- •Фармакология -1-1 .Кіріспе . Жалпы рецептура
- •Жеке фармакология
- •Нитрофурган туындылары
- •Антибиотиктер.
- •1. Карбапенемдер (I буыны: имипене, «тиенам, «примаксин», II буыны: меропенем).
- •2. Макролидтер
- •3 Тетрациклиндер.
- •4. Левомицетин (хлорамфеникол) тобы.
- •5. Аминогликозидтер.
- •6. Полимиксиндер
- •7. Әртурлі топтағы антибиотиктер
- •1. Гликопептидтер: ванкомицин (эдицин), тейкопланин (таргоцид).
- •2.Синтетикалық микробқа қарсы дәрілер
- •3. Туберкулезға қарсы дәрілер.
- •4.Мерезге қарсы (сифилиске қарсы) дәрілер
- •5. Саңырауқұлақтарға қарсы дәрілер
- •6. Вирусқа қарсы дәрілер.
- •7. Қарапайымдыларға қарсы дәрілер
- •8. Құрттарға қарсы (антигельминтті) дәрілер.
- •2.Құсық шақыратын және құсыққа қарсы әсер ететін дәрілік заттар. (анорексигенді дәрілер).
- •2. Құсық шақыратын дәрілік заттар көп.
- •3.Асқазанның шырышты қабаттарына әсер ететін дәрілік заттар.
- •2. Асқазандағы тұз қышқылының секрециясын тежейтін дәрілік заттар.
- •4. Ұйқы безінің секрециясы бұзылғанда әсер ететін дәрілік заттар.
- •Синтетикалық препараттары: фенолфталеин, изафенин, бисакодил (дульколакс), гутталакс.
- •Шеткерлік жүйке жүйесіне әсер ететін дәрілік заттар
- •А. Афферентті иннервацияға әсер ететін дәрілер
- •Б. Эфферентті иннервацияға әсер ететін дәрілер
- •Холинергиялық жүйелерді тітіркендіргенде байқалатын негізгі әсерлер :
- •1. Холинергиялық синапстарға әсер ететін дәрілер
- •2. Адренергиялық синапстарға әсер ететін дәрілер
- •Дофаминергиялық дәрілер
- •Орталық жүйке жүйесіне әсер ететін заттар.
- •Хирургиялық наркоз:
- •2. Этил спирті
- •3. Ұйықтататын дәрілер
- •5.Паркинсонизмге қарсы әсер ететін дәрілік заттар.
- •6. Анальгетиктер
- •Наркотикалық анальгетиктердің антагонистері: налорфин, налоксон, налтрексон.
- •2. Наркотикалық емес анальгетиктер
- •2. Пиразолон туындылары: антипирин, амидопирин, анальгин.
- •Салицил қышқылының туындылары: метил салицилаты – сұйық зат, сыртқа қолданылады, мазьдердің линименттердің құрамына кіреді, артирит, миоз емдейді.
- •2. Басқа топқа жататын дәрілік заттардың туындылары:мепротан (мепробамат), амизил, оксилидин, мебикар, триоксазин.
- •3. Седативті әсер ететін дәрілік заттар. (тыныштандыратын)
- •4. Антидепрессанттар
- •8. Аналептиктер.
- •Жүрек – қан тамыр жүйесіне әсер ететін дәрілер
- •Тез әсер ететін препараттар (жіті жүрек қызметінің жеткіліксіздігінде қолданылады)
- •Жүректің β1 – адренорецепторларын қуаттандыратын: дофамин, добутамин.
- •Фосфодиэстераза ингибиторлары: амринон, милринон.
- •2. Антиаритмиялық дәрілік заттар
- •Тахиаритмияны басатын дәрілір
- •Жүрек ишемиялық ауруында қолданылатын дәрілік заттар. (Антиангинальды дәрілер)
- •Стенокардия ұстамасының алды налу үшін қолданылатын дәрілер:
- •Оксигенотерапия.
- •1.Буыны:каптоприл(капотен);
- •2.Буыны:эналаприл(ренитек,энам),лизиноприл(привинил,диротон),рамиприл(тритаце),циллазаприл(инхибес),периндоприл(престариум),фозиноприл(моноприл)трандолаприл(гоптен)
- •1.Атерогенді липопротеиндердің түзілуін тежейтін дәрілер.
- •2Катаболизмді және холестериннің шығарылуын күшейтетін дәрілер.
- •1.Атерогенді липопротеиндердің түзілуін тежейтін дәрілер:
- •2. Катаболизмді және холестериннің шығарылуын күшейтетін дәрілер.
- •5. Несеп айдаушы дәрілер (диуретиктер)
- •Подаграны емдеу үшін қолданылады:
- •Жөтелді басатын дәрілер.
- •4. Бронхолитикалық дәрілер.
- •Өкпе ісінуінде қолданылатын дәрілер.
- •Миометрияның жиырылу белсенділігін қуаттандыратын дәрілер (Утеростимуляторлар)
- •Тек миометрия тонусын жоғарлататын дәрілер
- •Миометрияның тонусы мен жиырылуын төмендететін дәрілер.
- •I. Эритропоэзды күшейтетін дәрілер
- •II. Лейкопоэзды күшейтетін дәрілер
- •III.Гемостаз жүйесіне әсер ететін дәрілер
- •1. Тробоциттердің агрегациясын (бірігуі) және адгезиясын (жабысуы) күшейтетін дәрілер:
- •2. Қан ұюын төмендететін дәрілер (Антикоаугулянттан).
- •Зат алмасу процесін реттейтін дәрілер Гормонды және олардың синтетикалық алмастырғыш және антагонисті препараттары
- •1. Гипофиз гормондарының препараттары
- •2. Қалқанша безі гормондарының препараттары (антитиреоидты дәрілер)
- •3. Қалқансерік безінің гормонды препараттары
- •4. Ұйқы безі гормондарының препараттары және ауыз қуысы арқылы енгізілетін диабетке қарсы дәрілер
- •Ауыз қуысы арқылы енгізілетін диабетке қарсы дәрілер
- •5.Бүйрек үсті безінің қыртысының гормондарының препараттары
- •6. Жыныстық гормондарының препараттары Әйелдің жыныстық безінің препараттары
- •Ұрықтануға қарсы ауыз қуысы арқылы енгізілетін дәрілер (Контрацептивтер)
- •Еркектің жыныс гормонының препараттары (андрогенді препараттар)
- •Анаболитикалық стероидтар
- •8. Витаминді препараттар (Дәрумендер)
- •Суда еритін витаминдер
- •Майда еритін витаминдер
- •Поливитаминдер
- •Қабыну және аллергия процестеріне әсер ететін дәрілер
- •1. Қабынуға қарсы дәрілер
- •Стероидты қабынуға қарсы дәрілер (сққд)
- •2. Аллергияға қарсы дәрілер
3 Тетрациклиндер.
Әсер ету механизмі: рибосомдық деңгейдегі ақуыз синтезін бұзып, бактериостатикалық әсер етеді.
Табиғи: тетрациклин, окситетирациклин (террамицин) - әсері қысқа 6-8 сағат.
Жартылай синтетикалық: метациклип (рондомицин), доксициклин (вибрамицин), миноциклин (миноцин) - әсері ұзақ 12-24 сағат.
Әсер ету спектрі кең: грамм (+) және грамм (-) бактериялар, спирохета, риккетсия, хламидия, микоплазма, амеба. Тетрациклиндер жасуша ішінде орналасқан микроорганизмдерге қарсы әсер етеді. Оларға протей, көкірің таяқшалары, көбінесе саңырауқулақтар, ұсақ вирустар, бактериодтар тұрақты. Грамм (-) ішек микроорганизмдері метациклин мен доксициклинге тұрақты. Тетрациклиндерге екіншілік резистенттік баяу дамиды, бірақ моноциклиннен басқа осы топтың барлық препараттарына резистенттік қиылыспалы болып келеді.
Қолдану көрсеткіштері: тетрациклиндер - улы антибиотиктер, сондықтан оларды қазіргі кезде аз қолданады. Тетрациклиндерді негізінен микроорганизмдердің басқа топ препараттарына тұрақтылығы жоғары болғанда қолданады. Олар резервтегі антибиотиктер болып табылады. Тетрацилиндерді өте қауіпті инфекцияларда: тырысқақ (холера), оба, сібір жарасы, бруцеллез, туляремия, борреллиоз, риккетисиоз, бөртпе сүзегі, дақты қызба, Ку-кызба (доксициклин, моноциклин); остеомиелитте, инфекциялык артритте; хламидия, микоплазма, трепонема және гонококк қоздырғыштарымен шақырылған урогенитальды инфекцияларда; микроплазмалық пневманияда; тархомада; тері және жұмсақ ұлпа инфекцияларында (моноциклин - теріге және
жұмсақ ұлпаларға жақсы сіңеді); бактериальды және амебты дизентерияда; асқазанның жара
ауруларында (доксициклин әсер етеді) қолданылады. Жанама әсері: диспепсия, тітіркендіргіш әсер, гепатотоксикалық әсер, аллергия, дисбактериоз (суперинфекция, кандидамикозды алдын алу үшін нистатин қолданылады), энтерколит, фотосенсибилизация, тіс және сүйек дамуының бұзылуы (тетрациклиндер кальций тұздарымен кешенді қосылыстар түзіп, тіс пен сүйекте жиналып, ол тістің өсуін тежейді, кеш шығады, қарайып, кариеске бейім болады); катаболикалық әсер, иммунитеттің төмендеуі, қан жасалуының тежелуі, тератогендік әсер, ал миноциклинге вестибулярлық бұзылыстар байқалады. Қарсы керсеткіштері: жоғары сезімталдықта,саңырауқұлақ ауруларында, жүктілікте, 12 жасқа дейінгі балаларға: бауыр, бүйрек ауруларында және лейкопенияда абайлап қолдану қажет.
Тетрациклин (Б): 0,05; 0,1 және 0,25 таб. шығарылып, тәулігіне 3-4 рет тамақ үстінде немесе тамақтан кейін; 1% көз жағылмасы, 3% дерматологиялық жағылмасы бар.
Окситетрациклин - сыртқа жағылма түрінде «Гиоксизон», аэрозольдер «Оксициклозоль»,
«Оксикорт».
Метациклин гидрохлориді (Б): 0,15 және 0,3 таб - 0,3 тәулігіне 2 рет тамақ үстінде немесе
тамақтан кейін.
Доксициклин гидрохлориді (Б): 0,1 капс. шығарылып, 1 капс. тәулігіне 1 рет тамақтан соң; 0,1құрғақ зат флакон құрамы 0,9% NaС1 ерiт. ерітіп, тәулігіне 1-2 рет к/т тамшылатып енгізіледі.
4. Левомицетин (хлорамфеникол) тобы.
Әсер ету механизмі: рибосома деңгейінде ақуыз синтезін бұзып, бактериостатикалық әсер етеді. Әсер ету спектрі кең: грамм (+) және грамм (-) бактериялар, сонымен қатар ішек бактериялары, спирохеталар, риккетсиялар, хламидиялар, микоплазмалар. Қышқылдарға тұрақты микробактерияларға, көкірің таяқшаларына, клостридиялар мен қарапайымдыларға әсер етпейді. Қолдану көрсеткіштері: левомицетин улылығы жоғары антибиотик, АІЖ-да тез сіңеді, ағзаның барлық сұйықтықтары мен ұлпаларына тез таралады. Оларды басқа улылығы төмен антибиотиктердің әсері болмаған жағдайдағы ауыр инфекцияларда немесе басқа препараттарды көтере алмағанда, қоздырғыштың левомицетинге сезімталдығы жоғары болған жағдайда қолданылады. Левомицетин іш сүзегінде, паратифте, сальмоннелезде, бруцеллезда, туляремияда, риккетисиозда, менингитте; көздің жұқпалы ауруларында (0,25% көз тамшылары) қолданылады. Жанама әсері: қан түзілуінің бұзылуы, тері аурулары (экзема, псориаз, саңырауқұлақтармен зақымданулары) және жеке көтере алмаушылық. Жаңа туған балалар мен жүкті әйелдерге қолдануға болмайды.
Левомицетин (Амбофен) - Lacvomycetinum(Б): 0,25 және 0,5 таб (капс) шығарылып, тәулігіне 3-4 рет тамақтан 20-30 мин бұрын белгіленеді әсері ұзартылған 0,65 таб тәулігіне 2 рет тамақтан 20-30 минут алдын белгіленеді. Левомицетин натрий сукцинаты (берлицетин) парентеральды жолмен (т/а, б/е, к/т) енгізтеді. 1%, 5% және 10% синтомицин линименті терінің іріңді зақымдалуында, фурунклезде, карбункулда, күйік, іріңді жарақаттарда және жараларда сыртқа қолданылады.
Левомецетин қиыстырылған препаратгардың құрамына кіреді «Левомеколь», «Левосин» жағылмасы; іріңді жараларды, күйікті, ойық жараларды емдеу үшін «Левовинизоль», «Олазоль» аэрозоль түрінде қолданылады. «Ируксол» жағылмасын жарларды тазалау үшін қолданады.
