Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мемешов C.К. Почвоведение Учебное пособие(каз).doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Бақылау сұрақтары:

1. Қазіргі кезеңдегі топырақ классификациясы қандай принциптерге сүйене құрылған?

2. Қандай таксономикалық бірлік топырақ классификациясының негізгі, ерекше бірлігі болып саналады?

3. Топырақ тегі, түрі, түршесі, разряды қандай көрсеткіштермен анықталады?

Тайгалы орман аймағы топырақтары

Аймақтың топырақ жабыны негізінен күлгіндену, шымдану және батпақтану процестерінің әсерінен қалыптасады. Шығыс Сибирде топырақтар түзілуінде тоңдану процестерінің үлкен ықпалы бар. Игерілген топырақтарда ауылшаруашылығында қолдану тәсілдерінің әсерінен қалыптасқан өзгерістер байқалады.

Аймақтың барлық топырақтарын мынадай негізгі типтерге біріктіруге болады: күлгін, шымды-карбонатты, шымды-глейлі, шымды-күлгінді, батпақтық, батпақты-күлгінді және тоңды-тайгалы топырақтар тобы.

Күлгін топырақтар

Сабақтың мақсаты: Күлгін топырақтар классификациясымен, морфологиялық, белгілерімен, қасиеттерімен танысу.

Тапсырма:

1. Монолиттер мен жәшіктегі үлгілерді пайдаланып күлгін топырақтардың морфологиялық белгілерін қарастыру дәптерге осы топырақ бейнесін түсіру.

2. Күлгін топырақтар классификациясымен танысу.

3. Күлгін топырақтардың таралу шекарасын, түзілу жағдайларын қарастыру.

Тапсырмаға түсініктеме.

Күлгін топырақтар қылқан жапырақты және жалпақ жапырақты-қылқанды мүкті, бұталы-мүкті немесе әбден солған ағаш қалдықтары астында қалыптасқан. Жер шарының солтүстік жартысында кең таралған, тайгалы ормандар астында түзілген.

Тың топырақтарға генетикалық қабаттардың мынадай қатары тән: А0-А0А1–А1А2–А2–А2В–В1–В2–ВС–С; игерілген топырақтарда – Аж–А2– А2В– В1–В2–ВС–С.

Аймақтық топырақ түзілу жағдайларына байланысты күлгін топырақтар күлгін және глейлі күлгін болып бөлінеді.

Күлгін топырақтардың беткейінде қалыңдығы 3-6 см А0 қабаты болады. Оның астында нашар дамыған қарашірікті-элювиальды қабат А0А1 орналасады. Төменде ағарған, ашық-сұр немесе жалын түсті А2 күлгінденген (элювиальды) қабат орналасады. Бұл қабат тақталанған-жапырақты құрылымды немесе құрылымсыз болуымен сипатталады. Темірмаргенецті түзілістер, кейде таттанған дақтар, ал глейлі күлгін топырақтарда – глейленген ақтаңдақ дақтар кездеседі. Бұлар төмен орналасқан қабатқа тілшелер түрінде еніп, ауыспалы А2В қабатын түзеді.

Ауыспалы қабаттан кейін қоңыр, сары-қоңыр немесе қызыл-қоңыр түсті, жиі тығыздалған иллювиальды (В) қабат орналасады. Құмбалшықты және балшықты механикалық құрамда өткір қырлы жаңғақты-призмалы құрылымды бөлшектер анық байқалады, олардың қырларында жылтырлық, жұғын, күлгіндену іздері байқалады. Осы белгілердің байқалуына қарай В1, В2 және ВС қабатшаларына бөлінуі мүмкін. Біртіндеп С аналық жынысқа өтеді.

Жылы фация күлгін топырақтары қабаттарға анық бөлінуімен және кескіннің жоғарғы бөлігінде қышқыл реакциялы (рНКСІ 2,9-3,5) болуымен сипатталады.

Суық фация күлгін топырақтары сәл күлгінденген, бүкіл кескін бойында күшті қышқылды және қышқылды реакциялы (рНКСІ 3-3,8) болуымен сипатталады. Баяу еріп жылынады, топырақ кескінінен төмен көпжылдық тоңдану кездеседі. Батыс Сибир, Краснояр өлкесі, Иркутск облыстарында таралған.

Ұзақ мерзімді қататын фациядағы күлгін топырақтар қалыңдығы 50-100 см, күшті қышқыл реакциялы (рНКСІ <4). Төселуші жыныстарда тоңдану жыл бойы немесе вегетациялық кезеңнің басым бөлігінде байқалады. Байкал көлі мен Охот теңізінің жағалауында кездеседі.

Глейлі күлгін топырақтар күлгін топырақтардың белгілерін сақтайды, сонымен қатар анық байқалатын глейлену және 10-15 см-ге дейін торфты төсеніштің болуымен сипатталады. Олардың топырақ кескіні мынадай: А0–А2g– А2Вg–В–ВС.

Глейлі күлгін топырақтар күлгіндену дәрежесіне қарай бөлінуімен қатар, глейлену дәрежесіне қарай да бөлінеді.