Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фармакол. каз.лек.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
442 Кб
Скачать
☆

6. Жыныстық гормондарының препараттары Әйелдің жыныстық безінің препараттары

Экстрогенді препараттары әйелдің жыныстық безінің жетіспеушілігінде, бедеулікте, қынаптың шырышты қабатының атрофиясында, босану әлсіздігінде, мерзімінен асқан жүктілікте, климакста, сүт бездерінің ісігінде және т.б. қолданылады. Қатерлі және қатерсіз ісіктерде, эндометриозда және жатырдан қан кетуде бейімділікте қолдануға болмайды.

Эстрон – Oestronum (фолликулин); 0,1% 1 мл майлы ерітінді ампулада шығарылып, күнде 1 мл-ден б/е енгізіледі.

Эсирадиол дипропионаты – жоғарыдағыдай.

Эттинилэстрадиол (микрофоллин) – 0,00001 және 0,00005 таб.

Синэстрол – Synoestrolum (Б): 0,001 таб – 1-2таб тәулігіне 1-2 рет; 0,1% майлы ерітінді амп. шығарылып, тәулігіне 1-2 мл б/е-тек қуық асты безінің рагында белгіленеді.

Гестагенді препараттар жатырдың қозғыштығын және жиырылғыштығын азайтады, жатырдың шырышты қабатының пролиферация фазасынан секреторлы фазасына өтуін күшейтіп, сүт бездерінің жетілуін күшейтеді. Қан кетулерде, жүктіліктің соңына дейін сақтай алмауда (түсік), эндометриозда, бедеулікте (эстрогендермен бірге) және аменореяда қолданылады. Бауыр ауруларында, гепатитте, сүт бездерінің және жыныс мүшелерінің рагында және тромбозға бейімділікте қолдануға болмайды.

Гестагендерге: прогестерон, дюфастон (дидрогестерон) жатады.

Прогестерон (прожестожель, утрожестан) – Progesteronum (Б): 1%-2,5% 1 мл майлы еріт амп шығарылып, 1мл-ден б/е енгізіледі.

Ұрықтануға қарсы ауыз қуысы арқылы енгізілетін дәрілер (Контрацептивтер)

а) қиыстырылған (гестаген+эстроген – етеккір циклілінің 5–ші және 1-ші күнінен бастап 21 күн бойы қабылдап, 7 күндік үзіліспен немесе 28 күн бойы, ди және үшфазалы болуы мүмкін): «Бисекрин», «Марвелон», «Ноновлон», «Овидон», «Ригевидон», «Тризистон», «Триквилар» және т.б.

б) моногормонды (құрамында гестагендері бар «мини-пили»-тәулігіне 1 рет 6-12 ай үзіліссіз): континуин, фемулен, оврет, лютеонорм, микронор.

в) посткоитты: постинор (норгестрел).

Тромбоэмболияға бейімділікте, қан айналудың бұзылуында, бауыр ауруларында, қатерлі және қатерсіз ісікте, жүктілікте және лактацияда қолдануға болмайды.

Еркектің жыныс гормонының препараттары (андрогенді препараттар)

Андрогендер еркектің жыныс бездерінің қызметі дамымаушылығында (импотенция), бедеулікте, евнухоидизмде, аналық бездің және сүт бездерінің ісігінде, климакста және жатырдан қан кетуде қолданылады. Қуық асты безінің рагында қолдануға болмайды. Анаболикалық әсері бар, яғни ақуыз синтезін, сүйекте кальций иондарының ұсталып қалуын күшейтеді.

Тестостерон пропионаты – Testosteroni propionas (Б): 1% және 5% 1 мл майлы еріт. амп шығарылып, тәулігіне 1 рет б/е, т/а енгізіледі.

Метилтестостерон – Methyltestosteronum (Б): 0,005 және 0,01 таб шығарылып, тәулігіне 1-2 таб тіл астына (толық сіңірілгенше) енгізіледі.

  1. Анаболитикалық стероидтар

Андрогендер ақуыз синтезін күшейтуіне байланысты аноболитикалық белсенді болып табылады. Ақуыз бен ферменттердің синтезін қуаттандырып, тыныс алу процесін күшейтеді. Энергияның жиналуын және кальций иондары сүйекте жиналып қалуын қамтамасыз етеді. Эритропоэзді күшейтіп, ағзада фосфор мен азотты ұстап қалады. Анаболитикалық стериодтары дистрофияда, ауыр жарақаттардан кейін, операциядан кейін, күйіктен кейін, ауыр инфекциядан кейін, остеопорозда, сүйек сынығында, ойық жара ауруларында, миокарда дистрофиясында, панкреатитте, созылмалы гепатитте және т.б. белгіленеді. Қуық асты безінің рагында, жіті және лактацияда қолдануға болмайды.

Метандростенолон (неробол) – Metandrostenolonum (Б): 0,005 таб шығарылып, 1-2 таб тәулігіне 1-2 рет белгіленеді.

Феноболин – Phenobolinum (Б): 1% және 2,5% майлы еріт. амп шығарылып, 1 мл-ден к/т әр 7-10 тәулік сайын белгіленеді.

Ретаболил, силаболил, метандростендиол және т.б.