- •М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
- •5В010300- Педагогика және психология
- •Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені Курс – ііі
- •Орал, 2015 ж.
- •2. Курс бағдарламасы (sillabus).
- •2. Пәнді оқу бағдарламасы.
- •3. Ожсөж мазмұны:
- •4. Ожсөж мазмұны:
- •4. Сөж мазмұны:
- •7. Ожсөж мазмұны:
- •8 Кредит сағат
- •9. Ожсөж мазмұны:
- •10 Кредит сағат
- •10. Ожсөж мазмұны:
- •10. Сөж мазмұны:
- •15. Ожсөж мазмұны:
- •16. Ожсөж мазмұны:
- •16. Сөж мазмұны:
- •17. Ожсөж мазмұны:
- •18 Кредит сағат
- •18. Ожсөж мазмұны:
- •18. Сөж мазмұны:
- •3. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •4. Пәннің оқу-әдістемелік қамтылу карта
- •5. Дәрістер кешені.
- •Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
- •Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
- •Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
- •Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
- •Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
- •Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
- •Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
- •Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
- •Пән бойынша әдістемелік нұсқау.
- •Курстық жобалардың әдістемелік нұсқауы.
- •Студенттердің өзіндік жұмыстарына қажет материалдар. Курс бойынша рефераттардың тақырыптары:
- •Сараман барысына әдістемелік нұсқау.
- •Студенттің сарамандық жеке жоспары
- •Студенттердің білімін тексеру және бағалау.
- •Студенттердің білімін тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары
- •12. Сабақтарда қолданылатын бағдарламалы және мультимедиялық құралдар.
- •13.Арнайы жабдықталған аудиториялар мен лабороториялар:
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
Тәрбие әдісі және тәсілі туралы түсінік.
Тәрбие әдістері, оларды жіктеу.
Тұлға санасын қалыптастыру әдістері, оларды қолдану ерекшеліктері.
Іс-әрекетті ұйымдастыру әдістері, оларды қолдану ерекшеліктері.
Мінез-құлықты ынталандыру әдістері, оларды қолдану ерекшеліктері.
Тәрбие әдістерін таңдап алуда қандай факторға сүйенуге болады.
Әдебиеттер тізімі: [ № 1-9 ]
№3 дәріс тақырыбы: Мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастырдағы сынып жетекшінің рөлі.
Мақсаты: Мектептегі сынып жетекшінің тұлғасымен және атқаратын қызметімен таныстырып, жалпы түсінік беру.
Тірек ұғымдар: Сынып жетекшісі, сынып жетекшісінің міндеттері, функциялары.
Жоспары:
Сынып жетекшінің қызметі мен міндеттері.
Сынып жетекші және педагогикалық ұжым.
Сынып жетекшінің тәрбие жұмысын жоспарлауы.
Сынып жетекшісі - сабақта және сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырумен, өткізумен айналысатын педагог. Ол сыныптағы оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырушы, тәрбиелік ықпалдарды бағыттаушы болып табылады.
Сынып жетекшісінің қызметтік мәртебесі болып сынып тәрбиешісі, сынып жетекшісі, сынып кураторы танылған. Сынып жетекшілікті сол сыныпта сабақ берумен сабақтастырған дұрыс. Жоғары сыныптарда кураторлық қызмет кең таралған. Сынып жетекші жұмысының мақсатын, мазмұнын, формасын мәртебесі белгілейді. Жұмыстың міндеттері, мазмұны мен формалары балалар мен ата-аналардың сұраныстары, қызығушылықтары, қажеттіліктері, сынып, мектеп, социумның жағдайларымен, педагогтың мүмкіншіліктерімен белгіленеді.
Педагогтың ролі баланың жасына, тәжірибесіне тәуелді: жұмысты ұйымдастырушыдан кеңес берушіге дейін өзгеруі мүмкін. Сынып жетекші оқушылардың түрлі іс-әрекетін (танымдық, еңбек, эстетикалық, қарым-қатынас) ұйымдастырады, ұжымды қалыптастырады, сол сыныпта сабақ беретін пән мұғалімдерімен байланыс жасайды, ата-аналар мен мұғалімдердің қарым-қатынастарын реттейді.
Сыныптағы оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырушы, оқушыға жасалатын түрлі тәрбиелік ықпалдарды реттеуші сынып жетекші болып табылады. Сынып жетекшісі жұмысының негізгі міндеттері қандай?
1. Сыныптағы оқушылардың талап-тілектері мен мүдделерін және олардың жеке басының ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп білу.
2. Сыныптағы оқушылардың не нәрсеге бейімділігін анықтап, оларды ынтымағы жарасқан, белсенді, саналы ұжымға ұйымдастыру.
3. Сыныптағы пән мұғалімдері мен мектеп әкімшілігінің және оқушыларға ата-аналарының тәрбиелік ықпалын үйлестіру, оқушыларға қоятын педагогикалық талаптардың бірлігін қамтамасыз ету.
4. Тәрбие үрдісінде мектептің, отбасы мен жұртшылықтың тығыз қарым-қатынасын қамтамасыз ету.
5. Оқушылардың ата-аналарымен үнемі байланыс жасап, отбасындағы бала тәрбиесіне байланысты педагогикалық оқу, насихат жұмыстарын жүргізу.
6. Оқушыларды тәрбиелеуде сыныптан және сыныптан тыс түрлі бағытта тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.
7. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігін қамтамасыз ету.
8. Тәрбие қызметінің тұтастығын, жүйелігін, тәрбиелік шаралардың бірлігін қамтамасыз ету.
9. Тәрбиенің негізгі бастауы – ұлттық тәлім-тәрбиені сынып жетекшісі қызметінің маңызды бір саласы ретінде қарастыру және т.б.
Мұғалім белгілі бір сыныпқа балалар ұжымының жетекшісі ретінде тағайындалып, жұмысқа кіріскен жағдайда, өзінің қызметін сынып ұжымына әрі жекелеген оқушыға қатысты жүзеге асырады. Соған сәйкес оның қызметін 3 бағытта қарастыруға болады.
1. Педагогикалық және әлеуметтік-гуманитарлық. Оның бұл қызметі балаға барлық бағытта көмектесу: оның әлеуметтік қалыптасуы мен дамуына жағдай тудыруға, баланың тұлғалық өзекті мәселесін шешуге, оны әлеуметтік өмірге араластыру және өз бетінше өмір сүре білуіне көмектесуге бағытталған. Баланың отбасымен, тәрбиенің басқа да мекемелерімен тығыз байланыс орнату. Рухани адамгершілік және рухани эстетикалық мәдениетін қалыптастыру.
2. Ұйымдастырушылық қызметі. Тәрбие үрдісін ұйымдастыру. Балалардың орынды талап-тілектерін қолдай отыра, ынтымағы жарасқан, саналы да белсенді әрі іскер сынып ұжымын қалыптастыру. Олардың танымдық, еңбек, эстетикалық әрекеттерін және демалысы мен емін-еркін қарым-қатынасын ұйымдастыру. Сыныптағы өзін-өзі басқаруды дамыту.
3. Оқушылардың жалпы әрекетін басқару. Оған: нақтылау, мақсат қою, жоспарлау, болжам жасау немесе жобалау, бақылау және түзету енгізіп отыру қызметін жатқызуға болады.
Педагог-тәрбиешінің іс-әрекет жүйесі
-
МАҚСАТ
ДИАГНОСТИКАЛЫҚ
ҚЫЗМЕТ
БОЛЖАМДЫҚ ӘРЕКЕТ
ЖОБАЛАУ
ӘРЕКЕТІ
ҚҰРЫЛЫМДЫҚ
ӘРЕКЕТ
КОММУНИКАТИВТІК
ӘРЕКЕТ
КОРРЕКЦИЯЛЫҚ
ӘРЕКЕТ
ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ
ӘРЕКЕТ
Әртүрлі іс-әрекетті ұйымдастыру
Балалар ұжымын ұйымдастыру
Балалармен жеке жұмыс
Оқушылардың
ата-аналарымен ынтымақтастық
РЕФЛЕКСИФТІ
ӘРЕКЕТ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
ДИАГНОСТИКА
Сынып жетекші өз міндеттерін педагогикалық ұжымның мүшелерімен бірге жүзеге асырады, соның ішінде өзі басшылық жасайтын сыныпқа сабақ беретін педагогтармен тығыз байланыста болады. Пән мұғалімдерімен әрекеттесе отырып, сынып жетекші оқушылар және ұжыммен жүргізілетін педагогикалық жұмысты ұйымдастырушы және нақтылаушы ретінде танылады. Ол мұғалімдерді өз оқушыларын зерттеу нәтижелерімен таныстырады, оның жанұясында болып жататын өзгерістерден хабардар етіп отырады. Сынып жетекші баланың даму динамикасы, баланың қиындықтары және жетістіктері, оның жанұялық жағдайы жайында әрдайым мұғалімдерге хабар беріп отырады. Сынып жетекші мұғалімдер және ата-аналардың қарым-қатынастарын реттейді. Ол педагогтарға жанұядағы тәрбиенің деңгейі, ата-аналардың ерекшеліктері жайында мәлімет бере отырып, баланы оқыту-тәрбиелеудегі жетістіктері жайында ақпарат беру, ата-аналарға педагогикалық көмек беру мақсатында ата-аналармен пән мұғалімдерінің кездесулерін ұйымдастырады. Сынып жетекші пән мұғалімдерін сыныптағы оқудан тыс жұмысты жоспарлауға және ұйымдастыруға қатыстырады, оларды ата-аналармен жиналысты өткізуде де шақырады.
Сынып жетекші мен пән мұғалімдерінің өзара әрекеттесу формаларының бірі – педагогикалық консилиум. Сонымен қатар, педагогтарға арналған арнайы семинарлар, педагогтардың сабаққа қатысуы, жеке әңгімелесу, әңгіме, кеңес беру.
Жоспарлау педагог-тәрбиешінің іс-әрекетінде негізгі орынға ие. Тәрбие жұмыстарының моделін жасауда мына міндеттер белгіленуі керек.
1) жастардың философиялық-дүниетанымдық даярлығын жүзеге асыру, жаңа әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жағдайында өмірдің мәнін белгілеуде көмек беру, өз өміріне деген құндылықты көзқарасты, өзіндік санасын қалыптастыру
2) жалпыадамзаттық мәдениеттегі белгілейтін мәдени құндылықтар жүйесіне оқушыларды енгізу, жоғары мәдение және рухани құндылықтарға қажеттіліктерін қалыптастыру;
3) әрбір баланың табиғи нышандары мен шығармашылық әлеуетін анықтау және дамыту, олардың түрлі саладағы бейімділіктері мен қабілеттерін дамыту;
4) ізгіліктік жалпыадамзаттық мораль норомаларын, қарым-қатынас мәдениетін, зиялылықты қалыптастыру;
5) жеке абыройын, ішкі дербестік сезімін дамыту;
6) ұжымдық өмір нормаларына, заңға деген құрметпен қарауды тәрбиелеу, әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігін дамыту;
7) еңбекке жағымды қарым-қатынасын тәрбиелеу;
8) салауатты өмір салтын ұстану қажеттілігін дамыту, жанұя құру қабілетін және бақытты өмір сүру талабын дамыту.
Сынып жетекші жоспарлауда мына ұстанымдарға сүйенуі керек: мақсатқа бағытталу; оқушылардың жас ерекшеліктерін, ұжымдағы басты қызығушылықтарды есепке алу; жоспарланған істердің сабақтастығы, жұйелілігі, бірізділігі, шынайылылық, формалар мен әдіс-тәсілдердің әр алуандығы; жоспардың шығармашылық сипаты. Сынып жетекші өз жұмыстарын балаларға, ата-аналарға таныстыра отырып, олармен ақылдасып, тәрбие жұмыс жоспарын жасайды.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары
Сынып жетекшінің негізгі қызметіне сипаттама беріңіз.
Педагог-тәрбиешінің іс-әрекет жүйесі қандай компоненттерден құралған?
Сынып жетекші қызметі жайында әдебиет тізімі бойынша картотека дайындаңыз (7-10 карточка/аннотация)
Педагогикалық консилиумның тақырыбын белгілеп, жоспарын құрыңыз.
Тәрбие жұмысының негізгі міндеттерін атаңыз.
Тәрбие жұмыс жоспарына қандай талаптар қойылады?
Әдебиеттер тізімі
Болдырев Н.И. Класс жетекшісі. А.: Мектеп 1980
Ильясова А.Н. Класс жетекшісінің жүргізетін тәрбие жұмысының жүйесі. А.1991
Смайылова М. Тәрбие жұмысын жоспарлау туралы. //Қазақстан мектебі. 1988ж 29-30 беттер
Маслов А., Карагоз Ю.А. Планирование воспитательной работы в учебной группе. М. 1985
Егембердиев Ж. Мектеп жұмыстарын жоспарлау. А.Мектеп 1975
Степаненков Н.К. О планировании работы классного руководителя. Минск 1978
Сергеева В.П. Классный руководитель: планирование и организация работ от А до Я. М.2001
Әбдіразақов Е., Макуов Д., Пошанов К. Класс жетекшілері үшін тәрбие жұмысын жоспарлаудың үлгі нұсқасы. //Қазақстан мектебі. 1994
№4 дәріс тақырыбы: Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы
Мақсаты: Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының мазмұнымен таныстыру
Тірек ұғымдар: тәрбие жұмысы, мазмұн, мақсаты, мақсатты пайымдау.
Жоспары:
Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының мазмұны.
Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының мақсатын анықтауы.
Тәрбиенің қоғамдағы жалпы қызметі, біріншіден, ұрпақтан-ұрпаққа әлеуметтік тәжірибе мен мінез-құлық нормаларына қатысты білім, біллік және дағдыларын беру процесі болады. Екіншіден адам баласында адамгершілік сапа жүйесін қалыптастыру. Сынып жетекшісі мектеп мұғалімдерінің оқущыларға тәрбиелік ықпалын үйлестіріп, олардың мақсатты түрде сабақтан тыс әр түрлі педагогикалық әрекеттерін ұйымдастыруын қадағалайды. Сондықтан біз мұғалімнің кәсіби қызметін жүзеге асыруда балаға жасалған ықпалы туралы айтатын болсақ, онда мұндай педагогикалық әрекетті – тәрбие жұмысы деп атаймыз.
Сынып жетекшісінің тәрби жұмысы бірыңғай педагогиалық және ұйымдастырушылық қызметтерді шешуді қарастырады. Ол негізінен үш бағытта жүреді:
Оқушыға тікелей ықпал жасау;
Тәрбиелеу ортасына жағдай тудыру;
Баланың әлеуметтік қатынасына ықпал ететін әр түрлі субъектілерге көмектесу, бақылау жасау.
Педагогика ғылымында тәрбие жұмысының мақсатын анықтау негізгі мәселенің бірі.
Мақсат – бұл ойластырылған педагогикалық қызметтің болашақ нәтижесінің сөзбен жеткізілетін алғы шарты. Сонымен қатар, мақсатты кез келген жүйеге қойылатын түпкі жағдайының нақты суреттемесі ретінде түсіндіреді. Педагогикалық әдебиетте мақсаттың әр түрлі анықтамалары кездеседі: а) мақсат – бұл тәрбиелік процестің элементі, жүйе құратын фактор; б) мақсат (мақсатты пайымдау арқылы) – бұл педагог пен тәрбиелеушінің басқару қызметінің кезеңі; в) мақсат – бұл педагог пен білім мекемесінің көздейтіні және ұмтылысы.
Педагогтар мақсаттың белсенділігіне, дұрыстығына және мерзімділігіне жауапты. Дұрыс қойылмаған мақсат – педагогикалық жұмыстағы көптеген сәтсіздіктер мен қателерге себеп болады. Қызметтің тиімділігі ең алдымен дұрыс қойылған мақсат түрғысынан бағаланады, сондықтан мақсатты дұрыс анықтау өте қажет. Тәрбиелік үрдісте тек мақсат қана емес, сонымен бірге оның анықталуы, өңделуі өте маңызды. Бұл жағдайда әңгімені мақсатты пайымдау туралы жүргізу қажет. Мақсат егер тәрбиелік үрдістің барлық қатысушылары үшін маңызды болса, олармен қабылданған болса, онда ол осы үрдістің қозғаушы күшіне айналады.
Педагогикалық ғылымда мақсатты пайымдау үш компоненттен тұрады: мақсатты негіздеу және жамыту, жетілдіру; оған жету жолдарын анықтау; в) күтілетін нәтижені жобалау.
Мақсатты пайымдау – үзіліссіз процесс. Мақсатты пайымдаудың қалай жүзеге асуына педаготар мен оқушылардың өзара қызметі, олардың арақатынасы тәуелді. Мақсатты пайымдауда мынандай талаптар есепке алынады: диагностикалық; шынайылық; мақсаттардың сәйкестігі; нәтижеге бағытталуы. Мақсаттарды анықтау былайша жүреді:
|
Ерікті мақсатты пайымдау |
Біріккен мақсатты пайымдау |
Қатаң мақсатты пайымдау |
1 |
Ортақ мақсаттарды біріккен интелектуалдық әңгімелесу процесінде іздеу |
Мақсатты педагогтар мен топ жетекшілерінің анықтауы |
Мақсатты педагогтар мен топ жетекшілерінің анықтауы |
2 |
Қол жеткен нәтижелерді есепке алу |
Жоспарланған нәтижелерді есепке алу |
Жоспарланған нәтижелерді есепке алу |
3 |
Жеке қажеттіліктерге бағыттау |
Борыш ырғағына бағытталу және жеке қызығушылықтарды есепке алу |
Борыш ырғағына бағытталу |
4 |
Мақсатқа жету барысында бағдарламаны ұжыммен бірлесе отырып жасау |
Мақсатқа жету барысында іс-әрекетті ұжыммен бірлесе отырып жасау |
Іс-әрекет бағдарламасы педагогтармен беріледі. |
Педагог іс-әрекетінің мақсаты
Жеке тұлға мақсаты |
Перспективалық мақсат |
Микротоп мақсаты |
Жұмыстағы таяу кезең мақсаты |
Алғашқы ұжым мақсаты |
Жүргізілген істің мақсаты |
Мектеп қоғамының мақсаты |
Өткен істің мақсаты |
Тәрбие мақсатын тәрбиелік талаптардың жүйесі ретінде қарастыруға болады. Тәрбиеленудің жалпы мақсаты О.С.Газман бойынша – бұл еңбекқор азаматты тәрбиелеу, тұрмыстағы адамды тәрбиелеу, қоғамдағы адамды тәрбиелеу жүйесі арқылы іске асырылады. Мақсатқа бәрі бағынады: тәрбиенің мазмұны, ұйымдастырылуы, формалар және әдістері. Тәрбиенің мақсатын таңдағанда, қойғанда және тұжырымдағанда табиғаттың, қоғамның, адам дамуының объективті заңдылықтарына сүйену керек.
Тәрбиенің мақсаты қоғамының дамуының сұранысымен анықталады және өзіндік тәсіліне, әлеуметтік және ғылыми-техникалық прогрестің қарқынына, педагогикалық теория мен практиканың дамуының жеткен деңгейіне, қоғамның, оқу орындарының, мұғалім мен оқушылардың мүмкіндіктеріне тәуелді.
Тәрбиенің мақсаты тұлғаны жан-жақты және үйлесімді дамыту болып табылады. Жан-жақты дамыған тұлға ақыл-ойдың дамуы, жоғары дәрежедегі жалпы политехникалық білім, дене және ақыл-ой еңбегіне, денелік дамуының бірлігімен әр түрлі материалдық және рухани сұранысымен сипатталады.
Мақсат тәрбиенің жалпы ұмтылысын көрсетеді. Оны практикалық жүзеге асырғанда ол нақты міндеттердің жүйесі ретінде болады.
Тәрбие жұмысының үлгісі
1. Сынып жайлы мәлімет: сынып, сынып белсенділері, балалардың тәртібі, денсаулығы, сабақ үлгерімі, қабілеттері, олардың ата-аналары, белгілі бір ұйымға қатысы, қоғамдық тапсырмасы, тұрғылықта мекен-жайы туралы қосымша сипаттама беріледі.
2. Өткен оқу жылына сай атқарылға тәрбиелік шаралардың нәтижесіне қысқаша талдау.
3. Жаңа оқу жылына белгіленген тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттерін анықтау.
4. Сынып жайлы мәлімет, өткен оқу жылында атқарылған тәрбие жұмыстарының міндеттері негізінде оқушылармен, ата-налармен, қоғамдық ұйымдар және пән мұғалімдерімен бірлесе атқарылатын іс-әрекеттердің түрімен, әр тараптағы атқарылатын тәрбиелік шаралар мазмұны және формалары төмендегідей бөлімдерде көрсетіледі.
1. Сынып ұжымын ұйымдастыру: (формасы – сынып сағаты), тақырыптық әңгімелер, саяси хабарлама, оқырмандар конференциясы, пікірталас, сұрақ-жауап кеші, олимпиада, КТК, еңбекке қатысты істер, спорттық және мәдени шаралар, кездесулер т.б. бұқаралық шаралар жатады.
2. Бұл бағытта сыныпқа қатысты ұйымдастыру шаралары белгіленеді. (Ұйымдастыру формасы – сынып жиналысы). Онда оқушылардың оқу, тәрбие және қоғамдық пайдалы істеріне қатысты ұжымдық шараларды жоспарлау, оларды ұйымдстыру жұмыстары көрсетіледі. Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдарына қатысты сынып жиналысының тақырыбын, олардың күн тәртібін белгілейді, сонымен қатар, сынып жетекшісі әртүрлі үйірмелер мен клубтар жұмыстарының тақырыбын жоспарға кіргізе отыра көмек көрсету, ақыл-кеңес беру т.с.с. оларға өзінің тікелей қатынасын көрсетеді.
3. Сол сыныпта істейтін барлық пән мұғалімдері, пәндік үйірмелерінің жетекшілерімен байланыс орнатып, олардың жоспарлауында оқу-тәрбие жұмыстарына арналған бұқаралық шаралары белгіленіп, өзара жауапкершіліктері анықталады т.с.с. өзара әрекеттері көрсетіледі. Мектеп жоспары бойынша сыныпқа қатысты шаралар енгізіледі.
4. Отбасы және жұртшылықпен жұмыс: оқушылардың ата-аналарымен байланыс орнату, ата-аналар лекториясының тақырыптарын белгілеу. Мектеп ата-аналар комитетінің жоспарынан: ата-аналар жиналыстарының тақырыбын, мерзімін, олардың отырыстарын т.с.с шараларды өзінің жоспарында көрсете отырып, олардың өзара байланысын қамтамсыз ету секілді жұмыстар белгіленеді.
5. Жеке оқушымен жұмыс: бұл бөлімде сыныптағы кейбір оқушының сабақ үлгеріміне, тәртібіне қатысты, оның қабілетін шыңдауға сай жұмыстардың түрлері кіреді.
Тәрбие жұмысына қойылатын негізгі талаптар
1. Жоспар ұжымдық еңбектің белгісі. Соныдқтан тәрбие жоспарын құру барысында оқушылардың белсенділігін арттыра отырып, олардың өздерін қатыстыруды қамтамасыз ету.
2. Тәрбие жоспарының мақсаты, міндеттері айқын болсын.
3. Тәрбие жұмысы жоспарының мазмұны оның мақсатымен бірлікте болуы қажет.
4. Оқушылардың жеке басының, жас ерекшеліктерін және мүмкіншілігін ескеру.
5. Тәрбие жоспары ықшамды, әрі ондағы көрсетілген шаралар орындалатын болсын.
6. Тәрбие жоспарындағы атқарылатын шаралар саны жағынан емес, сапасымен анықталатын болсын.
7. Тәрбиелік шараларды атқаруды қолданылатын әдістер бір сарынды емес, әртарапта және әр жақты болуын ескеру керек.
8. Жоспар құру барысында сынып жетекшісі оқушылардың не нәрсеге қызығатынын, олардың қандай істерді өткізгілері келетінін, ұсынылған шараларға қалай қарайтынын анықтауы қажет.
9. Жоспардағы тәрбиелік шаралар жүйелі, бірізділікпен құрылуы тиіс.
10. Тәрбиенің салаларына қатысты белгіленген шаралар жеке дара емес, біртұтастық ұстанымға сай құрылуын ескеру.
