- •I тарау. Топырақтану – топырақ туралы ғылым, топырақ түзілу процесі
- •Минералдар
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тау жыныстары
- •3 Кесте - Магмалық жыныстардың классификациясы
- •4 Кесте - Шөгінді тау жыныстары классификациясы
- •Бақылау сұрақтары:
- •Топырақ түзуші жыныстар
- •II тарау. Экологиялық факторлардың топырақтың морфологиялық белгілеріне әсері
- •Бақылау сұрақтары:
- •7 Кесте – Құрылым классификациясы
- •Бақылау сұрақтары:
- •III тарау. Топырақтардың гранулометриялық құрамы және оның маңызы
- •Бақылау сұрақтары:
- •IV тарау. Топырақтардың құрам бөліктері және олардың қасиеттері топырақтар мен топырақ түзуші жыныстардың химиялық құрамы
- •Бақылау сұрақтары:
- •Топырақтың органикалық заттары
- •Бақылау сұрақтары:
- •Топырақ құнарлығы және топырақтағы қарашірік балансы
- •Бақылау сұрақтары:
- •Топырақ коллоидтарының пептизациясы және коагуляциясы
- •I тәжірибе.
- •II тәжірибе.
- •III тәжірибе.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Топырақтың сіңіру қасиеті
- •4 Тәжірибе.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Топырақтың қатты фазасының тығыздығы мен кеуектілігін анықтау
- •Бақылау сұрақтары:
- •Су ерітіндісін талдау
- •Бақылау сұрақтары:
- •Топырақтың су өткізгіш және су көтергіш қасиеттері
- •І тәжірибе. Су өткізгіштік
- •Бақылау сұрақтары:
- •V тарау. Топырақ түзілудің экологиялық факторлары және олардың аймақтылыққа әсері
- •Топырақ классификациясы принциптері таксономикалық бірліктер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тайгалы орман аймағы топырақтары
- •Күлгін топырақтар
- •Бақылау сұрақтары:
- •Шымды топырақтар
- •Бақылау сұрақтары:
- •Шымды-күлгін топырақтар
- •Бақылау сұрақтары:
- •Батпақтық топырақтар
- •Бақылау сұрақтары:
- •Ормандық қоңыр топырақ
- •Бақылау сұрақтары:
- •Ормандық сұр топырақ
- •Бақылау сұрақтары:
- •Қара және шалғынды -қара топырақтар–
- •Бақылау сұрақтары:
- •Қара-қоңыр және шалғынды қара-қоңыр топырақтар
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тұзданған топырақтар
- •Бақылау сұрақтары:
- •Кебірлер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Солодтар
- •Бақылау сұрақтары:
- •Қоңыр шөлейт топырақ
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тау етегіндегі-шөлді далалар топырақтары
- •Бақылау сұрақтары:
- •Құрғақ және ылғалды субтропик топырақтары
- •Бақылау сұрақтары:
- •Жайылма топырақтары
- •Бақылау сұрақтары:
- •Таулық аймақтар топырақтары
- •Бақылау сұрақтары:
- •Топырақтарды агрономиялық сипаттау
- •Бақылау сұрақтары:
- •Топырақ бонитировкасы
- •Бақылау сұрақтары:
- •Топырақтану пәнінен тесттер
- •Әдебиеттер
- •Мазмұны
Бақылау сұрақтары:
1. Орманның қоңыр топырағы қандай аймақтарда таралған ?
2. Орманның қоңыр топырағының негізгі морфологиялық ерекшеліктері, түзілу жағдайлары қандай?
3. Орманның қоңыр топырағының классификациясында қандай тип тармақтарына, туыстықтарға, түрлерге бөлінеді?
Ормандық сұр топырақ
Сабақтың мақсаты: Ормандық сұр топырақ классификациясымен, морфологиялық, белгілерімен, қасиеттерімен танысу.
Тапсырма:
1. Монолиттер мен жәшіктегі үлгілерді пайдаланып ормандық сұр топырақтардың морфологиялық белгілерін қарастыру дәптерге осы топырақ бейнесін түсіру.
2. Ормандық сұр топырақ классификациясымен танысу.
3. Ормандық сұр топырақтардың таралу шекарасын, түзілу жағдайларын қарастыру.
Тапсырмаға түсініктеме.
Орманды далалы аймақтың негізінен солтүстік бөлігінде таралған. Солтүстік Қазақстанда ормандық сұр топырақ көктерек пен қайыңды шоқ орман өсетін жерде, элювий-делювийлі саз жыныстарда, қоңыр салқын, ылғалдылығы орташа ауа райы жағдайында қалыптасқан. Топырақ кескіні мынадай қабаттардан құралған: А0–А1–А1А2 – ВА2 –В (В1, В2) – ВС –С.
Тың топырақтарда орман төсеніші қабаты А0 немесе шымды қабат Ад болады. Оның астында қарашірікті (А1+А1А2) қабат орналасады, оның түсі ашық-сұрдан күңгірт-сұрға дейін. Орманды дала топырақтарының басты морфологиялық ерекшелігі – қарашірікті қабаттың екі қабатқа анық бөлінуі: гумусты қабат А1 – гумус мөлшері жоғары үстіңгі бөлігі және ауыспалы А1А2 немесе қарашірікті-күлгінденген гумуспен боялумен қатар кремнезем себіндісі түріндегі күлгіндену белгілерінің болуымен сипатталады. А1А2 қабаты кремнезем себіндісі мол жаңғақты немесе жаңғақты-призмалы құрылымды ВА2 қабатына ауысады. Қырларында гумус жұғындысы мен жылтырлық байқалатын жаңғақты немесе жаңғақты призмалы құрылымды, кремнезем себіндісі бар тығыздалған иллювиальды В қабатына біртіндеп ауысады. Осы белгілердің байқалуына қарай В қабаты В1, В2 қабаттарына бөлінуі мүмкін. В қабаты біртіндеп С аналық жынысқа ауысады, аналық жыныста 120-200 см тереңдікте салалы орналасқан карбонаттар болады.
Ормандық сұр топырақтардың классификациясы кестеде берілген.
22-кесте - Ормандық сұр топырақтар классификациясы
Типше |
Тегі |
Түрі |
Ормандық ашық-сұр
Ормандық сұр Ормандық күңгірт-сұр |
Қалыпты Екінші гумус қабатты Түйіспелі-шалғынды Қалдық-карбонатты |
а) Қарашірікті қабат (А1+А1А2) қалыңдығы бойынша: қалың (>40 см), орташа қалыңдықты (20-40 см), аз қалыңдықты <20 см), б) Қайнау тереңдігі бойынша: жоғары қайнайтын (100 см-ден жоғары) және терең қайнайтын (100 см-ден терең) |
Ормандық ашық-сұр топырақтар морфологиялық белгілері мен қасиеттері бойынша шымды-күлгінді топырақтарға ұқсас. А1 қабаты аз қалыңдықты (15-20 см және аз), нашар байқалатын кесекті-жапырақты құрылымды, ашық-сұр түсті, игерілген топырақтарда Аж құрылымсыз және тозаңданған. Алмасу қабатында (А1А2) күлгіндену белгілері анық байқалады – ақшыл реңді, қабыршақты, тақталы немесе тақталы-жаңғақты құрылымды, кремнезем себіндісі мол.
ВА2 қабаты анық байқалған, жекеленген гумус ақпалары бар, жаңғақты-призмалы немесе жаңғақты тақталы құрылымды, кремнезем себінділі. В қабаты күшті тығыздалған, жаңғақты-призмалы құрылым қырларында кремнезем себіндісі мен жылтырлық байқалады.
Ормандық сұр топырақтар қарашірікті қабатының қалың (25-30 см) болуымен ерекшеленеді. Күлгінденген (А1А2) қабаты, ашық-сұр топырақтармен салыстырғанда гумуспен қою боялған, кремнезем себінділі жаңғақ құрылымды. Кейде ВА2 қабаты болмайды. Иллювиальды В қабатының жаңғақты-призмалы құрылым бөлшектері қырларында мол кремнезем себіндісі мен гумус жұғындылары болады.
Ормандық күңгірт-сұр топырақтар белгілері және қасиеттері бойынша күлгінденген қара топырақтарға ұқсас. Қарашірікті А1 қабаты қалың (30-35 см), күңгірт-сұр түсті, кесек құрылымды. А1А2 қабаты гумуспен қою боялған, қырларында кремнезем себінділері бар жаңғақты-призмалы құрылымды. ВА2 қабаты болмайды. Иллювиальды қабат күңгірт-қоңыр түсті, тығыздалған, жаңғақты-призмалы құрылым анық байқалады.
Екінші гумус қабатты ормандық сұр (ашық сұр және күңгірт-сұр) топырақтарда күлгінденген А1А2 қабатынан төмен күңгірт, күлді-сұр немесе күлді-қара түсті, кремнезем себінділі ұсақ жаңғақты немесе тақталы жаңғақты құрылымды екінші гумус қабаты (Аh) орналасады. Біртіндеп гумус ақпалы қоңыр түсті, кейде глейлі дақтар бар жаңғақ құрылымды иллювиальды В қабатына ауысады.
Қалдық-карбонатты ормандық сұр (сұр және күңгірт-сұр) топырақтар карбонатты жыныстардың бұзылу өнімдерінде түзіледі. Олардың ерекшелігі – гумус мөлшері жоғары, күлгіндену белгілерінің болмауы немесе сәл байқалуы және карбонаттардың жақын орналасуы.
Түйіспелі-шалғынды ормандық сұр топырақтардың түйісу шекарасында глейленген қабатша болады.
