- •I тарау. Топырақтану – топырақ туралы ғылым, топырақ түзілу процесі
- •Минералдар
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тау жыныстары
- •3 Кесте - Магмалық жыныстардың классификациясы
- •4 Кесте - Шөгінді тау жыныстары классификациясы
- •Бақылау сұрақтары:
- •Топырақ түзуші жыныстар
- •II тарау. Экологиялық факторлардың топырақтың морфологиялық белгілеріне әсері
- •Бақылау сұрақтары:
- •7 Кесте – Құрылым классификациясы
- •Бақылау сұрақтары:
- •III тарау. Топырақтардың гранулометриялық құрамы және оның маңызы
- •Бақылау сұрақтары:
- •IV тарау. Топырақтардың құрам бөліктері және олардың қасиеттері топырақтар мен топырақ түзуші жыныстардың химиялық құрамы
- •Бақылау сұрақтары:
- •Топырақтың органикалық заттары
- •Бақылау сұрақтары:
- •Топырақ құнарлығы және топырақтағы қарашірік балансы
- •Бақылау сұрақтары:
- •Топырақ коллоидтарының пептизациясы және коагуляциясы
- •I тәжірибе.
- •II тәжірибе.
- •III тәжірибе.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Топырақтың сіңіру қасиеті
- •4 Тәжірибе.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Топырақтың қатты фазасының тығыздығы мен кеуектілігін анықтау
- •Бақылау сұрақтары:
- •Су ерітіндісін талдау
- •Бақылау сұрақтары:
- •Топырақтың су өткізгіш және су көтергіш қасиеттері
- •І тәжірибе. Су өткізгіштік
- •Бақылау сұрақтары:
- •V тарау. Топырақ түзілудің экологиялық факторлары және олардың аймақтылыққа әсері
- •Топырақ классификациясы принциптері таксономикалық бірліктер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тайгалы орман аймағы топырақтары
- •Күлгін топырақтар
- •Бақылау сұрақтары:
- •Шымды топырақтар
- •Бақылау сұрақтары:
- •Шымды-күлгін топырақтар
- •Бақылау сұрақтары:
- •Батпақтық топырақтар
- •Бақылау сұрақтары:
- •Ормандық қоңыр топырақ
- •Бақылау сұрақтары:
- •Ормандық сұр топырақ
- •Бақылау сұрақтары:
- •Қара және шалғынды -қара топырақтар–
- •Бақылау сұрақтары:
- •Қара-қоңыр және шалғынды қара-қоңыр топырақтар
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тұзданған топырақтар
- •Бақылау сұрақтары:
- •Кебірлер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Солодтар
- •Бақылау сұрақтары:
- •Қоңыр шөлейт топырақ
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тау етегіндегі-шөлді далалар топырақтары
- •Бақылау сұрақтары:
- •Құрғақ және ылғалды субтропик топырақтары
- •Бақылау сұрақтары:
- •Жайылма топырақтары
- •Бақылау сұрақтары:
- •Таулық аймақтар топырақтары
- •Бақылау сұрақтары:
- •Топырақтарды агрономиялық сипаттау
- •Бақылау сұрақтары:
- •Топырақ бонитировкасы
- •Бақылау сұрақтары:
- •Топырақтану пәнінен тесттер
- •Әдебиеттер
- •Мазмұны
Бақылау сұрақтары:
Минералдардың негізгі қасиеттерін сипаттап беріңдер.
Химиялық құрамы бойынша минералдар қандай топтарға бөлінеді ?
Минералдардың маңызы және топырақ қасиеттеріне әсері қандай?
Тау жыныстары
Жұмыс мақсаты: Тау жыныстары ұғымымен танысу. Магмалық, метаморфтық және шөгінді тау жыныстарының қасиеттері мен классификациясын зерттеу.
Тапсырма.
Тау жыныстарының негізгі сыртқы белгілерін сипаттау, зерттеу нәтижесі бойынша тау жыныстарының үлгілік коллекциясын топтарға бөлу (магмалық, метамофтық, шөгінді).
Магмалық, метаморфтық, шөгінді тау жыныстарын классификациялау негізімен танысу (1, 2, 3 кесте).
Тау жыныстарының коллекция үлгілерін сипаттап беру, кестелерді қолдану және тау жыныстарының сыртқы белгілерін ажырату.
Қажетті құралдар мен материалдар: Бастапқы және туынды минералдардың коллекциясы.
Тапсырмаға түсініктеме.
Тау жынысы – дегеніміз, жер қыртысын құраушы минералдық бір тектес заттар. ПЕТРОГРАФИЯ - тау жыныстарын зерттейтін ғылым.
Жер қабаттарын құрайтын барлық тау жыныстары үш топқа бөлінеді: магмалық, метаморфтық, шөгінді тау жыныстары.
Магмалық жыныстар. Магмалық жыныстар дегеніміз, жер астынан балқып шыққан тас заттардың, яғни магманың қатаюынан пайда болған тау жыныстары.
Жыныстардың морфологиялық белгілері. Минералдар құрамы бойынша жыныстар былайша бөлінеді:
Мономинералдар – құрамында бір ғана минерал бар (мысалы, мрамор құрамында кальцит минералы ғана бар);
Полиминералды - құрамында бірнеше минерал кіреді.
3 Кесте - Магмалық жыныстардың классификациясы
Химиялық құрамы |
Пайда болу жағдайы |
Минералдық құрамы (басты минералдар) |
|
Интрузивтік |
Эффузивтік |
||
Қышқылдық |
Гранит Пегматит |
Липарит Обсидиан Пемза |
Ортоклаз,кварц, альбит, мүйіз алдамшасы |
Орташа |
Сиенит Диорит |
Трахит Андезит Обсидиан Пемза |
Ортоклаз,кварц, альбит, мүйіз алдамшасы және басқа түсті минералдар андезит, мүйіз алдамшасы |
Негізді |
Габбро Диабаз Лабродорит |
Базальт Обсидиан Пемза |
Лабрадор, ангит, мүйіз алдамшасы |
Ультра-негізді |
Дунит Пироксенит |
|
Оливин, авгит |
Құрылысы. Магмалық тау жыныстарының (заттың кристалдану дәрежесі, құрамына кіретін кристалдың пішіні және көлемі) құрылысы төмендегідей болады:
Түйіршікті, немесе толық кристалданған;
Афаниттік – қарусыз көзбен көрінетін, кристал түйіршіктері жоқ;
Шыны тектес – аморфты, кристалданбаған зат (вулкандық шыны);
Порфирлік шыны тектес немесе жасырын кристалды зат жеке кристал түйіршіктерінің бедері байқалады;
Пегмативтік – қосындының екі компонентінің біз мезетте кристалдануынан пайда болады. Минералдар өскін тәрізді болып көрінеді.
Түсі. Құрамындағы минералдардың түсіне байланысты. Тау жынысының түсін құрамындағы минералдың басым реңімен анықтайды.
Шығу және қатаю жағдайына қарай магмалық жыныстар тереңдік немесе интрузивтік, салалы (аралық), төгілме немесе эффузивтік болып бөлінеді:
Тереңдік (интрузивтік) егер магма жердің ішкі қабатында қалатын болса, ол келешекте бірте-бірте суынады да, оның жақсы кристалдануына мүмкіншілік туады, сондықтан тереңдік магмалық жыныстарда түйіршік кристалды құрылыстар пайда болады;
Салалы – магма бұрын пайда болған тау жыныстарының жарықшақтарында суынып қатайғанда пайда болады (пегматиттер);
Төгілме (эффузивтік) егер магма жер бетіне төгілсе, ол тез салқындайды да, көбінесе кристалсыз шыны немесе порфир құрылыс түзіледі. Олардан төгілмелі жыныстардың вулкандық түрлері пайда болады.
Шөгінді тау жыныстары. Шөгінді тау жыныстары-дегеніміз механикалық, физикалық, химиялық, биохимиялық әсерлердің әрекетінен бұзылып шөккен магмалық жыныстар.
Өздерінің жаратылысына қарай шөгінді жыныстар үш түрге бөлінеді:
1. механикалық шөгінділер
2. балшық тектес шөгінділер (0,01 мм ұсақ)
3. химиялық және биохимиялық шөгінділер
