Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фармакол. каз.лек.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
442 Кб
Скачать
☆

2. Этил спирті

Орталық жүйке жүйесіне тежегіш әсер көрсетіп наркозға кері әсер көрсетеді, сондықтан наркозға этил спирті қолданылмайды. Наркотикалық әсер ету кеңдігі аз. Егер наркоз ретінде қолдансақ агональды кезең пайда болып наркоздан ояну ұзаққа созылады, бірақ анальгетикалық спирттің қасиеті медицина практикасында жақсы қолданылады. Шокка қарсы әсер ететін ерітінділерді құрамына кіреді. Жергілікті қолданғанда спирт тітіркендіргіш, иілік және антисептикалық әсер көрсетеді сондықтан медицинада антисептикалық және тітіркендіргіш зат ретінде қолданамыз. Резорбтивті әсер көрсеткенде:

  1. Миға тежегіш әсер көрсетіп эмоционалыдық қозу, мидың ойлау қабілеті төмендеп эйфория шақырады, ұзақ уақыт қолданғанда бейімдеушілік пайда болады.

  2. Төмен концентрациядағы (20%) спирт тәбетті көтеріп асқазан безінің секрециясын жоғарлатады бірақ жоғары концентрациядағы этил спирті ас қорыту жүйесіндегі ферменттерді жойып астың қорытылуын бұзады.

  3. Этил спирті терідегі қан тамырларын кеңейтеді де жылудың шығуын және терлеуді көбейтеді. Сол кезде дене температурасы төмендейді, егер ауа райы суыған кезде мас адам бірден үсіп қалады.

  4. Этил спирті антидиуретикалық гормонның түзілуін азайтып зәр айдағыш әсер көрсетеді.

  5. Этил спирті жоғары ккаллориялы зат болып есептелінеді, ол тотыққанда 1гр спирттен 7,1 ккаллория жылу шығады (1гр көмір сутегі 4,2 ккал береді, 1гр май 9 ккал) сондықтан парентеральды тамақтану ретінде әлсізденіп қалған науқасқа қолданамыз. Спирт ағзада жиналмайды, ағзадағы тіндердің түзілуіне әсер етпейді, уытты әсері жоғары сондықтан созылмалы уыттынуға әкеліп соғуы мүмкін. Фармацевтикалық өндірісте спирт экстракттар, тұндырмалар және сыртқа қолданылатын дәрілік заттарды дайындау үшін қолданады.

Этил спиртіменен қатты уыттанғанда, өлім дозасы бір адамға 300мл (95%) бұрынан қолданып жүрген адамға бұл доза жоғары болуы мүмкін.

Уыттанғанда болатын белгілер – естен танады, суық жабысқақ тері, өңі суық болады, дене температурасы төмендейді, құсық пайда болады, тамырдың соғу жиілейді және ақырын болады, көздің қарашығы тарылады, тырысу пайда болады, тыныс алуы тоқтап жүрек те тоқтауы мүмкін, өлім тыныс орталығының параличінен болады.

Көмек: асқазан жуу, тұз ерітінділерін береміз ауызды жақсылап шаямыз, жоғары тыныс алу жолдарын тазартамыз, тілді орнына қоямыз, атропин – бездердің секрециясын азайтады.

Кардиомин – тыныс алуды ынталандырады, егер керек болған жағдайда өкпені жасанды вентиляция арқылы жұмыс істеткіземіз. Көк тамырға инсулин мен (инсулин спирттің уытты әсерін төмендетеді) глюкоза ерітіндісіне қосып және 4% ды натрий гидрокарбонатының ерітіндісінің 1000мл дейін көлемде қолданамыз.

Витаминдер В1, В2, РР.

Созылмалы этил спирті мен уыттанғанда.(алкоголизм).

Алкоголизмге душар болған науқас көбінесе бейімдеушілігі (толерантность) психикалық тәуелділік физикалық тәуелділік пайда болғанан бұл дертке ұшырайды. Мидың істеу, сақтау қабілеті төмендейді, эмоционалды тұрақсыздық пайда болады. Егер ары қарай алкоголизм дертін емдемесек психоз, белая горячка, жұмыс істеу қабілеті төмендейді, ішкі органда дертке ұшырайды, гастрит, панкриотит, бауыр цейрозы, миокарт дистрофиясы, бүйрек дерттері, эндокрин бездерінің функциясы бұзылады, қанның ұюыда төмендейді және т.б.

Алкоголизді емдеу: арнайы нарко деспансерде емдік жұмыстар жүргізіледі, детоксикалық терапия және фармакотерапия – психотерапия жүргізіледі. Дәрілік заттар науқасты алкоголизмнен шығуы үшін қолданылады.

Тетурам (антабус, дисульфирам) – Teturamum (Б): таб 0,15 және 0,25. тетурам спирттің тотығуын ацетальдегидрат кезеңінде яғни сірке қышқылы болғанда және одан ары көмір қышқыл газымен суға айналдырады. Ацеталь дегидрат ағзада көп жиналып тахикардия, қан қысымының төмендеуін, қылқыну, бастың ауыруын, тоңу, көп терлеу, бұлшық еттерідің ауыруы, тырысы, өлімнен қорқу сезеімдерін тудырады. Тетуран мен емдеу дәрігердің қадағалауымен жүргізіледі.

Қабылдауға болмайды: жүрек тамыр системасындағы дерттерде, бауыр, бүйрек, қант диабеті, туберкулез, психикалық дерттер және т.б. тетуранмен қоса науқасқа 20-30мл арақ беріледі дәрілік заттың дозасын әр науқасқа әр түрлі арналады. Тетурам қолданған кезде науқас арақ ішуді қояды. Имплонтациялық таблетка эспераль оны организмге енгізіп 1 жылға дейін қабылдайды.

Апоморфин гидрохлоиді – құсық шақыратын препарат алкоголизді емдегенде құсық шақыру үшін қолданады.