Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мемешов C.К. Почвоведение Учебное пособие(каз).doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Бақылау сұрақтары:

1. Орманның сұр топырағы қандай аймақтарда таралған ?

2. Орманның сұр топырағының негізгі морфологиялық ерекшеліктері, түзілу жағдайлары қандай?

3. Орманның сұр топырағының классификациясында қандай тип тармақтарына, тегтерге, түрлерге бөлінеді?

Қара және шалғынды -қара топырақтар–

Сабақтың мақсаты: Қара топырақтар классификациясымен, морфологиялық, белгілерімен, қасиеттерімен танысу.

Тапсырма:

1. Монолиттер мен жәшіктегі үлгілерді пайдаланып қара топырақтардың морфологиялық белгілерін қарастыру дәптерге осы топырақ бейнесін түсіру.

2. Қара топырақтар классификациясымен танысу.

3. Қазақстан және Солтүстік Қазақстан топырақ картасынан қара топырақтардың таралу шекарасын қарастыру, алып жатқан ауданын анықтау.

Тапсырмаға түсініктеме.

Қара топырақтар далалы және әртүрлі шөптесін далалық өсімдіктер астында қалыптасып органикалық заттардың үлкен қоры болуымен сипатталады. Қарашірікті қабаты қалың 50-100 см қарашірік мөлшері 4-10 пайыз.

Қара топырақтар кескінінде: А0, А, В1, В2, С генетикалық қабаттарын айырады. А0– дала шымы, тың топырақтарда ғана кездесіп шөптесін өсімдіктердің қалдық байламынан құралған. А– қарашірікті аккумулятивті қабат қалыңдығы 20-50 см. Бұл қарашірікті қабаттың қою боялған қарашірікке бай күңгірт-қоңыр немесе қара түсті жоғарғы бөлігі, анық байқалған дәнді немесе кесекті-дәнді құрылымды.

В1– қарашірікті алмасу қабаты. Бұл қарашірікті қабаттың төменгі бөлігі, А қабатымен салыстырғанда ашықтау түсті, төменгі бөлігіне қарай анық байқалатын қоңырлау реңді. Қабат құрылымы дәнді-кесекті немесе кесекті, топырақ кескінінің төменгі жағына қарай біртіндеп кесекті құрылым бөлшектердің мөлшері артады.

Қара топырақтардың кейбір тип тармақтарында (нағыз, оңтүстік) В қабатында карбонаттардың бөлінуі байқалады. Келесі қабатқа өту тілшелер (ақпалар) түрінде.

В2– қарашірік ақпалары бар алмасу қабаты, боялуы біркелкі емес, құрылымы кесекті немесе кесекті-призмалы. Псевдомицелий, ақ көзшелер түрінде кальций карбонаттары бар (күлгінденген және күшті сілтісізденген топырақтардан басқаларында).

С – аналық жыныс, көп мөлшерде псевдомицелий, ақ көзшелер түрінде карбонаттар кездеседі.

Қара топырақтар кескінін сипаттауда НСІ дан қайнау тереңдігі олардың маңызды диагностикалық көрсеткіші болып табылады.

Қара топырақтардың типше, тегі, түрлері бойынша классификациясы 23- кестеде берілген.

Сонымен қатар қара топырақтар қарашірікті (А+В1) қалыңдығы бойынша мынадай түрлерге бөлінеді:

25 см жұқа өте аз қалыңдықты;

25-40 см аз қалыңдықты

40-80 см орташа қалыңдықты

80-120 см қалың

120 см жоғары өте қалың

Қарашірік мөлшері бойынша: аз қарашірікті – 6% төмен, орташа қарашірікті – 6-9%, жоғары қарашірікті – 9% жоғары.

23-кесте – Қаратопырақтар классификациясы

Типше

Тегі

Түрі

Күлгінденген

Қалыпты

Құйма

Сәл күлгінденген

Орташа күлгінденген

Сілтісізденген

Қалыпты

Жеңіл жыныстарда сілтісізденген

Құйма

Сәл сілтісізденген

Орташа сілтісізденген

Күшті сілтісізденген

Нағыз

Қалыпты

Карбонатты

Терең қайнайтын

Солодтанған

Сәл солодтанған

Орташа солодтанған

Кәдімгі

Қалыпты

Карбонатты

Кебірленген

Кебірлі-сорлы

Солодтанған

Сәл кебірленген

Орташа кебірленген

Күшті кебірленген

Сәл солодтанған

Орташа солодтанған

Оңтүстік

Қалыпты

Карбонатты

Кебірленген

Кебірлі-сорлы

Солодтанған

Сәл кебірленген

Орташа кебірленген

Күшті кебірленген

Сәл солодтанған

Орташа солодтанған

Күлгінденген қара топырақтар. Қарашірікті қабатында кремнезем ұнтағының болуымен сипатталады. Ол негізінен ақшыл зең түрінде В1 қабатында құрылым бөлшектерінде көрініс береді, күлгіндену жоғары болғанда ақшыл зең А қабатында да байқалады.

Қарашірікті А қабаты күңгірт-сұр түсті, В қабаты ашық түсті. Қарашірікті қабат қалыңдығы (А+В1) 70-100 см ден (жылы оңтүстік европа фациясы) 30-50 см дейін (суық батыстық және орта сибир фациясы) ауытқиды. Карбонатты қабат, қайнау сызығы қарашірікті қабаттан едәуір терең орналасқан (1,0-1,5 м тереңдікте). Сондықтан күлгінденген қара топырақтарда қарашірікті қабаттан кейін иллювиальды тығыздалған сілтісізденген қабат орналасқан, жаңғақты немесе призмалы құрылымды, анық жылтырлық байқалады, қырларында гумус жұғындылары мен кремнезем себінділері бар. Біртіндеп бұл белгілер азайып, қабат әк түтікшелері түріндегі құрамында карбонаттар бар жынысқа айналады.

Сәл күлгінденген қара топырақтарда кремнезем себіндісі В1 қабатының төменгі жағында және В2 қабатында байқалады. Орташа күлгінденген қаратопырақтарда кремнезем себіндісі қарашірікті қабатта түгел таралған, сонымен қатар төменгі қабаттарға (В2 және В3) таралған.

Сілтісізденген қаратопырақтар. Күлгінденген қара топырақтардан айырмашылығы қарашірікті қабатында кремнезем себіндісінің болмауы. Басты морфологиялық ерекшелігі ─ қарашірік қабатында бос карбонаттардың болмауы. Қарашірікті қабат астында қалыңдығы әртүрлі карбонаттардан сілтісізденген В2 қабаты орналасқан. Осыған байланысты қайнау сызығы В1 қабаты шекарасынан төмен өтеді.

А ─ қабаты күңгірт-сұр немесе қара түсті, дәнді немесе дәнді-кесекті құрылымды, қалыңдығы 30-50 см. Біртіндеп В1 қабатына өтеді және төменгі жағына қарай қоюланатын бурыл немесе қоңыр рең байқалады. В1 қабаты кесек құрылымды, кесектену мөлшері төменге қарай ұлғаяды.

Қарашірікті қабат қалыңдығы (А+В1) 80-150 см ден (жылы оңтүстік фация) 30-45 см дейін (шығыс сибир фациясы) ауытқиды.

Қара топырақтардың бұл типшесіне тән сілтісізденген В2 қабаты қоңырлау түсті, жаңғақты-призмалы немесе призмалы құрылым қырларында гумус ақпалары мен жұғындылары бар. В3(ВС) немесе С қабатына өту анық, қабат шекарасында әк қонбаларының болуынан бұл қабат үстіңгі сілтісізденген В2 қабатымен салыстырғанда ашық түсті.

Нағыз қаратопырақтар. Қарашірікті қабатының қалың болуы (80 см-ден жоғары) және қарашірікті қабатта мицелий немесе әк түтікшелері түріндегі карбонаттардың болуымен ерекшеленеді. Карбонаттар жиі 60-70 см тереңдікте байқалады.

А ─ қабаты күңгірт-сұр немесе қара түсті, кесекті-дәнді немесе дәнді құрылымды.

Нағыз қара топырақтардың қарашірікті қабатының қалың болуына байланысты А қабатынан төмен түсі және құрылымына қарай екі алмасу қабатын айырады ─ АВ1 және В1. АВ1 ─ қабаты күңгірт-сұр түсті, төменгі жағында әлсіз қоңыр реңді, ал В1 қабаты анық байқалған қоңыр реңді. АВ1 қабатының төменгі жағында немесе жиі В1 қабатында мицелий түрінде карбонаттар болады. Қарашірікті қабат (А+ АВ1+ В1) қалыңдығы 100-190 см ден (жылы фация) 40-70 см дейін (суық фация) ауытқиды. В2(ВС) және аналық жыныс С қабаттарында мицелий, ақ көзшелер, әк түтікшелері түріндегі карбонаттар болады.

Нағыз қара топырақтар карбонаттардың орналасу тереңдігіне байланысты тегтерге бөлінеді. Осыған байланысты мынадай тегтерге бөледі: нағыз қаратопырақтар (қалыпты) ─ қайнау сызығы қарашірікті қабат (АВ1 немесе В1қабатында) ішінде болады; терең қайнайтын нағыз қаратопырақтар ─ қайнау сызығы қарашірікті қабаттан төмен орналасқан; карбонатты нағыз қаратопырақтар ─ қайнау топырақ беткейінен немесе жоғарғы 20 см қабатта байқалады. Солодталған нағыз қаратопырақтар туыстығы да бөлінеді. Солодталған нағыз қаратопырақтарда қарашірікті қабат қалыңдығы бойынша қалың және өте қалың түрлер басым.

Кәдімгі қаратопырақтар. А қабаты күңгірт-сұр немесе қара түсті, анық байқалған дәнді немесе кесекті-дәнді құрылымды, қалыңдығы 30-40 см. Біртіндеп күңгірт-сұр түсті қоңыр реңді кесекті, кесекті-призмалы құрылымды В1 қабатына өтеді. Қарашірікті қабат қалыңдығы (А+В1) 80-140 см ден (жылы оңтүстік фация) 35-45 см дейін ( суық шығыс сибир фациясы) ауытқиды.

Гумус ақпалары бар В2 қабаты жиі Вк карбонатты қабатпен бірігіп кетеді. Кәдімгі қаратопырақтарды басқа тип тармақтарынан ерекше морфологиялық белгісі ─ карбонаттар ақ көзшелер түрінде орналасқан. В2, Вк қабаттары призма құрылымды. Карбонатты қабат біртіндеп С аналық жынысқа өтеді.

Карбонатты кәдімгі қаратопырақтар қайнау сызығы В1 қабатының төменгі жағында немесе В1 және В2 қабаттарының шекарасында болатын қалыпты кәдімгі қаратопырақтардан айырмашылығы, бүкіл кескінінің карбонаттылығымен сипатталады, яғни НСІ беткейінен бастап қайнайды.

Кебірленген кәдімгі қаратопырақтар В1 қабатының тығыздалуы және қарашірікті қабаттың жоғарғы бетінде шаңдану байқалуымен сипатталады. В1 қабаты анық байқалған призма құрылымды. Бұл белгілердің байқалу дәрежесіне қарай кебірленген кәдімгі қаратопырақтар кебірлену дәрежесі бойынша мынадай түрлерге бөлінеді: сәл кебірленген, кебірленген және күшті кебірленген топырақтар.

Кебірленген-сорланған кәдімгі қаратопырақтардың кебірленген қара топырақтардан морфологиялық айырмашылығы аз. Кескінінде тұздар жиналуы ақ таңдақтар және басқа жаңа түзілістер түрінде байқалады. Оларда гипстің жиналуы көзше ұсақ кристалл түрінде анық байқалады.

Солодтанған қаратопырақтар. Қарашірікті қабаттың төменгі жағында аморфты кремний қышқылының жиналуы және ерекшеленіп тұратын призма құрылымды иллювиальды В2 қабатының болуымен сипатталады.

Оңтүстік қара топырақтар. А қабатының қалыңдығы 25-40 см , күңгірт- сұр түсті, жиі қоңыр реңді, кесекті құрылымды. В1 қабаты қоңыр-бурыл түсті, кесекті-призмалы құрылымды. Иллювиальды карбонатты горизонт Вк анық байқалған ақ көзшелер және жоғарғы жағында гумус ақпалары, дақтар болуымен сипатталады. Қайнау сызығы В1 қабатының төменгі жағында немесе қарашірікті қабат шекарасында орналасады. Оңтүстік қаратопырақтар кескінінде 1,6-2 м тереңдікте жиі гипс болады. Туыстықтар кәдімгі қара топырақтардағыдай, бірақ карбонаттылық, кебірлену және сорлану оңтүстік қара топырақтарда жиі және анық байқалады.

Шалғындық қара топырақтар. Бедердің ойпаңдаған жерлерінде, ылғалдану жағдайлары жақсы болып, жер асты сулары 5 м-ден жақын орналасқанда түзіледі.

Кескіннің құрылысы қара топырақтардағыдай, бірақ қою қара түсті қарашірікті қабаты қалың, төменгі қабаттар глейленген.

Шалғындық қаратопырақтар екі тип тармағына бөлінеді:Шалғынды-қаратопырақты жер асты сулары 2-5 м тереңдікте, Қаратопырақты-шалғынды жер асты сулары 1,5-3 м және одан жақын орналасқан.