Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТЖӘ 2015.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының мазмұны қандай?

  2. Сынып жетекшінің тәрбие жұмысын ұйымдастырдың бағыттары қандай?

  3. Тәрбие мақсатын анықтаудағы ескерілетін шарттарын ата?

  4. Сынып жетекшінің оқушыға тікелей ықпал жасау жолдары қандай?

  5. Сынып жетекшінің қызметінің вариативтілігі.

  6. Сынып жетекшінің мақсат қоюшылық қызметінің кезеңдерін сипатта.

  7. Педагогикалық және әлеуметтік-гуманитарлық қызметінің мәні қандай?

Әдебиеттер тізімі: [ № 1-9 ]

№5 дәріс тақырыбы: Сынып жетекшісінің оқушыларды танып білу жолдары

Мақсаты: Оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін анықтау, танып білу жолдарымен таныстыру.

Тірек ұғымдар: Оқушылардың жас ерекшеліктері, дербес ерекшеліктері, психологиялық-педагогикалық диагностика, зерттеу.

Жоспары:

1. Оқушылардың жас және дербес ерекшеліктері

2. Оқу-тәрбие процесіндегі диагностика.

3. Оқушының оқу әрекеті мен қоғамдық жұмыстарын талдау

4. Ата-аналармен әңгімелесу

Психологиялық-педагогикалық диагностика - бұл оқушының жеке психологиялық ерекшеліктерін және оқу-тәрбие үрдісін оңтайландыру мақсатымен балалар ұжымына әлеуметтік-психологиялық сипаттама беруді үйренуге бағытталған бағалау тәжірибесі. Диагностика – оқу-тәрбие үрдісінің барысы және нәтижелері туралы ақпарат алу тәсілі. Тәрбие жұмысы педагогикалық диагностикадан басталады. «Адамды жан-жақты етіп тәрбиелеу үшін, оны жан-жақты білу қажет» деген К.Д.Ушинский. Әрбір мұғалім тәрбиешіге оқушының жеке ерекшеліктерін білу үшін диагностикалық әдістерді таңдай білу қажет. Сондай-ақ, әрбір тәрбиеші қажетті диагностикалық (айқындау) әдістерді ұжымның ерекшеліктеріне сәйкес таңдап алу керек. Қазіргі заманғы педагог ол тура мағынадағы психолог.

Мектептегі диагностиканың міндеттері

- Оқушылардың даму барысына және нәтижелеріне талдау жасау (мектепте білім алуға әзірлігі, психикасының жұмысы, ілгерілеушілік);

- Оқыту үрдісінің барысын және нәтижелерін талдау (білімнің көлемі және тереңдігі, білім, іскерлік, дағдыларды қолдана білу, ой жұмысының негізгі тәсілдерінің барлығы, шығармашылық іс-әрекет тәсілдерін білу);

- Тәрбие барысын және оның нәтижелерін талдау (тәрбиелік деңгейін, адамгершілік сенімін, адамгершілігін).

Оқу-тәрбие үрдісін тексеруден гөрі диагностика туралы көп айтылуда. Дәстүрлі тексеру әдістері неге қайта қаралуда? Бұл оқу-тәрбие үрдісін ізгілендіруге байланысты. Егер өктемдік ететін тәрбиеде талдау, тексеру және бағалаудың объектісі оқушының еңбегі болса, енді жаңа жағдайда мұғалім мен оқушының бірлескен еңбегі, оның нәтижелері талданады. Тексерудің бұрынғы әдістерімен жұмыс істеуге болмайды.

Диагностика нәтиже мен үрдісті бірге зерттейді. Оқушының еңбегі мұғалімнің еңбегімен бірге талданады, оқушының мүмкіндігі, қабілеті және икемділігі зерттеледі. Мұғалімнің жұмысына ықпал еткен жағдайлар ескеріледі. Тексеру оқушының «оқығым келмейді» деген пікірімен санаспайды. Ал диагностика онымен санасады, оқушының оқуға ынтасын арттыру тәсілдерін табады. Мысалы, тексеру арқылы 3 сыныптың оқушысы барлық тапсырманы дұрыс орындағаны анықталады. Мұғалім оған «өте жақсы» деген баға қойды және мадақтады. Үрдісте нәтиже де жақсы сияқты, тек қана диагностика оқушының бес алғаны есте сақтау қабілетінің жақсылығынан екендігін, бірақ оның ақыл-ой жұмысына қабілеті нашарлығын анықтайды. Мұғалім кемшілікті жою мақсатымен оқушыға түрлі тапсырмалар береді. Дәстүрлі тексеруде нәтижелерді бағалағанмен, олардың себептерін түсіндірмейді. Диагностика арқылы оқушылардың білімі, іскерліктері тексеріледі, бағаланады, сандық мәліметтер талданады, бағыттар айқындалып одан арғы жұмыстар болжанады.

Диагностика үшін көптеген әдістер және әдістемелер қолданылады. Мысалы: дәстүрлі тексеру, бағалау әдістерімен қатар тест әдісі, оқушылардың оқуға керекті психикалық сапаларын, атап айтсақ, есті, зейінді, ақыл-ойды т.б. зерттеу, жеке оқушылармен жұмысты жобалау әдісі қолданылады. Қазіргі мектепте қолданылатын диагностика – педагогикалық қатынастар жүйесіндегі оқушыны жан-жақты зерттеуге мүмкіндік беретін әдістер мен әдістемелердің жиынтығы.

Дәстүрлі тексеру әдістері диагностика арқылы ізгілікке қызмет етіп, мектепте жақсы қарым-қатынас орнатады. Диагностика оқушыларды «орташа», «үздік» деп бөлмей, олардың мүмкіндіктерін анықтайды. Диагностикалық қорытындылар дәл, толық болуы керек. Барлық оқушы туралы ақпараттар жиналып, оның қабілетін, дарындылығын дамытуға қолайлы жағдай жасалады.

Оқушылардың білімдерін тексеру, бағалаумен байланысты әлі шешілмеген мәселелер көп. Гуманистік педагогиканың білімді бағалауы өктем педагогикадан бөлек. Ең бірінші орында оқу-тәрбие үрдісінің барысы және нәтижелері туралы ақпараттар алудың тәсілі диагностика тұрады. Ол мұғалімдер мен оқушылардың бірлескен еңбегінің нәтижелерін көтеру үшін оның жолдарын талдайды.

Оқушының жеке басы мен сынып ұжымының дамуы туралы психологиялық-педагогикалық білім алу үшін көптеген әр түрлі тәсілдерді қолдану керек. Ең алдымен сынып жетекшісі, сол сыныпта сабақ беретін пән мұғалімдерімен әңгімелесулері қажет. Содан кейін алған мәліметтерді талқылап, қорытындылайды. Негізгі мәліметтерді сынып жетекшісі сол сыныптағы оқу-тәрбие, сыныптан тыс жұмыстар барысында алады. Ол үшін сауалнама жазбаларын, әңгімелесу және социометриялық әдістерді, экспериментті қолдануға болады.

Оқушының жеке басын танып білуде оның оқу әрекеті мен қоғамдық жұмыстарының атқаратын қызметі ерекше. Себебі оқушының оқу әрекетінде оның оқуға деген ынтасын, психикалық процестерін (жаңа материалды меңгеруі, қабылдауы, есте сақтауы, ойлауы, сөйлеуі т.б.) сынып жетекшісі сабақтар жүйесіне қатысу арқылы анықтайды, ол өз алдына оқытудың сапасын арттыруға сай шараларды белгілеуге мүмкіндік туғызады.

Оқушыларға нәтижелі тәрбие беру ісі тек оқу әрекетін дұрыс ұйымдастырумен шектелмейді, оқушылардың өздерін қоғамдық пайдалы істерге белсенді араласуын да көздейді.

Зерттеуді жүйелі ұйымдастыру барысында пән мұғалімдері мен оқушылардың ата-аналарымен әңгімелесудің де берері мол. Ата-аналармен әңгімелесу – оқушылардың үйдегі өмірі мен еңбек жағдайын, отбасы туыстарымен қарым-қатынасын, бос уақыттарын қалай өткізетіндігін, үй тапсармаларын орындаудағы беленділігі мен жауапкершілігін анықтап білуге ықпал етеді.

Қосымша Н

Диагностикалық карта

1

Баланың аты-жөні, мекен жайы

2

Дамудың жалпы деңгейі

3

Тілдің дамуы

4

Сауаттылығы

5

Математика

6

Кеңістікті қабылдауды анықтауға жазбаша жұмыс

7

Психологиялық процестер

8

Логопед қорытындысы

9

Денсаулығы

10

Жанұясына мінездеме

Қосымша О

Оқушыларды зерттеу картасы

  1. Оқушының аты-жөні:............................................................

  2. Мекен жайы:::........................................................................

  3. Ата-анасының мамандығы...................................................

  4. Жанұяның құрамы, материалдық дәрежесі .......................

.....................................................................................................................

  1. Жанұядағы қарым-қатынас .................................................

.....................................................................................................................

  1. Жанұядағы бала тәрбиесінің сипаты .................................

.....................................................................................................................

  1. Баланы бос уақыты...............................................................

  2. Үй жұмысына қатысуы.........................................................

  3. Баланың денсаулық жағдайы ...............................................

......................................................................................................................

Қосымша П

Оқушының жалпы даму дәрежесі

  1. Аты-жөні .................................................................................

  2. Жалпы дамуы .........................................................................

  3. Оқу еңбегінің көзқарасы .......................................................

.......................................................................................................................

  1. Оқушының үлгерімі ...............................................................

  2. Дене еңбегінің көзқарасы ......................................................

.......................................................................................................................

  1. Оқушының қызығушылығы мен бейімділігі .......................

.......................................................................................................................

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Оқушылардың жас және дербес ерекшеліктері дегеніміз не?

2. Оқу-тәрбие процесіндегі диагностиканың мәні?

3. Оқушының оқу әрекеті мен қоғамдық жұмыстарын талдаудың мәні?

4. Педагогикалық диагностика мазмұны мен қызметі қандай?

5. Педагогикалық диагностика әдістері қандай?

6. Оқушыларды зерттеу жұмысын ұйымдастырудың талаптарын ата?

Әдебиеттер тізімі : [ № 1, 10-18 ]

№6 дәріс тақырыбы: Сынып жетекшісінің тәрбие жоспары

Мақсаты: Сынып жетекшісінің тәрбие жоспарының құрылымымен, мазмұнымен таныстыру, түрлерін, талаптарын талдау.

Тірек ұғымдары: Тәрбие жоспары, талаптар, түрлері, құрылымы.

Жоспары:

  1. Жоспар - тәрбие жұмысының айнасы.

  2. Тәрбие жоспары ның үлгісі.

  3. Тәрбие жоспарына қойылатын негізгі талаптар

Жоспарлау педагог-тәрбиешінің іс-әрекетінде негізгі орынға ие. Тәрбие жұмыстарының моделін жасауда мына міндеттер белгіленуі керек.

1) жастардың философиялық-дүниетанымдық даярлығын жүзеге асыру, жаңа әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жағдайында өмірдің мәнін белгілеуде көмек беру, өз өміріне деген құндылықты көзқарасты, өзіндік санасын қалыптастыру

2) жалпыадамзаттық мәдениеттегі белгілейтін мәдени құндылықтар жүйесіне оқушыларды енгізу, жоғары мәдение және рухани құндылықтарға қажеттіліктерін қалыптастыру;

3) әрбір баланың табиғи нышандары мен шығармашылық әлеуетін анықтау және дамыту, олардың түрлі саладағы бейімділіктері мен қабілеттерін дамыту;

4) ізгіліктік жалпыадамзаттық мораль норомаларын, қарым-қатынас мәдениетін, зиялылықты қалыптастыру;

5) жеке абыройын, ішкі дербестік сезімін дамыту;

6) ұжымдық өмір нормаларына, заңға деген құрметпен қарауды тәрбиелеу, әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігін дамыту;

7) еңбекке жағымды қарым-қатынасын тәрбиелеу;

8) салауатты өмір салтын ұстану қажеттілігін дамыту, жанұя құру қабілетін және бақытты өмір сүру талабын дамыту.

Сынып жетекші жоспарлауда мына ұстанымдарға сүйенуі керек: мақсатқа бағытталу; оқушылардың жас ерекшеліктерін, ұжымдағы басты қызығушылықтарды есепке алу; жоспарланған істердің сабақтастығы, жұйелілігі, бірізділігі, шынайылылық, формалар мен әдіс-тәсілдердің әр алуандығы; жоспардың шығармашылық сипаты. Сынып жетекші өз жұмыстарын балаларға, ата-аналарға таныстыра отырып, олармен ақылдасып, тәрбие жұмыс жоспарын жасайды.

Тәрбие жұмысының нәтижелілігі жоспарлауға тәуелді. Жоспардың міндеті – педагогикалық шынайылықты реттеу, педагогикалық үрдістің жоспарлылығын, жүйелілігін және сабақтастығын қамтамасыз ету. Жоспар – бұл іс-әрекеттің мазмұндық бағыттарын белгілейтін, іс-әрекеттің ретін, көлемін, уақытын анықтайтын құжат. Ол мынадай қызметтерді атқарады:

  • бағыттаушы, анықтаушы, яғни іс-әрекеттің нақты бағыты мен түрлері;

  • болжамдық, яғни негізгі ойды жанам түрде белгілеп, нәтижені нақты әрекеттер арқылы көрсетеді;

  • нақтылаушы, ұйымдастырушылық, яғни, бір жағынан, іс-әрекеттің қалай, қандай құралдардың көмегімен ұйымдастырылатынын, оның объект-субъектілерін анықтаса, екінші жағынан, іс-әрекеттің бірізділігін, ретін, оеың басқа әрекеттермен байланысын, іс-әрекет субъектілерінің өзара әрекеттесуін белгілейді;

  • бақылау, бірінщіден, педагог өзінің әрекетін, мақсатының жүзеге асырылу деңгейін бақыласа, екіншіден, жоспардың жасалу деңгейі мен сапасы педагогтың кәсібилік деңгейінің көрсеткіші ретінде де танылады;

  • репродуктивті, яғни кез келген уақыт аралығында жоспар бойынша жасалынған жұмыстың мазмұны мен көлемін анықтауға болады.

Жоспарлар мазмұнына, құрылымына, формасына қарай түрліше болып келеді. Ең бастысы – олар тәрбие жұмысын ұйымдастыруда көмек бере отырып, қолдануға ыңғайлы, тек формальды емес, жұмыс жасауға лайықты құжат болғаны жөн.

Практикада жоспарлардың бірнеше түрлері қолданылады. Олар:

  1. Мазмұнына қарай:

    • кешенді (жалпы) жоспар: іс-әрекеттің барлық бағыттары мен түрлері жоспарланады. Мысалы, тәрбие жұмысының жоспары, педагогтың балалар ұжымымен жұмыс жоспары;

    • тақырыптық жоспар: іс-әрекеттің тек бір бағыты немесе трі жоспарланады. Мысалы, ата-аналармен жұмыс жоспары, кәсіптік бағдар беру жоспары және т.б.;

    • пәндік (нақты) жоспар: тек бір шара жоспарланады. Конференция жоспары, тәрбие сағатын даярлау және өткізу жоспары және т.б.

  2. Жоспарланған уақыттың ұзақтығына қарай.

  • ұзақмерзімді (перспективті): ұзақ уақытқа созылған жоспар (бір жылдан жоғары);

  • кезеңді: бұл орта перспективалы жоспар, бұнда алыс перспективаның белгілі бір кезеңі жоспарланады (жартыжылдық, тоқсан);

  • қысқамерзімді: жақын перспектива жоспары, бұнда қысқа уақыттағы шара жоспарланады. Мысалы, айға, аптаға, онкүндікке жұмысты жоспарлау;

  • шұғыл: нақты жақын арадағы іс-әрекеттер жоспарланады.

  1. Жоспарлаудың субъектісіне байланысты:

  • жеке жоспар;

  • ұжымдық жоспар.

  1. Жоспарлау аумағына қарай:

  • жалпымектептік жоспарлау;

  • алғашқы ұжымдар жоспары.

Сынып жетекші жоспарының құрылымы мен формасы әртүрлі болып келеді, ең бастысы олар ыңғайлы болғаны жөн. Жоспардың мынадай құрылымы ұсынылады:

  1. Өткен оқу жылында сыныпта жүргізілген тәрбие жұмысын талдау.

  2. Жаңа оқу жылына қойылған тәрбие жұмысының міндеттері.

  3. Оқушылар ұжымымен жұмыс.

  4. Педагогикалық ұжыммен әрекеттесу.

  5. Жанұямен, қоғаммен жүргізілетін жұмыс.

Мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастыру бірнеше кезеңнен тұрады:

  1. Жоспарлау пәнін анықтау. Ең алдымен,. Нені (іс-әрекетті, белгілі бір бағытты, нақты шараны) жоспарлау қажеттігі анықталады.

  2. Жоспарлау уақыты (жыл, тоқсан, ай және т.б.) нақтыланады.

  3. Жоспарлау пәнін құру. Жоспарланатын нәрсені құрамдас бөліктерге (іс-әрекет бағыты және түрлері, мазмұндық және тақырыптық блоктар) ажыратып алып, нақтыланады.

  4. Нәтижелерін және сол кездегі жұмыстың күйін талдау.

  5. Талдау нәтижелерін қорытындылау.

  6. Мақсат қою.

  7. Ұжымдық жоспар.

  8. Белгіленген мақсатқа қол жеткізу құралдары таңдалады.

  9. Жоспарды рәсімдеу.

Жоспарлаудың бұл алгоритмі іс-әрекеттің барлық түріне лайықты.

Тәрбие жоспарын қалай құруға болады?

І. Мектеп өміріне қатысты және қазіргі кездегі мектеп пен тәрбие міндеттерін анықтайтын мемлекеттік құжаттармен танысу. Білім және ғылым министрлігінің оқу-әдістемелік журналдарымен танысу, тәрьиенің, жоспарлаудың әдістемесі мен технологиясының өзекті мәселесіне қатысты психология және педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді оқу.

ІІ. Балалардың жас ерекшелігі, сынып ұжымының даму деңгейі, мектеп, мұғалімдер ұжымы, отбасы және тұрғылықты жердегі тәрбие мекемелерінің ерекшеліктерін ескере отыра мақсат пен міндеттерін анықтау. Мақсатқа сәйкес оның стратегиялық міндеттері белгіленеді. Мысалы, Мақсат «Мәдениет құндылықтарын меңгеру арқылы жоғары сынып оқушыларының рухани дамуын ынталандыру». Оның міндеттеріне:

  1. Оқушылардың сабақтан тыс зияттық-танымдық әрекеттерін ұйымдастыру.

  2. Салауатты өмір салтына ынталандыру.

  3. Оқушыларды мәдениет құндылықтарымен тығыз қарым-қатынас жасауға ынталандыру.

  4. Оқушыларды қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу, өздерінің қолдары бос уақыттарын тиімді пайдалануға және демалыстарын қызықты өткізуге сай әртүрлі әрекеттерін ұйымдастыру.

ІІІ. Мектептің, тәрбие мекемелері мен бірлестіктердің және пән үйірмелерінің болашақ тәрбие жұмысымен танысу, алдыңғы қатарлы озық сынып жетекшілерінің тәжірибелерімен танысу, пән мұғалімдері және ата-аналармен пікір алмасу.

ІУ. Оқушылардың жеке тұлғасы мен сынып ұжымын зерттеп тану.

У. Алдыңғы мерзімде болатын айтулы даталы күндер мен мейрамдарды анықтау, солардың ішінде ең қажеттісін таңдау.

УІ. Болашақта балалармен баратын тәрбие ошақтарын айқындау.

УІІ. Жоспарлау. Оқушыларды немесе белсенділерді жоспарлауға, оны талқылауға тарту. Жоспардың жобасын жалпы сынып жиналысында талқылау және бекіту.

Мектептің және сыныптың ерекшелігі, бағдарына байланысты тағы басқа қосымша әрекеттің болуы мүмкін. Дегенмен, жоғарыда келтірілген әрекеттер барысында жоспарлау процесі тоқсанға немесе жарты жылға, бір жылға жасалады.

Тәрбие жұмыс жоспарының құрылымы.

1. Сынып ұжымына мінездеме:

  • Сыныптың құрамы және оның жалпы сипаттамасы (оқушылардың жалпы саны, ер балалар мен қыз балалар саны; денсаулық жағдайлары, тәрбиелік деңгейі, еңбекқорлығы және оқу үлгерімі, сыныптағы ортақ істерге қызығушылығы; оқушылардың факультатив, үйірме, секция және т.б. қатысуы; ата-аналардың білімділік деңгейі, сыныпта көпбалалы жанұядан, толық емес жанұялардан немесе ерекше көңіл бөлуді қажет ететін балалардың саны :)

  • Сыныптың ұжымшылдығы (ұжым дамудың қай кезеңінде, сыныпта белсенділердің болуы/болмауы, белсенді топтар бар ма, оқушылар түрлі іс-шараларды орындауда ұйымдасады ма, ұжымдағы оқушылардың қарым-қатынасы, сыныпта топтар бар ма); құндылықтарға бағытталуы;

  • Сынып ұжымының жалпымектептік ұжыммен, ортамен байланысы (ұжым өз іс-шараларын ұйымдастыруда сынып аясынан шығады ма, бастауыш мектеп оқушыларына, жалпы мектепке арналған жұмыстарды ұйымдастырады ма).

2. Тәрбиелік міндеттер.

3. Сынып ұжымының іс-әрекеті.

4. Оқушылардың ата-аналарымен жұмыс

5. Оқушылармен жеке жұмыс

Тәрбие жұмысын жоспарлау үшін педагог мақсатты бағдарламалармен танысқаны жөн. Мысалы, «Денсаулық», «Қарым-қатынас», «Өмір сүру дағдысы», «Оқу», «Бос уақыты» (Қосымша 1). Сонымен қатар, оқушылардың іс-әрекетін түрлі формаларда ұйымдастыруға болады: танымдық, шығармашылық, еңбек, құндылықты-бағдарлы, көркемөнер, спорт-сауықтыру, қарым-қатынас және т.б. (Қосымша 2).

Тәрбие жұмысының жоспарын құруда түрлі тәсілдер бар. Олар іс-әрекеттің түрлері бойынша жоспарлау (Н.Е.Щуркова), негізгі істер бойынша жоспарлау (В.А.Капаковский); күнтізбелік жоспар, жоспар-тор және т.б. (Қосымша 3).Тәрбие жұмыс жоспарының формасын педагог өзгерте алады.

Негізгі бөлімдер

1. Сынып ұжымын ұйымдастыру

Тәрбиелік шаралардың мазмұны

Формасы мен тәсілі

Мерзімі, уақыты

Жауап

ты адамдар

Өтіл

гені туралы белгі

2.Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдары және балалардың бірлестіктері мен өзара әрекеттері

3.Пән мұғалімдері және мектеп әкімшіліктерімен байланыс

4.Отбасы және жұртшылықпен жұмыс

5.Жеке оқушымен жұмыс

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Тәрбие жоспарын құру амалдарын көрсет?

  2. Сыныптағы тәрбие жұмысын жоспарлаудың мәні?

  3. Сынып жетекшісінің оқушыларды танып білу жолдары қандай?

  4. Педагогикалық диагностика әдістеріне не жатады?

  5. Бақылау, әңгімелесу, анкета.

  6. Тәрбие жұмысы жоспарын құрастырдың әдістемесі мен техникасы.

Әдебиеттер тізімі: [ № 1, 10-18 ]

№7 дәріс тақырыбы: Оқушылар ұжымын тәрбиелеу

Мақсаты: Сынып ұжымы және сынып жетекшісінің қарым-қатынасымен, ұжымды басқару ерекшеліктерімен таныстыру.

Тірек ұғымдары: Сынып ұжымы, сынып жетекшісі, ұжымда тәрбиелеу, өзін-өзі жетілдіру.

Жоспары:

  1. Ұжым туралы түсінік.

  2. Сынып ұжымы және сынып жетекшісі.

  3. Ұжымда тұлғаны тәрбиелеу, өзін-өзі жетілдіру

  4. Балалар ұжымының ерекшеліктері

  5. Балалар ұжымын ұжымын ұйымдастырудың формасы

Педагогикалық үрдіс әртүрлі оқу-тәрбие, білім беру мекемелерінде құрылатын топтардың өмірін ұйымдастыруға негізделеді. «Ұжым» педагогикалық әдебиеттерде тәрбиеленушілер (оқушылар) бірлестігі деп түсіндіріледі. Ал мұндай ұжымның өзіндік маңызды белгілері бар:

  1. Жалпы әлеуметтік мәнді мақсат. Кез-келген топта, трамвайға мінген жолаушыларда да, ұрлық істеген қылмыскерлерде де мақсат болады. Ұжымның мақсаты қоғамдық мақсаттармен сәйкес келеді, яғни заңдарына, Конституцияға, басшы идеологияға сай келмей, қоғам мен мемлекеттік қолдау көрмейді.

  2. Жалпы бірлікті іс-әрекет. Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін жалпы біріккен іс-әрекет ұйымдастыру қажет. Адамдар белгілі бір мақсат жолында ұжымдарға бірігеді. Бұл үшін ұжымның әрбір мүшесі біріккен іс-әрекетке белсенді қатысуы керек және жалпы іс-әрекетті ұйымдастыруы шарт. Ұжым мүшелерін ерекшелейтін белгі - олардың жауапкершілігінің болуы.

  3. Кері жауапты тәуелділік қатынастары - ұжым мүшелері арасында өзіндік ерекше қарым-қатынас. Бұл олардың іс-әрекеттері мен мақсаттарының бірлігінде, ортақ толғаныстарында, өзара талқылауларында да көрінеді.

  4. Жалпы таңдалған басқарушы орган. Ұжымда демократиялық қатынас пайда болады. Басқару органын, беделді мүшелерін ашық және тікелей таңдайды.

Ұжым аталған қасиеттерінен басқа да маңызды ерекшеліктерімен бөлектенеді. Бұл ұжымның хал-ахуалын, ұжым мүшелерінің бір-біріне деген қарым-қатынасын білдіретін сипаттама. Жақсы ұйымдасқан ұжымда бір-біріне жауапкершілік, дұрысын айту, өзін-өзі сынау, бәсекелестік сияқты сана қалыптасады. Формалды қатынастағы адамдар тобында мұндай қасиеттер болмайды, ал ұжым бұл қасиеттерсіз өзінің артықшылығынан айырылады. Жоғарыда аталған белгілері бар ұжымда еңбекке, адамдарға, жеке және қоғамдық міндеттерге гуманистік қатынастар жүйесі қалыптасады. Берік, бірауызды ұжымда мұндай қатынас жүйесі тұлға мен барлық ұжым мүшелерінің қызығушылық үйлесімімен, тұлғаның көпшілік беделін мойындаумен екрекшеленеді, Бұл жүйе объективті және субъективті қарама-қайшылықтарды жеңе алатын, өз міндеттерін білетін ұжымның әрбір мүшесінде айқын сенімді көзқарастар бағытын қалыптастырады.

Мектеп ұжымы құрылымының негізгі де тұрақты бөлігі - басты іс-әрекеті оқу болатын оқушылардың сыныптық ұжымы. Осы сыныптық ұжымда оқушылар арасындағы тұлғааралық байланыс пен қатынас пайда болады. Осыдан, ол мектеп ұжымдарының басқа да түрлеріне негіз қалайды.

Оқушылар ұжымы - бұл жалпы әлеуметтік маңызды мақсаттармен, іс-әрекеттермен, іс-әрекетті ұйымдастырумен, жалпы міндеттермен, теңдік жағдайында ортақ мүдде бірлігімен ұжымдасқан оқушылар тобы. Ұжым – қоғамдық маңызды мақсаттар негізінде біріккен адамдардың әлеуметтік қауымы. Ұжым педагогиканың негізгі категорияларының бірі. Оқушылар ұжымы - балалар мен жасөспірімдердің өз еріктерімен және алдына белгілі бір мақсат қойып білім дағдыларын игеруге ұжымды түрде арнайы топқа біріккен жас өскіндердің шығармашылық әрекеттерінің үрдісі. Оқушылар ұжымы деген атау - ұжым, оқушы, бала, балалар ұйымы, мектеп, тәрбие атауларымен тығыз байланыса отырып, педагогикалық зерттеулерде жиі қолданылады. Оқушылар ұжымын - балалар ұжымы деп атау ғылыми басылымдарда кездеседі.

Оқушылар ұжымы педагогикалық құбылыс ретінде ерекшеліктерге ие. Бала үшін ұжым өмір сүру ортасы. Балалар өздерінің тұлғалық ресурстарын пайдалану арқылы ұжым ішінде өзара қатынасқа түседі, өзін-өзі көрсетуге мүмкіндік алады. Оқушылар ұжымын көбінесе ересектер қалыптастырады. Мысалы, балаларды мектеп сыныбына, спорт секцияларына, үйірмелерге және т.б. қатыстырады.

А.С.Макаренконың ұжым туралы тағылымы.

Оқушылар ұжымының даму кезеңдерін А.С.Макаренко өзінің көп жылғы педагогикалық тәжірибелеріне сүйене отырып, оған терең педагогикалық талдау жасайды. А.С.Макаренко тағылымы ұжымды сатылы қалыптастырудың технологиясынан тұрады. Ол ұжымның өмір заңын былай түсіндіреді: қозғалыс - ұжымның өмір сүру формасы; тоқталу - оның жойылу формасы. Әйгілі педагог ұжымның даму принциптерін анықтады (ашықтық, жауапкершілік, тәуелділік, перспективалық, бірлікті әрекет)

Ұжым болу үшін, топ сапалы жіктелу жолынан өтуі қажет. Осы жолда А.С.Макаренко бірнеше сатыларды белгілейді.

Бірінші саты - ұжымның құрылуы (алғашқы бірігу сатысы). Бұл кезеңде ұжым педагогтың тәрбие жұмысының мақсаты ретінде көрінеді, мұның өзі ұйымдасқан, белгіленген топты (сынып, үйірме т.б.) ұжымға айналдыруға талпыну, яғни оқушылардың ұжымға қатынасы бірлескен іс-әрекет мазмұнымен, мақсат-міндеттерімен, құндылықтарымен анықталады.

Ұжымның ұйымдастырушысы - педагог, барлық талаптар осы педагогтан басталады. Ұжым белсенділері анықталып, тәрбиеленушілер жалпы мақсатқа, іс-әрекетке және ұжымдық бірлікке келгенде бірінші кезең аяқталады.

Екінші сатыда белсенділердің ықпалы арта түседі. Енді белсенділер тек педагогтардың талаптарын қолдап қана қоймай, ұжым мүшелеріне ұжымға не пайдалы, не зиянды екенін байқатып, өз түсініктері бойынша басқара бастайды. Егер белсенділер ұжым қажеттілігін дұрыс түсінсе, онда олар педагогтың сенімді көмекшілеріне айналады. Бұл кезеңде белсенділер жұмысына педагог көп көңіл бөлуі керек.

Екінші кезең құрылымның тұрақтануымен сипатталады. Бұл сатыда ұжым бүтінделген жүйе ретінде көрінеді, онда өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі реттеу механизмдері іске қосыла бастайды. Ұжым өз мүшелерінен белгілі-бір қылықтарды, нормаларды талап ете бастайды, ал талаптар біртіндеп кеңейе береді.

Бұл сатыдағы педагогтың басты мақсаты - осы ұжымның алға қойған міндеттерін шешу мүмкіндіктерін мейлінше көп пайдалану. Тәжірибе жүзінде әр ұжым - дара оқушының жеке дамуын мақсатты бағыттайтын тәрбие субъектісі ретінде танылуы тиіс. Ұжымның бұл сатыда дамуы кейбір қарама-қайшылықтарды жеңумен байланысты, атап айтқанда:

-ұжым мен жеке оқушылар арасындағы;

-жалпы және жеке перспиктивалар арасындағы;

-әр қилы ерекшеліктері бар оқушылар топтары арасындағы және т.б.

Сондықтан ұжым дамуында секірістер, тоқыраулар, өзгерістер мен ауысулар болмауы мүмкін емес.

Үшінші және одан кейінгі сатылар - ұжымның кемелденуі.Алдыңғы даму сатыларында қол жеткізген қасиеттер киелі тұлғалық ерекшеліктерді топтастырады: жолдастарына қарағанда өзіне жоғары талап қоюы, көзқарастарының, әдеттерінің, әрекет-қылықтарының тұрақтануы. Егер ұжым осы сатыға жетсе, онда толыққанды, адамгершілікті тұлға қалыптастыру үстінде деген сөз. Жалпы тәжірибе, болған оқиғаны бірдей бағалай білуі – үшінші сатыдағы ұжымның ең негізгі белгісі.

Барлық даму сатыларында ұжым үлкен және кіші дәстүрлерді қалыптастырады. Дәстүрлер – тәрбиеленушілерді эмоционалды қабылдайтын әдет-ғұрып, ниет арқылы жасалатын ұжым өмірінің тұрақты формалары. Дәстүр жүріп-тұру нормаларының бекінуіне көмектесіп, ұжымдық бірлікті шешу қабілеттерін дамытады, өмірді қызықты етеді.

Ұжымда мақсатты таңдай білу маңызды рөл атқарады. Тәрбиеленушілер мұрат еткен мақсат перспектива деп аталады. Адам өмірінің негізгі стимулы перспиктивалы мақсат – қиыншылықтар мен кедергілерді жеңуге көмектесетін үлкен күш.

Тәрбие жұмысы тәжірибесінде перспективаның үш түрі кездеседі, олар жақын, орташа және алыс перспективалар. Жақын перспективалар – ертеңгі серуен, яғни ұжым мүшелерінің жеке қызығушыларынан туындайды. Орташа перспектива- уақыт бойынша алыстау, ұжымдық оқиғаның жобасы. Алыс перспектива – ұзақ уақытқа көзделген үлкен мағыналы, маңызды талаптарға қол жеткізуге арналған мақсат. Мұндай перспективада тұлға мен ортаның қажеттіліктері міндетті түрде үйлеседі. Перспективалық жолдар жүйесі ұжымға етене енуі керек. Оны уақыттың кез-келген сәтін ұжымның айқын да қызықты мақсаты болатындай, сонымен өмір сүретіндей әрі сол мақсатты орындауға талпынатындай етіп құру қажет. Песпективаны таңдағанда жұмыстың нәтижелі бітуін ескеру әбден қажет.

А.С.Макаренко ұжымаралық қатынасқа көп көңіл бөлді. Қалыптасқан ұжымның ерекше белгілері ретінде ол мыналарды ескереді: 1) үнемі сергектік, іс-әрекетке дайындық; 2) өзіндік қадірін сезіну; 3) ұжым мүшелерінің достық бірлігі ; 4) әр мүшенің өз қауіпсіздігін сезінуі ; 5) іс-қимыл, әрекет белсенділігі; 6) дер кезінде ұстамдылыққа әдеттенуі, көңіл шарпулары мен тілдесудегі өзіне шек қоя білуі.

Табысты тәрбие жұмысынсыз ұжымды топтастыру мүмкін емес. Тек ұжым арқылы сынып жетекшісі мектеп оқушыларының оқу міндеттеріне, қоғамдық пайдалы еңбекке көзқарастарына игі ықпал етеді, олардың тәртібі мен үлгеріміне ықпал жасайды. Жақсы ұйымдасқан және топтасқан ұжымның әсерімен оқушылар саяси адамгершілік және мәдени жағынан өседі, ұйымдастырушылық дағдыларына ие болады. Ұжымда олардың шығармашылық белсенділіг дамиды, достық пен жолдастық байланыстары нығаяды, қоғамдық қатынастарға тән тәртіптің жаңа нормалары пайда болады. Ортақ іс үшін еңбекте, күресте ұжымның ынтымағы жеке адамның дамуы үшін ең маңызды алғы шарт болып табылады. Тату және мақсатты ұжым (оқу, еңбек, спорт) өз мүшелерінің өмірін бай да сұлу да етеді, тек сонда ғана адамның жағымды қасиеттері толық ашылады және одан әрі дамиды.

Мектеп тәжірибесі жас ұрпақ тәрбиесін ұйымдастырудың өте маңызды және ештеңемен алмастырмайтын түрі оқушылар ұжымы екендігін көрсетті. А.С.Макаренко көп жылғы тәжірибесін қорытудың негізінде ұжым тәрбие жұмысының ең басты формасы деп санады. Ол «дұрыс тәрбие бірлігі мол, күшті, әсері мықты ұжым құру арқылы ұйымдастырылуға тиіс» деп атап көрсетті.

Ұжымдағы тәрбие – тәрбиенің негізгі ұстанымдарынң бірі. Ол мектепте қалыптасқан жаңа тәрбиелік қатынастарды бейнелейді. Балалар ұжымын құру мен топтастыру - мұғалімдердің және, ең алдымен, сынып жетекшілерінің маңызды міндеті. Егер мұндай ұжым құрылса , кез-келген тәрбие міндеттерін шешу әлдеқайда жеңіл болады.

Дұрыс қоғамдық пікір, ашық жолдастық сын мен өзара сын мектеп оқушыларының қоғамдық белсенділігінің дамуына және олардың бағалы моральдық қасиеттерінің қалыптасуына көмектеседі. Оқушылардың әр түрлі мінездері, қабілеттері, мүдделері, бейімділіктері топтасқан ұжымда бір-бірін толықтырып тұрғандай болады, қуаныштары мен реніштері айқынырақ, қылықтары жауыптылау,ойлары тереңдеу симяқтанады. Тату және топтасқан ұжым қоғамдық пікір күшімен, иландыру әдісімен (ал кейде зорлау) жеке мүдделерін қоғамдық мүддемен ұштастыруды үйретеді.

Оқушылар ұжымын тәрбиелей отырып, сынып жетекшілері сонымен бірге әр оқушының жеке басын қалыптастырады. Оқушылардың лайықсыз қылықтарын тек педагогтар ғана емес, оқушылардың өздері де айыптайды. Әсіресе, оқушылар өз өмірлерінің көп бөлігін өткізетін мектеп-интернаттарда, ұзартылған күн мектептерінде және ауылдық орта мектептер жанындағы интернаттарда ұжымның рөлі зор. Бұл мектептерде ұжым тек оқу мен сыныптан тыс жұмыс процесінде ғана емес, сонымен бірге оқушылардың демалысын ұйымдастыру кезінде де тәрбие ықпалын жүргізеді. Әр сыныпта ерекше назар меғн жекелеп тәрбиелеу әдісін тілейтін оқукшылар бар. Оларға үлгермейтін, тәртіпсіз немесе енжар оқушылар, сондай-ақ мінезінің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты жекелеп тәрбиелеу әдісін қажет ететін оқушылар жатады. Жекелеп тәрбиелеу әдісі барлық оқушыларға қажет.

Ұжымда оқушылар басқа адамдармен қатынастың ережесін игереді. Жақсы ұйымдасқан ұжымның ықпалымен ұйымдастырушылық дағдыларды қалыптастыру, басқару мен бағынуды үйрету, жекені қоғамдық мүддемен үйлестіру әлдеқайда жеңіл. Тәрбие практикасы тек ұжымда және соның көмегімен мектеп оқушыларында тапсырылған іске жауапкершілік сезімін, жолдастық өзара көмекті және басқа бағалы қасиеттерді тәрбиелеп, дамытуға болатынын көрсетеді. Ұжымнан тыс, ұжымдық қатынастарсыз, қуаныш-реніштерден тыс ұжымшыл адамды тәрбиелеу мүмкін емес.