- •I тарау. Топырақтану – топырақ туралы ғылым, топырақ түзілу процесі
- •Минералдар
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тау жыныстары
- •3 Кесте - Магмалық жыныстардың классификациясы
- •4 Кесте - Шөгінді тау жыныстары классификациясы
- •Бақылау сұрақтары:
- •Топырақ түзуші жыныстар
- •II тарау. Экологиялық факторлардың топырақтың морфологиялық белгілеріне әсері
- •Бақылау сұрақтары:
- •7 Кесте – Құрылым классификациясы
- •Бақылау сұрақтары:
- •III тарау. Топырақтардың гранулометриялық құрамы және оның маңызы
- •Бақылау сұрақтары:
- •IV тарау. Топырақтардың құрам бөліктері және олардың қасиеттері топырақтар мен топырақ түзуші жыныстардың химиялық құрамы
- •Бақылау сұрақтары:
- •Топырақтың органикалық заттары
- •Бақылау сұрақтары:
- •Топырақ құнарлығы және топырақтағы қарашірік балансы
- •Бақылау сұрақтары:
- •Топырақ коллоидтарының пептизациясы және коагуляциясы
- •I тәжірибе.
- •II тәжірибе.
- •III тәжірибе.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Топырақтың сіңіру қасиеті
- •4 Тәжірибе.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Топырақтың қатты фазасының тығыздығы мен кеуектілігін анықтау
- •Бақылау сұрақтары:
- •Су ерітіндісін талдау
- •Бақылау сұрақтары:
- •Топырақтың су өткізгіш және су көтергіш қасиеттері
- •І тәжірибе. Су өткізгіштік
- •Бақылау сұрақтары:
- •V тарау. Топырақ түзілудің экологиялық факторлары және олардың аймақтылыққа әсері
- •Топырақ классификациясы принциптері таксономикалық бірліктер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тайгалы орман аймағы топырақтары
- •Күлгін топырақтар
- •Бақылау сұрақтары:
- •Шымды топырақтар
- •Бақылау сұрақтары:
- •Шымды-күлгін топырақтар
- •Бақылау сұрақтары:
- •Батпақтық топырақтар
- •Бақылау сұрақтары:
- •Ормандық қоңыр топырақ
- •Бақылау сұрақтары:
- •Ормандық сұр топырақ
- •Бақылау сұрақтары:
- •Қара және шалғынды -қара топырақтар–
- •Бақылау сұрақтары:
- •Қара-қоңыр және шалғынды қара-қоңыр топырақтар
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тұзданған топырақтар
- •Бақылау сұрақтары:
- •Кебірлер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Солодтар
- •Бақылау сұрақтары:
- •Қоңыр шөлейт топырақ
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тау етегіндегі-шөлді далалар топырақтары
- •Бақылау сұрақтары:
- •Құрғақ және ылғалды субтропик топырақтары
- •Бақылау сұрақтары:
- •Жайылма топырақтары
- •Бақылау сұрақтары:
- •Таулық аймақтар топырақтары
- •Бақылау сұрақтары:
- •Топырақтарды агрономиялық сипаттау
- •Бақылау сұрақтары:
- •Топырақ бонитировкасы
- •Бақылау сұрақтары:
- •Топырақтану пәнінен тесттер
- •Әдебиеттер
- •Мазмұны
Бақылау сұрақтары:
1. Тау етегіндегі- шөлді далаларда таралған топырақтардың морфологиялық айырмашылық белгілері?
2. Тау етегіндегі- шөлді далалар таралған топырақтардың классификациясы қандай?
3. Тау етегіндегі- шөлді далалар топырақтарының таралу аймағы?
Құрғақ және ылғалды субтропик топырақтары
Сабақтың мақсаты: Сұр күрең, қүрең, қызыл, сары топырақтардың классификациясы, морфологиялық белгілері, қасиеттерімен танысу.
Тапсырма:
1. Құрғақ және ылғалды субтропик топырақтарының морфологиялық белгілері мен қасиеттерін қарастыру.
2. Құрғақ және ылғалды субтропик топырақтарының классификациясымен танысу.
3. Құрғақ және ылғалды субтропик топырақтарының таралу шекарасын, түзілу жағдайларын қарастыру.
Тапсырмаға түсініктеме.
Құрғақ субтропикалық дала аймағының негізгі топырақтары сұр күрең топырақтар мен күрең топырақтар, ал ылғалды субтропиктік аймақтың негізгі топырақтары қызыл және сары топырақтар.
Сұр күрең топырақтар ксерофитті шөптесін және бұталы өсімдіктер астында субтропиктік құрғақ климат жағдайында, карбонатты борпылдақ жыныста қалыптасады. Батыс Кавказ бен Батыс Тянь-Шань тауларының биіктеу бөктерлерінде таралған. Топырақ кескіні мынадай қабаттардан құралған: АВtВкВСкСк. А қарашірікті қабат қалыңдығы 20-25 см, күрең-сұр түсті, кесек құрылымды. Метаморфты қабат Вt тығыздау, жаңғақ-кесекті құрылымды, карбонаттардың жаңа түзілістері байқалады. Вк карбонатты метаморфтық қабат. ВСк аналық жынысқа алмасу қабаты, карбонатты.
Сұр күрең топырақтар НСІ-дан беткейінен бастап қайнайды және жақсы қалыптасқан иллювиальды карбонатты Вк қабаты болады.
Сұр күрең топырақтардың топырақ типі үш тип тармағына бөлінеді: күңгірт сұр күрең топырақтар, кәдімгі сұр күрең топырақтар, ашық сұр күрең топырақтар.
Күрең топырақтар құрғақ субтропиктік ормандар мен бұталар астында қалыптасады. Сұр күрең топырақтардан айырмашылығы күзгі-қысқы-көктемгі ылғалдану мөлшері жоғарырақ. Грузияда, Әзірбайжанның кейбір аудандарында, Орта Азиялық таулы өлкелерде және Қырымның оңтүстік жағасында орналасқан.
Күрең топырақтарда кескіннің ортаңғы бөлігінде балшықтану процесі анық байқалады. Топырақ кескіні мынадай қабаттардан құралған: АВкtВС (ВСк)Ск. А қарашірікті қабат күрең немесе сұрғылт-күрең түсті, кесекті, қалыңдығы 15-30 см. Вкt метаморфты, тығыз, күрең, кесекті-жаңғақты, кейде карбонатты, қалыңдығы 20-30 см. ВС (ВСк) метаморфты, аналық жынысқа алмасу қабаты, біркелкі боялмаған, тығыздығы аздау, жиі карбонатты, Біртіндеп С аналық жынысқа өтеді.
Күрең топырақтардың топырақ типі үш тип тармағына бөлінеді: сілтісізденген күрең топырақтар, типті күрең топырақтар, карбонатты күрең топырақтар.
Қызыл топырақтар субтропиктік ылғалды және жылы климат жағдайында тау етегіндегі ағашты өсімдіктер астында қалыптасады. Типті күлгінденбеген қызыл топырақтардың кескіні мынадай қабаттардан құралған: А0 шым, немесе орман төсеніші, папортниктер мен ағаш жапырақтарының жартылай ыдыраған қалдықтарынан құралған, қалыңдығы 3-4 см; А қарашірікті қабат, сұрғылт-күңгірт-қоңыр, кесекті-дәнді, ауыр құмбалшықты немесе балшықты, қалыңдығы 20-25 см; В қалыңдығы 35-45 см және жоғары (70-80 см) алмасу қабаты В1 және В2 қабатшаларына бөлінеді; В1 сұрғылт-қызыл, кесекті, ауырқұмбалшықты немесе балшықты, тығыздалған; В2 күрең-қызыл, қара және ақшыл-сары дақтары бар, тығыз, кесекті, ауыр құмбалшықты немесе балшықты; С топырақ түзуші жыныс, біркелкі боялмаған, қызыл, көп мөлшерде ірі қара темір-марганецті түзілістері мен ашық-сары кремнезем дақтары бар, жаңғақ-кесекті, ауыр құмбалшықты, тығыз.
Қызыл топырақтардың топырақ типі екі тип тармағына бөлінеді: типті қызыл топырақтар, күлгінденген қызыл топырақтар.
Сары топырақтар субтропиктік ылғалды және жылы климат жағдайында мәңгі жасыл ағаштары басым ормандар өсетін жерде, сары түсті жер қыртысының бұзылған жыныстарында дамыған. Қара теңіздің баспалдақты жағалауы мен Батыс және Шығыс Кавказдың тау етегінде таралған. Сары түсті қыртыстың қызыл түстіден айырмашылығы кремнезем мөлшері жоғары (55-65) және жартылай тотықтар мөлшері төмен (25-30), осыған байланысты түсі қызыл топырақтардағыдай ашық емес.
Сары топырақтардың кескіні мынадай қабаттардан құралған: А0А1 АВВВС С. А0 орман төсеніші (3-4 см); А1 қарашірікті қабат, сұр түсті, жалынды кейде сарғылт реңді, кесекті, қалыңдығы 10-15 см; АВқарашірікті- метаморфты алмасу қабаты, сұрғылт-сары түсті, төменгі бөлігінде жиі ұсақ темір-марганецті түзілістер мен татты дақтар болады, қалыңдығы 15-20 см; В иллювиальды-метаморфты қабат, сары түсті, тығыз, қалыңдығы 30-40 см; ВС топырақ түзуші жынысқа алмасу қабаты; С топырақ түзуші жыныс.
Сары топырақтардың топырақ типі үш тип тармағына бөлінеді: глейлі сары топырақтар, күлгінденген сары топырақтар, күлгінденген сары глейлі топырақтар.
