Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГН КАЗ самыыыыый последний вариант.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
29 Мб
Скачать
☆

6 Сурет. Нефротикалық синдромның патогенезі

Ісіктердің қамыр тәрізді болуы, өте үлкен, асцит, гидроторакс, гидроперикард түзілуге бейім болуы НС-ға тән ерекшелік болып табылады.

Асқынулары. Сұйықтықтың тіндерде өте қатты іркілуімен айқын ісіну нәтижесінде және қан арнасында оның жеткіліксіздігі нәтижесінде гиповолемия дамиды. Альбумин 10-15 г/л-ден азайғанда және айналымдағы қан көлемі 25-30%-дан төмендегенде гиповолемиялық шок дамуы мүмкін. Диуретикалық емді таңдау үшін волемиялық жағдайды анықтаудың маңызы зор. НС кезінде гипо-, нормо- және гиперволемия орын алуы мүмкін. Гиповолемия ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің (РААЖ) белсенуін тудырады. АҚҚ төмен болуы және гематокриттің жоғары болуы гиповолемияның қосымша белгісі болуы мүмкін. Қан айналымының төмендеуі нәтижісінде бүйректерде преренальды БЖЗ дамиды, қанда азот қалдықтарының деңгейі жоғарылайды (креатинин, несеп нәрі), диурез азаяды.

Нефротикалық криз микроциркуляцияның бұзылысымен гиповолемиялық шок нәтижесінде болатын ауыр жағдай. Абдоминальды криз – жедел іш клиникасымен, терідегі белгілер эритемалармен (кининді криз) көрінуі мүмкін.

Тромбоз, тромбоэмболия гиперкоагуляция нәтижесінде дамиды, ол өз кезегінде гиповолемия, гиперфибриногенемия, антитромбин III зәрмен жоғалуы және фибринолиздің төмендеуі нәтижесінде дамиды. Қозғалыссыздық, диуретиктермен және глюкокортикостероидтармен емдеу олардың дамуына себебін тигізеді. Перифериялық тромбоздың белгілері терінің гиперемиясы, ауру сезімі және терілік гиперэстезия болуы мүмкін. Бүйрек венасының тромбозы бүйрек өлшемінің бірден ұлғаюымен, белдегі ауру сезімімен, гипертензиямен және макрогематуриямен көрінеді. Өкпе және ми артериялардың тромбоэмболиясын визуалды зерттеу әдістерімен нақтылау қажет. Тромботикалық асқынулар бойынша қауіп-қатер тобына сарысулық альбумин деңгейі 20г/л-ден аз болған науқастар жатады.

Әсіресе, төсектік режимде болуға мәжбүр науқастарға алдын алу мақсатымен күніне 100ед/кг гепарин немесе төменмолекулярлы гепарин, не тікелей емес антикоагулянт варфарин тағайындауға болады, бірақ әрқилы пікірлер бар. Бұлар Халықаралық қалыптасқан қатынас (ХҚҚ-МНО) деңгейі 2-3 болатындай тағайындалуы тиіс. Науқастардың көпшілігіне антитромбоцитарлық препараттар немесе антиагреганттар — дипиридамол 4-5 мг/кг немесе ересек балаларға аспирин (0,2 мг/кг 48с) тағайындау ұсынылады. Науқасқа шамасы келгенше қозғалу керек екендігін түсіндіру қажет. Қағида бойынша, ремиссияға қол жеткізгеннен кейін тромбозды алдын алу тек анамнезінде тромботикалық асқынулар болған науқастарға ғана жүргізіледі.

Инфекциялар НС бар науқастарда несеппен иммуноглобулиндердің жоғалуына және иммунитеттің Т-жасушалық буынының торығуына, жалпы метаболикалық бұзылыстар мен иммуносупрессивті препараттарды қолдануына байланысты екіншілік иммунды тапшылық жағдайлар жиі дамиды. Жиі респираторлы–вирусты аурулардан басқа, пневмококкты перитонит, ісіну кезінде тері, теріасты қабатының инфекциялары (целлюлит), сепсис, несеп шығару жолдарының инфекциялары, пневмония және басқа инфекциялар кездеседі. Желшешек және белдемелі теміреткі ерекше қауіп тудыратын инфекциялар болып табылады, бұлар ацикловирмен белсенді емдеуді талап етеді. Антибиотиктермен алдын алу емі ұсынылмағанына қарамастан, инфекциялар пайда болғанда тез арада қоздырғышты ескере отырып, антибактериалды немесе вирусқа қарсы ем тағайындау қажет. Ремиссия кезінде өлі вакциналармен жоспарлы иммунизациядан басқа, пневмококкқа, В гепатитіне қарсы алдын алу сұрақтары қарастырылуда.

Гиперлипидемия негізінен ересектерде атеросклероз қаупімен қосарласуы мүмкін. Алайда, стероидрезистентті жағдайларда ол болса, балаларға да қолайсыз әсері бар екенін ескеру қажет. Емдәмге көпқанықпаған май қышқылдары енгізілуі, жануар майларын шектеу қажет, ересек жастағы балаларға статиндерді абайлап қолдану қажет.

Белок-энергетикалық жеткіліксіздік емдәмде белокты ұзақ уақыт шектеу кезінде байқалуы мүмкін, бұл балаларда қолданылмайды.

НС-ң ауыр ағымында транзиторлы глюкозурия, аминоацидурия және басқа өзекшелік реабсорбция бұзылысының белгілері болуы мүмкін. Алайда, бұл бұзылыстар өткінші және бұл тек қана аурудың өзімен емес, оның емімен (ГКС) де байланысты.

Емі.

1) Төсектік режимнен аулақ болған дұрыс, өйткені ол тромб түзілу қаупін жоғарылатады.

2) Емдәм натрийді шектеуден тұрады. Альбумин деңгейі 25 г/л төмен болған жағдайда ісіну үдемес үшін кейде сұйықтықты қабылдау шамалы шектеледі. Өсіп жатқан ағза қажеттілігін, сонымен қатар аз белокты емдәмнің дәлелді пайдасы болмауын ескере отырып, НС-мен ауырған балалар жануар белогын қалыпты деңгейде қабылдағаны дұрыс.

3) Симптоматикалық ем. Ілмектік диуретиктер-фуросемид, кейде спиронолактон немесе тиазидпен бірге қолданылады. Алайда диуретикалық емді таңдау кезінде волемиялық жағдайды білу қажет. Альбуминнің жоғалуы гипо -, нормо - или гиперволемиямен қосарласуы мүмкін. Гиповолемия РААЖ белсенуімен бірге жүреді. Осы кезде альдостеронның әсерінен калийдің зәрмен шығуы жоғарылап, натрийдің ағзада іркілуі болады. Бұл феномен гипер- және нормоволемия кезінде көрінбейді. НС кезінде волемиялық жағдайды анықтау үшін бірнеше формулалар бар. Ван де Валле формуласы зәрде электролиттер концентрациясын анықтау арқылы Кзәрдегі / Кзәрдегі+ Naзәрдегі х 100 формуласы бойынша есептеуді талап етеді. Оның мәні 60% жоғары болса, ол толмаған (underfill) немесе гиповолемия екенін білдіреді. Бұл 20% альбумин ертіндісін 5 мл/кг мөлшерде инфузия жасауды талап етеді, , соңынан 1-4 мг/кг мөлшерде фуросемид енгізіледі. Преренальды БЖЗ-на алып келетін гиповолемиялық жағдайды натрийдің экскрециялану фракциясын (FENa+) келесі формуламен есептеу арқылы анықтауға болады: (Naзәрдегі / Naсарысудағы) / (Креатининзәрдегі/ Креатининсарысудағы) х 100. Көрсеткіштің 0.5 – 1-ден төмен болуы және АҚҚ төмен болуы гиповолемия бар екенін білдіреді.

4) Патогенетикалық ем. НС кезінде спонтанды ремиссия сирек байқалады (5-6%). НС алғашқы эпизодының емі келесі стандарт бойынша глюкокортикостероидтармен емдеуден басталады:

Преднизолон 60 мг/м2/тәу, ең жоғарғы доза 60 мг/тәу, 6 апта бойы

(индукциялық ем)

Преднизолон 40 мг/м2 күн ара 6 апта бойы

(қолдаушы ем)

Ремиссия

KDIGO соңғы ұсынысы бойынша (2012) ПЗ барлық тәуліктік мөлшерін тәулігіне бір рет таңертең қабылдау қажет. Әдетте ГКС-ға жауап тез, 2 апта ішінде байқалады. Бұл ем балаларда 90%-дан артық және ересектерде 50% шамасында ремиссияға әкеледі. Ересектерде ем ұзағырақ жүргізіледі. Егер 5-6 ай көлемінде берілсе, бұл ремиссияны жоғарылатуы мүмкін, ересектерде ГКС мөлшерін 80мг/тәу. дейін жоғарылатуы мүмкін. Дегенмен, олардың көбісінде ауру қайталанады.

ПЗ индукциялық еміне жауап беруіне және кейінгі ағымына байланысты НС келесідей түрлері орын алуы мүмкін (А.Н Цыгин, 2010):

  1. Алғашқы сезімталдылық, ГКС бір реттік курсынан кейін толық ұзақ ремиссия беретін рецидив бермейтін түрі (науқастардың 20-25%);

  2. Сезімтал, сирек рецидив беретін: ГКС алғашқы курсынан кейін болатын ремиссиядан соң рецидивтер сирек, 6 айда бір-екі рет байқалады;

  3. Сезімтал, жиі рецидив беретін (ЖРНС): ремиссияға жеткеннен кейін 6 айда 2 реттен аз емес рецидив байқалады;

  4. Сезімтал, стероид-тәуелді (СТНС): ГКС мөлшерін төмендеткенде немесе оларды тоқтатқаннан кейін 2 апта ішінде рецидив дамиды;

  5. Екіншілік резистентті: ГКС-ға алғашқы жауабынан кейін, келесі дамыған рецидивтерде оған деген сезімталдық жоғалады;

  6. Кеш-сезімталдылық: ремиссия ГКС емді бастағаннан кейін кеш 8 аптадан асқасын дамитын ремиссия;

  7. Біріншілік резистентті: басынан бүкіл ауру кезеңінде толық ремиссияның болмауы;

40 мг/м2/48 сағ. мөлшердегі 6 апталық қолдаушы (альтернирлеуші) курстан кейін үнемі преднизолон мөлшерін аптасына 10 мг/м2-ға кейде одан да баяуырақ төмендетіліп отырады да толығымен тоқтатқанға дейін жүргізіледі. Ремиссия ұзақтығы преднизолонмен емдеу ұзақтығына байланысты, ол емге тез жауап берген науқастардың (емдеудің алғашқы 2 апта ішінде протеинурияның жоғалуы) өзінде де 4-5 айдан кем болмауы тиіс. Кейбір авторлар (сирек рецидив болғанда) преднизолонды емдеудің альтернирлеуші курсынан кейін бірден тоқтатады.

ССНС рецидивтері. Рецидивті уақытылы анықтау үшін, науқастар немесе олардың ата-аналары (егер ол бала болса) тест жолақтарының көмегімен алғашында күнара, содан соң аптасына бір рет протеинурияны бақылау қажеттілігін білуі тиіс. Мәліметтер күнделікке түсірілуі тиіс. Инфекция немесе қызба жағдайында протеинурияны күнделікті тексерген жөн. Науқастың дене салмағын бақылап отыру да маңызды болып табылады.

Жиі рецидив беретін (жылына 4 реттен артық) немесе стероид-тәуелді НС ССНС бар науқастардың 2/3-де орын алады және айтарлықтай емдік қиындықтар тудырады. Ерте жаста ауырған балаларда (3 жастан кіші балалар) жиі рецидив беру қаупі жоғары. Науқастардың көбісінде ГКС-ға сезімталдылық НС келесі рецидивтерінде де сақталады.