Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фармакол. каз.лек.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
442 Кб
Скачать
☆
        1. Тек миометрия тонусын жоғарлататын дәрілер

(Утеротониялық дәрілер)

Бұл препараттар миометрияның жиырылуын сергітетін заттар, ол кезде қан тамырлары қысылып, қан кету тоқтайды. Утеротониялық дәрілер босанғаннан кейінгі гипо және атониялық қан кетуді тоқтату үшін, босанғаннан кейінгі және түсіктен кейінгі жатырдың инволюциясын (қайтадан дамуы) тездету үшін, жатырдан гинекологиялық қан кетуде қолданылады. жүктілікте және босануда (жатыр бұлшық ет тонустық жиырылуы іштегі баланың тұншығуына алып келуі мүмкін) қолдануға болмайды.

Қара күйе алкалоидтары: эргометрин, метилэргометрин (метилэргобревин), эрготамин, эрготал.

Қара күйе – дәнді өсімдіктердегі паразитті саңырауқұлақ. Эрометирннің белсенділігі жоғары болып келеді. Эрготамин ми қан айналым жүйесіне әсер етіп, мигренде (ми қабықшаларының артерияларының пульсын төмендетеді) қолданылады. Қара күйе алкалоидтары ОЖЖ-не тыныштандырғыш әсер көрсетіп, климакстық неврозда, вегетативті дистонияда, неврогенде және т.б. бұзылыстарда қолданылады. «Белласпон» (эрготамин), «Беллоид» (эрготоксин) препараттарының құрамына кіреді.

Жанама әсері: көбінесе эрготаминде байқалады: лоқсу, құсу, іш өту, әлсіздік, бұлшық ет ауырсынулары. Эрготаминді стенокардияда, гипертониялық ауруларда атеросклерозда, тромбофлебитте, сепсисте, бауыр және бүйрек қызметінің бұзылуында қолдануға болмайды.

Эргометрин малеаты - Ergometrini maleas (Б): 0,0002 таб шығарылып, 1 таб тәулігіне 2-3 рет белігіленеді. 0,02% 0,5 және 1 мл амп, шығарылып, б/е және к/т енгізіледі.

Метилжргометрин тартраты - Methylergometrini tartas (Б): 0,000125 таб, 0,025% 10 мл флаконда – 10-20 тамшыдан тәулігіне 3 рет; 0,02% 1 мл амп шығарылып, 40% 20 мл глюкоза еріт. б/е және к/т енгізіледі.

Синтетикалық препараттары: котарнин (стиптицин).

Котарнин – жатырдан қан кетуде қолданылады, қара күйе алкалоидтарына қарағанда әсері әлсіз. Котарнин хлориді - Cotarnini chloridum (Б): 0,05 таб, шығарылып 1 таб тәулігіне 3 рет белгіленеді.

Өсімдіктекті дәрілер («әлсіз» жатыр дәрілері): қалақай жапырағының тұнбасы, жамыршақ (пастушья сумка) тұнбасы мен сығындысы, бұрыш таран (горец перечный) тұнбасы мен сығындысы, мыңжапырақ (тысячелистник) шөбінің тұнбасы мен сығындысы, бөріқарақат (барбарис) тұндырмасы, тоққұдыс (чистец) сығындысы, шәңгіш (калина) қабығының қайнатпасы, арника тұндырмасы – босанғаннан кейінгі кезеңдегі қан кетуде, жатырдың суинволюциясында және меноррагияда қолданылады. Жүктілікте қолдануға болмайды.

  1. Миометрияның тонусы мен жиырылуын төмендететін дәрілер.

(Токолитикалық дәрілер)

Жүктілікті көтере алмаушылықта және мезгілінен бұрын босану қауіпінде (стационарда), босану кезінде операцияға дайындау алдында қолданылады.

β2- адреномиметиктер: фенотерол (партусистен), сальбутамол (сальбупарт), гексопреналин (гинипрал), ритодрин (пре-пар), тербуталин (бриканил).

β2-адренорецепторларды қуаттандыру нәтижесінде миометрияның тонусы мен жиырылуы қызметі төмендейді. β2-адреномиметиктер айрықша токолитикалық әсері бар бірден бір дәрілік заттар тобы болып табылады. Жақсы қабылданады және ұрық пен жаңа туған балаға кері әсер көрсетпейді. Күре тамырға енгізуден бастайды (минутына 10-20 тамшыдан баяу, тамшылатып), сонан соң бұлшық етке және пероральды енгізумен жалғастырады.

Жанама әсері: тахикардия, қолдың дірілдеуі, бұлшық ет әлсіздігі, АҚ-ң төмендеуі, терлеу, тынышсыздық және лоқсу байқалады. Жүрек ақауында, жүрек ырғағының бұзылысында, тиреотоксикозда және глаукомада қолдануға болмайды.

Партусистен – Partusisten (Б): 0,0005 құрғақ зат амп. шығарылып, 5% 500 мл глюкоза еріт. ерітіп к/т тамшылатып енгізіледі; 0,005 таб шығарылып, 1 таб әр 2-3 сағ. сайын (тәуліктік мөлшері 40 мг) белгіленеді.

Гестагенді гормондар: прогестерон, оксипрогестерон капронаты, аллилэстренол (туринал) – миометрияның қозуын төмендетеді, бірақ әсері тиімсіз.

Әртүрлі дәрілер: магний сульфаты (миометрияның жиырылғыш қабілетін тежейді), натрий оксибутираты ( күшті толғақты әлсіздендіру үшін қолданылады).

Қан жүйесіне әсер ететін дәрілер