жасалмаған тұстарын журналист өз ақылымен, сана-сезіммен ұғып, білуге тиіс. Ол адамгершілік идеал мен азаматтық парыздан туындайды.

  5. Этика термині ежелгі гректің ethos (этос) деген сөзден пайда болған. Алғашқыда бұл сөз мекен ету орта, үй, жануарлар апаны, құс ұяшығы деген мағынаны білдіреді. Кейіннен бұл сөз әдет-ғұрып, салт-сананы, мінез-құлықты білдіретін сөзге айналды. Бұл «этос» сөзінен ұлы Аристотель «этикалық» деген түбірге қосымша енгізіп, адамзаттың ерекше қасиеттерін анықтайды. Білім алудың ерекше түрі ретінде Аристотель ғылымға «этика» саласын енгізді. Этикалық қасиетті кейде рухани қасиетке жатқызады. Адамдарда рухани және этикалық қасиеттерде айырмашылықтар бар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]