Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мемешов C.К. Почвоведение Учебное пособие(каз).doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Бақылау сұрақтары:

1. Қаратопырақтардың негізгі морфологиялық ерекшеліктері, түзілу жағдайлары қандай?

2. Қаратопырақтар классификациясында қандай типшелерге, тегтерге, түрлерге бөлінеді?

З. Қазақстан территориясында қаратопырақтардың қандай типшелері кең таралған?

4. Шалғындық қаратопырақтар қандай жағдайларда түзіледі?

Қара-қоңыр және шалғынды қара-қоңыр топырақтар

Сабақтың мақсаты: Кұрғақ далалы аймақ топырақтары классификациясымен, морфологиялық белгілерімен, қасиеттерімен танысу.

Тапсырма:

1. Қара-қоңыр топырақтардың морфологиялық белгілерін қарастыру дәптерге осы топырақ бейнесін түсіру.

2. Қара-қоңыр топырақтар классификациясымен танысу.

3. Қазақстан және Солтүстік Қазақстан топырақ картасынан қара-қоңыр топырақтардың таралу шекарасын қарастыру, алып жатқан ауданын анықтау.

Тапсырмаға түсініктеме.

Қара-қоңыр топырақтар құрғақ дала зонасында кең тараған. Мұнда қоңыр топырақпен қатар шабынды - қоңыр топырақтар, кебірлер, сорлар солодтар кездеседі.

Топырақ түзілу процесінде қоңыр топырақ кескіні айқын байқалатын генетикалық қабаттар қатарына дифференцияланған Ад-А-В1-В2-Вк-С.

Ад - шым (тың топырақтарда), қабат қалыңдығы 2-3 см.

А - үстіңгі қарашірікті горизонт, күңгірт-қоңыр түсті реңді кесекті құрылымды, қалындығы 18-22 см.

Одан кейін қарашірікті аралық сұр түсті қабаты (В) келеді. Кебірлі түрлерінде кесекті – призмалы немесе жаңғақты-құрылысты, қоңыр сұр жылтыр горизонтқа күңгірт бояу және қарақоңыр рең беріп тұрады.

Қарашірікті қабаттың жалпы қалыңдығы 35-50 см. Игерілген қара-қоңыр топырақтарда А қабатынан кейін қарашірік ақпа іздері бар В1 қабаты орналасады. Одан кейін карбонаттардың ең көп жиналған қоңыр-сары түсті, жаңғақ құрылысты Вк қабаты орналасады. Қабат қалыңдығы 50-60 см. лай түсті қоным түрінде кездеседі. Жеңіл еритін тұздар 1,5-2 м тереңдікте кездеседі.

Қара-қоңыр топырақ үш типшеге бөлінеді. Олар мыналар: күңгірт қара-қоңыр топырақ, қара-қоңыр топырақ, ашық қара-қоңыр топырақ (24-кесте);

24-кесте – Қара-қоңыр топырақтар классификациясы

Типше

Тег

Түр

Күңгірт қара-қоңыр

Қара-қоңыр

Ашық қара-қоңыр

Кәдімгі

Кебірленген

Кебірлі-сортаңды

Кебірлі-сорлы

Қалдықты-кебірленген

Карбонатты-кебірленген

Карбонатты

Терең қайнайтын

Құйма

Толық жетілмеген

а) Қарашірікті қабат қалыңдығы бойынша (А+В1): қалың (>50см), орташа қалыңдықты (30-50см), аз қалыңдықты (20-30см), өте аз қалыңдықты (<20см)

б) Кебірлену процесінің байқалуына қарай: әлсіз-, орташа-, күшті кебірленген

в) Кебірлі-сортаңды туыстығы үшін: сорланған, терең сорланған

Күңгірт – қара-қоңыр топырақ. Күңгірт қара-қоңыр топырақ аймақтың солтүстік бөлігінде таралған. Оларға қоңыр реңді күңгірт - сұр бояу тән, тың жерлерде қарашірікті қабатқа кесекті- түйіршікті, игерілген жерлерге кесекті - шаңды кұрылым тән. Қарашірікті қабаттың қалыңдығы (А+В1) 35-50 см, НС1 дан 45-50 см тереңдікте қайнайды. Гипс және жеңіл еритін тұздар 2 м тереңдікте орналасқан.

Мынадай тегтерге бөлінеді:

1. Кәдімгі қара-қоңыр топырақ - күңгірт қара-қоңыр топырақ типшесінің белгілерін сақтайды.

2. Кебірлі күңгірт қоңыр карашірікті В1 қабатының едәуір тығыздығымен сипатталады. Кебірлігі неғұрлым жоғары болса, әктелуі солғырлым қою. Қайнауы кебір емес топырақтарға қарағанда жоғары. 1 м және одан тереңдікте тез еритін тұздар құрамы артады.

3. Күңгірт қара-қоңыр кебірлі - сорлы топырақтар өте тұзданған топырақтарға тән.

4. Күңгірт қара-қоңыр қалдық-кебірлі топырақтарда кебірлік қалдық қасиетті сипат ретінде байқалады.

5. Күңгірт қара-қоңыр кебірлі-солодтанған топырақтарда қарашірікті қабаттың жоғарғы және төменгі бөлігінде кремний тектес себінді болуымен сипатталады,

6. Күңгірт қара-қоңыр карбонатты топырақтарда карбонат кұрамы жоғары.

7. Күңгірт қара-қоңыр карбонаты- кебірлі топырақтардың тығыздығы жоғары бірігуі жарықшақты.

8. Күңгірт қара-қоңыр терең қайнайтын топырақтардың гранулометриялық құрамы жеңіл, су өткізгіштігі жақсы болуына байланысты карбонаттар 1,5 м тереңдікке шайылған. Гипс қабаты жоқ.

9. Күңгірт қара-қоңыр кұйма топырақ лай-балшықты жыныста түзілген, В1 қабатының өте жоғары тығыздығымен, нашар су өткізгіштігімен ерекшеленеді.

10. Күңгірт қара-қоңыр толық жетілмеген топырақтар тығыз жыныстарда түзілген, толық жетілмеген кескінді карашірікті қабат қалыңдығы (А+В1) -20 см.

Қара-қоңыр топырақтар. Күңгірт қара-қоңыр - қоңыр топырақтардан айырмашылығы қарашірікті қабатының қалыңдығы (А+В1)-30-40 см, НС1 дан 40-45 см тереңдікте қайнайды. Карбонаттардың ең көп жиналуы 50-55 см тереңдікте, гипс- 150- 170 см, жеңіл еритін тұздар 2 м тереңдікте кездеседі. Қоңыр топырақтарда туыстық белгілердің диагностикалық көрсеткіштері күңгірт – қоңыр топырақтармен бірдей.

Ашық қоңыр топырақтар. Құрғақ дала зонасының оңтүстік бөлігінде жусанды - боз өсімдіктер астында түзіледі, карашірікті қабаты кұрылыссыз қалыңдығы (А+В1) 25-35 см болуымен сипатталады, шайылуы нашар болғандықтан карбонатты қабат қоңыр топырақтарға қарағанда топырақ бетіне жақын орналасқан. Гипсті қабат 110-120 см тереңдікте орналасқан. Ашық қара-қоңыр топырақтар күңгірт қара-қоңыр топырақтардағыдай тегтерге бөлінеді. Жеңіл еритін тұздардың жиналуының жоғарылығына байланысты ашық қара-қоңыр топырақтарда күңгірт қара-қоңыр және қара-қоңыр топырақтармен салыстырғанда кебірлену белгілері мол таралған. Химиялық, су, физикалық қасиеттері күңгірт қара-қоңыр және қара-қоңыр топырақтармен салыстырғанда нашар.

Шалғынды қара-қоңыр топырақ. Құрғақ дала аймағында табақша тәріздес ойпатшаларда, шоқылар арасындағы аңғарларда, тау жоталарының құлама етегіндегі ойпатшаларда, ағымсыз төмен орналасқан жазықтарда кездеседі.

Қоңыр топырақпен салыстырғанда шалғынды қоңыр топырақтың қарашірік қабаты - қалың және оның мөлшері мол болып келеді. Бұл топырақ коректік заттарға бай болады.

Астық тұқымдас егістіктермен бау бақша егуге қолайлы