- •1. Телерадио хабар жасау технологиясы
- •2. Телепублтцистиканың зерттелуі
- •3. Теледидар және кино өнері
- •1. Телерадиодағы тікелей эфир
- •2. Теледидардың ағартушылық функциясы
- •3. . Теледидардағы сценарий ұғымы.
- •1. Теледидардағы ақпараттық жанрлар
- •2. Теледидардың ерекшеліктері
- •3. Отандық телеарналардағы тікелей эфир ерекшеліктері («Қазақстан», «ктк» телеарналарын салыстыра отырып)
- •1. Тікелей репортаж. Жүргізуші шеберлігі (телерепортаждың өзіндік белгілері, эфир этикасы, дыбысталған сөздің сипаты)
- •2. Телерадиожурналист жұмысының негізгі әдістері
- •3. Теледидардағы жастар хабары
- •1. Теледидардың тілі мен стилі
- •2. Микрофон және оны меңгеру тәсілдері
- •14. Жанрдың түрлері, оның жаңа формалары
- •1. Алғашқы ұлттық хабарлар
- •3, Телерадиохабарларын жасаудың негізгі әдістері
- •7 Билет
- •8 Билет
- •9 Билет
- •1. Телерепортаж. Оның жанрлық ерекшелігі (бақ мысалында)
- •1. «Хабар» және Ресейдің «Первый канал» арнасындағы танымал журналистерінің шеберлігін салыстыру
- •2. Телепублицистиканың зерттелуі
- •3. Тікелей эфирге алдын-ала жасалатын даярлық
- •11Билет
- •1. Сөйлеу өнерін шешендік өнер дәстүрімен байыту әдістері
- •2. Теледидар құрылымы
- •3 Қоғамдық телевизияның қажеттілігі мен мүмкіншіліктері
- •12Билет
- •1. Теле-радио журналистиканың жанрлар мен пішіндер сипаты
- •2. Теледидардағы жастар хабары
- •3. Телебағдарламаларды редакциялаудың негіздері
- •13Билет
- •1. Теледидар бағдарламасын редакциялаудың ерекшеліктері
- •3. «Қазақстан» арнасындағы сөз еркіндігі және жариялылық проблемалары
- •14Билет
- •1. Бағдарлама дайындаудағы автор мен редактор қызметі
- •2. Телевидениенің дамуындағы жаңа бағыт.(бейнетелефон, бейнеконференция, көшедегі бейне көрсету, ауқымды телевидение, телеүндесу, фотобейнекамера, кабельді тележүйе)
- •3. Ақпараттық-публицистикалық хабарлардағы кадрде оқылудың түрлері (дикторлық, текстік, тезистік, импровизациялық)
- •15 Билет
- •1. Редакторлық зерттеу, теледидар бағдарламаларын әдеби редакциялау
- •2. Тікелей эфир мәтінін жазбаша әзірлеу – сөйлеу мәдениетін қалыптастырудың ең негізгі шарты
- •3. Телеарналардағы экономикалық хабарлардың маңызы мен берілу тәсілі
- •16 Билет
- •1. Ақпарат әлемі және жедеғабыл жаңалықтар желісі
- •2. Қазақ телевизиясындағы көркем публицистикалық хабарлардың қалыптасуы, даму ерекшеліктері
- •3. Ең елғашқы сценарий қалай пайда болды?
- •17Билет
- •Журналист және этика
- •2. Бақ. Тарихи-теорияның мәселелері
- •3. Фотосурет жанрының ерекшеліктері, түрлері оған қойылатын талаптар
- •18 Билет
- •2. Теледидардағы сұхбат түрлері (Сұхбат әңгіме,баспасөз мәслихаты,сұхбат суреттеу,сұхбат анкета,сұхбат портрет,брифинк)
- •3. «Қазақстан», «Хабар» телеарналарындағы патриоттық рухтағы хабарлардың маңызы
- •19Билет
- •1. Радиокорреспонденция
- •2. Көріністегі факті деген не
- •1,Музыка мен шулар.
- •2.Репортаждың өзіндік белгілері (радио және теледидарды салыстыра отырып)
- •3. Тікелей эфирді жүзеге асыру – күрделі шығармашылық-техникалық, әрі психологиялық құбылыс
- •Тікелей эфир кезінде репортердің басты міндеті
- •2. Репортаждың өзіндік белгілері (радио және теледидарды салыстыра отырып)
- •3. Тікелей эфирді жүзеге асыру – күрделі шығармашылық-техникалық, әрі психологиялық құбылыс
- •Телевизиялық журналистиканың құрылымдық сипаты мен бейнелеуші құралдары.
- •2) Ахмет Байтұрсыновтың тіл қисыны туралы қағидалары
- •3) Радиохабардың көңіл-күйге әсері және лиризм
- •1) С.Әшімбаевтың жүргізген хабарларының ерекшелігі
- •2) Теледидар және қоғам, теледидардың бұқаралық ақпарат құралдарындағы алатын орны теледидардың әлеуметтік эстетикалық міндеттері
- •1) Тілдік этикет оның бақ-тағы қолданысы
- •2. Сөйлеу тілі мен радио тілінің ерекшеліктері
- •3. Диктор – сөз шебері немесе жүргізуші журналистке қойылатын талап
- •1) Репортаждың өзіндік белгілері (радио және теледидарды салыстыра отырып)
- •2) Радиодағы дыбысталған сөздің сипаты
- •3. Тікелей эфирді жүзеге асыру тәртібі
2. Теледидар құрылымы
Теледидар – бұқаралық ақпарат құралдары жүйесіндегі ең әсерлі де ең өткір ақпарат құралы. Телевизияның жаппай өрістей бастағанда, 1962 жылы американдық ғалым Маршал Маклюен оның мүмкіндігін бағалай келе, «енді кітап және өзге де баспасөз құралдарын басу ісі келмеске кетті, оның орнын визуалдық ақпарат құралы – телевизия басты» деген екен. Маклюеннің пікірінде әсіреқызбалық бар деп айыптағанымызбен, өзге ақпарат құралдарына қарағанда теледидар аудиториясының әлдеқайда көп екенін мойындаймыз. Бейне мен дыбыстық қатарды үйлесімде бере алатындығымен, кинематографияның, әсіресе техника мен технологияның жаңа мүмкіндіктерін барынша пайдаланып, өмірдің шынайы кескінін сол қалпында, сол бояуымен бере алатын теледидар қай жанрда көсілсе де, жетімділік тұрғысынан өзге ақпарат құралдарынан біртабан артық, жұртшылықтың зейінін арбап, назарын еріксіз өзіне өзіне аударады. Телевизияның спецификалық артықшылықтарын санамалай келе өз зерттеу жұмысымыздың мақсаты мен идеясына ойысалық. Жалпы тележурналистика жанрлары: ақпараттық, сараптамалық және көркем – публицистикалық деген үш үлкен топқа жіктеледі. Қоғам өміріндегі күнделікті жаңалықтар, өмірге жаңа енген құбылыстармен таныстыратын ақпараттық блок, белгілі-бір мерзім ішінде қордаланған мәселелер мен оқиғалар легін талдап, сараптайтын сараптамалық жанрдағы хабарлардың өзіндік практикалық функциялары (аудиторияны құлағдар ету, нақты бір оқиғаға баға беру) мен берілу мәнерінде жанрлық ерекшелігі (шапшаңдық, ресми сипат) бар. Ал енді көркем-публицистикалық жанрдағы телехабарлардың практикалық функциясы – эстетикалық тәрбие беру, көрерменді әсемдік болмыспен қауыштыру, рухани қажеттілігін сусындату, бір сөзбен айтқанда, рухани ләззатқа бөлеу. Көркем хабарды тамашалауға беттеген көрерменнің психологиялық күйі босаңсып, экран бетіндегі көріністі бар ынта-ықыласымен түйсіну, соған бой алдырып, сондағы шындықпен біте қайнасып, бірге жасасу, эстетикалық нәр алуға әзірленеді. Демек, көркем хабарлар жасауда, оның жанрлық табиғатынан туындайтын эстетикалық ерекшелігі мен мүмкіндігін іс жүзінде бір сәт те назардан шығармастан, барлық процестерді сол факторға бағындырған кәміл. Бұл – көркем телехабарларға қойылатын жалпылама талап. Көркем хабарлардың әрбірінің өзіндік тақырыптық айшығы мен формаларына қарай, олардың әрбіріне қатысты жеке-дара туындайтын міндеттер мен шарттар легі қалыптасады. Қазіргі қазақ эфиріндегі көркем хабарларды талдау, оларды жасау мәселелеріне көшпес бұрын, қазір телеарналардан беріліп жатқан көркем хабарларды жасалу орнына қатысты екіге бөліп қарау керектігін айтуымыз керек. Бірі – әр телеарна редакциясының өз студиясында жасалатын немесе редакция алқасының ықпалымен, сондағы тележурналистердің басшылығымен, ұйымдастыру, қатысуымен студиядан тыс жерде (мәселен, табиғат аясында) жасалатын көркем хабарлар. Екіншісі – концерттік сахнада немесе театр сахнасында қойылған, бір айта кетерлігі, журналистердің емес, әртістердің басымдығымен, телекөрермендерге ғана емес, залда отырған бұқараға арналып, көрерменнің көз алдында жасалатын көркем хабарлар. Айталық, әртістер қатысымен жасалатын көркем хабар деп отырғанымызға «Бауыржан-шоу», «Шымкент шоу», «Күлкі керуені», «Терісқақпай», «Ән мен әнші», «Сағыныш», «Інжу-маржан», «Айтыс» сынды концерттік және театрлық қойылымдар мен театр спектакльдері жатады. Концерттік бағдарлама, я сахналандырылған қойылым студиялық телехабардан жасалу технологиясы, режиссурасы тұрғысынан түбегейлі ерекшеленеді. «Хабар» телеарнасынан беріліп жүрген «Таң қалмаңыз» хабарының жасалу ерешелігіне үңілсек, ол хабарда көркемдік редактордың шеберлігі, онда қолданылатын сұхбат жанрының мүмкіндіктерінің қолданыс деңгейі мен тележүргізушінің кәсіби өресі хабар барысында бәрібір актив элемент ретінде сезіліп, хабардың бүтін болмысын айшықтап тұрады. Осы ретте, концерттік сахналар мен театр сахнасында қойылған бағдарламаларды теледидардан беру де теледидардың кинематографиядан еншілеген мүмкіндігін көрсетеді. «Ән мен әнші», я болмаса «Сағыныш» концерттік бағдарламалар теледидардан берілетін кинофильмдер мен мультфильдер секілді трансляциялық жолмен берілетін хабарлар. Олар – дайын телеөнім, тек монтаждық, режиссуралық сүзгіден өткізсе болғаны, телеарнадан беруге болатын телехабарға айналады; ал тележурналистер мұнда мүлде қатыстырылмайды. Телеарна редакциясы ұжымының қолынан шыққан көркем телехабар болсын, концерттік сахнада жасалған бағдарлама болсын, көрермен үшін берер әсері мен теориялық функциялары ортақ болғасын, біз жұмысымыз барысында екеуін де қарастырамыз. Екеуінің де жасалу мәселелерін, онда туындайтын проблемаларды көрсетіп, ол хабарлардың ішкі құрлымына үңіліп – жүргізуші, режиссер, редактор шеберлігін бағамдап, пішіні мен формасын, идеялық-тақырыптық болмысын ашамыз. Бірнеше хабар санына детальдық сараптама жасаймыз. Қазақстан телеарналарындағы көркем хабарларға қатысты айтылып жүрген сындар мен БАҚ материалдарын нысанаға ала отырып, қазақ телеарналарындағы көркемдік хабарлардың көкжиегін кеңейтудің, олардың мазмұндық болмысын көркейте, ілгерілете түсудің жолдары мен жаңа әдістерін ұсынуға тырысамыз. 1958 жылдың 8-наурызы – қазақ телевизиясының туған күні деп саналады. Дәл осы сәттен бастап, қазақ телевизиясымен бірге телеарналардағы көркемдік хабарлардың да тарихы басталып кетті. Арадағы жарты ғасырға жуық уақытта көрермен қауым телевизиялық көркем хабарлардың эстетикалық қуатынан нәр алып, заман жылжыған сайын бет-бейнесі мен тақырыптық сипаты жаңғырып, түрленіп, қоғамдағы саяси, мәдени өзгерістермен бірге, өмір шындығының көркем образын беруге талпынып келе жатқан телевизиялық көркем хабарлардың жеңісіне де, жеңілісіне де куә болып, олардың оза шапқан жүйрігі мен осалмойын әлсізіне әділ алдияр болып келеді. Кешегі кеңестік дәуірден кейін еліміз ғасырлар бойы аңсап жеткен тәуелсіз ғұмырының шындық шежіресі де телевизиялық көркем хабарлардың мақсат-мүддесін айқындап, қазақ тележурналистикасының алдына жаңа міндеттер туғызды. «Егемендік дәуірде бағдарламаларға ұлттық түр мен пішін, мазмұн мен мән беріп, рухани келбетін таныту қажеттігі туындады» – деген қазақ тележурналистикасының тарихы мен тоериясын зерттеуші ғалым Құдайберген Тұрсынның тұжырымы өте әділ.
