- •Фармакология -1-1 .Кіріспе . Жалпы рецептура
- •Жеке фармакология
- •Нитрофурган туындылары
- •Антибиотиктер.
- •1. Карбапенемдер (I буыны: имипене, «тиенам, «примаксин», II буыны: меропенем).
- •2. Макролидтер
- •3 Тетрациклиндер.
- •4. Левомицетин (хлорамфеникол) тобы.
- •5. Аминогликозидтер.
- •6. Полимиксиндер
- •7. Әртурлі топтағы антибиотиктер
- •1. Гликопептидтер: ванкомицин (эдицин), тейкопланин (таргоцид).
- •2.Синтетикалық микробқа қарсы дәрілер
- •3. Туберкулезға қарсы дәрілер.
- •4.Мерезге қарсы (сифилиске қарсы) дәрілер
- •5. Саңырауқұлақтарға қарсы дәрілер
- •6. Вирусқа қарсы дәрілер.
- •7. Қарапайымдыларға қарсы дәрілер
- •8. Құрттарға қарсы (антигельминтті) дәрілер.
- •2.Құсық шақыратын және құсыққа қарсы әсер ететін дәрілік заттар. (анорексигенді дәрілер).
- •2. Құсық шақыратын дәрілік заттар көп.
- •3.Асқазанның шырышты қабаттарына әсер ететін дәрілік заттар.
- •2. Асқазандағы тұз қышқылының секрециясын тежейтін дәрілік заттар.
- •4. Ұйқы безінің секрециясы бұзылғанда әсер ететін дәрілік заттар.
- •Синтетикалық препараттары: фенолфталеин, изафенин, бисакодил (дульколакс), гутталакс.
- •Шеткерлік жүйке жүйесіне әсер ететін дәрілік заттар
- •А. Афферентті иннервацияға әсер ететін дәрілер
- •Б. Эфферентті иннервацияға әсер ететін дәрілер
- •Холинергиялық жүйелерді тітіркендіргенде байқалатын негізгі әсерлер :
- •1. Холинергиялық синапстарға әсер ететін дәрілер
- •2. Адренергиялық синапстарға әсер ететін дәрілер
- •Дофаминергиялық дәрілер
- •Орталық жүйке жүйесіне әсер ететін заттар.
- •Хирургиялық наркоз:
- •2. Этил спирті
- •3. Ұйықтататын дәрілер
- •5.Паркинсонизмге қарсы әсер ететін дәрілік заттар.
- •6. Анальгетиктер
- •Наркотикалық анальгетиктердің антагонистері: налорфин, налоксон, налтрексон.
- •2. Наркотикалық емес анальгетиктер
- •2. Пиразолон туындылары: антипирин, амидопирин, анальгин.
- •Салицил қышқылының туындылары: метил салицилаты – сұйық зат, сыртқа қолданылады, мазьдердің линименттердің құрамына кіреді, артирит, миоз емдейді.
- •2. Басқа топқа жататын дәрілік заттардың туындылары:мепротан (мепробамат), амизил, оксилидин, мебикар, триоксазин.
- •3. Седативті әсер ететін дәрілік заттар. (тыныштандыратын)
- •4. Антидепрессанттар
- •8. Аналептиктер.
- •Жүрек – қан тамыр жүйесіне әсер ететін дәрілер
- •Тез әсер ететін препараттар (жіті жүрек қызметінің жеткіліксіздігінде қолданылады)
- •Жүректің β1 – адренорецепторларын қуаттандыратын: дофамин, добутамин.
- •Фосфодиэстераза ингибиторлары: амринон, милринон.
- •2. Антиаритмиялық дәрілік заттар
- •Тахиаритмияны басатын дәрілір
- •Жүрек ишемиялық ауруында қолданылатын дәрілік заттар. (Антиангинальды дәрілер)
- •Стенокардия ұстамасының алды налу үшін қолданылатын дәрілер:
- •Оксигенотерапия.
- •1.Буыны:каптоприл(капотен);
- •2.Буыны:эналаприл(ренитек,энам),лизиноприл(привинил,диротон),рамиприл(тритаце),циллазаприл(инхибес),периндоприл(престариум),фозиноприл(моноприл)трандолаприл(гоптен)
- •1.Атерогенді липопротеиндердің түзілуін тежейтін дәрілер.
- •2Катаболизмді және холестериннің шығарылуын күшейтетін дәрілер.
- •1.Атерогенді липопротеиндердің түзілуін тежейтін дәрілер:
- •2. Катаболизмді және холестериннің шығарылуын күшейтетін дәрілер.
- •5. Несеп айдаушы дәрілер (диуретиктер)
- •Подаграны емдеу үшін қолданылады:
- •Жөтелді басатын дәрілер.
- •4. Бронхолитикалық дәрілер.
- •Өкпе ісінуінде қолданылатын дәрілер.
- •Миометрияның жиырылу белсенділігін қуаттандыратын дәрілер (Утеростимуляторлар)
- •Тек миометрия тонусын жоғарлататын дәрілер
- •Миометрияның тонусы мен жиырылуын төмендететін дәрілер.
- •I. Эритропоэзды күшейтетін дәрілер
- •II. Лейкопоэзды күшейтетін дәрілер
- •III.Гемостаз жүйесіне әсер ететін дәрілер
- •1. Тробоциттердің агрегациясын (бірігуі) және адгезиясын (жабысуы) күшейтетін дәрілер:
- •2. Қан ұюын төмендететін дәрілер (Антикоаугулянттан).
- •Зат алмасу процесін реттейтін дәрілер Гормонды және олардың синтетикалық алмастырғыш және антагонисті препараттары
- •1. Гипофиз гормондарының препараттары
- •2. Қалқанша безі гормондарының препараттары (антитиреоидты дәрілер)
- •3. Қалқансерік безінің гормонды препараттары
- •4. Ұйқы безі гормондарының препараттары және ауыз қуысы арқылы енгізілетін диабетке қарсы дәрілер
- •Ауыз қуысы арқылы енгізілетін диабетке қарсы дәрілер
- •5.Бүйрек үсті безінің қыртысының гормондарының препараттары
- •6. Жыныстық гормондарының препараттары Әйелдің жыныстық безінің препараттары
- •Ұрықтануға қарсы ауыз қуысы арқылы енгізілетін дәрілер (Контрацептивтер)
- •Еркектің жыныс гормонының препараттары (андрогенді препараттар)
- •Анаболитикалық стероидтар
- •8. Витаминді препараттар (Дәрумендер)
- •Суда еритін витаминдер
- •Майда еритін витаминдер
- •Поливитаминдер
- •Қабыну және аллергия процестеріне әсер ететін дәрілер
- •1. Қабынуға қарсы дәрілер
- •Стероидты қабынуға қарсы дәрілер (сққд)
- •2. Аллергияға қарсы дәрілер
1. Қабынуға қарсы дәрілер
Қабынуға қарсы дәрі дәрмектерге қабыну процестерін басатын дәрілік препараттар жатады. Қабыну деп эндогенді және экзогенді факторлардың әсерінен ағзаның зақымдануы. Қабыну реакцияларының кезеңдері: альтерация, экссудация, пролиферация. Бұл кезеңдер биохимиялық реакциялардың өзгеруінен медиаторлардың бөлінуімен (простагландин, брадикинин, серотонин, гистамин және т.б.) байланысты. Қабыну медиаторлардың ішінде простагландиндер күште зақымдағыш қасиеттері бар. Олардың биосинтезінде фосфолипаза А2 және циклооксигеназа ферменттері қатысады. Қабыну процесінде осы ферменттердің белсенділігі артып, ұлпаны зақымдайтын простагландиндердің түзілуі күшейеді, олар альтерация және экссудацияның дамуына алып келеді. Қабыну медиаторының бірі брадикинин қан тамырларды кеңейтетін қасиеті бар, қан тамырлардың өткізгіштігін жақсартып, лейкоциттердің құрамын жоғарлатады және қабыну ошағындағы дене қызуын көтереді. Қабыну ошағындағы ауырсынудың пайда болуы, ұлпаның ісінуі мен жүйке талшықтары ұштарының сығылуына алып келеді. Осыған байланысты жергілікті қабыну белгілері гиперемия, капиляр өткізгіштігінің жоғарлауы, лейкоциттердің иммеграциясы және ауырсынулар пайда болады. Сонымен қатар қанға сіңіріліп одан ағзаларға таралуы әртүрлі жүйелі қабыну белгілеріне алып келеді. Қабыну кезінде қабынуға қарсы дәрілер қолданылады.
Қабынуға қарсы дәрілерді 2 топқа жіктейміз: стероидты және стероидты емес.
Стероидты қабынуға қарсы дәрілер (сққд)
(«Бүйрек үсті безінің гормонды препараттары» тақырыбына қара).
Оларға бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының гормонды препараттары жатады. Глюкокортикоидтар: гидрокортизон, преднизолон (медопред), дексаметазон (дексона, дексазон), триамцинолон (полькортолон, кеналог), флуоцинолон ацетониді (синалар, синафлан), бетаметазон, метилпреднизолон (метипред (медрол), солу-медрол), флуметазона-пивалаты.
Жағылмалары: «Флуцинар», «Лоринден», «Целестодерм» аэрозольдері: «Полькортолон ТС», «Оксикорт» және т.б.
Глюкокортикоидтар қабынудың барлық сатыларына тежегіш әсер көрсетеді. Олар қабынуға қарсы, аллергияға қарсы және иммунодепрессивті (иммунитетті төмендететін) әсер көрсетеді. Глюкокортикоидтарды, стероидты емес, қабынуға қарсы дәрілер әсер етпей жатқанда, әртүрлі қабыну ауруларында кеңінен қолданылады. глюкокортикоидтар сонымен қатар шокқа қарсы және антитоксикалық (уытқа қарсы) әсері бар. Глюкортикоидтардың әсер ету механизмі: фосфолипаза А2 тежегіш әсер көрсетеді.
Стероидты емес қабынуға қарсы дәрілер СЕҚҚД («Бейнаркотикалық анальгетиктер» тақырыбына қара). СЕҚҚД ыстықты түсіретін, ауырсынуды басатын әсері бар, глюкокортикоидтарға қарағанда улылығы төмен, кеңінен қолданылатын препараттар тобы.
2. Аллергияға қарсы дәрілер
Аллерген мен оған қарсы ағзада түзілетін антиденемен өзара әсерлесуінен ағзаның сезімталдығын жоғарлататын әртүрлі аллергиялық реакциялар пайда болады. Аллергиялық реакциялардың екі түрі бар: баяу басталатын аллергия және жылдам басталатын аллергия. Аллергиялық реакциялар ересектер мен балалар арасында өте кең таралған. Оларға: есекжем (экзема), Квинке ісіну, аллергиялық ринит, бронх демікпесі, анафилактикалық шок, сарысу ауруы, аутоммунды аурулар және т.б. жатады. Емдеу үшін ең алдымен себебін және антигенді анықтаудан бастайды. Аллерген ретінде белгілі бір тағам, өсімдік тозаңы және дәрі-дәрмектер болуы мүмкін. Аллергиялық ауруларды емдеу үшін спецификалық емес және симпатоматикалық терапия жүргізіледі.
Баяу басталатын аллергияның клиникалық көрінісі:
а) жеңіл: есекжем, қышыма, қызба, поллиноз;
ә) орташа дәрежесінде: сарысу ауруы, Квинке ісіну;
б) ауыр дәрежесінде: анафилактикалық шок.
Баяу басталатын аллергияда глюкокортикоидтар, мес (бұлтты) жасушаларынан медиаторлардың бөлінуіне бөгет жасайтын дәрілер, антигистаминдер, симптоматикалық (адреномиметиктер, бронхолитиктер, миотропты дәрілер) дәрілер белгіленеді.
1. Глюкокортикоидтар: иммунды жасушалардың (лимфоцит, плазмоцит) дамуын және антидене өнімін төмендетіп, мес жасушаларының бұзылуын және олардан аллергия медиаторларының шығарылуын алдын алып, аллергия медиаторларына қарама қарсы әсер көрсетеді: қан тамыр өткізгіштігін төмендетіп, АҚ жоғарлатады және т.б. Ауыр және орта дәрежелі аллергиялық реакцияларда, асқынған аллергиялық ауруларда (бронх демікпесі, коллагеноз және т.б.); жергілікті экземада, дерматитте қолданылады. («Бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының дәрілері» тақырыбына қара).
2. Мес жасушалары мембраналарының тұрақтатқыштары: кромолин-натрий (интал), недокромил –натрий (тайлед), кетотифен (астафен, задитен) – мес жасушаларынан аллергия медиаторларының шығуын алдын алады. Тек бронх демікпесі ұстамасын алдын алу үшін қолданылады. Үйренгіштік тудырмайды, улылығы төмен.
Антигистаминді дәрілер (гистаминді Н1 рецепторлардың блокаторлары) – ағзаның гистаминге реакциясын төмендетіп, бронх, ішек, жатырдың біріңғай салалы бұлшық еттерінің түйілуін басып, капилярдың өткізгіштігі мен ұлпа ісінулерін төмендетеді. Бұл топ препараттарын әртүрлі тері және шырышты қабықшаның аллергиялық зақымдануларында: есекжем, ангионеврологиялық ісінуде, қызба, ринит және коньюктивитте, антибиотиктермен немесе басқа да дәрілерді қабылауы мен байланысты аллергиялық жағдайларында қолданылады. Бронх демікпесі және анафилактикалық шокта (көбінесе адреналин г/х қолданылады) тиімділігі төмен. Жанама әсері: бас айналу, бас ауруы, лоқсу және ауыз қуысының байқалады. Тыныштандыратын әсері бар препараттары: димедрол, дипразин, супрастин, тавегил. Бұл препараттар ұйқы шақырады, сол себептен көлік жүргізушілерге белгілеуге болмайды. Жүктілікте, глаукомада және ойық жара ауруларында қолдануға болмайды.
Димедрол – Dimedrolum (Б): 0,05 таб; 1% 1 мл еріт. амп шығарылып 1-2 мл тәулігіне 1-2 рет; 2-5 мл-н 100мл 0,9% натрий хлорид еріт. тамшылатып к/т; 0,5% еріт. көз тамшысы; 3-10% жағылмасы тағайындалады.
Дипразин (пипольфен) – Diprazinum (Б): 0,025 және 0,05 таб, 2,5% 1 мл еріт. амп шығарылып б/е, к/т енгізіледі.
Супрастин – Suprastin (Б): 0,025 таб; 2% 1 мл ерті. Амп шығарылып, б/е, к/т енгізіледі.
Тавегил – Tavegil (Б): 0,001 таб. шығарылып, 1 таб тәулігіне 2 рет белгіленеді. әсері ұзағырақ.
ОЖЖ әлсіз әсер ететін препараттары:
Фенкарол – Phencarolum (Б): 0,025 және 0,05 таб шығарылып 1-2 таб, тәулігіне 3-4 рет тамақтан соң.
Диазолин – Diazolinum (Б): 0,05 және 0,1 дражеден шығарылып, 1-2 дражеден тәулігіне 1-2 рет тамақтан соң.
Астемизол (гисталонг) – Astemizolum (Б): 0,01 таблеткадан шығарылып, 1 рет таңертең тамақтан алдын.
Акривастин (семпрекс) – Acrivastin (Б): 0,008 таб. (капс) шығарылып, 1 таб (капс) тәулігіне 3 рет белгіленеді.
Симптоматикалық дәрілер. Бронхспазмда аллергиялық реакциялардың байқалуында бронхолитиктер, АҚ-ң төмендеуінде адреналин, анафилактикалық шокта – преднизолон, ал тыныс алу бұзылуында - өкпеге жасанды дем беру қажет.
Иммундық жүйеге әсер ететін дәрілер
(Иммуномодуляторлар)
Иммунитет кейбір ауру қоздырғыштарына қарсы тұратын ағзаның қоғаныш қасиеті. Микроорганизмдерді және олардың токсиндерін, вирустарын, табиғаты антиген заттары немесе мүше қондырымында ағзаның иммундық жауап реакциясы пайда болады.
Иммунитеттің 2 түрі бар: гуморальды (қанда БАЗ болады) және жасушалық (жоғарғы сезімталдықты төмендетеді). Ағзада кез келген антигенге екі түрі де пайда болады. Олардың пайда болуы лимфоциттердің түріне байланысты. Лимфоциттерді Т-лимфоциттер (тимусқа тәуелді) және В-лимфоциттер (тимусқа тәуелсіз) деп ажыратылады. Т-лимфоциттер жасушалық, ал В-лимфоциттер гуморальды иммунитетті қамтамасыз етеді. гуморальды және жасушалық иммунитеттердің дамуында лимфоциттердің құрамы көбецеді.
Ағзаның иммундық күші төмендеуінде, яғни иммунитет төмендеу жағдайында иммуностимуляторлар белгіленеді. Аллергиялық ауруларды емдеу үшін, мүшелер мен ұлпаларды бөгде ағзаға ауыстырып қондыруда, иммунитеті төмендететін, яғни иммунодепрессанттар белгіленеді.
а) Иммуностимуляторлар (иммуноқуаттандырғыш дәрілер)
бұл топ препараттары жасушалық және гуморальды иммунитетті күшейтіп, иммуннотапшылық жағдайда қолданылады.
Жануарлардан алынған иммуностимуляторлар
а) Тимус препараттары: Тималин, тактивин (Т-активин), тимоптин, вилозен – Т лимфоциттерінің құрамын көбейтіп, жасушалық иммунитетті фагоцитозды, регенерация процестерін күшейтеді. Ірі қара малдардың айырша безінен алынған сығынды препараттар. Созылмалы іріңді және қабыну процестерінде, созылмалы сепсисте, ұзақ уақытқа созылатын микробтық, вирустық және саңырауқұлақ ауруларында, күйікте, ойық жараларында, онкологиялық ауруларының сәулелі химиотерапиясында, жарақаттан кейін және операциядан кейінгі жұқпалы асқынуларды алдын алуда қолданылады. Тималин (Thymalinum): 0,01 құрғақ зат флаконда шығарылып, 1 мл 0,9% натрий хлорид еріт. ерітіп, б/е; ал тактивин мен тимоптин т/а енгізіледі. Вилозен жоғарғы тыныс жолдарының аллергиялық ауруларында (полиноз, ринит, синусит), жергілікті мұрынға тамшы немесе интраназальды ингаляция түрінде енгізіледі. Кей жағдайда тимус препараттары аллергиялық реакциялар тудырады.
б) Жілік майының препараттары: миелопид (В-активин) В-лимфоциттердің құрамын көбейтіп, гуморальды иммунитетті күшейтеді. Хирургиялық операциялардан, жарақаттардан, остеомиелиттен және басқа да патологиялық жағдайлардан кейінгі инфекциялардың асқынуларын алдын алу үшін қолданылады.
Бактериялардан алынған иммуностимуляторлар.
Рибомунил және бронхо-мунал – жасушалық және гуморальды иммунитетті күшейтіп, интерферонның синтезін арттыратын, спецификалық емес иммуностимуляторлар болып табылады. Құлақ, тамақ, мұрын және бронх-өкпе аппаратының созылмалы ауруларында және олардың қайталауын алдын алу үшін қолданылады. Рибомунил – 3 таб. таңертең аш қарынға, бронхо-мунал 1 капс. Таңертең аш қарынға белгіленеді. Бұл препараттар микробқа қарсы терапияның тиімділігін күшейтеді.
Продигиозан және пирогенал – эндогенді интерферон өнімін қуаттандырып, ағзаның гиперэргиялық реакциясын тудыратын бактериялардан алынған липополисахаридті кешен. Жұқпалы ауруларды кешенді емдеуде қолданылады. Қабыну экссудаттарын, патологиялық тыртықтарды, жаралардың жазылуына жағдай жасайды. Препараттар дене қызуы көтерілуін, қалтырау, бас ауруы және буын ауруларын шақырады. Мөлшерін жеке таңдауды қажет етеді.
Натрий нуклеинаты – лейкопоэз және Т- және В-лимфоциттердің әсерлесуін қуаттандырып, фагоцитоз бен регенерация процесінің белсенділігін күшейтетін, ашытқы гидролизінен алынады. Лейкопения, агранулоцитоз, созылмалы қабыну ауруларының кешенді емдеуінде қолданылады.
Имдон – кептірілген бактериялар мен саңырауқұлақтардың лиофизирленген қоспасы. Ауыз қуысы мен жұтқыншақтың жұқпалы қабыну ауруларында (афтозды стоматит, парадотоз, гингивит, альвеолярлы пиорея және т.б.) ауыз қуысына салып соратын таблетка түрінде қолданылады. Фагоцитоз белсендіреді, иммунокомпетентті жасушалар санын арттыруға ықпал етеді, сілекейде лизоцимнің және интерферонның секреторлық А иммуноглобулиннің өндірілуін арттырады.
ИРС-19 – лизоцим мен А типті иммуноглобулиннің құрамын жоғарылатып, фагоцитоздың белсенділігін арттыратын бактериялардың гидролизаты болып табылады. Құлақ, тамақ, мұрын – мүшелер және тыныс алу мүшелерінің қабыну, жұқпалы ауруларын алдын алу және емдеу үшін интраназальды спрей түрінде тағайындалады.
Рекомбинантты (гендік инжинерия әдісімен алынған) иммуностимуляторлар.
Филграстим (нейпоген) және молграмостим (лейкомакс) – колоние қуаттандырғыш өсу факторы болып табылады. Олардың әсерінен діңгек жасушаларынан әртүрлі қан жасушалары түзіледі. Филграстим белсенді нейтрофилдердің өндірілуін, өсуін және қанған шығарылуын күшейтеді. Нейтрофил саны төмендеуімен байланысты, жұқпалы ауруларды емдеу үшін және туа пайда болған нейтропенияда антибактериальды терапиямен бірге тағайындалады. Молграмостим гранулоциттердің, Т-лимфоциттердің және моноциттердің өсуін күшейтіп, фагоцитозды белсендіреді. Сепсисте, лейкопенияда, жүре пайда болған иммуннотапшылық синдромы ЖИТС (СПИД) мен ауыратын науқастарды емдеуде қолданылады.
Реаферон (альфа2-интерферон) және басқа да интерферондар вирусты инфекцияларда (гепатит және т.б.) және қатерлі ісікте (миелолейкоз, бүйрек өкпесінде (рак) және т.б.) қолданылады.
Ронколейкин және беталейкин іріңді хирургияда және онкологияда химио- және радиотерапиядан кейін қолданылады.
Синтетикалық иммуностимуляторлар. Левамизол (декарис) және тимоген жасушалық иммунитетті күшейтеді. Левамизол ревматоидты артритте, кейбір созылмалы және қайталанатын жұқпалы ауруларда, ісік ауруларында қолданылады. Тимоген жіті және созылмалы жұқпалы ауруларда, репаративті (қалпына келу) процестердің тежелуінде, операцияларда, ісіктердің сәулелі және химиотерапиясында қолданылады.
Метилурацил және дибазол – антидене мен интерферонның синтезін күшейтіп, фагоцитоздың белсенділігін арттырады. Метилурацил лейкопенияның жеңіл түрінде, баяу жазылатын жараларда, күйгенде, сынықта, срндай-ақ асқазан мен ұлтабардың ойық жараларында, панкреатитте, гепатитте ұлпалардың регенерациясын (қалпына келуін) күшейту мақсатында қолданылады. Дибазол тұмау мен басқа да тыныс жолдарының вирусты жұқпалары алдын алу үшін қолданылады.
Иммуноглобулиндер.
Адамның қалыпты иммуноглобулині (интраглобин, сандоглобулин, октаган, пентаглобин) жұқпалы аурулар түрінде өтетін біріншілік және екіншілік иммунды тапшылықта орын басушы терапия ретінде қолданылады.
Ағзаның қорғаныш қасиетін және зат алмасу процесін жақсарту арқылы иммунитеті қуаттандырғыш әсер ететін препараттары:
Өсімдіктекті препараттары: жень-шень тұндырмасы, аралия тұндырмасы, элеутерококк тұндырмасы, қызғылт семізот (алтын тамыр) сығындысы жалпы тонусты реттейтін әсері бар.
Витаминдер: аскорбин қышқылы, ретинол, α-токоферол, В және басқа тобының витаминдері – ағзаның резистенттілігін (қарсы тұру) күшейтеді.
Пробиотиктер мен эубиотиктер: бифидумбактерин, лактобактерин, бификол және т.б. препараттары ішектін қалыпты микрофлорасын қалпына келтіре отырып, имунитетті жоғарлататын миктобтық масса.
Иммунодепрессивті дәрілер (Иммуносупрессорлар)
Бұл топ препараттары жасушалық иммунитетті тежеп, баяу типті гипериммундық реакцияларда, ауыр аутоиммундық ауруларда (спецификалық емес ревматоидты полиартритте, спецификалық емес тоқ ішек жарасында, жүйелі қызыл жегінде, ОЖЖ-сі мен бүйректің иммунды бұзылуында, созылмалы гепатитте) және мүшелердің ауыстырып қондырымында (бүйрек, жүрек, өкпе, бас ми) қолданылады. Иммунодепрессанттардың әсер ету механизмі антигенмен шақырылған иммунды жасушаларының кооперативті реакциялардың тежелуімен, Т-лимфоциттердің пролиферациясымен және олардың Т-киллерге, Т-супрессорға, Т-хлеперге өзгеруінен, сондай-ақ ұлпалардың зақымдануын төмендетуімен байланысты.
Цитостатикалық дәрілер: азатиоприн (имуран), циклофосфан, метотрексат – иммуножепрессивті әсерінен басқа азатиоприннің ісікке қарсы белсенділігі (азиотопринде цитостатикалық белсенділігі төмен) басым. Цитостатикалық ДНҚ-ң және РНҚ-ң бұзып, жасушаларыдың, әсіресе тез бөлінетін жасушалар, көбінесе лимфоциттердің бөлінуін тежейді. Көбінесе аутоиммунды ауруларда қолданылады. Қан жасалуын бұзып, АІЖ-ң жаралары, диспепсия, бауыр мен бүйректің зақымдалуын, жұқпалы аурулардың өршіуін тудырып, канцерогенді және тератогенді әсер көрсетеді.
Азатиоприн – Azathioprinum (А): 0,05 таб. шығарылып, 1-2 таб тәулігіне 2-3 рет (қанның құрамын үнемі бақылап отырып, науқас дәрігердің бақылауында болуы қажет) белгіленеді.
Антибиотиктер: циклоспорин (сандиммун), такролимус (АК-506, прогаф) – мүшелердің ауыстырып қондырымында қолданылады (ішке және күре тамырға енгізіледі).
Циклоспорин нефро-және гепатотоксикалық әсер етеді, ал такролимус нефро- және нейротоксикалық әсер етіп, АҚ-ң және қандағы қанттың мөлшерін жоғарлатады.
Батриден – бүйректің ауыстырып қондырымында (глюкокортикоидтармен, антибиотиктермен бірге) және созылмалы гломерулонефритте (0,1таб) қолданылады.
Глюкокортикоидтар – преднизолон, дексаметазон және т.б. Т-лимфоциттердің пролиферациясын және В-лимфоциттермен кооперациясын тежеп, иммуноглобулиндердің синтезін төмендетеді. Сонымен қатар күшті қабынуға қарсы әсері бар. Аутоиммундық ауруларда қолданылады.
Антилимфоцитарлы сары сулар: антилимфолин-К , АТГ-Фрезениус – құрамында иммунодепрессивті әсер ететін иммуноглобулині бар. Тек стационар жағдайында антибиотиктермен және глюкокортикоидтармен бірге мүшелер мен ұлпалардың ауыстырып қондыруда қолданылады.
Коллагеноздардың базисті терапиясындағы препараттары: хингамин (делагил, хлорохин) және гидроксихлорохин (плаквенил) – малярияға қарсы препарат; алтын препараттары: кризанол (5% 2 мл майлы суспензиясы ампулада шығарылып, аптасына 1 рет б/е енгізіледі) ауранофин (0,003 таб); пеницилламин (купренил) – «әлсіз иммунодепрессанттар», бұлар жасушалық және гуморальды иммунитетті төмендетіп, қабыну процесінің пролиферативті фазасын төмендетеді. Әсері баяу басталып (10-12 аптадан соң), ұзақ сақталады. Препаратты ұзақ қолданады (6 ай), алтын препараттары мен пеницилламин улы болып келеді. Препараттарды көбінесе ревматоидты артритте қолданады. Бұл препараттар қабыну процесінің жедел фазасында әсері тиімсіз.
Қатерлі ісікте қолданылатын дәрілер
(Бластомаға қарсы дәрілер)
Бластомаға қарсы дәрілер қанның қатерлі ісік ауруларындағы (лейкоздар және т.б.) қатерлі ісік жасушалары (рак және т.б.) мен форменді элементтердің дамуын тоқтатуға қабілетті дәрілер. Қатерлі ісіктер үшін инфильтративті өсу мен метастаз тән. Қатерсіз ісікте бұл әсерлер байқалмайды. Қатерлі ісіктерді бластомаға қарсы дәрілермен емдеу «химиотерапия» деп аталады. Онкологиялық науқастарды емдеуде химиотерапиямен қатар хирургиялық ем және сәулелі терапиясы тағайындалады.
Бластомаға қарсы дәрілердің жіктелуі
Бластомаға қарсы дәрілік топтар мен оның препарттары |
Әсер ету механизмі |
Ісікке қарсы әсерінің спектрі |
Цитотоксикалық дәрілер а) Алкилдеуші дәрілер: 1)Хлорэтиламиндер:циклофосфан, хлорбутин, допан, сарколизин; 2)Этилениминдер: тиофосфамид; 3)Нитрозоиочевина туындылары:ломустин, кармустин, нитрозометилмочевина; 4)Метансульфон қышқылының туындыларын: миелосан, миелобромол;
б) Антиметиболиттер: 1) Фолий қышқылының антагонистері: метотрексат; 2) Пурин антагонистері: меркаптопурин, тиогуанин; 3) Пиримидин антагонистері: фторурацил, фторафур, цитарабин (цитазар).
в) Әртүрлі синтетикалық препараттары: 1) Платина қосылыстары: цисплатин, карбоплатин.
2) Триазен және гидразин туындылады: прокарбазин (натулан), декарбазин, проспидин. г) Ісікке қарсы антибиотиктер: дактиномицин, рубомицин, адриамицин (доксорубицин), фарморубицин, карминомицин, оливомицин, блеомицин, брунеомицин, митомицин. д) Өсімдіктен алынған препараттары: 1) Алкалоидтар: колхамин демоколцин, омаин), винбластин (розевин), винкристин;
2) Подфиллотоксиндер: этопозид (вепезид), тенипозид (вумон).
ІІ. Гормондар және оның антагонистері а) Андогендер: тестостерон пропионаты, тестенат; б) Антиандрогендер: флутамид, ципротеро (андокур); в) Эстрогендер: синэстрол, фосфэстрол, этинилэстрадиол; г)Антиэстрогендер: тамоксифен; д)Гестагендер: медроксипрогестерон (провера, фарлутал); е) Глюкокортикоидтар: гидрокортизон, преднизолон, дексаметазон, триамцинолон.
ІІІ. Ферменттер
|
Әртүрлі жасуша элементтерімен өзінің алкилді радикалдарымен қайтымсыз ковалентті байланыс түзеді (әсіресе ДНҚ тізбігіндегі гуанинді қалдықтармен), ол рак жасушаларының бөлінуін, көбеюін тежеп, жойылуына алып келеді. Рак жасушалары дамуының әртүрлі фазаларына әсер етеді.
Табиғи метаболиттердің құрылысына ұқсас болғандықтан, ісік жасушасының жасушалық ферменттік процестерін бөгеу арқылы РНҚ және ДНҚ синтезін бұзады. Тек бөлінетін рак жасушаларына әсер етеді.
Платинді кешен ДНҚ-ға қосылып, алкилдеуші агенттер тәрізді нуклеин қышқылдарының биосинтезін бұзады. Алкилдеуші дәрілер тәрізді әсер етеді.
Циклді топтардың көмегімен ДНҚ мен РНҚ-ң жұп арасына қосылып, нуклеин қышқылдары тізбегінің бөлінуі мен ДНҚ синтезінің тежелуін тудырады. Рак жасушаларының циклінің әртүрлі фазаларына әсер етеді. Түзілуін тежеп, бөлінуін тоқтатады. Тек бөлу фазасына әсер етеді.
Жыныс гормондары рак жасушаларын жоймайды, бірақ жасушалардың бөлінуін тежеп жіктейді, сонымен қатар жасуша қызметінің гуморальды реттелуінің бұзылуын біртіндеп қалпына келтіреді.
Глюкокортикоидтар ісік процестеріне аз әсер етеді, бірақ цистотатиктердің әсерін күшейтіп, жақсартады. Жасуша мембраналарының құрылымы үшін, ісік жасушаларына қажетті аспарагинді ыдыратады. |
Гемобластозда (созылмалы, лейкемия, лимфагранулематоз, лимфосаркома, ретикулосаркома), кейбір топ препараттары миеломада, сүт бездерінің, аналық без рагында, семиномада, өкпе майда жасушалық рагында тоқ ішек рагында тиімді.
Метотрексат-лейкемия, лимфома, өкпе, сүт безі мен аналық без рагында қолданылады. Меркаптопурин – лейкемияда. Фторурацил – асқазанның, тоқ және тік ішектің, сүт бездерінің рагында. Цитарабин – лейкемияда. Цисплатин – ұрық без, қуыз, аналық без, бас және моыйн аймақтарының жалпақ жасушалық рагында, остеогенді саркомада. Карбоплатин – аналық без ісігінде. Прокорбазин – лимфогранулематозда. Дакарбазин – меланомада. Дактиномицин – жатырдың хорионэпителиомасында, Вильмса ісігінде, Юинга ісігінде, лимфогранулематозда және т.б. Адриамицин – жедел лейкемия, жұмсақ ұлпа саркомасында, лимфосаркомада және т.б. Колхамин – тері рагында. Винбластин – лимфогранулематозда, жатырдың хоринэпителиомасында және т.б. Винкристин – жедел лейкозда, нейробластомада, Вильмса ісігінде және т.б. Этопозид - өкпенің майда жасушалық рагында. Тенипозид – гемобластозда.
Жыныс гормондары гормонға тәуелді ісіктерде қолданылады. Андрогендер мен антиэстрогендер – сүт бездерінің рагында.
Эстрогендер мен антиандрогендер – қуық асты безінің рагында.
Гестагендер – жатыр рагында (эндометрия).
Жіті және созылмалы лейкозда.
Жіті лимфобласты лейкемияда. |
Бластомаға қарсы дәрілерді қолданғанда науқастардың 100%-де жанама әсерлер байқалады. Көбінесе лоқсу және құсу, қан жасалу мен иммунитеттің тежелуі, АІЖ-ң шырышты қабықшасының зақымдалуы, цистит, гепатит, бүйректің зақымдалуы, гиперурекемия, алопеция, неврологиялық бұзылыстар, өкпе мен миокардтың зақымдануы, аллергиялық реакциялар, дене қызуының көтерілуі, инфекцияның байқалуы мен асқынуы, гормондардың қызметінің бұзылуы және т.б. байқалады.
Онкологиялық науқастарды емдеу арнайы емдеу мекемелерінде бластомаға қарсы дәрілерді белгілі бір кесте бойынша қиыстырылып тағайындалады.
Дәрілік заттармен жедел улануды емдеудің негізгі принциптері
Удың қанға сіңірілуін тоқтату
а) Асқазанды шаю – жылы сумен, калий перманганатының ерітіндісімен, белсендірілген көмірдің суспензиясымен жүзеге асырылады, әсіресе ОЖЖ-н тежейтін заттармен уланғанда. Асқазанды зонд (шолғы) арқылы шайған дұрыс. Қышқылдар және сілтілермен уланғанда алдын ала наркотикалық анальгетиктер (морфин және т.б.), спазмолитиктер (атропин және т.б.) енгізіледі, ал зондты вазелин немесе өсімдік майымен майлау қажет.
б) Ішектегі уды шығару – тазалау клизмасының көмегімен жүргізіліп, ішке белсендірілген көмір (сіңіргіш зат) мен тұзды іш жүргізетін (магний сульфаты) дәрілер беріледі. Қышқылдар және сілтілермен уланғанда іш жүргізетін дәрілерді беруге болмайды.
в) Токсинді заттардың тері мен шырышты қабыққа шашырағанда – көп мөлшердегі ағынды сумен шайып, мүмкін болса қышқылды сілтілермен (натрий гидрокарбонат ерітіндісімен), ал сілтіні қышқылдармен (3-5% сірке қышқылы ерітіндісімен) бейтараптау қажет.
г) Токсинді заттың ағзаға өкпе арқылы түскенде – удан аластату, таза ауамен дем алуын қамтамасыз ету.
Ағзадан удың шығарылуын жылдамдату. Табиғи әдістер:
а) Форсирленген диурез – 1,5-2 л 0,9% натрий хлорид ерітіндісін к/т енгізіп, сонан соң белсенді несеп айдаушы дәрілер (фуросемид, маннит) енгізіледі. Форсирленген диурезді жіті жүрек қызметінің жеткіліксіздігінде, бүйрек қызметінің жеткіліксіздігінде, ми немесе өкпенің қауіпті ісігінде қолдануға болмайды.
б) Егер заттар өкпеден бөлінетін болса, өкпенің гипервентиляциясын, карбогенмен ингаляциясын қамтамасыз ету қажет.
Жасанды әдістер:
а) перитонеальды диализ – іш қуысын электролитті ерітінділермен шаю;
б) гемодиализ – қанды «жасанды бүйрек» диализаторы арқылы өткізеді;
в) гемосорбция – улар сорбенттерде адсорбцияланады (мысалы, түйіршікті белсендірілген көмір);
г) қан құю.
Сіңірілген удың әсерін басу. Улардың әсерін басу үшін антидот қолданылады, олар улармен химиялық немесе физикалық-химиялық әрекеттесетін заттар. Мысалы: белсендірілген көмір абсорбция әдісімен (физикалық-химиялық әрекеттесу) әсер етеді. Темір препараттарымен уланғанда антидот ретінде дефкроксамин; ауыр металл тұздарымен уланғанда унитиол; ФОҚ-мен уланғанда дипироксим мен изонитрозин; синил қышқылымен, цианидтермен уланғанда метилен көгі мен натрий нитриті; гепариннің мөлшерін асырғанда протамин сульфаты және т.б. қолданылады.
Фармакологиялық антагонистер де кеңінен қолданылады. Мысалы, антихолинэстеразды дәрілермен уланғанда атропин, морфинмен уланғанда налоксон және т.б. қолданылады.
Жедел уланудың симптоматикалық терапиясы. Спецификалық антидот болмаған жағдайда жедел улануға симптоматикалық ем жүргізудің айрықша маңызы бар. Әсіресе қан айналым мен тыныс алу жүйесін қадағалау қажет. Жүрек глкозидтерін, АҚ реттейтін дәрілер, оттегі терапиясы, тыныс алу стимуляторлар, қажетті жағдайда бронхолитиктер, тырысуға қарсы, анальгетикалық дәрілер қолданылады. Су-электролитті балансты қадағалау қажет. Қажетті жағдайда реанимациялар шаралар жүргізіледі.
Дәрі дәрмекті қабылдау ережелері
Тамақтан алдын
Тәбет ашатын дәрілер (ашылар және т.б.) – 20-30 мин тамақ алдында.
Құсық басатын дәрілер
Бырыстырғыш дәрілер
Өт айдаушы дәрілер
Антибиотиктер және басқада микробқа қарсы дәрілер
Бактериялық диареяға қарсы дәрілер – 20-30 мин тамақ алдында
Анорексинді дәрілер (немесе таңғы ас және түскі ас кезінде)
Жалпы тонусты реттейтін дәрілер
Витаминдер
Ауырсынуды басатын дәрілер (асқазан-ішек, бас ауруларына т.с.с).
Тамақ үстінде
Асқазан безі секрециясы төмендеуіндегі орынбасушы терапиядағы дәрілер
Тітіркендіргіш әсері бар кейбір препараттар (бутадион, «реопирин», ортофен, индометацин» кетопрофен, натрий вальпроаты және т.б.)
Таблетка түріндегі ферментті препараттар – шайнамай жұту керек (немесе тамақтан кейін).
Тамақтан кейін
Тітіркендіргіш әсері бар препараттар (ацетилсалицил қышқылы; құрамында ацетилсалицил қышқылы, анальгин, бутадион, фенацетині бар препарттар; индометацин, ортофен, мефенам қышқылы, диоксибензой қышқылы және т.б.).
Темір препарттары
Мышьяк препараттары
Йод препараттар
Химин препараттары(жүрек гликозиттері)
Гипотензивті препараттар
Несеп айдаушы дәрілер
Туберкулезге қарсы дәрілер
Әртүрлі дәрілер (пентоксил, метилурацил, аллохол, апрессин, викалин, амизил, этазол, никотин қышқылы, хлоралгидрат және т.б.).
Аш қарынға
Пиперазиннен басқа, құрттарға қарсы дәрілер
Тұзды іш айдаушы дәрілер
Минералды сулар
Майсана майы.
Ұйықтар алдында
Барлық ұйықтататын дәрілер
Іш қатудағы іш айдаушы дәрілер.
Сызба бойынша
Безгекке (малярия) қарсы препараттар.
Антибиотиктер – сызба бойынша немесе тамақ алдында.
Сульфаниламидті препарттар.
Ескертулер
ОЖЖ-ін қуаттандыратын барлық препараттарды – ұйқысыздықты туғызбау үшін, тек тәуліктің бірінші жартысында (сағ 16:00-ге дейін) қабылдау қажет.
Асқазан сөлінде бұзылатын пантокрин және гормонды препараттарды, ас содасы қосылған сумен қабылдау қажет.
Гормонды препараттарды толық ерігенше жұтыну қимылдарын жасамай, тіл астына ұстау қажет.
Құрттарға қарсы препараттарды қабылдағанда майлы тамақтарды қолданбаған жөн.
В2 витаминін қабылдағанда белок тағамдарын – ірімшік, сүт, лобия және т.с бірге қолдану қажет.
«В» тобының витаминдерін қабылдағанда тұзды тағамдарды қолданбаған жөн.
