- •I тарау. Топырақтану – топырақ туралы ғылым, топырақ түзілу процесі
- •Минералдар
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тау жыныстары
- •3 Кесте - Магмалық жыныстардың классификациясы
- •4 Кесте - Шөгінді тау жыныстары классификациясы
- •Бақылау сұрақтары:
- •Топырақ түзуші жыныстар
- •II тарау. Экологиялық факторлардың топырақтың морфологиялық белгілеріне әсері
- •Бақылау сұрақтары:
- •7 Кесте – Құрылым классификациясы
- •Бақылау сұрақтары:
- •III тарау. Топырақтардың гранулометриялық құрамы және оның маңызы
- •Бақылау сұрақтары:
- •IV тарау. Топырақтардың құрам бөліктері және олардың қасиеттері топырақтар мен топырақ түзуші жыныстардың химиялық құрамы
- •Бақылау сұрақтары:
- •Топырақтың органикалық заттары
- •Бақылау сұрақтары:
- •Топырақ құнарлығы және топырақтағы қарашірік балансы
- •Бақылау сұрақтары:
- •Топырақ коллоидтарының пептизациясы және коагуляциясы
- •I тәжірибе.
- •II тәжірибе.
- •III тәжірибе.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Топырақтың сіңіру қасиеті
- •4 Тәжірибе.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Топырақтың қатты фазасының тығыздығы мен кеуектілігін анықтау
- •Бақылау сұрақтары:
- •Су ерітіндісін талдау
- •Бақылау сұрақтары:
- •Топырақтың су өткізгіш және су көтергіш қасиеттері
- •І тәжірибе. Су өткізгіштік
- •Бақылау сұрақтары:
- •V тарау. Топырақ түзілудің экологиялық факторлары және олардың аймақтылыққа әсері
- •Топырақ классификациясы принциптері таксономикалық бірліктер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тайгалы орман аймағы топырақтары
- •Күлгін топырақтар
- •Бақылау сұрақтары:
- •Шымды топырақтар
- •Бақылау сұрақтары:
- •Шымды-күлгін топырақтар
- •Бақылау сұрақтары:
- •Батпақтық топырақтар
- •Бақылау сұрақтары:
- •Ормандық қоңыр топырақ
- •Бақылау сұрақтары:
- •Ормандық сұр топырақ
- •Бақылау сұрақтары:
- •Қара және шалғынды -қара топырақтар–
- •Бақылау сұрақтары:
- •Қара-қоңыр және шалғынды қара-қоңыр топырақтар
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тұзданған топырақтар
- •Бақылау сұрақтары:
- •Кебірлер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Солодтар
- •Бақылау сұрақтары:
- •Қоңыр шөлейт топырақ
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тау етегіндегі-шөлді далалар топырақтары
- •Бақылау сұрақтары:
- •Құрғақ және ылғалды субтропик топырақтары
- •Бақылау сұрақтары:
- •Жайылма топырақтары
- •Бақылау сұрақтары:
- •Таулық аймақтар топырақтары
- •Бақылау сұрақтары:
- •Топырақтарды агрономиялық сипаттау
- •Бақылау сұрақтары:
- •Топырақ бонитировкасы
- •Бақылау сұрақтары:
- •Топырақтану пәнінен тесттер
- •Әдебиеттер
- •Мазмұны
Бақылау сұрақтары:
1. Қандай топырақтар кебірлер деп аталады?
2. Кебірлердің негізгі морфологиялық айыру белгілерін атап беріңіздер.
3. Кебір топырақтар кескіні қандай генетикалық қабаттарға бөлінеді?
4. Физико-химиялық қасиеттердің кебірлерге тән белгілерін атап беріңіздер.
5. Кебірлер қандай қолайсыз қасиеттерге ие?
6. Кебірлерді қандай мелиорациялау әдістерімен жақсартады?
Солодтар
Сабақтың мақсаты: Солодтардың, морфологиялық белгілері физико-химиялық қасиеттерімен танысу.
Тапсырма:
1. Монолиттер мен жәшіктегі үлгілерді пайдаланып солодтардың морфологиялық белгілерін қарастыру, дәптерге осы топырақ бейнесін түсіру.
2. Солодтардың классификациясы, түзілу жағдайларымен танысу.
3. Қазақстан және Солтүстік Қазақстан топырақ картасынан солодтардың таралу шекарасын қарастыру, алып жатқан ауданын анықтау.
Тапсырмаға түсініктеме.
Солодтар орманды және далалы аймақтарда таралған, құрғақ далалы және шөлейт топырақтарының арасында да кездеседі. Артық мөлшерде ылғалдану болып тұратын ойпаңдау жерлерде қалыптасады. Солод кескіні жеке қабаттарға айқын бөлінеді: А0, А1, А2, А2В, В(В1В2), С.
А0 –орман төсеніші немесе шым; А1– қарашірікті элювиальды қабат; А2– солодты, ақшыл, тақталанған немесе қатпарлы-қабыршақты құрылымды, татты дақтар түріндегі темір-марганец жаңа түзілістері байқалады. Солодты қабаттан кейін біркелкі боялмаған күңгірт-қоңыр түсті ақшыл дақтары мен ақпалары бар, тақталы-жаңғақты құрылымды, тығыздалған А2В қабаты орналасады. В- иллювиальды қабат екі немесе үш қабатшаға бөлініп кетеді күңгірт-қоңыр немесе қоңыр түсті, жаңғақты-призмалы құрылымды, құрылым бөлшектері қырларында анық байқалған жылтырлық бар, тығыз.
Иллювиальды В2 қабатының төменгі жағы, ашық түсті құрылым бөлшектері ұлғайып, жылтырлық азайған. С-аналық жыныс сарғылт-қоңыр түсті, құрылымы анық байқалмаған, тығыз қалыптасқан, жиі созылыңқы дақтар түріндегі карбонаттар болады.
Солодтар үш типшеге бөлінеді: ормандық (типті), шалғындық (шымды) және шалғынды-батпақтық (торфты).
Ормандық солодтар (типті) – шөптесін өсімдіктер нашар дамыған қайыңды және қайыңды-көктеректі шоқ ағаштар астында қалыптасады. Мұндай солодтар кескінінде А0 орман төсеніші астында А2 солодты қабат анық байқалады. Қарашірікті элювиальды А1 қабаты қалыптаспаған немесе нашар жетілген, оның қалыңдығы 5 см-ден аспайды. Орман солодтарының кескіні күлгін топырақтарға ұқсас.
Шалғындық солодтар (шымды)- селдір шоқ ағаштар астында немесе шөптесін өсімдіктері жақсы дамыған ойпаңдарда қалыптасады. Шалғындық солодтар кескінінде шымды қарашірікті-элювиальды А1 қабаты жақсы қалыптасқан, оның астында солодты А2 қабаты орналасады. Кескіннің төменгі жағында глейлену байқалады.
Шалғынды-батпақтық солодтар (торфты) – жер асты сулары жақын жатқан бұта аралас шалғынды-батпақтық өсімдіктер астындағы ойпаңдарда қалыптасады.
Шалғынды-батпақтық солодтар кескінінде торфтанған шым А0, торфты қабат Ат0, қарашірікті-элювиальды А1 және солодты А2 қабаты анық байқалады. Кескін бойында глейлену күшті дамыған.
Солодтарды кебірлену мен тұзданудың қалдық белгілері бойынша туыстықтарға бөледі. Солодтарды карбонатсыз, тұзданбаған және кебірленбеген, кебірленген және сортаңданған деп бөледі.
Шалғындық солодтарды (шымды) сонымен қатар шымды қабат қалыңдығы бойынша аз шымдалған- А1 қабаты қалыңдығы-5-10 см, орташа шымдалған- А1 -10-20 см және терең шымдалған А1 қабаты - >20 см. Шымды қабаттағы қарашірік мөлшері бойынша: аз қарашірікті- 3% -тен аз, орташа қарашірікті-3-6%, жоғары қарашірікті- 6%-тен жоғары.
