Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мемешов C.К. Почвоведение Учебное пособие(каз).doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Бақылау сұрақтары:

1. Шымдану процесі шымды топырақтар кескінінің қалыптасуы туралы қазіргі көзқарастар?

2. Күлгін топырақтардың құрылысы, қасиеттері, классификациясы?

3. Су режимі, аналық жыныстар мен өсімдіктер жабынының шымдану процесіне әсері?

Шымды-күлгін топырақтар

Сабақтың мақсаты: Шымды-күлгін топырақтар классификациясымен, морфологиялық, белгілерімен, қасиеттерімен танысу.

Тапсырма:

1. Монолиттер мен жәшіктегі үлгілерді пайдаланып шымды-күлгін топырақтардың морфологиялық белгілерін қарастыру дәптерге осы топырақ бейнесін түсіру.

2. Шымды-күлгін топырақтар классификациясымен танысу.

3. Шымды-күлгін топырақтардың таралу шекарасын, түзілу жағдайларын қарастыру.

Тапсырмаға түсініктеме.

Шымды-күлгін топырақтар оңтүстік тайга аймақшасында шөптесін немесе мүкті-шөптесін өсімдікті ормандар астында қалыптасқан. Бұл топырақтардың қасиеттері мен белгілері күлгіндену және шымдану процестерінің әсері нәтижесінде қалыптасқан. Шымды-күлгін топырақтардың беткі қабаты қалыңдығы 3-5 см шым (А g) немесе төсеніш (А 0). Төменде 5 см-ден қалың қарашірікті-элювиальды (шымды), ашық-сұр немесе күңгірт сұр түсті, кесек құрылымды А1 қабаты орналасады. Оның астында элювиальды күлгін (А2) қабат орналасады, одан кейін алмасу (А2В) және біртіндеп аналық жынысқа ауысатын иллювиальды (В) қабат орналасады.

Генетикалық қабаттардың белгілері күлгінді топырақтардағыдай. Екі типшеге бөлінеді: шымды-күлгінді және шымды-жалынды-күлгінді.

Шымды-жалынды-күлгінді топырақтардың сипатты морфологиялық ерекшелігі күлгінді қабатының жалын түсті болуы.

Шымды-күлгінді топырақ типшелерінде күлгінді топырақтардағыдай топырақ тегтері кездеседі, айырмашылығы шымды-күлгінді топырақтарда екінші қарашірік қабатты топырақ тегі қосылады. Бұл топырақ тегіне А1 қабатымен салыстырғанда күңгірт түсті екінші қарашірікті қабаттың Аh болуы және В қабатындағы жоғары ылғалдылық тән.

Шымды-күлгінді топырақтар шымдану және күлгіндену процестерінің байқалу дәрежесіне қарай түрлерге бөлінеді. А1 қабатындағы қарашірік мөлшері бойынша аз қарашірікті – тың топырақтарда 3%-ке дейін, игерілген топырақтарда 2%-тен аз; орташа қарашірікті – тың топырақтарда 3-5%, игерілген топырақтарда 2-4%; жоғары қарашірікті – тың топырақтарда 5%-тен жоғары, игерілген топырақтарда 4%-тен жоғары.

Бақылау сұрақтары:

1. Шымды-күлгін топырақтар кескінінің қалыптасуы туралы қазіргі көзқарастар?

2. Шымды-күлгін топырақтардың құрылысы, қасиеттері?

3. Шымды-күлгін топырақтардың классификациясы?

Батпақтық топырақтар

Сабақтың мақсаты: Батпақтық топырақтар классификациясымен, морфологиялық, белгілерімен, қасиеттерімен танысу.

Тапсырма:

1. Батпақтық топырақтардың морфологиялық белгілерін қарастыру дәптерге осы топырақ бейнесін түсіру.

2. Батпақтық топырақтар классификациясымен танысу.

3. Батпақтық топырақтардың таралу шекарасын, түзілу жағдайларын қарастыру.

Тапсырмаға түсініктеме.

Батпақтық топырақтар жоғары ылғалдану жағдайында әртүрлі топырақты-климаттық жағдайларда қалыптасады. Тайгалы-орман және тундралы аймақтарда ең көп таралған. Оңтүстікке қарай орналасқан аймақтарда бұл топырақтар негізінен батпақтық жайылма дала топырақтары, батпақтық қоңыр орман топырақтары, сұр топырақты аймақ пен субтропиктік облыстардың батпақтық топырақтары түрінде болады.

Барлық батпақтық топырақтар Т торфты қабат пен G минералды глейлі қабаттың болуымен сипатталады, олардан төмен С аналық жыныс орналасады.

Тың топырақтардың торфты қабатында мынадай қабаттарды айырады: А0 орман төсеніші, оның астында ыдырау дәрежесі бойынша қабаттарға бөлінетін торфты қабат орналасқан: қоңыр немесе қоңыр-сұр түсті сәл ыдыраған Т1 қабаты, құрамында жартылай ыдыраған өсімдік қалдықтары көп, оның астында күңгірт-сұр немесе қара түсті құрамында жартылай ыдыраған (шірінділі-торфты) Т2 қабаты орналасады. Торфтың астында жасылдау-көгілдір немесе кіршең-көгілдір глейлі G қабаты орналасады. Глейлі қабат біртіндеп аналық жынысқа ауысады.

Батпақтық топырақтар, батпақтық жоғарғы топырақтар және батпақтық төменгі топырақтар болып екі типке бөлінеді.

Батпақтық жоғарғы топырақтардың кескіні қабаттарға нашар жіктелген, ашық қоңыр немесе қоңыр түсті, сәл ыдыраған.

Батпақтық төменгі топырақтар, кермек жер асты суларымен ылғалдану жоғары болғанда түзіледі. Бұл топырақтардың торфы жақсы ыдыраған қара немесе күңгірт –сұр түсті.

Батпақтық топырақтар мына белгілері бойынша түрлерге бөлінеді.

1. Органогенді қабат қалыңдығы бойынша: торфтанған-глейлі – торф қалыңдығы 20-30 см, торфты-глейлі – 30-50 см, торфты жұқа торфтарда – 50-100 см, торфты терең торфтарда – торф қабатының қалыңдығы 200 см-ден жоғары.

2. Торфтың ыдырау дәрежесі бойынша: торфты – 25%-тен аз, шірінділі-торфты – 25-45%, шірінділі – 45%-тен жоғары болып бөлінеді.