Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фармакол. каз.лек.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
442 Кб
Скачать
☆

Зат алмасу процесін реттейтін дәрілер Гормонды және олардың синтетикалық алмастырғыш және антагонисті препараттары

Гормондар ішкі секреция бездер бөлетін биологиялық белсенді заттар. Олар гемостазды қалыпты жағдайда ұстауда, ағзаның әр түрлі қызметінің гормондық реттелуінде маңызды қызмет атқарады. Гормонды дәрілер негізінен ішкі секреция бездерінің жеткіліксіздігінде орынбасушы терапия ретінде тағайындалады. Гормонды препараттары ішкі секреция бездердің жеткіліксіздігімен байланысты емес әртүрлі патологиялық жағдайларда (глюкокортикоидтарды, қабынуға және аллергияға қарсы дәрілер ретінде) белгіленеді. Сонымен, бездердің гипофункциясында гормонды, ал гиперфункциясында антигормонды (антагонист) дәрілер белгіленеді. Гормонды препараттарды сондай-ақ эндокринді емес ауруларда да қолданылады.

1. Гипофиз гормондарының препараттары

а) Гипофиздің алдыңғы бөлігініңі гормондарының препараттары Гипофиздің алдыңғы бөлігінің өнімін күшейтеді. Шеткерлі эндокриндік бездерді қуаттандырады. Қабынуға қарсы, аллергияға қарсы және иммунодепрессивті әсері бар.

Кортикотропин – Corticotropinum (Б): 10; 20; 30; және 40 ӘБ құрғақ зат – 2 мл инъекцияға арналған суда ерітіп, 1 мл-ден тәулігіне 3-4 рет б/е; 0,9% NaCl еріт бірге тамшылатып к/т енгізіледі. Әсері, жанама әсері, қолдануға қарсы көрсеткіштері глюкокортикоидтарға ұқсас. АКТГ-ң өнімінің жетіспеушілігінде, бүйрек үсті безінің гипофункциясында, глюкокортикоидтарды доғарғаннан кейін қолданылады.

Соматотроин – Somatotropinum: 2-4 ӘБ құрғақ зат флаконда шығарылып, 0,25% 2мл новокаин еріт. ерітіп, б/е; 1-2 мл аптасына 2-3 рет т/а енгізіледі. СТГ-ға (соматотропты гормон) сәйкес келеді. Дене салмағы мен бойды өсіреді. Гипофизарлы ергежейлік (карликовость) пен гипофизарлы ергежейлілікте (нанизм) қолданылады. Қатерлі ісікте қолдануға болмайды.

Өсу гормоны (СТГ) секрециясының ингибиторы гипоталамус гормоны сомастостатин болып табылады. Оның синтетикалық аналогы октреотид (сандостатин) акромегалия мен карциноидты ісікте қолданылады.

Октреотид – Octreotidum: 0,00005 және 0,0001 амп. т/а енгізіледі.

Гонадотропты гормондарының препараттары:

Менопаузалы гонадотропин - Gonadotrpinum menopausticum (Б): 75 ӘБ флаконда 1 мл 0,9% NaCl ерітіп, тәулігіне 1-2 мл-ден б/е енгізіледі.

Хорионды гонадотропин - Conadotropinum chorionicun (Б): 500; 1 000 және 2 000 ӘБ флакон құрамын еріткіште ерітіп, б/е енгізіледі. Лютеинді (ЛГ) гормонға сәйкес келеді. Фолликулалардың жетілдіріп, сперматогенезді күшейтеді.

Екі препарат та әйелдердің, ерлердің жыныс бездерінің қызметі төмендеуінде, бедеулікті және жыныс ағзалары кеш дамуында қолданылады.

ФҚГ және ЛГ секрециясының ингибиторы даназол (данавол, данол) болып табылады. Акроиегалиямен ауыратын науқастардың аденогипофизді жасушаларынан өсу гормондарының бөлініп шығуын тежеп, асқазан сөлі мен инсулиннің бөлінуін азайтады. Гонадотропты гормондарының бөлінуін азайтады. Бедеулікке алып келетін эндометриозды емдеуде, сүт бездерінің қатерсіз ісігінде және етеккір алды белгісінде қолданылады.

Лактин – Lactinum: 100 және 200 ӘБ флакон құрамын 2-4 мл инъекцияға арналған суда ерітіп, тәулігіне 1-2 мл-ден б/е енгізіледі. ЛТГ-ға (лактотропты гормон, пролактин) сәйкес келеді. Босанғаннан кейінгі лактацияны күшейту үшін және гипогалактияда (сүт бөлінуінің азаюы) қолданылады.

Пролактин секрециясының ингибиторы бромокриптин (парлодел) мен лизурид (лизенил) болып табылады. Гипофиздің алдыңғы бөлігінен соматотропты гормонның және пролактиннің секрециясын азайтады. Акромегалияда, гастро-энтеропанкреатиндік жүйенің эндокриндік ісінулерінде, сүт безінің қатерсіз ісігінде, етеккірдің бұзылуында және бедеулікте қолданылады.

б) Гипофиздің ортаңғы бөлігінің препараттары

Интермедин – Intermedinum: 0,05 және 0,1 флаконда, 1-2 мл еріткіште ерітеді; көз тамшысы – 3 тамшыдан, 0,2-0,3 мл 3 күнде 1 рет көздің кілегей қабығының астына инъекциялау үшін белгіленеді. Көздің көру қабілетінің өткірлігін арттырып, қаарңғығы бейімделуін жақсартады. Көздің торлы қабығының дегенеративті өзгеруінде, гемералопияда, жоғарғы дәрежелі миопияда және т.б. қолданылады. Пигмент алмасуын реттейтін меланоформды гормонға сәйкес келеді.

в) Гипофиздің артқы бөлігінің препараттары

Окситоцин, питуитрин («Миометрияға әсер ететін дәрілер» тақырыбына қара) жатырдың бұлшық етін жиырады. Босанудың әлсіздігінде қолданылады.

Адиурекрин – Adiurecrinum (құғақ питуитрин) (Б): 5 мл флаконда (1 мл –де – 20 ӘБ бар) 2-3 тамшыдан тәулігіне 2-3 рет қант диабетіне, энурезде, мұрын қуысына енгізу үшін белгіленеді. Гипертониялық ауруларда қолдануға болмайды. Себебі, құрамында ағзада сұйықтықты ұстап қалатын, АҚ жоғарлату қабілеті бар антидиуретикалық гормон вазопрессин бар.