Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мемешов C.К. Почвоведение Учебное пособие(каз).doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Бақылау сұрақтары:

1. Батпақтық топырақтар түзілу жағдайы, кескінінің қалыптасуы туралы қазіргі көзқарастар?

2. Батпақтық топырақтар кескінінің құрылысы, қасиеттері?

3.Батпақтық топырақтарды классификациялау қандай белгілер бойынша жүргізіледі?

Ормандық қоңыр топырақ

Сабақтың мақсаты: Ормандық қоңыр топырақ классификациясымен, морфологиялық, белгілерімен, қасиеттерімен танысу.

Тапсырма:

1. Монолиттер мен жәшіктегі үлгілерді пайдаланып қоңыр орман топырақтарының морфологиялық белгілерін қарастыру дәптерге осы топырақ бейнесін түсіру.

2. Ормандық қоңыр топырақ классификациясымен танысу.

3. Ормандық қоңыр топырақтардың таралу шекарасын, түзілу жағдайларын қарастыру.

Тапсырмаға түсініктеме.

Ормандық қоңыр топырақтар Карпатта, Қырымда, Кавказда және Қиыр Шығыстың оңтүстік бөлігінде жалпақ жапырақты, аралас немесе сирегірек қылқан жапырақты ормандар өсетін жердегі қоңыржай жылы-ылғалды климат жағдайында түзілген топырақ.

Ормандық қоңыр топырақтардың кескіні мынадай қабаттарға бөлінеді: А0–А1 – В–С.

Орманның қоңыр топырағы қабаттарға нашар жіктелген, тек гумусты-элювиальды А1 сұр-қоңыр немесе күңгірт қоңыр түсімен анығырақ байқалады. Кескіннің қалған бөлігіне біркелкі қоңыр немесе сұр-қоңыр түске боялу тән. В және С қабаттарының төменгі бөлігінде жиі бастапқы жыныстардың сынықтары кездеседі.

Тың топырақтарда А1 қабатының қалыңдығы 5-30 см, кесекті-жаңғақты немесе дәнді-жаңғақты құрылымды. В қабаты тығыздалған, анық байқалған жаңғақты немесе кесекті-жаңғақты құрылымды. Бұл қабаттың түзілуі балшықтық майда түйірлердің жоғарыдан төмен қарай жылжуы, лессиважға байланысты. Біртіндеп аналық жынысқа ауысады.

Ормандық қоңыр топырақтар мынадай типшелерге бөлінеді: ормандық қоңыр типті, ормандық қоңыр күлгінденген, ормандық қоңыр глейленген, ормандық қоңыр глейленген күлгінденген.

Ормандық қоңыр типті топырақтар жоғарыда келтірілген барлық белгілерді сақтауымен сипатталады.

Ормандық қоңыр күлгінденген топырақтар А1 қабатының ашық түсті қалыңдығы азырақ болуымен және А1 қабатынан төмен сұрғылт-қоңыр немесе ашық қоңыр түсті, кесекті немесе тозаңды-кесекті құрылымды гумусты-күлгінденген А1А2 қабатының болуымен ерекшеленеді.

Ормандық қоңыр глейленген топырақтар кескінінде бозғылт және татты дақтардың болуы, темір-марганецті түйіршектердің болуымен сипатталады. Бұл топырақтардың глейленуі беткейлік және жер асты суларының әсерінен болуы мүмкін. Топырақ кескіні мынадай қабаттардан құралған: А0А1–А1А2 – А2Вg –Вit(g)–С.

Ормандық қоңыр глейленген күлгінденген топырақтар глейленген және күлгінденген топырақтардың жиынтық белгілерін сақтайды, олардың кескінінде А2g қабаты бөлінеді.

Ормандық қоңыр топырақтардың типшелері мынадай тегтерге бөлінеді: қалыпты, қалдық-карбонатты, қызыл түсті, шала жетілген.

Қалыпты ормандық қоңыр топырақтар тығыз элювий- делювий шөгінді және магматикалық жыныстарда, сонымен қатар құмды және құмбалшықты шөгінділерде қалыптасады, жоғарыда сипатталған типшелердің барлық белгілерін сақтайды.

Қалдық-карбонатты ормандық қоңыр топырақтар карбонатты жыныстарда қалыптасады, олардың кескіні күңгірт-қоңыр немесе сұр-қоңыр түсті. Құрамындағы гумус мөлшері жоғары (10-12%), қарашірікті-аккумулятивті қабаттың дәнді немесе ұсақ жаңғақты-дәнді құрылымы анық байқалады.

Қызыл түсті ормандық қоңыр топырақтар ежелгі қызыл түсті элювий және делювийлі шөгінділерде қалыптасады. Кескінінің түгелдей қызыл немесе қызғылт-қоңыр түсті болуымен сипатталады.

Шала жетілген ормандық қоңыр топырақтардың кескіні аз қалыңдықты, нашар жетілген. Топырақ кескіні мынадай қабаттардан құралған: А0А1–А1 –Вt–С.

Ормандық қоңыр топырақтар мынадай белгілері бойынша түрлерге бөлінеді: а) қарашірік мөлшері бойынша: жоғары қарашірікті (>10%), орташа қарашірікті (5-10%), аз қарашірікті (<5%); б) күлгіндену дәрежесі бойынша: сәлкүлгінденген – А1А2 қабатында ақшыл дақтар бар, орташа күлгінденген – А1А2 қабаты түгел ақшылданған, күшті күлгінденген – ағарған А2 қабаты бөлінеді; в) глейлену дәрежесі бойынша: глейленген және глейлі.