Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Хас.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
161 Кб
Скачать
☆

12Билет

1. Теле-радио журналистиканың жанрлар мен пішіндер сипаты

Телеэкран  заңдылығына ыңғайланған жанрлар мен пішіндер бірте-бірте көрермендерге таныс бола бастады. 1958-1990 жылдардағы телехабарлардың негізгі пішіндерін: телевизиялық жинақ, телеплакат, лекция, телевизиялық анықтама, телеспектакль, телепастановка, телетолғау, телевизиялық клуб, телефестиваль, телеальманах, телеконференция, телеэкспедиция, телевикторина, телекалендарь, телевизиялық рейд, киносаяхат, кинопанорама, калейдаскоп, көрермендер хаттары, анкета, эстрадалық программа, концерт-әңгіме, поэзия театры, лирикалық минуттар, фильм-концерт, фильм-спектакль, пьеса-хроника, телекөрермендердің сұрақтарына жауаптар, жиналыс, конференция, лекторий, косултатция, музыкалық-әдеби викторина, музыкалық сәлемдеме, әдеби-музыкалық композиция, әдеби театр, поэзи театры, драмалық телеқойылымдар, музыкалық телеқойылымдар, шығармашылық портреттер, театр, кино қойылымдарына қысқаша аннотация, эстрадалық программалар құрады. Ал 1958-1990 жылдардағы жанрлар ретінде тележурнал, телехабар, тележаңалықтар, телехроника, телеәңгіме, телешоу, телеочерк, пікірталас, баспасөз конференциясы, телесұхбат, корреспонденция, суреттеме, телефельетон, телефильмді атауға болады. Жанрлардың эволюциялануы да техниканың өсуі, аудиторияның әлеуметтік құрамының өзгеріп отыруы, қоғамның жаңа пішіндері қажетсінуі, арналар функциясының өзгеруі, шығармашылық және техникалық топтың ізденісінен жетіліп отыратындығын айтуға болады.

50-60 жылдары теледидарда пішіндердің кейбір экран спецификасына ыңғайласа өмір сүрсе, енді біреулері жоғалып жатты. Алпысыншы жылдары телевизиялық журнал болашағы мол деп танылды. Телевизияға пішін іздеу кезінде алғашқы қадамдар телевизиялық журнал ретінде алып келді… Хабардағы осы пішін көрермендер сүйіп көретін игілікке ие болды. Себебі теледидар өзінің қоғамдағы әлеуметтік міндетін орындай отырып, журналистиканың басылым түрінде бұрыннан белгілі тақырыптық, әртүрлілік, материалдағы жекелікті журнал түріндегі пішіннің өн бойына жинақтап, оны экранға қайта ыңғайластырды.

Алайда, телехабардың құрылымына біртіндеп ақпараттық-публицистикалық жанрлар енгізілді: көркем-публицистикалық жанрларды игеру басталды: телевизиялық хабарларды дербестендірудің алғашқы әрекеті іске асырылды; телекиноның бастапқы базасы жасалды; оқу-білім бағытындағы бағдарламалар туындады. Солай етіп, аудиторияның белнгілі бір топтарының сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған хабардың теледидарға арналған жаңа түрлері табысты игеріле бастады.

1966 жылы Өскемен телестудиясы «17 жастағылар клубы» хабарын ұйымдастырды. Хабар мазмұны жағынан «бреййн-рингпен» үндес, әрі пішіні жағынан оған жақын. Мысалы, Орталық теледидарда 90 жылдары өмірге келген «Не? Қайда? Қашан?» телебағдарламасы «брейн-ринг» пішініне ұқсас. Алайда, «17 жастағылар клубы» көрермендер командасымен емес, өз араларында бір-бірімен оайнады. Хабарда студияға мектептің жоғары сынып оқушылары мен жұмысшы жастар шақырылған. Телешығармашылық топқа осылардың интеллектуалдық ой-өрісінің кілтін табу үшін, олардың педагогикалық білім саласынан хабардарлығына барлау жасау қажет болды. Оған қосымша сценарийдің өн бойындағы мазмұн мен идеяның тұтастығы да сақталды.

Жанр – тарихи категория. Ол әр дәуірде түрлі өзгерістерге ұшырап отырады. Жанрдың тұрақты белгілері әр дәуірге сәйкес өзгеріп, көптеген қосымша сипат қабылдайды. Бірақ, сол сипат аса маңызды деп танылмайды, сондықтан шығарманы белгілі бір жанрға саралауда оның айтарлықтай әсері болмайды. Бір сюжеттің негізінде түрлі жанрға жататын бағдарламаның жасалуына дәлел ретінде С.Оразалиновтың «Сқхбат» хабарын атауға болады. Ол әдебиет әлеміндегі сирек тұлғалардың фильм – портреті түрінде берілсе де, онда сұхбат, әңгіме, сөз, очерк белгілері кездеседі. Әр жанр өзінің композициялық және көркемдік әдісімен фильм-портретті өзінше бедерлейді. Осының бәрінде сұхбат жанры үстем бола отырып, бірде ол портреттік очерк түрінде баяндалса, енді бірде деталь, эпизоттармен толығып, әңгіме жанрында баяндалған. Демек, әр жанр хабарды өзіндік әдіспен өзге жанрларға айналдырған деп түйіндеуге болады.

Жанрдың эволюциясын жүйелеу де кезең, уақытпен үндес келіп отырады. Ғалым В. Ученова «Жанрлардың арасындағыбаю, өзгеру үрдісі 70-нші жылдардың орта шенінен басталады»,-дейді. В. Ученова жанрлардың диффузиялануын олардың бір-бірін байытуы әрі адамдардың өзін қоршаған ортамен байланысындағы қатынастың күрделене түсуімен бірлікте қарастырады. Адам санасындағы үздіксіз өзгеріс те жанр элементінің публицистика мәтініндегі ішкі сипатына өзінің әсерін тигізеді. Оған дәлел-есеп, сұхбат, корреспонденция, репортаж ақпараттық талдау аймағынан шыұуға ұмтылыс танытса, жрналистік зерттеу, пресс-релиз, әңгіме, болжау бүгінде жанрлар құрамында бірлікте қарастырылып келеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]